400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қосылыстар формуласын құрастыру. БЖБ №1

Материал туралы қысқаша түсінік
нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

Педагогтің аты-жөні:

Сатыбалдиева Ақбөбек Сатыбалдықызы

Күні:

13.09

Сыныбы: 8 а

Қатысушылар саны 20

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Қосылыстар формуласын құрастыру.Б ЖБ №1

(4-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.6 -«нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру

Сабақтың мақсаты:

-«нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:


Ұйымдастыру сәті.

Амандасу. Сабақ мақсаттары және жетістік критерийлерімен танысу

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Фигураларсалынған конверт

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Оқушыларды жұпқа бөліңіз (атом және оның электрондық құрылысын сәйкестендіру арқылы)

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жұптағы оқушыларға натрий мен хлор атомдарының моделін жасауды тапсырыңыз.

Проблемалық сұрақ:

натрий және хлор атомдары тұрақтылыққа қалай жететінін модельдеуді тапсырыңыз.


Дескриптор:


Натрий мен хлор атомдарының моделін жасайды-1 балл


Натрий және хлор атомдары тұрақтылыққа қалай жететінін сипаттайды-1 балл

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Мұғалім түсіндірмесі:

Аяқталған сыртқы электрон қабаты атомды белсенді емес ететіндіктен ,атомдар электронды қосып алу немесе беріп жіберу арқылы өзінің сыртқы қабатын толтырады, нәтижесінде қосылыстар түзіледі. Қосылыстарда иондардың зарядтарының қосындысы нольге тең болады.

Дескриптор:

Атомдар электронды қосып алу немесе беріп жіберу арқылы өзінің сыртқы қабатын толтыруын сипаттайды-1 балл

Нөльдік қосынды арқылы қосылыстардың формулаларын құрастырады-1 балл

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.

Қалыптастырушы бағалау


10 мин

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма:

Зарядтың нольдік қосындысы» және иондардың зарядтары жайлы білімдеріне сүйеніп, заттардың формулаларын құру жазбасының алгоритмін құрастырыңыздар.

Әр жұп өз алгоритмін құрастырады, басқа жұптармен талқылайды, және ең жақсы нұсқаны таңдайды.

2-тапсырма

Берілген иондардан «нөлдік сома» әдісі арқылы максималды қосылыстардың формулаларын құрастырыңыз:

Na+, Ca2+, Mg2+, Al3+, Li+, Fe3+, H+, S2-, Cl-, O2-, N3-, Br-, F-

3-тапсырма

Ион түзілу нәтижесінде электрондарды қосып алу немесе беріп жіберу процестерін анықтаңыздар:

Са2+

Cl-

Na+

Ba2+

S2-

Al3+

Дескриптор:


Нольдік қосынды және иондардың зарядтары жайлы білімдеріне сүйеніп, заттардың формулаларын құру жазбасының алгоритмін құрастырады-1 балл


Берілген иондардан «нөлдік сома» әдісі арқылы максималды қосылыстардың формулаларын құрастырады-1 балл


Ион түзілу нәтижесінде электрондарды қосып алу немесе беріп жіберу процестерін анықтайды-1 балл

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Инклюзивті тапсырмаларды оқушыға беріңіз

(Тапсырмалар қарапайым болу керек және оқушыға көмек беріңіз)

Элементтер иондарға айналу арқылы ........... келеді

Иондар – ..........

Төменде ұсынылған элементтердің ионының түзілу теңдеуін жазыңыз

-хлор ионының түзілу теңдеуі

-бериллий ионының түзілу теңдеуі


Дескриптор:


Бос орындарды толтырады-1 балл


Хлор мен бериллий иондарының түзілу теңдеуін құрастырады-1 балл

BeCl2 молекуласының түзілуін электрондарды беру мен қосып алу үдерісін көрсетіп, түсіндіреді-1 балл








ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмысдәптерлері.

Сабақтыңсоңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рефлексия.

Теннис

Оқушыларды екі қатарға тізіп, бір-біріне қарама-қарсы қою. Бірінші оқушы оған қарама-қарсы тұрған оқушыға сабақ бойынша сұрақ қояды. Егер ол дұрыс жауап берсе, оның қасындағы тұрған оқушы сұрақ қоюды бастайды. Егер ол дұрыс жауап бермесе, қарам-қарсы тұрған оқушылар сұрақты қоюды жалғастырады.

A1 оқушы B1 оқушыға сұрақ қояды.

Егер B1 дұрыс жауап берсе, B2 A2-ге сұрақ қояды.

Егер B1 дұрыс жауап бермесе, A2 В2-ге сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдықжүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
92
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі