жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қоян бізде қонақта
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика
Тақырыбы: «Қоян бізде қонақта»
Мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
Ойын арқылы балалардың шығармашылық қәбілетін дамыту.
Балаларды жабайы аңдарға қомқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қоян ойыншық, орман аңдары.
Әдіс тәсілі: Көрсету, үйрету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сөздік жұмыс: Қоян – заяц, көжек – кролик.
Оқу қызметі |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бәріңді құрметтеп, Бас иеміз біз. Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін бізде ерекше күн, себебі бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Қәне қонақтармен амандасамыз. Бүгінгі біздің оқу қызметімізде Сенсарика. Тақырыбы: Қоян бізде қонақта. -Балалар қәзір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Аттарын атаймыз? Тәрбиеші: Қыс мезгілдері туралы ерекшеліктері жайлы түсіндіреді. |
Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиешімен қайталайды.
Қыс
Үш ай. Желтоқсан, қаңтар,ақпан.
|
Іздену ұйымдастырушылық |
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам, ал сенде табасыңдар ма? Көзі тостақ, өзі қорқақ. Бұл не балалар? Балалар қоян жабайы аң, қоян орманда өмір сүргенмен жыртқыш емес. Ол қорқақ себебі қоянды аңдыйтын аң көп соның ішінде қасқыр қоянды аңдып жүреді. Ғажайып сәт: Балалар тыңдайықшы есік қағылған сияқты? Тәрбиеші есікті ашып қарайды. Есік артында қоян отыр екен. Балалар бізге қонаққа қоян келіпті. Қәне балалар қоянмен әңгімелесейік. -Қайдан келдің? Қоян: Мен орманнан келдім, деп тәрбиешіге сыбырлайды. Тәрбиеші қоянның сыбырлаған дауысын балаларға жеткізіп айтады. Тәрбиеші:Балалар қоянның қолында хат бар екен. Қәне хатты ашып оқыйық. Балалар хатта бірнеше тапсырма бар екен. Орындауға дайынбыз ба? 1-тапсырма: Ойын: «Түрлі – түсті маталар» Ойынның мақсаты: Балаларды түстерге ажырата білуге үйрету арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру. Ойынның шарты: Тәрбиеші мата қиындыларын таратады да, өзі бір түсті көрсетеді. Қолындағы түсі бірдей бала ортаға шығып билейді. |
Қоян
Ия
Балалар геометриялық ұқсас пішінді көрсетеді. Ән әуеніне билейді.
Балалар қолдарында матаның түсін, пішінін ажыратып айтты. Ән әуеніне биледі. |
Іздену ұйымдастырушылық |
2-тапсырма: Ойынның шарты: Аңдарды қоректендіру, әр аң нені жақсы көретінін табу. 3-тапсырма: Шығармашылық сәт. «Қоянның бейнесін біріктіру» Бүктеу тәсілі арқылы қоянның бейнесін жасау, геометриялық пішіндерді пайдалана отырып қоянның бейнесін біріктіру. Шығармашылық қәбілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлермен, Ытқып – ытқып секірді. Қарап еді артына, Құлағын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. 4- тапсырма: «Қоянның жоғалған құйрығын тап» Мақсаты: Қоянның құйрығын табуға үйрету. Балалардың байқағыштығын дамыту. Бір – біріне достық көмек көрсетуге тәрбиелеу. |
Балалар аңдарға қомқорлық танытты. Аңдарды қөректендірд.
Балалар қоянның бейнесін бүктеу арқылы жасады, ұжыммен бірге орындады.
Балалар қимыл – қозғалыспен сергіп алды.
Балалар қоянның құйрығын тапты, таба алмаған достарына көмектесті. |
Рефлексивті түзетушілік |
Қорытынды: Балалар сендер тапсырмаларды жақсы орындағандықтан қоян сендермен қимылды ойын ойнағысы келеді. Қимылды ойын: «Көңілді қоян» Ойынның мақсаты: Балаларды шап – шаңдыққа үйрету. Ойынның шарты: Қоян балаларды шақырады, ал балалар қасына жақындағанда, қоян балаларды қуады. Ұсталған балаға сұрақтар беріп жауап алады. Мақтау сөзбен ойынды аяқтайды. |
Балалар қоянмен қызыға ойнады. Балалар мақтау сөзге қуанды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Орман аңы қоян туралы біледі.
Игереді: Ойын арқылы қоян туралы түсініктерді игереді.
Меңгереді: Қонаққа келген қоянның тапсырмаларын меңгереді.
«Манашы» бөбекжайы» МКҚК
«Балабақшаішілік үздік тәрбиеші»
Білім беру саласы: Таным.
Оқу қызметі: Сенсорика.
Тақырыбы: Қоян бізде қонақта.
Өткізген тәрбиеші: Г.Туракбаева.
Бейнеу ауданы.
2018 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген