400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоянның туылган күні (ойдан құралған ертегі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша Білім беру саласы: "Коммуникация" Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Қоянның туылған күні (ойдан құралған ертегі)
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қызылорда облысы

Қазалы қаласы

№1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасы

Әдіскер Санкебаева Н.


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қоянның туылған күні (ойдан ертегі тудыру)

Мақсаты:

Білімділік: Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Сөздік қорын молайту, 5 - 6

сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды жалғастыру және сұрақтарға толық жауап беруге, тілек айтуға үйрету.

Дамытушылық: Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру ,сыйлық жасап, ойын арқылы қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Жан - жануарды қорғауға, мейрімділікке, бірін-бірі сыйлауға үйрету. тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: әңгімелесу, сұрақ - жауап
Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта. слайд, тірі қоян жане ормандағы аңдардың кейіпкерлері, сәбіз, тәтті бәліш. Чебурашка Генаның «Туған күн» әнінің қазақша нұсұасын пайдалану.


Оқу іс-әрекет

кезңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық - қозғаушылық














Ұйымдастырушылық- ізденімпаздық


















































































































































































Рефлексиялық-түзетушілік





Балалардың назарын аудару.


-Балалар сендер өздеріңнің туылган кундеріңді білесіңдер ме?

-Ата-аналарың туылған күнге қандай сыйлық бергенін ұнатасыңдар?

-Туылған күнді тойлағанды ұнатасындар ма?

-Туылған күнге достарыңның келгенін қалайсындар ма?

Ендеше, балалар сендер секілді ормандағы аңдар да туылған күндерін атап,сыйлық алғанды ұнатады екен.


-Балалар, қазір бәріміздің үйімізде компьютер бар. Сол компьютердің көмегімен ғаламторға кіріп барлық әлемдегі жаңалықтарды біле алады екенбіз.

Олай болса, ғаламторға қосылып бүгінгі жаңалықтарды білгілерің келе ма?


(балаларға компьютердегі слайд көрсетіледі)


-Балалар, бүгін 12-мамыр Қоянның туылған күні екен. Қоян туылған күнінде қандай көңіл–күйде екенін білейік.

-Қараңдаршы балалар, Қоянның көңіл-күйі жоқ, түрі жабырқаулы сияқты ғой.



Ендеше, біз Қоянға қоңырау шалып туылған күнімен құттықтап,көңіл күйін көтерейік.


Ұялы телефонмен Қоянға(кейіпкер) қоңырау шалу.


Балаларға қоян кейіпкерінің сөйлескендегі дауысын естіртіледі.


-Қоян, сені туылған күніңмен «Балауса» топ балалары шын жүректен құттықтайды!


Қоян: -Рахмет!

-Балалар,менің көңіл-күйім жоқ, мені сендерден басқа ешкім құттықтамады, ормандағы достарымда келмей жатыр.


-Қоян туылған күнде ренжімеу керек,сен көңіл –күйіңді түсірме, сен қазір бізге келсең болады. Біз сенің туған күн кешіңді жасап береміз,біздің балалар достықты, сыйластықты өте жақсы көреді.


Қоян:- Рас айтасындар ма?

-Олай болса, анашым келген соң мені сендерге алып баруын өтінемін.


-Балалар, естідіңдер ғой Қоян бізге келетін болды,оның бүгін туылған күніне достары кешігіп келмей жатқан болар. Сондықтан оның достары келемін дегенше, біз көңіл күйін көтеріп туылған күн кешің бірге атап өтейік.


Топты туылған күн кешіне безендіру, дайындау.


-Балалар, қоян келмес бұрын тағыда ғаламтордан «қоян» туралы туралы мағұлматтармен танысып алайық.


Қоян-заяц.

Қоян орманда, шөл-шөлейттерде мекен ететін аңдарың бірі. Қоян әр маусымға қарай өзіне қауіпті аңдардан қорғану мақсатында түстерін өзгертіп отырады. Қыста ақ түсті болса, жазда сұры түсті болады екен. Қоян баласы «көжек» деп аталады.


Алдыңғы аяғы қысқа, артқы аяғы ұзын болады.Сол себепті шапшаң қимылдап әрі қатты жүреді. Қоянның сүйікті асы – сәбіз. Қоянның құлағы ұзын,құйрығы үлпек қысқа болады.


-Балалар сендерге қоянның құлағы неге ұзын болғанын айтайын.


-Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендіреді.
Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырады.
- Туған күнің, құтты болсын, ақ қоян! – деп, Кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді.
- Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын!- деп, Қасқыр бір шоқ қалампыр гүлін ұсынды.
- Аю неге кешікті?- деп төртеуі бір-біріне қарады.
Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
- Туған күнің құтты болсын! – деп Қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.
Тақпақтар:

1.Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы,қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қыйығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


2.Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша.


3 Ерінбе, қояным,
Ертеңмен оянғың.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.



Мақал-мәтелдер:

Мал жуасы- қой,

Аң жауасы-қоян.


Қоян көлеңкесңненде қорқады.


Өзінше ноян,

Қорқақ қоян.


Есіктен Қоян (кейіпкер) көжегін (тірі көжек) ертіп кіреді.



Қоян балалармен сәлемдесіп, көжегін таныстырады,оның туылған күні екенін айтады.


Балалармен жұмыс.

Балаларға жұмсақ губка таратылып,оны түрлі-түсті қағаздардан әсемдеп, тәтті бәліш дайындайды.


-Балалар, тәтті бәліш дайын болғанша Қоянмен ойын ойнайық.


Ойын: «Тығылыспақ»

Шарты: Экранда жарты бейнесі ғана көрінген аңдарды тауып айтуы қажет.


-Балалар, тәтті бәліштің піскен иісі сезіліп жатыр, дайын болған шығар.


Қоянға Чебурашка Генаның «Туған күн» әнін айтып, тәтті бәлішті тілек айтып сыйлау.

-Қоян денің сау болсын!

-Достарыңды ренжітпе!

-Коп еңбектен!

-Сүйкімді бол!

-Достарың көп болсын!





Есіктен Қоянның достары Қасқыр,Аю,Түлкі келеді.


Олар : -Қоян біз сені іздеп таба алмай ұзақ жүріп қалдық. Туылған күнімен! Сені өзімізбен бірге орманға алып кетуге келдік. Біз саған көптеген сыйлықтар алып қойдық, біз сенімен мәңгі біргеміз,ол жақта басқада достар күтіп отыр.


Қоян балалармен қоштасып достарымен орманға қайтып кетеді.


«Қоянның туылған күні» тақырыбы бойынша өткізілген іс-әрекетті балармен бірлесе отырып ойдан ертегі тудырып тақырыпты қорытындылау,балаларады мадақтау.



Балалар назарын аударып,сұрақтарға жауап беруге тырысады.


Балаларда өз ойларын айтады.









Үйлерінде компьютер бар екенін және ата-аналарының онымен жұмыс жасайтынын айтады.


Балалар слайдта көрсетілген қоян бейнесін көріп, ол жайында әңгімелеп, өз ойларын ортаға салып айта бастайды.







Балалар қуана келіседі.









Балалар қоянның сөзіне жауап береді,өз ойларын айтады.



















Балалар Қоянның қонаққа келетіне келіседі әрі қуанады.





Балалар шар, әдемі гулдер іліп, үстел үстін дайындайды.





Тыңдайды,қайталайды














Балалар тыңдайды.



























Балалар өз ойларын айтады.




Балалар тақпақтар мен мақал-мәтелдерді қайталайды, жаттайды.





























Балалар хормен: «Туылған күніңмен Қоян!» - деп айтады.


Балалар қоянмен сәлемдеседі. Қоян туралы өздерінің білетіндерін айтады.

Қоянның туылған күніне арнап тәтті бәләш дайындайды.



Балаларда қуана келіседі.


Балалар ойын шарты бойынша ойнайды.



Балаларда тәтті бәлішті көруге асығады.


Балалар қоянға тілек айтып, тәтті бәлішті сыйлайды.Чебурашка Генаның «Туған күн» әнін айтады.











Балаларда қоянмен дос болғандығын айтады.






Балаларда қоянмен қоштасады.


Балалар өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:


Біледі: Берліген тақырыпқа ертегі ойлап табуды;

Игереді: Жылы лебіздер, тілектер айтуды;

Меңгереді: Кейіпкерлерді көркемдеп сипаттауды біледі.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
3795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі