жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қоянға көмектес
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу,сурет салу
Тақырыбы: Қоянға көмектес
Мақсаты: Балаларға қоян туралы,сәбіз туралы мағлұмат беру. Сәбізді ұннан жасалған қамырмен қалай мүсіндеу керектігін үйрету. Балаларға мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін жасата отырып,ұсақ қол моторикасын дамыту. Дәстүрден тыс суерт салуға дағдыландыру. Қоянның ізін салу арқылы қызығушылықтарын қалыптастыру. Жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сұрақ қою арқылы тілін дамыту. Балаларды ұқыпты,тиянақты болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,көрнекілік,сөздік, дәстүрден тыс сурет салу мен мүсіндеу .
Сөздік жұмыс: Сәбіз,қоян,көжек
Пәнаралық байланыс: Қоршаған орта,тіл дамыту.
Көрнекіліктер: оқу іс-әрекетінің жоспары құрылған слайд,сиқырлы қорапша,тірі қоян,қоян,көжек,сәбіз, тұздалған қамыр,тарелке,сулық,тақтайша, қоңыр түсті бояуға батырылған жұмсақ мата (губка немесе паралон),қоянның іздері.
Қостілділік компонент: Күз-осень-autyum,қоян-заяц-carrot, сәбіз-морковь- rabbit.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық кезеңі |
Балалар көріп тұрғанымыздай бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіпті. Ендеше оқу іс-әрекетімізді әдемі шаттық шеңберінен бастайық,қонақтарымызбен амандасайық. (Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып оқу іс-әрекетін шаттық шеңберімен бастау). Шаттық шеңбері: Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз Сәлеметсіз бе!Здраствуйте!Good moning! -Балалар,сендерге жұмбақ жасырайын шешуін тауып көріңдерші? Бұлттар
төніп, -Дұрыс айтасыңдар. Қазір күз мезгілі. Күзді орысша- ағылшынша қалай айтамыз? -Тамаша! Күз айларын атап шығайық. -Күз туралы кім қандай тақпақ біледі? Өткенді бір еске түсіріп алайық.
|
Жартылай шеңберге тұрып шаттық шеңберіндегі өлең жолдарын айтып,келген қонақтармен амандасады.
Сәлеметсіз бе! Здраствуйте! Good moning! Үш тілде амандасады.
-Бұл күз мезгілінде болады
Күз-осень- autyum,
-Қыркүйек-қазан-қараша
Тәуекел: Көк майсалы көрікті Алқаптағы көп егін Бұл күндері киіпті Сары жібек көйлегін Инабат: Следом за летом Осень идет Желтые песни Ей,ветер поет Азамат: Алтын,сары,қызыл көк Алуан,алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап. |
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі |
Тәрбиеші:Балалар,сендермен бірге психологиялық ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Тамаша!» ойнаймыз ба? Балалар бүгін ауа-райы қандай? -Балабақшамыз қандай? -Бәйшешек тобының балалары қандай? -Келген апайларымыз қандай? -Сендердің көңіл-күйлерін қандай? Сендердің көңіл-күйлерін тамаша болса,менің де көңіл-күйім тамаша! Ендеше оқу іс-әрекетімізді бастай берсек болады. Есік қағылған дыбыс естіледі. -Балалар,бүл кім болды екен? Кане мен барып көрейін. Есік алдына біреу сиқырлы қорап қойып кетіпті. Ішін ашып көреміз бе? -Сыртында бір хат бар екен. Хатта жұмбақ жасырылған. Жұмбақтың шешун тапсаңдар мына қорапша ашылады. Жұмбақ Сыбдыр шықса қашады Қырдан бірақ асады Бұл не? -Дұрыс айтасыңдар,қорапты ашып қалғанда ішінен қоян шығады. Балалар бізге қонаққа қоян келіпті. Қоянды үш тілде қалай айтамыз? -Балалар қоян қайда өмір сүреді? Дұрыс сонымен қатар үйде де асырайтын қояндар бар екен. Жалпы қоян туралы қысқаша тоқталып өтейін. Қоян қыста өз тонын ақ түске айналдырады. Себебі қасқыр,түлкі сияқты аңдардан қорғану үшін. Ал көктем,жаз шыға келе ол ақ тонын шешіп,сүр түсті тонын киіп алады екен. Қоянның баласын не дейміз? -Дұрыс айтасыңдар. -Ал,ол нені жақсы көреді? -Сәбізді үш тілде атап айтайық. Сәбіз бір жылдық бақша өсімдігі. Оның пішіні сопақша,түсі қызғылт сары болады. Сәбіздің құрамында А дәрумені бар. Ол көзді жақсы көру үшін,бойды өсіру үшін керек. Міне,сол себепті қояндардың көру қабілеті жақсы дамыған. Олардың көздері екі жағында орналасқан. Яғни артқы жағындағы жауларын тез байқап қалады. Сендерде сәбізі бар тағамдарды жеу керексіңдер. Ал,кім кәне қоян не болмаса көдек туралы тақпақтар біледі екен.
-Керемет,балалар! -Балалар,мына көжектің қарны аш оның үстіне ол анасын жоғалтып алған сияқты. Көмектесеміз бе? Ол сәбізді жақсы көретінін білеміз.Ендеше екі орталыққа бөлінейік. Біреуіміз сәбізді мүсіндеп береміз,енді біреуімізі анасына апаратын жол көрсетіп,ізін саламыз. -Ендеше сәбізді мүсіндемес бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып шығайық. Мына ермексазды ауызға салуға,үстелге ,киімге жағуға болмайды. Бояуды ұқыпты пайдаланып,одан соң сулықты дұрыс пайдалануды ұмытпаймыз. Сәбізді тұздалған қамырдан мүсіндейміз. Үстіңгі жағы төменге қарай сүйірлеп сопақша пішін жасаймыз. Жапырағын жасылдан қондырамыз. Ал екінші орталық бойынша қоңыр түсті бояуға малынған паралонға төрт саусағымызды біріктіріп батырып қағаз бетіне түсіреміз. Бояп болған соң сулыққа сүртеміз. Сергіту сәті: Сәбізді қолға аламыз Тазалаймыз,жуамыз Сыртын ашып тазалап Үккіштен оны өткіземіз, Тұз сеуіп,дәмдейміз Араластырып сәндейміз Дәмін татып көреміз Бөбектерге береміз. Д\о: «Аңдарды тамақтандыр». Мақсаты: әрбір жануардың сүйікті тағамдарын қастарына орналастыру,қамқор болуға тәрбиелеу. |
-Тамаша! -Тамаша!
-Тамаша! -Тамаша! -Тамаша!
Есік жаққа таңдана қарайды
-ия
-Жұмбақтың шешуі қоян
-қоян-заяц-carrot -Ол орманда өмір сүреді
-көжек
-Сәбізді сәбіз-морковь- rabbit.
Қоян,сәбіз туралы мәліметтер алады
Ілтипат: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді Қарап еді артына Қиыңын салып көзінің Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің Арай: Аққоян-ау,аққоян Ұзын құлақ сақ қоян Қаша берсең орманға Қорқағым деп ат қоям
-Әрине,көмектесеміз
Қауіпсіздік ережелерімен танысады.
Дәстүрден тыс шығармышылық жұмыстармен танысады. Тұздалған қамырдан дайындалған дайын ермексаздан сәбізді мүсіндейді. Қоянның іздерін салып көрсетеді
Қолдарыменөлең сөздеріне сай қимылдар жасайды
Қоянға сәбіз,аюға бал,кірпіге алма беріп қастарына орналастырады.
|
Рефлекциялық-түзетушілік кезеңі |
-Оқу іс-әрекетін қорытындылау. -Балалар қане бәріміз шеңберге тұрып оқу іс-әрекетін қорытындылайық. -Бүгін қонаққа кім келді? -Қоянның түсі қандай? -Сендер не жасап көмектестіңдер? -Сәбіздің түсі қандай,пішіні қандай? Тамаша! Сендерге риза болып,мына қоян қуанып жатыр. Менде сендерге арнап сендерді бағалаймын. Бүгін сендерге 5 деген баға қоямын. Бүгін бәріңде жақсы қатыстыңдар. Келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыз! До свиданья! Good by! |
-Қоян -сүр,ақ -сәбіз,іздер
-қызғылт сары,сопақша.
Сау болыңыз! До свиданья! Good by! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қоянның орман жануары екенін,оның баласы,нені сүйіп жейтіндігі туралы;
Игереді: дәстүрден тыс сурет салу мен мүсіндеу жұмыстарын,саусақтармен із қалдыру арқылы сурет салу керектігін;
Меңгереді: мүсіндеу мен сурет салудағы қауіпсіздік ережелерін,ұқыпты жұмыс жасауды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген