400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қоянға арналған сәбіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарларға қамқорлық жасай білу. Саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіші топ: «Құлпынай»

Білім саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Қоянға сәбіз»

Мақсаты: Техникалық дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндей білуді және саусақтың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіру. Ойлау қабілетінің логикалық дамуын қалыптастыру. Жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: қоян-заяц, сәбіз-морковь.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлетірмелі материалдар, ойыншық қоян.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі


Мотивациялық

қозғаушылық

-Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақ келеді. Ұзын құлақты, бадырақ көзді. Ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы-сәбіз. Ол не?

-Дұрыс айтасыңдар, ол қорқақ қоян. Ал бәріміз бірге оны қонаққа шақырайық.

Сөздік жұмыс: Ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Хормен: «Қоян ортаға кел»

-Қызығушылық танытады.


-Ол қоян.



Ұзын құлақты, бадырақ көзді сездерін қайталайды.


Ұйымдастырушулық

ізденістік

Ғажайып сәт.

Біраз уақыттан кейін қоян келіп, кіреді.

Қоян:

-Сәлеметсіздер ме балалар?

Дала қандай суық еді. Мен өзіме азық іздеп жүріп, тоңып таналап келдім.

Сәлеметсің бе, қоян қазір қыс мезгілі, ауа райы суық,аяз болып тұр. Қыста саған азық тауып жеуде қиын.

-Балалар, оны сипаттап көріңдерші, оның тоны қандай?

-Ол несімен ерекше?

-Оның құлағы қандай?

-Ал мынау несі?

-Оның құйрығы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар,қоянның құлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады екен. Қоян сен бізбен бірге ойнап, бой жылытқың келеме?

-Ендеше қалай секіретінің көрсетіңдерші.

Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді.

-Мұнда қоян не жасырып қойды екен? Себеттің ішінде не барын көрейік.

Ой қоянның себеті бос екен.

Қоян сенің себетің неге бос.

Қазір қыс мезгілі болғандықтан мен азық таба алмай жүрмін. Қарным ашып, мазам қашып тұрған сияқты.

Балалар қоян бізден көмек сұрай келіпті. Біз қоянға көмектесемізбе?

Қоян сен қамықпа біз саған көмектесеміз.

Қәне балалар қоян қандай көкөністі жақсы көретін еді?

Олай болса біз қоянға арнап ермексазден бәріміз сәбіз жасап берейік.

Тәрбиеші жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді: Ермексазды алақанға салып, сәбіз көлеміне келтіріп, еземіз, бас жағын жуандау етіп, төменгі жағын жіңішкертеміз

-Қараңдаршы, сәбізге ұқсады ма?

-Енді сендер алдарыңда тұрған ермексазды алып, өздерің сәбіз жасап көріңдер.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальді компонент: қоян-заяц, сәбіз-морковь

Балалар асыға күтеді.







-Сәлеметсің бе қоян?





-Жұмсақ әрі әдемі.


-Құлағымен.

-Ұзын.


-Құйрығы. Құйрығы қысқа.







Балалар қимыл жасайды. Орманның ішінен себет тауып алады. Себеттің іші көкөніске толы: Қырыққабат, сәбіз, қызанақ т.б.













-Сәбізді







Балалар мұқият тыңдайды.


Ұқсады


Балалар ермексазбен жұмыс істей бастайды.


Жасалған сәбізді балалар қоянның қасына қояды.



Рефлексиялық

түзетушілік

-Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Ал қоян қандай көкөністі жақсы көреді?

-Ал сендерге қандай көкөністер ұнайды?

-Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады.

-Қоян сендерге рахмет айтып, сау болыңдар деп қоштасуда.Тәрбиеші әр баланың салған суреті мен сомдаған сәбізін ата-аналарған арналған көрме тақтасына қояды.

-Қоян келді.

-Сәбізді.


-Балалардың жауабы.

Балалар өздеріне ұнайтын көкөністерді, бүгінгі сабқта не ұнағанын айтады.



-Сау бол, Қоян!


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ермексаз бөлшектерін алақанға салып есуді, әртүрлі пішіндерді жасайды.

Түсінеді: қоянның дене мүшелерін, көзін, құлағын, құйрығын, аяғын таниды. Қоянның сәбіз бен қырыққабатты жақсы көретінін түсінеді;

Қолданады: ермексаздан шымшып алып, алақанмен домалақтап, жоғары жағын жуандау, төменгі жағын жіңішкелеп мүсіндеу амалын.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі