400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қозғалыс әрекетінің ерекшеліктері.Теориялық мағұлаттар алу көздері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ, олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті - уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін – тік тұру, ілініп тұру (аспа темірде, шығыршықта), тіреліп тұру (қос сырықта, белтемірде т.б.) немесе көлденең (тепе-теңдік, суда жүзу) және таяну (еденде, скамейкада тірей сүйену) түрінде де кездеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс№16


Тақырыбы:Қозғалыс әрекетінің ерекшеліктері.Теориялық мағұлаттар алу көздері.


Жоспар:

1.Траектория

2.Қозғалыс сипаттамасы.


Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ, олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті - уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін – тік тұру, ілініп тұру (аспа темірде, шығыршықта), тіреліп тұру (қос сырықта, белтемірде т.б.) немесе көлденең (тепе-теңдік, суда жүзу) және таяну (еденде, скамейкада тірей сүйену) түрінде де кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, жалпы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рөл атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:

-жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі. Мысалы, 100 метрге жүгіру алдындағы төменгі сөреге тұру қалпы, палуанның өз әдісіне керек қалыпты ұстауы т.б.;

-қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі. Мысалы, конькимен сырғанаушының жартылай отыру қалпы, шаңғышының секіру кезіндегі ұшу қалпы т.б.;

-жаттығуды аяқтағанда керек дене қалпын сақтау. Мысалы, спортшының снарядтағы жаттығуды орындап болғаннан кейінгі секіріп түсіп, дұрыс дене қалпын сақтауы т.б. Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет.

Траектория дегеніміз - кеңістіктегі қозғалыс шамасы және қозғалысты елестетудегі дененің жағдайы. Траекторияға қарап дене мүшелері қозғалысының бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды. Қозғалыс траекториясы түзу сызықты және қисық сызықты болады. 100 метрге жүгіруді – түзу сызықты, ядро итеруді – қисық сызықты деп шартты түрде айтамыз, өйткені тәжірибе бойынша таза түзу сызықты қозғалыс жоқ. Олардың ішінде әрқашан да қисық сызықты қозғалыс жүреді (дененің серпілуі, ауырлық нүктесінен ауытқу амплитудасы т.б.). Жаттығушылардың ағзасына дене тәрбиесі жаттығуларымен тиімді әсер ету және қозғалыс техникасын жақсы орындау қозғалып келе жатқан дене немесе оның мүшелерінің траекториялық бағытына байланысты (мысалы, биіктікке секіру үшін спортшылар жерден аяқпен дұрыс серпілу бұрышын, тиімді қозғалыс бағытын дұрыс анықтай білуі керек).

Қозғалыс бағыттары: жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға болып бөлінеді. Дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа дейін жеткізе сілтеген қозғалысын – қозғалыстың амплитудасы дейміз (мысалы, аяқты алға-артқа сілтеу қозғалысы). Қозғалыс амплитудасы белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді қозғалыс амплитудасы – жаттығушының жаттығуды өзінің, өз бұлшық еттерінің күшімен орындауы. Енжар - серігінің, тренажердің көмегімен орындалатын керілу, созылу икемділік жаттығулары. Белсенділік амплитудасы енжар амплитудаға қарағанда әрқашан да аз болады.[1]

Уақыт сипаттамасы уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Ұзақтық - әрбір қозғалысқа кететін уақыт шамасы. Мысалы, 1000 метрге жүгіру. Жаттығу уақытын азайта отырып, оқушы өзінің шеберлігін арттырады немесе жүктеме көлемін азайтады, көбейтеді. Қарқын – белгілі бір уақытта қайталана беретін қозғалыс (мысалы, палуанның бір минөттағы қарсыласын лақтыру саны, ескек есушінің ескекті бір минөтта 40-50 рет есуі т.б.). Қозғалыс қарқынын өзгерте отырып, жүктеме шамасын басқаруға болады. Уақыт азайса, қозғалыс қарқыны артады, ал уақыт көбейсе, қозғалыс қарқыны азаяды.

Уақыт мөлшері мен қозғалыс бөлімдерінің ұзақтық қатынасын ырғақ деп атаймыз (мысалы, уақыт бойынша шаңғымен жүгірудегі алма-кезек екі адым әдісінің кезеңдерін өзгерту). Ырғақ тек қана күрделі қозғалыстарда болады. Баланың жасы ұлғайған сайын, спорттық дайындық деңгейі жоғарылаған сайын өзгеріп отырады (мысалы, аяқ-қолдың күштері көбейген сайын қозғалыс фазаларына кететін уақыт азайып отырады).

Кеңістікті-уақыт сипаттамасы - жылдамдық және үдеу. Спортшының кеңістікте шапшаң қозғалуын жылдамдық дейміз. Бір уақыт мөлшерінде спортшының жылдамдығын көбейте, өзгерте қозғалуын үдеу деп айтамыз. Ол болымды үдеу (мысалы,100 метрге жүгіруде сөреден шыға үдей жүгіріс) және болымсыз үдеу (мысалы, мәре сызығынан өткеннен кейінгі ақырын жүгіріс) деп аталады. Спортшының кеңістіктегі уақыт қозғалысын білуі, кеңістік сипаттамасы (мысалы, жүгіргендегі адам ұзындығы) және уақыт сипаттамасының (мысалы, жүгіру қарқыны) тиімді арақатынасын табуына, жүгіргенде қатты бар мүмкіншілігімен жүгіре алуына, жақсы көрсеткіш көрсете алуына көмектеседі. [3]

Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:

1.белсенді еттер салмағының көлемімен;

2.еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);

3.жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.

Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар

1.статикалық және

2.динамикалық болып бөлінеді.

Статикалык жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді (мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады. Дегенмен де дене жаттығуының көпшілігі динамикалық (жүру, жүгіру, жузу) болады.

Күштің, қуаттылықтың және олармен байланысты жұмыс жасаудың ең жоғары ұзақтығы көрініс беру дене жаттығулары күшті, шапшаңдық - күштілікті және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді. Қимылдың аз ғана шапшаңдығымен (сыртқы үлкен қарсылықпен) статикалық немесе динамикалык режимде керініс беретін негізгі еттердің барынша жоғары немесе барынша жоғары шамасындағыларды күш жаттығулары деп атайды.

Күшті барынша кеп көрсетумен басты жаттығулардың ең жоғары ұзақтығы бірнеше секунд ғана құрайды. Үлкен қуат жұмсау, яғни салыстырмалы түрдегі үлкен күш пен жиырылу шапшаңдығы бір мезгілде көрінетін динамикалық жаттығулары шапшаңдық - күштілік жаттығулары болып табылады. Еттердің барынша жоғары қуаттылығын, жалпы қуаттылықтың 30-50 % -ын құрайтын (статикалық күш) сыртқы қарсылықтар кезінде дамытады. Күшпен жиырылатын еттер қатысатын жаттығуының ең көп ұзақтығы 3-5 сек. 2 минут аралығында болады. Шыдамдылық жаттығуына қимылды іске асыратын еттердің негізгі тобы жұмсалатын күш пен жиырылу шапшаңдығы онша кеп болмай, дамытатын жаттығуды, бірақ оларды қалпына ұстауға және бірнеше минуттен бірнеше сағаттарға дейін қайталауға болатындарды жатқызадыҚозғалыс сипаттамасы.

Адамның қозғалу үрдісі кезінде ішкі және сыртқы күштердің бірге жұмыс істеуі қозғалыс сипаттамасын көрсетеді. Ішкі күштерге жататындар: бұлшық еттердің тартылу, созылу, қарсыласу күші және қозғалыс кезіндегі пайда болған дене мүшелерінің біріккен күші.

Сыртқы күштерге жататындар: дене мүшелерінің тірелу нүктесі, сыртқы ауырлық, сыртқы ортаның үйкелу және қарсылық күші, басқа жанды-жансыз денелердің, нәрселердің қозғалып келе жатқан күштері. Дене мүшелерінің тірелу нүктесі – жүгіріп келіп кергіге, гимнастикалық көпіршеге, сырыққа тіреле секіру, таяқтарды қарға тірей шаңғымен жүгіру, суға тірей ескек есу т.с.с. Сыртқы ауыр заттар – штанга, батпандар, гирлер, күрестегі манекендер және т.б. сыртқы ортаның үйкелу және қарсылық күші – су, ауа, қар, құм т.б., бұлар адам жүгіргенде, қозғалғанда үйкеледі, қарсылық тудырады. Басқа күшке – адамның өз дене салмағының ауырлық күші, басқа да дене күштері (күрестегі қарсыласының күші т.б.) жатады. Сондықтан да адамның әрбір қимыл-әрекетін өзінің бұлшық етін тарту, итеру, созылу күшімен бірге сыртқы және ішкі күштерге де байланыстыра қарастыру керек.

Жаттығушы қозғалыс қимылын үйрене отырып,әдетте оны жетілдіріп,меңгеругуе ұмтылады.Жетілдіріп меңгеру-күшті аз жұмсап,алға қойылған мақсатқа жету.Тек қана осы жағдайда үйренген еңбек,қорғаныс және спорттық қызметке дайындау үшін табысты пайдалануға болады.Бірақ өз қимылын еркін игеру қабілеттілігі оның орындалуында дағды белгілері болса ғана қалыптасады. [2]

Қалыптасқан дағды жағдайында қимыл құрамына енетін әрбір қозғалыстың орындалуын қадағалау қажеттілігі керек болмай қалады.Бұл ретте қимылдың нәтижелеріне көмектесетін жағдайларға және т,б назар аудару мүмкіншілігі туындайды.

Дене жаттығуларымен үнемі айналысу әсерімен ағзада әртүрлі жүйелердің,мәселен,жүрек-қан тамырлары жүйесінің және т.б жақсы жағдайда қайта құрылыуы жүріп жатады. Жүйелі айналысуды тоқтатсақ,үзіліс кезде қол жеткен функциогалдық мүмкіндіктер деңгейі төмендейді, ал кейде белсенді бұлшық еттік ұлпасының меншікті салмағының азаюынан,оның құбылыстардан көрінетін регресс те байқалады.Сөйтіп, дененің толық дәрежеде жетілуі үшін алдағы оқу әрекеті тудырған өзгерістердің дамуын қамтамасыз ететін дене тәрбиесі процесінің үнемі жүруін сақтау және оларды бұдан кейінгі оқу әрекетінде бой сергіту жаттығуларды,дене шынықтырудан оқу әрекеті,серуенлеуге қимыл-қозғалыстық іс-әрекет т.б сондай-ақ шынықтыратын шараларды бекіте түсу қажет. Жаттығушы қозғалыс қимылын үйрене отырып, әдетте оны жетілдіріп меңгеруге үмтылады.

Жетілдіріп меңгеру — күшті аз жүмсап, алға қойылған мақсатқа жету. Тек қана осы жағдайда үйренген қимылды еңбек, қорғаныс жэне спорттық қызметке дайындау үшін табысты пайдалануга болады. Бірақ өз қимылын еркін игеру қабілетгілігі оның орындалуында дағды белгілері болса гана қалыптасады.

Қалыптасқан дағды жағдайында қимыл қүрамына енетін эрбір қозгал ыстың орындалуын қадағалау қажеттілігі керек болмай қалады. Бүл ретге қимылдың нәтижелеріне көмектесетін жағдайларға жэне т.б. назар аудару мүмкіншілігі туындайды. Ойын кезінде футболшы доп соғарда тірейтін аяқты қалай қоюды, аяқты қалай сілтеуді жэне соғуды қалай жүзеге асыруды ойламайды. Оның назары ойын жагдайына толық ауады. Міндетті түрде мүндай қозғалыстардың саналы орындалуын қадағалау керек.

Дағды өмірлік тәжірибеден және үйрену нәтижесінен жинақталады. Арнаулы білімдер негізінде жэне үздіксіз жатгығу нәтижесінде дененің бір не басқа бөліктерінің қозғалысын басқару сипаты өзгереді. Қимыл қозғалысын меңгеру деңгейі үйретудің бірінші кезеңіндегі қимылды орындаудың шектелген мүмкіншіліктерінен келесі кезендегі жетілдірудің шексіз болашағына дейін біртіндеп артады. Дағдыны жинақтау процесі қозғалыс қимылына үйретудің әрбір кезеңінің мазмұны мен дағдыларды қалыптастырудың психофизиологиялық зандылықтарын бейнелейтін болса ғана тиімді болмақ.[4]

Қорытынды: Дене мәдениетінің бір саласы – спорт, әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты, спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.Төтенай Дене тәрбиесі “Фолиант’ баспасы 2017ж Астана;

2.Е.Уанбаев Дене тәрбиесінің әдістемесі Өскемен 2010ж;

3.С.Тайжанов С.Қасымбекова Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау 2004ж Алматы «Мектеп».

4.С. Тайжанов А. Қарақов Дене тәрбиесі 2010ж Алматы «Эверо» баспасы 424б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
1203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі