15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қозғалыс материяның ажырамас Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.
Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.
Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды,
оларды динамика қарастырады.
Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.
Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.
ІІІ. Пысықтау.
Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?
Ғылымда материя деп нені айтады?
Оның негізгі қасиеті қандай?
Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?
ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §1.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§2.3.Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға векторлар, векторлар проекциясы және оларға амалдар қолдану туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалдармен түсіндіруге болады?
3. Ғылымда материя деп нені айтады? Оның негізгі қасиеті қандай?
4. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар деп аталады.
Векторларды қосу. Бірнеше векторларды қосу.
Векторларды азайту.
Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар бір жаққа қарай не қарама
қарсы бағытталуы мүмкін.
Векторлар проекциясы.
Егер вектордың бас нүктесінің проекциясынан оның ұшының проекциясына қарай ось бағытымен жүретін болсақ, онда проекция оң деп, ал қарама-қарсы бағытта жүрсек, проекция теріс деп есептеледі.
Векторлардың қосындысы мен айырымының проекциялары.
Векторлар қосындысының бір осьтегі проекциясы қосылатын векторлардың сол осьтегі проекцияларының алгебралық қосындысына тең.\
Векторлар қосындысының не айырымының проекциясын табу үшін қорытқы векторды тауып, оның проекциясын анықтаудың қажеті жоқ, веторлардың проекцияларын, таңбаларын ескере отырып, қосса болғаны.
Дененің координаталары және орын ауыстыру векторының проекциялары.
-орын
ауыстыру векторының х не у осіндегі
проекциясы сәйкес координатаның
өзгерісіне тең.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
Рымкеевич есептер жинағы: №4,5,6.
VІ. Үйге тапсырма. §§2,3, 2-жаттығу №1,2,3 .
VII. Бағалау.
VIII.Қорытындылау.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §4. Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға бірқалыпты үдемелі қозғалыс, үдеу, оның бірлігі туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Векторлық шамалар дегеніміз не?
2. Скаляр шамалар дегеніміз не?
3. Векторларға амалдарды қалай қолданамыз?
4. Векторлар проекциясы дегеніміз не?
5. Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Теңайнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады.
Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама; ал жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасына тең.
ХБЖ-да үдеу бірлігі 1м/с2.
ІV. Есептер шығару. 3- жаттығу. №1. №2. №3
V. Қортындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§4. 3- жаттығу. №4. Рымкевич: №50, № 52, №53.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §5. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, орын ауыстыру туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
Үдеу деген қандай физикалық шама?
Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
Үдеу қандай формуламен өрнектеледі және өлшем бірлігі қанадй?
Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
Үдеумен қозғалатын дененің жыламдығы нөлге тең бола ала ма?
Үдеу нөлге тең болғанда қозғалыс қандай сипат алады?
Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
формуласынан жылдамдықты
табайық:
-бұл
бастапқы жылдамдығы бар, үдеуі оң
таңбалы, яғни жылдамдығы артып отыратын
қозғалыс теңдеуі.
Мұндай қозғалыстың графигі
Енді
бастапқы
жылдамдығы нөлге тең, ал үдеу оң таңбалы
болсын. Мұндай қозғалыс кезіндегі
жылдамдық формуласы:
Мұндай қозғалыстың графигі
бастапқы жылдамдық нөлден
өзгеше және таңбасы оң болсын. Бірақ
үдеу теріс таңбалы, яғни жылдамдық кеміп
отырады делік. Мұндай қозғалыс жылдамдығы
Мұндай қозғалыстың графигі
Түзу сызықты қозғалыстағы орын ауыстыру векторының модулі жүрілген жолмен сәйкес келеді.
Қозғалыстың басталу мына
шартқа сәйкес келеді:
Осы кездегі жылдамдық графигі:
шектелген фигураның, яғни
уақыт ішінде жүрілген жол
сан жағынан графикпен
трапециясының ауданына тең. График
бойынша
немесе
-теңүдемілі
қозғалыс үшін. Ал теңбаяулайтын қозғалыс
үшін
Ал бастапқы жылдамдығы нөлге тең болғанда
Үдеу, жылдамдық және жүрілген жол графиктері
Графиктерден бұл шамалардың бір-бірімен байланысты екенін көреміз.
ІV. Есептер шығару. 4- жаттығу. №5, №6, №7.
V. Қортындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§5. 4- жаттығу. №1, №2, №3,№4.
9-сынып
Сабақ тақырыбы: §6. Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.
Сабақ мақсаты:
Қозғалыс ұғымын қалыптастыруды жалғастыру. Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі туралы түсінік беру.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: металл шарик, қағаз парағы, Ньютон түтікшесі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс графигінен айырмашылығы неде?
Теңүдемелі қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген жолын есептеп табу үшін нені білу керек?
Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығарыңдар.
Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің орын ауыстыруы проекциясын қалай табуға болады?
Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі
Бұл тұжырымды итальян ғалымы Галилео Галилей жасаған болатын
Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі еркін түсу деп аталады.
Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады.
80 жылдан кейін Ньютон оны жүзеге асырды. .(Ньютон түтікшесімен тәжірибе көрсету).
g-еркін түсу үдеуі.
g=9,8 м/с2.
Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын. Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at2/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады. Жолдың ұзындығын түсу басталған нүктеден, уақытты түсу басталған мезеттен есептейміз, ал төмен қарайғы бағытты оң бағыт ретінде аламыз.
Қозғалыс заңы s=gt2/2, v=gt, s=h. Осы теңдеулерден:
t=√2h/g, v=√2gh.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
Рымкевич есептер жинағынан №55, №56, № 57.
№1,№2,№3.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §6. 5-жаттығу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген