400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қосындыны санға бөлуді қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

С адықова Жанат Асанқызы

ҚР Білім беру ісінің үздігі

Қ.А. Яссауи атындағы

№123 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Математика.

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлуді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қосындыны санға бөлу тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін оқушының белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру.
Математикалық тілін, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту.
Саған есеп үйреткен,

Пәнге қарап құрметпен.

Сандарды тура табатын,

Қиын әрі қызықты.

Математика болатын.


Сабақты белсенді көңіл күймен бастап,топқа бөлінеміз.
Фигуралармен бөлеміз.

1 топ Үшбұрыш
2 топ Тіктөртбұрыш
3 топ Шаршы
4 топ Дөңгелек


ІІ Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрау.Оқытып шығу, тексеру.
«Сен - маған, мен - саған» ойыны. Үш топтың басшылары бір - біріне сұрақ қояды.
1. Көбейтудің компоненттерін ата
2. Бөлудің компоненттерін ата
3. 1 дм неше см бар?
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
5. 1сағатта неше минут бар?
6. Көлемді қалай табамыз?
7. 2 - нің кубы нешеге тең?
8.Қосындыны санға бөлудің неше тәсілі бар ?

-Күн ретін жазу. Көркем жазу.

Математикалық диктант.
1.100 бен 40 тың қосындысын 7-ге бөл.(20)

2.40 пен 8-дің қосындысын 6-ға бөл. ( 8)

3.50 мен 6-ның қосындысын 7-ге бөл. (8)

4.30 бен 5-тің қосындысын 7-ге бөл. ( 5)

5.60 пен 4-тің қосындысын 8-ге бөл. ( 8)

6.40 пен16 ның қосындысын4 есе кеміт.(14)


ІІІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Ереже сұрау.

Қосындыны санға бөлудің екі тәсілі бар
1 - тәсіл Бірінші қосылғыш 6 - ны 3 - ке бөлеміз, екінші қосылғыш 9 - ды 3 – ке бөлеміз.
Нәтижелерін қосамыз. 6: 3+9: 3=2+3=5
2 - тәсіл Ең алдымен жақшаның ішін орындаймыз. Шыққан нәтижені санға бөлеміз
(6+9): 3=15: 3=5
Демек, қоосындыны санға бөлу үшін, әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға; қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөлуге болады.

Оқулықпен жұмыс:
№1. а) ( 20+22) : 6=7
ә) 32:4=8
48:8=6

№2. Өрнектің мәнін табу. Топтық жұмыс.


(400+60):2 (600+90) : 3 (800+40) :4

( 500+50): 5 ( 200+60) : 2 ( 690+60):3


№3 Тақтамен жұмыс .


Сергіту сәті..
1. Периметрді қалай табамыз?
2. Ауданды қалай табамыз?

3. Көлемді қалай табамыз?

4. Қосындыны санға бөлудің қанша тәсілі бар?

5 Бір тәулікте неше сағат бар?



№4 . Тапсырманы тақтаға орындау.
Есепті шығарып салыстыру.

Әр топ өрнектің мәнін екі тәсілмен табады .Карточкамен жұмыс.
(14+16): 2
(25+15): 5
(36+18): 6
(24+12): 4
(40+16): 8
( 21+9): 3




№6 Кім Жүйрік?
Бос орындағы санды тауып есепте.

Логикалық тапсырма.

5 алманы 6 балаға тең бөліп бер.,бірақ бірде-бір алма алты бөлікке бөлінбесін.

Кел , ойнайық!


V. Қорыту.

1) Қосындыны санға қалай бөлуге болады?
2) Сабақта жаңадан нені білдіңдер?
3) Оқушылардың өзін-өзі бағалауы . Жинап алу.

Рефлекция


VІ. Бағалау.Жұлдызшаны кім көп алды соған қарай бағалау.
Жұлдыздар аллеясы- тілек айту.



Бағалау сабағы

Сен маған,мен саған ойынына

1

2

3

4

5

Математикалық диктант

1

2

3

4

5

Кім жүйрік?

1

2

3

4

5

Логикалық тапсырма.

1

2

3

4

5

Тілек бұрышы.

1

2

3

4

5

VІІ. Үйге тапсырма:

№7 тапсырма.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі