жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қосындыны санға көбейту
Күні:31.01.18 ж
Пәні:математика
Сыныбы:3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: қосындыны санға көбейту тәсілдерін үйрету,оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
дамытушылығы: сабақта алған білімдерін жүйелеу,пысықтау.
тәрбиелілігі: оқушыларды шапшаңдыққа,тапқырлыққа,ұқыптылыққа,өздігінен жұмыс істеуге,Отан сүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,өзіндік,жұппен,топпен жұмыс
Көрнекілігі: слайд,кестелер,суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбі күн сәтті күн,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алар бағамыз ,
Кілең бестік болсын.
-Математикалық фигураларға не жатады?(Шеңбер,Төртбұрыш, Үшбұрыш, Бұрыш)
-Олай болса ,бүгін біз геометриялық фигуралар бойынша бөлінеміз.
1-топ Шеңбер 2-топ Төртбұрыш 3-топ Үшбұрыш 4-топ Бұрыш
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:№7
ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. «Ыстық микрофон» ойыны
«Миға шабуыл» өткенді қайталау
1.1 дм-де неше см бар ?
2.1 кг-да неше грамм бар?
3.1 ц-де неше кг бар?
4. 1т қанша кг бар?
5.2 тәулікте неше сағат бар?
6.Көлемді қалай табамыз?(текшенің көлемін табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып,көбейткіштердің мәнін табу керек)
7.3-тің кубы нешеге тең?
8. 5-тің квадраты нешеге тең?
9. 7*7?
10.Көбейтудің компоненттерін ата?(көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
11.Бөлудің компоненттерін ата?(бөлінгіш,бөлгіш,бөліндінің мәні)
12.2-нің кубы нешеге тең?
13.6*6?
-Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше болмақ.Біздекөптеген
қонақтар бар,біз өз білімімізді,білетінімізді оқып үйренгенімізді ортаға
салайық.
(Дәптерлерін аштырып,күннің ретін жаздыру)
Қаңтардың 31-і.
Сынып жұмысы.
Қосындыны санға көбейту.
ІV.Жаңа сабақ .Оқулықпен жұмыс
-Балалар,тақтада қандай фигура берілген? (Тік төртбұрыш)
-Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білеміз?(қарама-қарсы қабырғалары тең)
-Неге тік төртбұрыш дейміз?(себебі оның бұрыштары тік)
№1
АВДЕ тік төртбұрышының ауданын әр түрлі тәсілмен есептеп шығар.
Қосындыны санға көбейтудің бірінші тәсілі.Бір қатарда неше көк шаршы бар?
Бір қатарда неше қызыл шаршы бар?Бір қатарда барлығы неше көк және қызыл шаршы бар?Осындай неше қатар бар?
(3+4)*2
Қосындыны санға көбейтудің екінші тәсілі.Бір қатарда неше көк шаршы бар?Барлығы неше көк шаршы бар?Жазып көрсет.Бір қатарда неше қызыл шаршы бар? Барлығы неше қызыл шаршы бар?Жазып көрсет.
3*2+4*2
Екі тәсілмен есептегенде де АВДЕ тік төртбұрышының ауданы 14 см2
-Қосындыны санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп,шыққан мәндерін қосу керек.
Бұл көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
№
2
а) Ш:І-5 кітап 6 сағ-?
ІІ-4 кітап
Ш:(5+4)*6=54
Ж:Олар екеуі бірігіп 54 кітап түптеді.
ә) Ұзындығы-6 см
Ені-?2см қысқа
Периметр мен ауданын табу-?
6-2=4
Р=(6+4)*2=20 см А=4*6=24 см2
№3
Топтық жұмыс .Әрбір топтан бір оқушы шығып орындайды.
(4 топ оқушыларына 4 бағанды бөліп орындату)
А)Өрнектердің мәндерін тап:Мысал:(14+36)*5 =14*5+36*5=70+180 =250
(14+36)*5 =250 (10+70)*4=320 (46+24)*7 =490 (48+22)*3=210
(27+73)*8 =800 (10+20)*6=180 (17+33)*9 =450 (89+11)*2=200
Ә)Қосындыны көбейтінді түрінде жазып көрсет:
5*2+5*3=5*(2+3)=25 7*3+7*4=7*(3+4)=49 2*0+2*5=2*(0+5)=10
6*4+5*6=6*(4+5)=54 8*4+4*8=8*(4+4)=64 3*1+1*3=3*(1+1)=6
VІ.Сергіту сәті
Қостық біз,көбейттік біз,
Қатты шаршап кеттік біз.
Қане,тұра қалайық,
Қимылдатып қол-аяқ.
«Қарлығаш» әніне билеу
№4
Үштен бір бөлігінің ұзындығы 5 см болатын кесіндіні сызып көрсет.Осы кесіндінің бестен бір бөлігі неше сантиметр болады?
5*3=15см 15см/5=3см
15 см және 3 см сызу.
№5 .Топтық жұмыс
8 км 250 м+3 км 139 м =11 км 389 м
25 м 39 см-4 м 26 см =21 м 13 см
6 кг 150 г+2 кг 375 г=8 кг 525 г
15 кг 750 г+7 кг 275 г =8 кг 485 г
№6. Топтық жұмыс.Бос тор көзге тиісті санды тауып қой:
1 дм 2 см=12 см 1 дм 3 см=13 см
93 дм=9 м 3 дм 71 дм=7 м 10см
17 см =1 дм 7 см 10 см= 1 дм
68 см= 6 дм8 см 3 м 60 см=360см
2м 4 дм= 24 дм 5 дм 40 см =90 см
Математикалық жұмбақ шешу:
1.Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр.
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?
2.Ағаштағы төрт алма,
Өскен екен тимей құрт.
Дина алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін?
3.Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолында қалады ?
4.Қолыңда бар 10 асық
10 асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Жеке оқушымен жұмыс:математикалық тест
1.Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болады?
а) 5+6+4
в ) 6+6+8
с) 7+7+7
2. Санды нөлге бөлуге бола ма?
а) санды нөлге бөлуге болмайды
в) санды нөлге бөлуге болады
3. Уақыт өлшем бірлігін тап?
а) г,кг,ц,т
в) см,дм, м,км.
с) сек,мин,сағ,тәул,жыл.
4. Аудан өлшем бірлігін тап?
а) см в) см2 с) л
5. Қабырғасының ұзындығы 4 см, шаршының периметрін тап?
а) 16 в) 8 с) 12
Шығармашылық тапсырма : Суретте неше үшбұрыш бар?
Қорытындылау. Рефлекция
-Сабақ ұнады ма? Өз ойларын жазу
-Қосындыны санға қалай көбейтеміз?
(3+4)*2 3*2+4*2
Топтық бағалау,оқушыларды жеке бағалау.
Үйге тапсырма:№7 ,38- бет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген