жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
қозғалыс жән күш
Тексерілді: А.Ермурзаева
МАД пәні мұғалімі: Г.Оразбаева
Тақырыбы: Қозғалыс және күш деген не? |
||||||
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты |
0.3.1.1. Қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді ажырату. |
|||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: қозғалыс ұғымын түсіндіре алады; денелердің қозғалысына мысал келтіре алады; Күш туралы түсінік бере алады. Көпшілік балалар: қозғалысқа не келтіретінін түсіндіре алады; адам және жанды организмдер өміріндегі қозғалыс маңыздылығын дәлелдей алады. |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин. |
(Ұ) Педагог жұптық эстафета «допты беру»? Мақсаты: Жылдам қозғалып, допты дәл қолға беруге, шапшаңдыққа үйрету. Кұрал-жабдықтар: доптар, топтардың санына байланысты. Ойын барысы: Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы жұп-жұбымен тұрады. Бір ойыншыда доп. Ойыншылар жүгіріп келе жатып, бір-біріне допты беріп отыруы тиіс. Эстафеталық ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз атанады. |
Әуен ойнатқыш. |
||||
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
(Ұ) Педагог балалардан қандай әрекет жасағанын сұрайды. (Жаттығулар орындады, қозғалды). Айналамызда тағы не қозғалады? (Балалардың болжамдары тыңдалады). Қозғалыс деген не? Бұл ҰОҚ-ның тақырыбы. Біз бұл туралы не білеміз? Қозғалыс деген не және адамдардың өмірінде оның рөлі қандай... Ойланайық… …… қозғалыс – заттардың орнын ауыстыруы. … күш – бір дененің екінші денеге әрекет етуі …… қозғалыс пен күш жанды табиғат әлемінде үлкен рөл атқарады деп ойласақ?
|
|
||||
ҰОҚ-ның ортасы III. ҰОҚ-ның тақырып бойынша жұмыс 6 – 27 мин. |
(Ұ, т) Педагог балаларға сұрақтар ұсынады. Бұл сұрақтар денелер мен заттардың қасиеттерін және де қозғалыс, күш, жарық, дыбыс, жылу сияқты қызықты құбылыстарды бақылайды. Бұл құбылыстар не деп аталады? (Ұ) Өзекті сұрақтар. Ойланыңдар, қозғалмалы және қозғалыссыз денелерге не жатады? Неге қозғалмалы және қозғалыссыз денелер деп аталған. Неге барлық денелер қозғалмайды? Күш дегеніміз не? Балаларға «Кім күшті?» әңгімесін баяндау және «Көліктер» мультфильмінен үзінді көрсеткен жөн. |
Қозғалатын және қозғалмайтын заттардың суреті. «Көліктер» мультфильмінен үзінді. |
||||
|
(Пт) Балалар, жаңа білім алудың тағы бір қызықты әрі қолжетімді тәсілі – бақылау. Адамның қоршаған ортаны танып білуге ұмтылуы көптеген құрылғыларды ойлап тапты. Бақылауды көптеген құрылғылар көмегімен жүргізуге болады. Қарапайым лупалар ұсақ нысандарды көруге арналған құрылғы. Микроскоп – көзге көрінбейтін нысандарды бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құрылғы. (т, Ө) Кіші топтарда жұмыс жасау: педагог балалардың 3 топқа бөлінулерін ұсынады – «адамдар», «құстар», «балықтар». Дайындалған карточкаларда әр топ аттарының бейнелері салынған (адамдар, құстар және балықтар), алайда олардың қозғалыс жасайтын маңызды мүшелері жоқ. Балалар топта олардың ненің көмегімен қозғалатынын талқылап, олардың суретін қосып салуы керек (аяқтар, қанаттар, жүзбе қанаттар). Презентация, қорытындылар. тірі организмдер қандай дене мүшелерімен қозғалады? Аяқтары, қанаттары, жүзбе қанаттары көмегімен. көлік түрлерінің қозғалысына не көмектеседі? Дөңгелектер, қанаттар. сендер қандай қозғалыс түрлерін пайдаланасыңдар? Жүру, жүгіру, секіру және сырғу. Ал олар қозғалу үшін күш қажет. Егер күш болмаса, онда қозғалу мүмкін емес. (Ұ) Өзекті жағдай. Қозғалыстың көлік түрлеріне қандай пайдасы бар? (Баратын жерге тез жеткізеді және т.б.). Жанды табиғат әлеміне ше? (көбейеді, өседі ...). (Ұ) Ал адам не істей алады? (Балалардың болжамдары) Педагог ақпараты: адам табиғатынан қозғалысқа икемделген. Сондықтан біз кеңістікте орын ауыстырамыз, жүгіреміз, адымдаймыз, секіреміз, еңбектейміз. Оның барлығын қозғалыс аппараты қамтамасыз етеді. Қозғалыс жасауға күш қажет. (Ұ) сергіту сәті. Педагог балаларға жаттығу жасатады. Педагог балаларға жаттығу түрлерін көрсетеді. Күнделікті жаттығулар кешенін ұсынады. Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-2-3-тапсырмалар). |
Көрнекі құралдар. Мультимедиялық презентация. Әуен ойнатқыш. Әліппе-дәптер. |
||||
ҰОҚ-ның соңы IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия. 28-30 мин. |
(Ө) Педагог балалардың бүгін қандай физикалық құбылыстар түрлерін өткенін сұрайды. Қозғалмалы және қозғалыссыз денелер туралы не білесіңдер? Күш туралы не айта аласыңдар? Педагог балалардан жұмыстарын бағалауды сұрайды, ол үшін мәшинені кез келген түсті қарындаштармен бояу керек: 1-деңгей – ештеңе түсінген жоқпын. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. 3-деңгей– барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын. |
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті қарындаштар. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген