400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қосымша білім беру ұйымдарында өзін – өзі тану пәнін музыкамен байланыстыра оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыканы жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, оқытудың дәстүрлі және еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамутудағы іздену – зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қосымша білім беру ұйымдарында өзін – өзі тану пәнін музыкамен байланыстыра оқыту жолдары»

Орынбай Гүлмайя Арысбайқызы

Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Миялы балалар өнер мектебі

Кіріспе

«Отбасында,мектепте,қоғамдық орындарда үлкендермен бала арасындағы силастық, махабатпен мейірімділік, шапағат шуағымен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп,елге,халқын суюге тәрбиелеп отырмыз.Сондықтанда ұл – қызымызға,көзбе – көз айтқан сөзіміз,берген тәрбиеміз жүректен – жүрекке жетсе қандай ғажап.» С.А.Назарбаева айтқандай. Адам капиталының сапасын көтеру, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру нұрлы жолға апарар нақты қадам. [6].

Өзін – өзі тану пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру. Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Қосымша білім беру ұйымы – білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы руханилық – адамгершілік тәрбие берудің ошағы [4]. «Өзін-өзі тану» пәні десек өте орынды.  Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. «Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Армандайық», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», Жүректен –жүрекке шеңбері» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді. «Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді. «Жүректен-жүрекке» кезеңінде сабақ үстіндегі алған білімдерін, жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер жүректен – жүрекке ұштасып жатады.  [2].

Осы  пән арқылы  бала бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез – құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан – жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.

Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. [6].

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс- тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой – пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Мекптептегі уақыт – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 

 Президент Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық – педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс – әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Сондықтан оқу – тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Қосымша білім беру ұйымдарында оқушыларды оқытуда негізінен, дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған.Сондықтан әрбір мұғалім «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс – тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс [1].

Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық  технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім  алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. [4].

Музыка — адамның өмірлік серігі. Музыканың рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Музыка – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Музыка сабағында оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, ұғындыруда, түсініктерін тереңдетуде бірінші сыныптан бастап – ақ даярлап, музакалық білімдері өте жақсы болуы керек. Музыканы жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, оқытудың дәстүрлі және еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамутудағы іздену – зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез – құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды. [7].

Ақпараттық технологияларды пайдалану – бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. Музыка пәні адамның ой – өрісін, ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады және білім қазынасын игеру дәйектілікті,  табандылықты, сонымен бірге қажырлы  еңбекті талап   етеді. Сондықтан,  барлық  оқушыларды жүйелі дайындықсыз жоғары нәтиже көрсету мүмкін емес. Музыка арқылы оқушыға  мұғалім күнделікті іс-әрекетін ғылыми стильмен жеткізу, оларды  адамгершілікке, өз – өзіне сын көзімен қарауға, сонымен қатар, жауапкершілік пен адалдыққа бейімдейді. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген оқушы келешекте қиындыққа және қолайсыздыққа төзімді болады [4]. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Интегреция дегеніміз – қалпына келтіру,(толықтыру, тұтас бүтін) – байланыстарды дамыту,өз ара ынтмақты іс – қимылын терңдету.Кіріткіле оқыту. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму»  ұғымы сөздікте «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» – деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. [6].

Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үрдіс  деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы ілім ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы- баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы- баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бүгінгі таңда білім беруді қолдау бағытында қосымша білім беру ұйымдарында көптеген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық таным  процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте,  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте әрбір оқушының   мүмкіндік деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде.

Себебі: 1-ші сыныпта әр мектептерден әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан өзінің қабілетіне сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды интеграция әдіс қолданып, яғни өзін – өзі тану пәнінің элементтерімен өткізуге болады. Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға  жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани – адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған. Қазақ халқының ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез – құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын. 
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр. [3].

 Адам баласы талантты не талантсыз болып тумайды, ол іздену, ұқсау, еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен «мен білемін» деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады. Талант иесі ішкі жан тілін сезімге байлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантты ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің соңғы көрсеткіші. Домбыра ойнау, айту, жаттау еңбек нәтижесі. Ал оны үйрету – педагогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласағұн, Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай, Құрманғазы, Махамбет, Ақан, Біржан, Мұхит, Әуезов, Жұбанов, Байтұрсынов, т.б. еңбектерін жатқызуға болады. [1].

Жасыратыны жоқ, домбыра аспабының бойында қалыптасқан педагогика, психология, философия, филология, математика, т.б.ғылыми қағидалары толық ашылып, қарастырылмай келеді. 

Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата – бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына, қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру көзделсе, бүгінгі келеңсіз, қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық атаулыдан айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға бой ұрған болар еді. [1].


«Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән – күйлерінсіз тәрбие беру менің басыма қонбайтын нәрсе»,  дейді  В.А.Сухомлинский.

Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларының қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?!. [7].

Біріншіден, қуатсыз қатыгездіктен, екіншіден жалмауыз қанішерден, үшіншіден, жаны ашымайтын ұл – қыздан, төртіншіден, ауру жастардан, бесіншіден, білімсіз надандардан арылар едік. 

« Егер белгілі бір елді басқарудың жай жапсарын  білгің келсе, сол елдің тәртіп тағлымын танымақ болсаң, онда музыкасына құлақ түр» дейді Конфуций.

Өзінің төл мәдениеті мен тілінен адасқан ел рухани бақытсыз. Г.Лихтенбергтің  «...Ақылды бала – кілең ақымақтардың ортасында тәрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де, бұзылуға да қабілеті әбден жетеді....» дегеніндей, біздің ортада жалған тәрбие белең алып отыр. Оған дәлел бүгінгі жастардың әке – шешеден безіп өзгенің қолтығына енуі, үлкеннің ұлағатты сөздеріне құлақ аспауы, отбасынан тәлім – тәрбие алып оны жалғастыру орнына өзге адамдардың сөзіне еріп, өз туысынан безуі сияқты қылықтарға бой ұрып, теріс тәрбиеге ден қоюы дер едік. [7].

Сондықтан қайда жүрсе де ақын, жыраудың тағлымын, әншінің әні мен әуенін, күйшінің күмбірлеген күміс күйін қалт жібермей көкейге қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертегі мен жұмбақты терме мен шежірені жадында сақтап халық даналығын өзіне рухани азық еткен қазақ жастарына  өзінің төл мәдениеті негізінде мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық,  оқу әдістемелік кешендерді құрап жазу – басты міндет. 

«Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ» дейді Саифи Сарайи. 

Тәлім тәрбиенің басты құралы – домбыра аспабы десек, қателеспейміз. Сондықтан да,  жалпы білім беретін мектептерде домбыра негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді. 

Қорқыт, Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Махамбет, Құрманғазы,  Абай, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған,  Жамбыл, Нұрпейіс, Қашаған, Нұрым, Шернияз, Кердері Әубәкір, Қазанғап, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абылай, Сүгір, т.б. аты елге белгілі дала перзенттерінің шығармалары мен үлгілерін оқу орындарында оқытып қана қоймай, қасиетті домбыра аспабының негізінде қалыптасатын қағидалы тұжырымдарды да тәрбие көздері етіп енгізу керек – ақ..


Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан. Яғни, жастарға нақты білім негіздерін меңгертіп, олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өмір бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыруымыз қажет. 
Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттер керек. 
Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру біздің негізгі мақсатымыз екендігі сөзсіз.

  1. «Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол – нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой).

  2. «... Өзіңді - өзің танысаң - істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана» (А.Ә.Машани) 


Егеменді,бостандық  алған  Қазақстан  республикасының  білім  беру  саласында, педагогикалық  тәжірибенің  мазмұнын  жаңарту  кезінде, қоғам  өмірін  жаңартуда, адамның  жаңа  қоғамға  деген  көзқарасы, болашақ  ұрпақты  жан – жақты  білімді, мәдениетті, өз  мәдениетін, өз тілін, өз  халқының  тарихын  музыка  пәнінің  бағдарламасы – оқушылардың  музыка  өнерінің  негізі  мен  оның  өмірімен  байланысы жайлы  түсінігін  жетілдіру,бағдарламаның  тақырыптық  құрылымында  көрсетілген  басты  мәселелерді, музыкалық, тәжірибелік  іскерліктері  мен дағдыларын  қалыптастыру, музыканы  түсініп  шығармаларды  мәнерлі орындап, орындағанда  әуенінiң   таза  болуы, ырғақты  сезіне  білу, вокалды, дәстүрлі – ән айту дағдыларын қалыптастыру мақсатымен халық  және композиторлардың  ән – күйлер, қазіргі уақытқа  сай  профессионалды музыкалық  шығармалар, жергілікті сазгерлердің ән – күйлері келтіріліп отыр. Сондықтан жалпы  білім  беретін  мектептерде  музыка  сабағының  негізгі  мақсаты: оқушылардың  бойында  рухани  мәдениеттің  аса  маңызды  әрі  ажырамасбөлігі – музыкалық  мәдениетті  қалыптастыру.  Балалардың  Отанға, өз  халқына  деген  сүйіспеншілігін, әр  түрлі  ұлт  өкілдерінің  бір – біріне  деген  достық  сезімдерін  оятады  және  оны жетілдіреді. Бұндай әдісті біз тек өзін – өзі тану пәнімен ұштастырсақ қана натиже көре аламыз.  Музыка – дыбыс өнері. Сондықтан ол дүниеде дыбыс шығара алатын көп нәрсенің барлығын болмаса да бізді қоршаған ортамен табиғат аясындағы көптеген дыбыстар мен шуларды жаңғыртып, қайталап бере алады. Біз одан күннің күркірі мен құстардың үнін, желдің гуілі мен қоңырауды, ұшқан араның ызыңын, батырлар мінген аттардың тарпуын, сылдырап аққан бұлақтың үні мен теңіз толқындарының шуын естіген болар едік. Мұның бәрі арине музыка.

Музыка қызметі: ән айту, қимыл, музыкалық аспаптарда ойнау – музыкалық – шығармашылық тұрғыдан «Мен – тұжырымдамасын» құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Белсенділік өте маңызды қызметте – оқушылардың қызығуын жүзеге асырады, ал музыкаға бейімделу –балалармен жұмыстың негізгі міндеттерінің бірі. Аталған технологияның позитивтік сәттеріне оқушылардың белсенділігін, дербестілігін, қарым-қатынас орнату машықтарын меңгеруін жатқызуға болады. Оқушылар сабақта маңызды натижелерді бойына сіңіреді: бастамашылдықты өзіне алу, шағын топта әрекеттестік ету; тұлғааралық әрекеттестік және қарым-қатынас үдерісіндегі әлеуметтік сенімділік. [7]. Интербелсенді технологиялардың ерекшелігі – шығармашылық режімін құру, ол әсіресе музыкалық ритмика сабақтары үшін ерекше маңызды. Оқушылар өз қызметінің формалары мен тәсілдерін өз беттерімен құрылымдауға тырысады. Шығармашылық ортасын қалыптастыруға суырыпсалмалық, тапсырмалардың ұсынылатын шешімдері ықпал етеді. Олай дейтініміз – ғалым Платонның айтуы бойынша, «Әлемнің жеті данагөйі» Дельфадағы Аполлонның сарайында бас қосып, ортақ бір ғана тұжырымға тоқталыпты. Латын тілі үлгісінде әрқайсысы «Өзіңді өзің таны» (nosce te ipsup) деп жазып қалдырған екен. [5]. Біз, кез - келген нәрсені өзімізден, өзімізді танудан бастауымыз керек. Яғни, өзімізді өзіміз танымасақ, өзгені қалай танимыз?! Атам қазақ «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек. Менің әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделген өзін - өзі тану пәні арқылы музыкамен байланыстыра оқытудан дәріс беріп жүргеніме көп уақыт өткен жоқ. Сол аз уақыттың ішінде осынау жауапты да күрделі міндет жүктелген.


Тренингтер мен жаттығулар

Shape1

Мұғалім мен балалар психологиялық тұрғыдан бірлескен қызметке дайындалады, музыканың сүйемелдеуімен орындалады. Бір оқушы жүрек пішінді ұстайдыда өз есімін атап, жанында отырған оқушының қолына ұстатады, ол аталған есімді қайталайды және жолдасының жағымды қасиеттерін, мінезінің ерекшеліктерін атайды, осыдан кейін өз есімін атап, келесі оқушының қолына ұстатады және т. б.





































Күн - тіршілік көзі, мұғалім – халық көзі. Күн болмаса тіршілікті, дүниеден қараңғылық басатыны секілді, мұғалім болмаса халық көрсоқыр, қара тобыр, һәм надан хайуани тіршілік кешері сөзсіз. Иә, мұғалім киелі мамандық. Патшалар, президенттер, академиктер, генералдар, дәрігерлер, өнерпаздар... – бәрі де мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі: биік, асқақ, ардақты, атақты. Мұғалімдік қызмет адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биікке көтереді. Осы мәртебелі мамандықтың иесі мұғалімнің бірі менмін. Сірә, маңдайыма жазылғаны осы болса керек. Біз, кез - келген нәрсені өзімізден, өзімізді танудан бастауымыз керек. Яғни, өзімізді өзіміз танымасақ, өзгені қалай танимыз?! Атам қазақ «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек. Менің әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделген өзін - өзі тану пәні арқылы музыкамен байланыстыра оқытудан дәріс беріп жүргеніме көп уақыт өткен жоқ. Сол аз уақыттың ішінде осынау жауапты да күрделі міндет жүктелген «Өзін - өзі тану» пәнінің жас ұрпаққа рухани - адамгершілік тұрғысынан білім берудегі ұтымдылығына көз жеткіздім. Өзіммен өзім, тып - тыныш. Оңашада ішкі ойыңмен сырласу қандай ғанибет десеңші. Шәкірт қабілеттерін жан – жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Қорытындылай келе, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық – әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан – жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан – жақты дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық – педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын,ұстанымын қалыптастыру; өмір салтын еркін таңдай алуын, өз бетінше іске асыратын дербес ерекшеліктерін дамыту – педагогиканың басты мұраты. Ал оның негізгі бағыты – рухани-адамгершілік білім беру: жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға,адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениетін қалыптастыру – өмір талабы. Өмірлік өзіндік таным – өте кең ұғым, ол адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде танытады. 
«Өзін өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден өзін жақсы танып білу шарт.Ал,өз – өзін жақсы таныған адам ғана музыканы жүрегімен сезе алады және оны жүректен – жүрекке жеткізе біледі. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ. 

«Өзін өзі тану» пәні – сан қырлы.

 Айтар ойы, мақсаты оның мазмұнды. 

Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты, 
Болашағы болар елдің таң нұрлы. 
Музыкамен, өзін – өзі танитын, 
Мейірімділік, адалдыққа баулитын. 
Сездіретін жүректердің дүрсілін, 
Шәкірттегі жүрегінінң жылуын.

Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ мүддеміз үшін жасалып жатқан барша істерге сәттілік болсын. Өзара білім алмасу мақсатында мектептегі оқушылардың ақыл – ойын, танымдық белсенділігін арттыру үшін,сабақтан тыс іс – шаралар, интеллектуалдық ойындар өткізілді. Қазіргі таңда осы нақты тақырыптар бойынша тесттер жинақталуда. Алға қойылған  міндеттер әрі қарай толықтырылып жинақталады. Бұл баяндамада қосымша білім беру ұйымдарында өзін – өзі тану пәнін, музыкамен байланыстыра оқыту жолдарының қалыптастырудың теориялық – практикалық мәселелері қарастырылды.

 













































Баяндама бойынша ұсынысым:



1.Қосымша білім беру ұйымдарында өзін – өзі тану пәнінің элементтерін музыка пәндерінде қолдану бекітілсе.



2.Өзін – өзі тану пәнімен музыкамен байланысу жолдарының арнайы бағдарламасы қарастырылса



3.Музыка пәні арқылы өзін – өзі тану пәнінің элементтерін оқушымен рухани жұмыс жасау мақсатында кеңінен насихатталса.

































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.В.А.Сухомлинский. «Балаға жүрек» Алматы.1976, 223б

2.В.В.Виноградов «Самопазнание» Алматы.1975,89б

3.Д.Кішібеков «Қазақ менталитеті» Алматы.1999,130б

4.Б.А.Яворскии. «Воспитание музыкой» Мосвка.1989,24б

5. «Өзін – өзі тану» журналы. №8 2011ж, 25-29б

6. «www.ustaz.kz  сайты.» сайты

7. «Музыка» журналы №11. 24-27б




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі