Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоянның үйшігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға, ертегіні драматизациялауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің дауыс, ырғағын келтіруге машықтандыру. Кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға, мейрімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ҰЛАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«АЙЖҰЛДЫЗ» БӨБЕКЖАЙ КМҚК














ДРАМА


ТАҚЫРЫБЫ: «ҚОЯННЫҢ ҮЙШІГІ»


«ТҰЛПАР» ЕРЕСЕК ТОБЫ












ОРЫНДАҒАН ТӘРБИЕШІ:

САДЕНОВА БАРШАГУЛЬ КИНАЯТОВНА





















ҚАСЫМ КАЙСЕНОВ КЕНТІ

2021Ж



«Тұлпар» ересек тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім саласы: Қатынас, шығармашылық.

Бөлімдері: Драма.

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі» ертегісін драматизациялау.

Мақсаты: Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға, ертегіні драматизациялауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің дауыс, ырғағын келтіруге машықтандыру. Кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға, мейрімділікке, достыққа тәрбиелеу. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бір-бірінің жауабын тыңдауға, өздеріне деген сенімділікке, кейпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, сахналау, саяхаттау, ойнату, көркемдеп сөйлету көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру, тәжірибе жасау.

Керекті құралдар: «Қоянның үйшігі», түлкінің үйшігі, ертегіні сахналауға арналған ағаштар, шыршалар, кейіпкерлердің қоянның, түлкі, иттер, аю, әтештің киімдерін киген балалар, әр кейіпкерлерге іс-әрекеттеріне арналған музыка.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі


1. Музыка ойнайды

-Балалар шаттық шеңберін құрып

Армысың алтын күн!
Армысың жер ана!
Армысың көк аспан
!
Армысың апайлар.
Армысың ба  балалар!

Үш тілде конақтармен амандасады.

Сәлеметсіздер ме балалар!

Здравствуйте дети! Hello!


Балалар тұрып тәрбиешімен бірге «шаттық шеңберін» айтады.




Сәлеметсіздер ме!

Здравствуйте!



ІІ. Ұйымдастыру – ізденушілік кезеңі

Жүргізуші: Балалар, сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар сендер қандай ертегілер білесіндер?

Жүргізуші: Балалар осы ертегілердің ішінен «Қоянның үйшігі» ертегісін сахналап көрейік.
Жүргізуші:Ертегіні әңгімелеп бастайды. Орманда Түлкі мен Қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі  мұздан, қоянның үйшігі ағаштан болыпты.

Балалар ертегіні кейпкерлердің рөліне кіріп драматизациялайды.
Көктем келіп күн жылына бастағанда түлкінің үйшігі еріп кетеді.

Picture 3
Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.
Түлкінің рөлінде (Айлина):

Қоянның рөлінде (Айзере)

Қоян, қоян мені үйшігіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жүргізуші: Қу түлкі осылай аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, қоянды үйшігінен қуып шығады.
Иттердің рөлінде : Дильназ бен Бекежан
Ит: Қоян, қоян неге жылайсың?
Ит: Жылама, жылама қоян, жүр екеуміз түлкіге барайық.
Ит: Аф,аф аф әй түлкі шық үйден.
Түлкі: Шықпаймын! Мен шықсам сендерге жақсы болмайды.
Жүргізуші: Түлкінің даусын естіген ит қашып кетеді. Қоян енді қайттым деп тағы да жылай бастайды.Алдынан аю шығады.
Аю (Арнұр), (Алихан):

Қоян-ау не болды?

Неге жылайсың?

Аю: Жылама, жылама қоян, жүр екеуміз түлкіге барайық.
Жүргізуші:Түлкінің даусын естіген аю қашып кетеді.Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастайды. Алдынан Әтеш шығады.
Әтеш (Эльдар): Қоян, қоян неге жылып отырсың?.

Әтеш: : Жылама, жылама қоян, жүр екеуміз түлкіге барайық.
Қоян: Жоқ! Куып шыға алмайсың!

Жүргізуші: Әтешпен,Қоян үйшікке келеді.Әтеш әндете айқайлай бастайды.
Әтеш: Шөп шабамын,шөп шабамын!
Түлкіні іздеп табамын.
Қоянның үйінен шықпаса,
оны да шалғынша шабамын!
Жүргізуші:Түлкі қорқып кетіп қазыр шығамын,қазыр шығамын, тонымды киіп жатырмын деп, Қоянның үйшігінен каша жөнеледі. Сөйтіп, қоян батыр әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды


Иә, барғымыз келеді.

Балалар: «Бауырсақ», «Шалқан», т.б.

Picture 2



Балалар мұқият тыңдайды






Picture 4



Қоян жолда жылап келе жатып, иттерге кездеседі.






Қоян: Қалай жыламайын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды

Picture 5

Picture 6






Қоян: Жыламағанда қайтем?  Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.


Picture 7

Қоян: Жыламағанда қайтем?  Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды
Иттер қуды, қуалмады. Аю қуды қуа  алмады. Енді сенде қуа алмайсын.
Picture 8

ІІІ.Рефлексифті коррекциалаушы

Сонымен, балалар, біз қандай ертегіні сахналадық?


Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?


Осы ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!

«Қоянның үйшігі» ертегісін сахналадық.

Балалар қуаныштарын білдіреді.

Балалар:Қоян, Түлкі,Әтеш,Аю,Ит.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек : Балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын, қимыл -қозғалысын жасай білу, рөльге кіру.

Іскерлігі: Көрсете білуі: Ертегі кейіпкерлерін сөздік қорларын дұрыс меңгеріп оны қолдануы.

Нәтиже: Сөздік қорларын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Жаман мен жақсы жайлы ұғымды түсіне біле қамқорлық жасау, пайдалы еңбек іс-әрекетті дағдыландыру.


Тәрбиеші: Б.К. Саденова


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12