400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәні мұғаліміне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Мұғалімнің аты-жөні:

Әбдіғалиева Қ.Н.

Пән/Сынып:

Химия, 7 сынып

Күні:

13.03.25

Тарау немесе бөлім атауы:

Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым химиялық формулалар

Сабақтың тақырыбы:

Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

Оқу мақсаты:



7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу

Сабақ мақсаты


химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептейді

Құндылықтарды дамыту:

- тәуелсіздік және отаншылдық:Оқуға, өз халқының рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде ана тіліне

деген қызығушылық таныту

Уақыты

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Оқулық, дәптер




Жаңа сабақ






















Салыстырмалы молекулалық масса, молекулалық масса – заттың бір молекуласының массасы. Молекула құрамындағы барлық атомдар массаларының қосындысы молекулалық массаны құрайды. Элементтің атомдық массасы сияқты, молекулалық масса да массаның атомдық бірлігі (м.а.б.) арқылы өрнектеледі.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, оның молекулалық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасын көрсетеді. Салыстырмалы молекулалық масса – өлшемсіз шама, себебі молекуланы құрайтын элементтердің салыстырмалы атомдық массасының да өлшемі болмайды. Салыстырмалы молекулалық массаны «Mr» деп белгілейді. Бұл жердегі «r» – «relative» – ағылшын тілінен қазақшаға аударғанда «салыстырмалы» деген мағынаны білдіреді.

Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз – заттың молекулалық массасының массаның атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін шама.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін периодтық жүйеден заттың құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын анықтайды. Әр элементтің салыстырмалы атомдық массасын оның атомдар санына, яғни индексіне көбейтіп, алынған мәндерді бір-біріне қосады.

Мысалы, судың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін оның құрамына кіретін екі элементтің: H, O салыстырмалы атомдық массаларын периодтық кестеден тауып алу керек. Олар: Ar(H) = 1, Ar(O) = 16. Әр элементтің салыстырмалы атомдық массасын оның индексіне көбейтеміз де, алынған сандарды қосамыз:

Mr(H2O) = Ar(H) n(H) + Ar(O) n(O) = 1 2 + 16 1 = 18.

Білу

Жаңа тақырыпты меңгеру





Түсіну


Презентация


















Бекіту тапсырмасы

Жұптық жұмыс

1Салыстырмалы молекулалық массасы 44ке тең қосылыстың формуласын белгіле

А.CO2 Б.MnO2 С.SO2 Д.NO2

2 Химиялық қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын есепте.

Mg3P2Mr =

Cl2O5Mr =

Al2S3Mr =

3 Молекулалық массаны дұрыс сипаттайтын тұжырымды анықта:Дұрыс жауап саны: 3

А.Молекула құрамындағы барлық атомдар массаларының қосындысы молекулалық массаны құрайды

Б.Элементтің атомдық массасы сияқты молекулалық массасы да массаның атомдық бірлігі (м.а.б.) арқылы өрнектеледі.

С.Молекулалық массаны «Mr» деп белгілейді

Д.Молекулалық масса өлшемсіз шама

Е.Судың молекулалық массасыm(H2O) = (2  1) м.а.б. + 16 м.а.б. = 18 м.а.б.

Жеке жұмыс

1 Қажет сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыр.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін периодтық жүйеден заттың құрамына кіретін элементтердің.................

анықтайды. Әр элементтің салыстырмалы атомдық массасын оның..................

санына, яғни........................көбейтіп, алынған мәндерді бір-біріне қосады. Мысалы, K2Cr2O7 – калий дихроматының салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін оның құрамына кіретін..........................

элементтің: KCrO салыстырмалы атомдық массаларын периодтық кестеден тауып алу керек. Олар: Ar(K) =.........., Ar(Cr) =............, Ar(O) =.............

Әр элементтің салыстырмалы атомдық массасын оның индексіне көбейтіп, алынған сандарды қосып, салыстырмалы молекулалық массасын анықтайды: Mr(K2Cr2O7) =.......................

.

5 Жұпта берілген қосылыстарды салыстырмалы молекулалық массасының мәні бойынша салыстыр.

А.Mr(NaH) Mr(Na2O)

Б.Mr(CaCl2) Mr(CaO)

С.Mr(CO2) Mr(SiO2)


Қолдану

Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған

тапсырмалар







Дескриптор: Білім алушы

Салыстырмалы молекулалық массасы 44ке тең қосылыстың формуласын белгілейді

- Химиялық қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын есептейді


- Молекулалық массаны дұрыс сипаттайтын тұжырымды анықтайды

- Қажет сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырады

- Жұпта берілген қосылыстарды салыстырмалы молекулалық массасының мәні бойынша салыстырады

10 баллдық жүйемен бағалау




Презентация







Сабақтың соңы

Бекітутапсырмасы:

Берілген қосылыстарды молекулалық массасымен сәйкестендір:

NO

18

HCI

30

H2O

56

CaO

62

Na2O

36.5


Тақырыпты меңгергенін анықтау


Презентация









Қорытындылау

Рефлексия

Үйге тапсырма тақырыпты оқу №3,№4 есеп

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
02.06.2025
152
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі