Материалдар / Қосымша білім беру педагогы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қосымша білім беру педагогы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бірізді тәрбиелеу. Қағидалар баланың төбесінен жай түскендей етіп қоймау керек: оларды міндетті түрде мақұлдап және сақтауға келісу керек. Жариялылық пен еркіндік .Отбасының әрбір мүшесі қуанышты сәттермен қатар өзі сезінетін немесе отбасынан көретін мәселелерге қатысты не ойлайтынын толық айта алады. Отбасының барлық мүшелерін құрметтеу . Баланы өзінің сезімдеріне, көңіл күйіне, тілектеріне, жұмысқа және
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
922
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бүгінгі таңдағы демократиялық жағдайда және әлеументтің рухани -жаңғыруында қоғамның болашақ жеткіншектерді өмірге және іс-әрекетке даярлауды қажетсінуі қоғамдық тәрбиенің, соның ішінде мектептен тыс мекемелердің барлық салаларының сапалы тұрғыдан қайтадан құрылуын талап етіп отыр. Бұл әлеументтік-педагогикалық болмыста дені сау, дарынды жеке тұлғаны дамытуға бағытталған тәрбие факторларының тиімділігін жетілдіру жолдарын іздестірудің маңыздылығын арттырады.

Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесіндегі институттар ішінде мектептен тыс білім беру орындары маңызды рөл аткарады. Осы орындарда көптеген жылдар бойы жастарды мәдениетке тарту, жеке шығармашылық мүмкіндіктері мен дарынын дамыту жолға қойылған.

Қазіргі кезде өздігінен жұмыс істей алатын, білімін терендете білетін, өмірде өз орнын табуға құлшынатын жастарды дайындауға сұраныс өте зор. Осы мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін табу қажет. Осындай білім беру үрдісінің негізінде өз мүмкіндіктерімен, қажетілігімен және мүдделерімен жеке тұлға тұруы керек. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңының «Дамыту жолындағы оқыту бағдарламасы» туралы 12-бабында мектептен тыс оқу орындары жұмыстарының негізгі бағыттары белгіленген. Қосымша білім берудің негізгі мақсаты мыналар: -6 жас пен 18 жас аралығындағы жастарға жеке тұлға ретінде дамуына, денсаулықтарын шынықтыруына, кәсіби жағынан өз жолдарын дұрыс тандауына, шығармашылықпен еңбектенуіне қажетті жағдайлар жасау; —оларды қоғам өміріне машықтандыру; -жалпы мәдени деңгейлерін қалыптастыру; — бос уақыттарын пайдалы да мағыналы өткізуді ұйымдастыру.

Қосымша білім беру орындары баланың ақыл-ой деңгейінің дамуында, мүдделерін қанағатандыруда, кәсіби өзін-өзі анықтау қабілетінің артуында, жасөспірімдерді тәрбиелеуде үлкен орын алады.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға педагогтар ұжымының даму стратегиясы мен тактикасында басшылыққа алатын негізгі идеясы — жастардың шығармашылық өсіп-өркендеуі. Әрбір баланың дарынды болуы үшін педагогтар мен ата-ананың негізгі мақсаты — баланың қабілетін арттыру.

Балалар мектептен тыс білім беру орындарын өздері еркін тандайды. Қосымша білім беру орындары балалардың отбасында, басқа орындарда олардың тәлім-тәрбиесін алдарына қойған мақсаттарына сәйкестендіре, жаңа әдістерді пайдалана отырып терендете түсуі қажет.

Тұлғаның даму үдерісінде отбасылық тәрбиенің алатын орны маңызды. Балаға дербес өмірде қажет болатын қасиеттерді отбасы секілді ешкім де

жақсы дамыта алмайды. Мақсаты – азаматтың толыққанды, бақытты, шығармашылық және қоғамға пайдалы өмірін қамтамасыз ету.

Отбасының басты анықтаушы белгілері ата-ананың балаға қамқор қарым-қатынасы, олардың арасындағы өзара түсіністік, ересектердің мықты әрі жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылысы болып табылады. Бала үшін ата-ана – бұл әлемдегі арқасүйер жалғыз адамдар. Өзіңнің ата-аналық махаббатыңды ерте балалық шақтан дамытқан дұрыс. Бұл кезең кішкентай тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Егер осы сәтті жіберіп асақ, онда баланы ата-аналарымен байланыстыратын жіңішке жіпті мәңгілік үзіп алуға болады.

Отбасылық қарым-қатынас түрлері .Әр отбасында белгілі, бірақ толық ұғынылмаған тәрбиелеу жүйесі қалыптасады. Баланың пікірлері мен қызығушылықтарын елемеу, оған қатысты мәселелерді шешуде оны жүйелі түрде дауыс беру құқынан айыру – оның тұлғасын қалыптастырудағы маңызды сәтсіздіктердің кепілі. Отбасындағы қамқорлық – бұл ересектер өзінің еңбегімен баланың барлық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, оны қандай да бір жұмыстардан, қиындықтар мен мәселелерден қорғайтын қарым-қатынастар жүйесі. Балалар үнемі ата-анасының іс-әрекет стилін қабылдайды. Егер ересектер дүкенде дөрекілік танытса, онда балалар да өздерін осылай ұстайды.

Бірізді тәрбиелеу. Қағидалар баланың төбесінен жай түскендей етіп қоймау керек: оларды міндетті түрде мақұлдап және сақтауға келісу керек. Жариялылық пен еркіндік .Отбасының әрбір мүшесі қуанышты сәттермен қатар өзі сезінетін немесе отбасынан көретін мәселелерге қатысты не ойлайтынын толық айта алады. Отбасының барлық мүшелерін құрметтеу . Баланы өзінің сезімдеріне, көңіл күйіне, тілектеріне, жұмысқа және мұқтаждықтарына назар аударуға баулыңыз. Оны өзіңіздің бос уақытқа деген құқыңызды құрметтеуге машықтандырыңыз. Ата-аналар да балалар секілді сүйіспеншілік пен қамқорлыққа лайықты. Мәселелерге құрылымдық тұрғыдан келу.Балаларды сын, наразылығын айтумен қатар, кеңес беруге немесе мәселені шешудің өзіндік жолын ұсынуға баулыңыз. Есте сақтаңыз! Балалар өмірден көргендерін алады!

Қосымша білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді. Олар:

· үйрету;

· шығармашылық өсулеріне жағдай жасау,

· өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу.

Мектептегі оқу үрдісі қосымша білім беру ұйымдарынан мынадай негізгі екі категориялармен, атап айтқанда «үйренуші топ» және «тәрбие жұмысының формалары мен әдістері» бойынша ерекшеленеді.оған негіз мектепте оқушылар бір сыныпқа топтасса, қосымша білім беру ұйымдары жүйесінде «балалар өз ерік қалауында белгілі бір үйренуші топқа» шоғырланады.

Қосымша білім беру ұйымдарының өз алдына қойған міндеттері бар, олар:

· білім берудің балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша дамыту бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

· жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасауарқылы ой-өрісін дамыту;

· азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны—Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге , халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Балалар мекемелерінің ата-аналар арасында да атқаратын игілікті істері мол. Тегінде, жанұядағы тәрбие талапқа сай жүргізілмесе, онда тәрбие сыңар жақ болуы ғажап емес. Сондықтан да мектептен тыс мекемедегі білім беру үрдісінің мазмұны қосымша білім беру ұйымының педагогтары, балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының мақсаты мен міндеттерін және оның мазмұны мен әдістерін анықтау арқылы жүзеге асады. Жанұя мен балалар мекемелері арасындағы келісімді ықпал ғана бала тәрбиесін ойлаған жерден шығармақ.

Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт – олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге ат салысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірме жұмыстары күннен-күнге ұлғая түсуде. Мектептен тыс орталықтарда жүргізілетін тәрбие жұмыстары, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі үйірме жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген

тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.

Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі мынада:

· Балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым-қатынасты, педагог пен баланың немесе педагогпен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отырудың қажеттілік екенін айқын көрсетеді;

· Педагогпен бірлесе отырып жасаған шығармашылық тапсырмаларды шешу білім алу процесіндегі психологиялық құрылымды өзгертеді немесе екі жақтың әрекеттесуі, қарым- қатынас жасауы, барлық қатысушылардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы әр баланың ішкі стимуляциясының оянуына әкеледі;

· Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің бағдарламасы білім беретін сонымен қатар қызметпен (іс-әрекетпен) қамтамасыз ететін және мекеменің дамуы болып екіге бөлінеді.

Қосымша білім беру ұйымдары өзі қызмет көрсететін жердегі тұрғындардың мәдени-ағарту жұмыстарындағы өзара әркеттік сипатын ашуға да септігін тизізеді. Қосымша білім беру ұйымдарға тән өзіндік ерекшеліктер мұндағы жұмыстарға балалар мен жасөспірімдердің өз еркі және талғамы бойынша қатысуын қамтамасыз ете алады. Мұндағы педагогикалық әсерге әртүрлі кәсіп және жас деңгейіндегі адамдар тобы мүдделерінің бірлігінің қалануы мен жұмыс мазмұндарының алуан түрлілігін, оның формаларымен түрлерінің көптігін де жатқызуға болады.

Сонымен елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып:

· балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандырады;

· білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйретеді;

· балаға өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйретеді;

· өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді;

· жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйретеді;

· баланың дамуы мен дербес сана- сезімінің даму эволюциясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алады.

Қорыта айтқанда,балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады, өз шеберлігіне масаттанады, педагогына сенеді. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша білім берудің өз нәтижесі мен оны анықтаудың өз әдістемелерін жетілдіре, дамыта түсу қажет.

Қолданылған әдебиеттер

1. Е.О. Омар. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер: Қалыптасуы және дамуы.- Алматы: Рауан, 2003, 297 б.

2. Е.О. Омар. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. – Түркістан; 2004, 248 б.

3. Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы. – Алматы РБК. 1998.-32 б.

4. Дополнительное образование детей. – М.: Изд. Центр ВЛАДОС, 2006. 320 с.

5. От внешкольной работы к дополнительному образованию детей, – М.: Просвешение, 2003. 112 с.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!