Қоянның үйшігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоянның үйшігі

Материал туралы қысқаша түсінік
:Балалар ертегілерді естеріне түсіру, ертегілердегі кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу және ертегі желісін сызба-кесте арқылы жеткізу біліктілігін жетілдіру.Шығармашылық білімдерін жетілдіру. Ертегідегі кейіпкерлердің рет-ретімен шатастырмай айтуға дағдыландыру.Әр кейіпкерлердің мінез - құлығын толық жеткізе білу яғни интонация мен мимика арқылы Сахналау, мазмұндау қабілеттерін дамыту. Бір - біріне түсінушілікпен қарауға және қомқорлыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Триз технологиясы арқылы қол маторикасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Айгөлек» ересек тобының сөйлеуді дамыту бойынша қорытынды

ашық сабақ ҰОҚ-нің жоспары


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.Көркем әдебиет. Шығармашылық

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі»

Міндеттері:Балалар ертегілерді естеріне түсіру, ертегілердегі кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу және ертегі желісін сызба-кесте арқылы жеткізу біліктілігін жетілдіру.Шығармашылық білімдерін жетілдіру. Ертегідегі кейіпкерлердің рет-ретімен шатастырмай айтуға дағдыландыру.Әр кейіпкерлердің мінез - құлығын толық жеткізе білу яғни интонация мен мимика арқылы Сахналау, мазмұндау қабілеттерін дамыту. Бір - біріне түсінушілікпен қарауға және қомқорлыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Триз технологиясы арқылы қол маторикасын дамыту.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, мазмұндау, сахналау, карусель ойыны арқылы триз технологисын қолдану, триз технологиясы арқылы жапсыру әдісі, кубизм әдісімен бағалау

Көрнекіліктері: Ертегілер әлемі суреті және ертегі кейіпкерлерінің суреттері, мнемокесте, карусель матасы, ақ парақ, түрлі-түсті майлық қағаздары.

Шаттық шеңбері: 

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қанша ай бар?

Көктемнің белгілерін ата?

Апта күндерін ата?

Антоним сөздерді ата...

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, сендер ертегі тындағанды ұнатасыңдар ма?

Ендеше біз қазір сендермен ертегі еліне саяхатқа барғыларың келеме? Ол үшін ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақ жасырып көрейік?

Жұмбақ:

1.Мен әжемнің үйіне бардым
Әжеме бәліштерді апардым
Сұр қасқыр соңынан ерді,
Алданып, жұтылды (Қызыл телпек)

2.Азық түлік әкеледі деп

Балалары аналарын күтеді
Қасқырды үйге кіргізді ...
Бұлар кім болды екен балалар? ( Лақтар)

7.Еріксе құйрығымен ойнайды,

Зеріксе бір ұйқыға тоймайды. (Мысық)

Олай болса балалар ертегілер еліне бару үшін көзімізді жұмайық бәріміз көзімізді жұмып

Санайық 1-2-3 Музыка әуенімен көздерін жұмып айналады. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Міне балалар, біз көзді жұмып ашқанша «Ертегілер еліне» де келіп жеттік.

Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, қандай ертегілер еліне келдік.

Бұл ертегілер есіме түспей тұрғаны, сендер маған көмектесіп, айтып бересіңдер ме?

Ертегілерді сұрау??

Балалар, ал мына, әп-әдемі, кіп-кішкентай үйшікте кім тұрады екен?

Бұл әп-әдемі, кіп-кішкентай үйшікте тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, аю тұрады.

Бұл қай ертегі? (үйшік)

Балалар сендерге ертегілер әлемі ұнады ма?

Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер?

Енді сендер «Қоянның үйшігі» ертегісін естеріңе түсіріңдер, содан кейін қонақтарға сахналап берейік.

Автор: Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты. Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді. — Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын! Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.

Ит — Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?

Қоян — Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…

Ит — Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді. — Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!

Түлкі — Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды. «Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жылай бастайды. Алдынан аю шығады.

Аю — Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?

Қоян — Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

Аю — Жылама! Мен оны қуып шығамын.

Қоян — Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.

Аю — Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп: — Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:

Түлкі — Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлады. Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.

Әтеш — Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.

Қоян — Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. — Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын! — Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың! — Жүр, көрерсің! Қуамын! Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады

Әтеш — Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! Түлкі қорқып кетіп:

Түлкі «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді. — Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды. Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.
Ұйымдастырушылық – ізденушілік:

Балалар 3 топқа бөлінеді: 1топ жапсыруды орындайды (триз технологиямен)

2 топ суреттерді құрастырады цифр бойынша

3 топ карусель ойынына шығады (триз технологисы)

Қорытынды:«Кубизм» әдісімен

Ертегіде түлкі қандай болды? (Айлакер, қызыл шашты алдау)

-Ертегіде қандай қоян бейнеленген? (мейірімді, ренжіген, әлсіз).

-Қалай ойлайсыңдар, ит пен аю түлкіден күшті ме? Неліктен олар қоянға көмектесе алмады? (олар күшті, бірақ қорқақ).

-Ал, әтеш туралы не айта аласындар, өйткені ол түлкіден кішірек және әлсіз?

(ол батыл).

Түлкіні қуып шыққанда әтеш қандай ән айтты?

Мадақтау:

Тәрбиеші: Каримова Б.Е



















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2023
360
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі