400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қозғалысты реттеу нысандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалысты реттеу нысандары Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Қозғалысты реттеу нысандары

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету.
2. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



1. Қозғалысты реттеу нысандары.

Бағдаршам мен реттеушінің белгілері. 3-секциялы бағдаршамның белгілері. Қосымша секциялары бар бағдаршамның белгілері.

Бір секциялы бағдаршамдар. Жүргіншілер бағдаршамдары.

Реттеуші. Реттеушінің дене қалпын ұстауы және жесттері, олардың мәндері.

Реттелетін көшелерді, жолдарды кесіп жүріп өту ережелері.

1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақылаған үш көзі бар бірақ та
(Бағдаршам)
Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.
Бағдаршам қалай пайда болды?
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды.
Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды.
Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.
Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды.
Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы тыңдайық

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.




Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
Зымырай бер бел асып

Барлығы: Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтседе
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.




Компьютер























Сабақ басы (13 мин)













Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен.
Практикалық кезең.
Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды.
Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады.
Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.











Компьютер

 











Ортасы (20 мин)





























Есіңде болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.

Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)
Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
Көліктің артына жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет Жол белгілерін ажырата білген жөн..


Тапсырма.
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?








Компьютер

Соңы


5минут




Қорытынды. Рефлексия.

Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды.


Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
37 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
2253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі