жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ққ дыбыс мен әрпі
Күні: Сынып: 1 Мектеп: №77 МГ Нұр-Сұлтан қаласы Мұғалім: Есенгулова Н.Т |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Қ дыбысы мен әрпі. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут |
«Достым саған сәттілік» Оқушылар қолдарын ұстап бір-біріне сәттілік тілейді. |
Ширату тренингі
|
|
Сабақтың ортасы 25 минут
|
Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. -Қане, кім айтады әріп дегеніміз не? -Дыбыстың таңбалануы. -Дыбыс
пен әріптің айырмашылығы неде? -Балалар тақтаның алдында нені көріп тұрсыңдар? Ойыншықтар. Қандай ойыншықтар бар екен? қошқар,қуыршақ,қонжық,қасық,қазан . Енді осы сөздерді мен қайталаймын, сендер мұқият тыңдап, қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі екен, соған назар аударыңдар. -Бүгінгі кезек қай дыбыстікі екен? -Қ дыбысыныкі. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады
Хормен дыбысты айту -Қ қандай дыбыс? Оны қайдан білдік?
«Ортақ қасиетін» тап ойыны 1.«Ортақ атауын тап» әдісі Тапсырма : 1.Суреттерді қарап ортақ атауын табыңдар (қалам,қарындаш,өшіргіш,сызғыш, дәптер) 2. Қ дыбыс кездеседі сөздерді табу. Дескриптор: 1.Суреттегі заттардың ортақ атауын табады. 2.Қ дыбысы кездесіп тұрған сөздерді атайды.
2. «Ойлан» әдісі Тапсырма: 1.Сөздерді оқыңдар. 2.Осы сөздердің барлығын біріктіріп тұрған не екенін айту. 3.Қ дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін айт. Дескриптор: 1.Сөздерді оқиды. Сөздердің барлығын біріктіріп тұрған Қ дыбысы екенін айтады. 3.Қ дыбысы сөздің ортасында кездесіп тұрғанын айтады.
3.«Кіржайғыш» әдісі Тапсырма : 1.Суретке назар аударып,сөздерді атаңдар. 2.Олар не себепті бірге ілініп тұр,оларды не біріктіретінін табу. Дескриптор: 1.Сөздерді атайды. 2.Сөздерде Қ дыбысының кездесіп тұрғанын айтады,сөздің соңында тұрғанын айтады. Бағалау « Браслет»
-Сонымен Қ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездесетінін білдік?
«Серпілген сауал» әдісі -Қазір «Серпілген сауал»әдісі арқылы Қ дыбысы кездесетін сөздер айтамыз.
«Стикердегі сұрақ» әдісі (бір оқушыны тақтаға шығарып,суреттегі сөзді жасыру ) оқушы суретті табу үшін оқушыларға сұрақ қояды,олар «ИЯ» не «ЖОҚ» деген жауап береді. Тапсырма: 1.Суретте жасырылған заттың атауын атау. 2.Сөзді буынға бөліп,Қ дыбысы сөздің қай жерінде тұрғанын айту. Дескриптор: 1.Суреттегі заттың атауын айтады. 2.Сөзі буынға бөліп, Қ дыбысының сөздің қай жерінде тұрғанын айтады.
Бағалау «Бас бармақ»
Тапсырма: 1-топ Сөздерді дауыстап оқиды 2-топ Сөздерді сыбырлап оқиды 3-топ Сөздерді билеп тұрып оқиды. Кейбір оқушылар жеке оқиды.
1.Қ әрпін жазу әдісін көрсету -Сіздер жазып отырған кезде мен «Температураны өлшеу» әдісі арқылы жеке оқушыларға барып жұмыс беремін. Тапсырма: 1. Суреттегі сөзді буынға бөл. 2. Сөздің сызбасы сызып, дыбыстық талдау жаса. Бағалау «От шашу» |
Таныстырылым
1.«Ортақ атауын тап» әдісі 2.«Ойлан» әдісі 3.«Кіржайғыш» әдісі
Доппен жұмыс
«Болжамды оқыту стратегиясы. Оқылым. Топпен жұмыс «Дирижер» әдісі
Жазылым «Температураны өлшеу»әдісі Қарқын, диалог тәсілдері
|
|
Сергіту сәті 1 минут |
Аяқпенен топ-топ-топ Қолымызды бір сілкіп, Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп Басымызды шайқайық. Бір оңға,бір солға Бір оңға,бір солға Айналайық кел мұнда. Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру Бір оңға, бір солға Секірейік кел мұнда. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ «Бір оңға,бір солға» |
|
Қызықты тапсырма
Аяқталуы 10 минут
|
Кез-келген Қ дыбысы кездесетін сөз айту 1.Сөзді буынға бөлу 2.Сөзге дыбыстық талдау жасау «Шапалақ»әдісі арқылы сөздің дыбыстарын атау. (дауысты бір шапалақ Дауыссыз екі шапалақ)
-Бүгін сабақта қандай дыбыспен таныстық? -Өткен Қ дыбысына ереже құрастырайық «Ереже құрастыр» ойыны
Қ
Қ
Қ Қ
|
«Ереже құрастыр» ойыны слайд
|
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия -Сабақта бәрін түсіндім деген оқушы қызыл Әлі де көмек қажет деген оқушы сары Ештеңе түсінбедім,ұқпадым деген оқушы көк түсті көтеріңдерші |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген