400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қозғалыс дегеніміз не

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстанудан ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні : Жаратылыс

Ортақ тақырып:Біздің қоршаған орта

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс пен күш

Күні:

Сынып:1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қозғалыс дегеніміз не?

Оқу мақсаты

1.5.1.1 Қозғалыс ұғымын түсіндіру
1.5.1.2 Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қозғалыс ұғымын біледі.Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын атайды.

Көптеген оқушылар:

Қозғалыс ұғымын түсіндіреді. Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтайды.

Кейбір оқушылар: Қозғалыс ұғымын қорытындылайды. Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын талқылайды.


Бағалау критерийлері

- Қозғалыс ұғымын түсінеді
- Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтайды

Тілдік мақсаттар:

-Оқушылар орындай алады:

Адам өміріндегі және табиғаттағы қозғалыстарды біледі.

-Пәнге тән лексика мен терминология:

Қозғалыс,орын,сызық,айналдыру

Қозғалыс-дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы

-Сыныптағы диалог.Талқылауға арналған сұрақтар:

-Адам өмірінде қозғалыс соншалықты маңызды ма?

-Заттың кеңістіктегі орындарын не өзгертеді?

-Билеп,ойнап,жүгірген балаларды не ортақтастырады?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел»ұлттық идеясының 7 құндылығының бірі тұлғаның еңбек дағдыларының қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтай отырып, зерттеу жұмысын жүргізеді.

Пән аралық байланыс

Математика,дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Планшет,видеоролик,инетербелсенді тақта https://www.youtube.com/watch?v=bOMMvYe_Ex0

Бастапқы білім

Барлық заттардың орнын ауыстыруы мүмкін екендігін біледі; доппен ойнау, ойыншық машинаны жүргізу.


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин







Амандасамын.Сыныпты түгендеп аламын.

Психологиялық ахуал

Бір,екі, үш қолымды мен соғайын,

Қарап тұрған көршіме қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен маңдайынан сипайын,

Құшақтасып өзіңмен амандасып алайын.

Топқа бөлу

Мұғалім үстелінде машина,ұшақ,пойыз суреттері тұрады.

Балалар қазір бір-бір суреттен алып қолымызда ұстап тұрамыз.Қай көліктің дауысы шықса,сол көліктің жүрісін салып ортаға шығады.Сол арқылы топқа бөлінеді.

-Балалар, қазір «Санамақ» ойынын ойнап алайық. Тақтада шатасқан сандарды ретімен қойып шығайық. Сандарды орнына қойып,аударамыз.Әр санның артында әріп болады, сол әріптерді қойып шыққанда «Қозғалыс» сөзі шығады.

-Балалар неліктен «қозғалыс» сөзі шықты деп ойлайсыңдар?

-Алдыңғы іс- әрекеттерде қандай қозғалыстар жасадық?







Сабақтың ортасы


6 минут









































6 минут











































8 минут



































2 минут







10 минут

№1 тапсырма.«Суреттерді топтастыр» әдісі (Ж)

-Бейнероликтен балалар қазір дене шынықтыру сабағынан үзінді көріп алайық.Енді балалар қазір осы видеороликке байланысты тапсырма орындаймыз.

Әр жұпқа жаттығу жасап жатқан балалардың суреттері таратылып беріледі. Ұқсас суреттерді ретімен топтастырады.

-Қане, балалар есімізге түсірейікші,осындай қозғалысты қай сабақтарда көп жасаймыз? Қозғалыс туралы не білгендерін айтады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар:


Қозғалыс ұғымын түсіндіреді

-Суреттерді ретімен топтастырады.

-Топтастырған себептерін түсіндіреді



ҚБ: «Кім мықты » әдісі

Мәре лентасына жеткен бала-бәрі түсінікті

Жүгіріп келе жатқан бала-әлі де сұрақтарым бар

Шаршап келе жатқан бала-көмек керек

№2 тапсырма. «Жануарлар қалай қозғалады?» (Ө)

Қоршаудың төмен жағына жазылған сөздерге сәйкес қозғалатын жануарлардың суретін салады. Жануарлардың қалай қозғалатынын түсіндіреді.


Секіру жүгіру өрмелеу шабу

Бағалау критерийі

Дескрипторлар:


Қозғалыс ұғымын түсіндіреді. Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтайды.


-Сөздерге сәйкес жануарлардың суреттерін салады.

-Жануарлардың қозғалысын түсіндіреді.


ҚБ «Жоғары өрмелеу» әдісі

Сатының жоғары жағы - бәрі түсінікті

Сатының орта тұсы –әлі де сұрақтарым бар

Сатының төменгі жағы – ештеңе түсінбедім.

№ 3 тапсырма. «Ойланып, жаз » әдісі

Әр бір оқушыға жеке тапсырмасы бар парақша беріледі.Тапсырманы орындамас бұрын видеоролик көрсетіледі. Әрбір сөзге сәйкес тіркесін жазады.

Адам__________________

Жануар________________

Жел __________________

Су ____________________

Қозғалыс дегеніміз не?

Қозғалысқа ереже құрап көрейікші. Балалар өз беттерінше ереже құрайды.

Қозғалыс-дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы.

Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтап айтып береді.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар:


Қозғалыс ұғымын түсіндіреді. Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылы

ғын анықтайды.


-Адам қалай қозғалатынын біледі

-Жануар қалай қозғалатынын біледі

-Жел қалай қозғалатынын біледі

-Су қалай қозғалатынын біледі.

- Қозғалыс ережесін құрайды

ҚБ: «Бет әлпет қозғалысы» әдісі

Егер бала езуін жоғары тартса –тапсырмада бәрі түсінікті

Егер баланың езуі қозғалыссыз болса – тапсырманы толық түсінбедім

Егер бала езуін төмен тартса –тапсырманы мүлдем түсінбедім

Сергіту сәті

 Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

№4 тапсырма. «Заттарды қозғалтайық» (Т)

Әр топқа ойыншықтар үлестіріліп беріледі.

Бұл ойыншықтармен не істеуге болатынын өздері ойланады.

1 топқа-машина

2 топқа-доп

3 топқа-кубиктер

Балалар өз іс-әрекеттеріне қорытынды жасайды.



Бағалау критерийі

Дескрипторлар:


Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын талқылайды.

Заттарды әр түрлі қозғалысқа келтіреді.

Қорытынды жасайды


-Заттар өздігінен қозғала ма?

-Оларды қалай қозғаймыз?

ҚБ: « Мадақтау» әдісі

-Жарайсың!

-Сенің қолыңнан келеді!

-Талпын!

планшет


Суреттер





-бәрі түсінікті

-әлі де сұрақтарым бар

-көмек керек









Тапсырма парақшасы





Сурет салуға арналған парақ





















































































Ойыншықтар: машина

пойыз

ұшақ









Сабақтың соңы

4 минут


Қозғалыс дегеніміз не?

Қозғалыстың адам өмірінде қандай маңызы бар?

Кері байланыс

«Белсенділік» әдісі

-Мен бүгінгі сабақты толық түсіндім!

-Мен бүгінгі сабақты толық түсінбедім!

-Мен бүгінгі сабақты мүлдем түсінбедім!



Рефлексия: «3 сұрақ» әдісі

-Бүгін сабақта не білдік?

-Қозғалыс туралы не білдік?

-Қозғалыстың адам өмірінде қандай маңызы бар?




№1 тапсырманы саралаудың дереккөздер және тапсырма тәсілі алынады.Себебі электронды дерекөздер пайдаланылады.

№2 тапсырманы саралаудың қарқын мен бағалау тәсілі алынады.Себебі көп күш талап ететін оқушылар үшін қолданылады.

№3тапсырманы саралаудың диалог және қолдау көрсету және тапсырма тәсілі алынады.Себебі оқушыларды ойланту үшін және жауаптар алу үшін сұрақтар қойылады, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар жасалынады.

№4 тапсырманы саралаудың жіктеу және қорытынды жасау тәсілі алынады.Себебі оқудың міндетіне қарай топ құрылады,нұсқау бере отырып,олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізеді.


№1 тапсырма .«Суреттерді топтастыр» (Ж)

ҚБ «Кім мықты »

№2 тапсырма .« Жануарлар қалай қозғалады?» (Ө)

ҚБ «Жоғары өрмелеу»

№3 тапсырма «Ойланып, жаз »(Ұ)

ҚБ: «Бет әлпет қозғалысы»

№4 тапсырма .« Заттарды қозғалтайық» (Т)

ҚБ: « Мадақтау» әдісі

Кері байланыс

«Белсенділік» әдісі



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту жаттығуын жасаған кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі