15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қосылыстар. Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстар.
« Б е к і т е м і н »
№3 Байзақ колледжі
директорының
ОІЖ орынбасары
_________Д.К.Есжанов
Сабақ жоспары
Пәннің аты: Сызу. Айы, күні: 03.06.2017ж.
Оқытушы: З.А.Молдабаев. Топтың№: ФШ-1-16
Сабақтың №39
Сабақтың тақырыбы: Қосылыстар. Ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар.
Сабақтың түрі: тәжірибелік.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Тәжірибелік жұмыс №36
Сабақтың мақсаты |
Оқу: Студенттерге өндірістегі тетікбөлшектердің ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстары туралы мағлұмат беру. Техникалық сызудың жұмыстағы ролі және мақсаты туралы түсінік беру, сызбаны оқуға үйретіп, өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу. Өз бетінше талаптануы мен іскерлік, шығармашылық дағдысын қалыптастыру. |
Дамытушылық: Білім алушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. |
|
Тәрбиелік: Білім алушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету. Топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланысы: геометрия, АШМ.
Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары: Сызғыш, циркуль, тронспартир, тақырыпқа арналған сурет, бор.
Таратылатын материалдар: үлестірме қағаздар.
Сабақты жүргізу кезеңдері
|
Қосымша және берілген уақыт (минут) |
1. Ұйымдастыру кезеңдері: Студенттермен сәлемдесу, 0ұрал-жабдықтарын түгендеу және олардың назарын сабаққа аудару. |
2-3 мин |
2. Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау.
|
10 мин |
3. Жаңа тақырыпты баяндау. Техниканың дамуына байланысты тетікбөлшектердің қарапайым қосылыстары жетілдіріле береді. Машиналар өзара біріктірілген тетікбөлшектерден тұрады. Әр түрлі машиналардың механизмдерінде қайталап кездесе беретін қосылыстар конструкциялары мұқият жетілдірілген және жұртшылыққа мәлім – оларды типтік қосылыстар деп атайды. Олар станоктарды, автоматтық линияларды т. б. жасағанда қолданылады. Мысалы: мына суретте автоматтық линияны құрастырып тұрған жас слесарьларды көресіңдер. Бұл линия станок-автоматтар қатарынан құралған, олардың бірінен екіншісіне бұйым автоматтық механизмдер арқылы беріледі. Бұл – күрделі құрылғы. Оған жүздеген детальдар енеді. Станоктар мен механизмдерде детальдар әр түрлі қосылыстар: штивтік, бұрандалық, шпондық және басқалар құрайды. Барлық біріктірулер ажырайтын және ажырамайтын болып екіге түрге бөлінеді. Ажырайтын біріктірулерге құрылымындағы тетікбөлшектерді бүлдірмей ажыратуға болатын біріктірулер жатады. Олар бұрандалы (болттық, шпильдік және т.с.), шпондық, шлицтік, штифтік және т.б. біріктірулер. Ажырмайтын тетікбөлшектердің біріктіру элементтерін бүлдірмей ажыратуға болмайды. Мұндай біріктірулерге пісіру, дәнекерлеу, желімдеу және т.б. жатады.
(237-сурет. Автоматтық линияны құрастыру) 237-суреттің төменгі жағында автоматтық линияның құрамына енетін детальдардың кейбір типтік қосылыстары көрсетілген. Тетікбөлшектердің қосылыстары ажырайтын және ажырамайтын болып екіге бөлінеді. Ажырайтын қосылыстарға оны құрастырып тұрған детальдарды бүлдірмей ажыратуға болатын қосылыстар жатады. Ажырамайтын қосылыстарда тетікбөлшектерді бүлдірмей ажыратуға болмайды. Мысалы: пісіріп біріктіру, дәнекерлеу және желімдеуді айтуға болады. Техникада детальдардың мынадай негізгі қосылыстары қолданылады: болттық, шпльдік, шпондық, тойтарып шегелеу, штифтік, пісіру, винттік қосылыстар(237-сурет). Осы суретке зер салып қарап шығалық. Бір бағанаға ажырамайтын қосылыстардың аттарын, екінші бағанаға ажырайтын қосылыстардың аттарын тізіп жазыңдар. Егер сендер қандай қосылыстардың ажырайтынын, ал қандайының – ажырамайтынын дұрыс тапсаңдар, онда ажырамайтын қосылыстардың аттарынан кейін жақшаға алынып жазылған әріптерден «верно» деген сөзді құрастыруға болады.
|
20 мин
|
4. Жаңа тақырыпты бекіту. Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту.
|
5 мин |
5. Сабақ қортындысы: (Білімді бағалау және осы тақырып бойынша қандай ақпарат пен танысқанын жүйелеу) Сабаққа жақсы қатысып, сұрақтарға жауап берген және техникалық суретті орындаған білім алушыларды бағалау. |
5 мин |
6. Үй тапсырмасы: §5.1 Біріктірулер туралы жалпы мағлұмат. Ажырайтын біріктірулер. |
2 мин |
Пайдаланған әдебиеттер: Сызу §29, 151-162 беттер. 235, 237 суреттер. А.Д.Ботвинников, В.Н.Виноградов, И.С.Вышнепольский.
Сызу §53 Тетікбөлшектерді шпонкамен біріктіру. 192 сурет. Ж.Есмұханов.
Сызу §5.1 Біріктірулер туралы жалпы мағлұмат. Ажырайтын біріктірулер. 49-67 беттер. В.В.Никитенко.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген