400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоян тәрізділер

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып үйден оқитын оқушыға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 8

Үйден оқыту

Мұғалімі: Газизова Айгуль Ерболатқызы

Сабақ тақырыбы

Қоян тәріздестер

Оқу мақсаттары

8.3.3.22 қоян тәріздестер: орқоян, құм қоян, үй қоянын білу және атау;тіршілігін, қоректену мен көбеюін сипаттау

Сабақ мақсаттары

оқушы білуі керек:

  • орқоян, құм қоян, үй қоянын білу

  • қоян тәріздестердің тіршілігін сипаттау

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

- орқоян, құм қоян, үй қоянын атау алса

- негізгі ерекшелігін атай алса

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология: орқоян,құм қоян, үй қоян

Пәнаралық байл

биология

Сабақ барысы

Сабақтың жоспа кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы


Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Жұмбақ:

Сылдырдан  қорқады,

Шошынып  жортады (Қоян)

Қоянтәрізділер (лат. Lagomorpha) – сүтқоректілер класының бір отряды.

Жер шарында кең таралған, тек Антарктидада, Оңтүстік Америкада, Мадагаскар аралында кездеспейді. Ал Аустралия, Жаңа Зеландия аралдарында жерсіндірілген. Арктика тундрадан тропиктік ормандар мен шөлді аймақтарға дейінгі жерлерде, тіпті тауда альпі белдеулерінде тіршілік етеді. 4 тұқымдасы 65-тен астам түрі белгілі.

Маусымдық түлеуі (жүнінің түсі өзгеріп отырады) көп түрлеріне тән қасиет. Үстіңгі жағында екі жұп күрек тістері болады, алдыңғы күрек тістері өте үлкен, өткір қашау тәрізді. Күрек тістері мен азу тістері нің аралығында тісі болмайтын жері диастема деп аталады. Ерекшелігі – соқыршегі спираль тәрізді қатпарланып жатады. Жылына 2 – 5 рет 2 – 8 көжек туады. Шөп, ағаштың қабығымен, бүршігімен, бұтағымен қоректенеді. Қоянтәрізділердің кәсіптік маңызы зор (терісі, жүні, түбіті, еті пайдаланылады). Кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, орманға зиян келтіреді. Сондай-ақ, ауру (туляремия, т.б.) да таратады. Өте өсімтал, сондықтан тым көбейіп кеткен жылдары жоспарлы түрде ауланады. Қазақстанда Қоянтәрізділердің 2 тұқымдасы: қоян (Leporіdae) және шақылдақ бар. Қоянның дене тұрқы 75 см-дей. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан едәуір ұзын. Құйрығы қысқа, құлағы ұзын болады. Қазақстанда қоян тұқымдасының 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) мекен етеді.



Ор қоян (лат. Lepus europaeus) – қоян туысының бір түрі, қояндардың ішіндегі ең ірісі.






Ақ қоян (лат. Lepus timidus) – қояндар тұқымдасының бір түрі.






Құм қоян (лат. Lepus tolai) – қоян туысының бір түрі.





Мәтінді  мұғалімнің  оқуы.

Қоян

Қыста  аңдарға  жем табу  қиын. Түлкі қыстыгүні  қоян  аулайды. Түлкіге қоянды табу  қиындыққа  түседі. Себебі қоян қыстыгүні  аппақ «тонын» киіп  алады. Ол  аппақ қардан аумай қалады. Сондықтан да ол алаңсыз жайылып, бұта  түбінде  ұйықтай  береді. 

Мәтін  мазмұнына  байланысты  сұрақ-жауап.

1. Мәтінде  жылдың  қай  мезгілі туралы  айтылған ?

2. Қоян  немен  қоректенеді ?

3. Қоян қыста қайда ұйықтайды ?

4.Қыста  ұйықтамайтын тағы  қандай  аңды  білеміз ?






























Сабақтың ортасы

 1 – тапсырма. Қоян тәрізділерді сәйкестендіреді.










Орқоян Құм қоян Үй қоян

Дискриптор

  • Қоян тәрізділерді сәйкестендіреді.

2 – тапсырма. Карта еліне саяхат.

















Дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланып, қояндар кездеспейтін аудандарды табу.

Дискриптор

  • Антрактида, Оңтүстңк Америка, Мадагаскар аралдарын көрсетеді


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушы рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
1099
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі