15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп- гимназия
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінігі ұйымдастырылып отырған, тәлімді адаммен кездесіп, тәрбиелік танытар «Сыр- сұхбат» кешімізге қош келдіңіздер.
Бүгінгі сыр-сұхбат кешіміздің мақсаты: Рухани жаңғыру мақаласын насихаттау аясында,еліміздің бір туар азаматтармен кездесіп ой бөлісу.
Комедия ол күлдір, күлдіре отырып, көрерменге ой салу. Кеңес киногерлерінің әзіл -ысқақ жаныры арқылы қоғамның тынысын, мұң мұқтажын экранға жақындатты десек болады. Бүгінгі кешіміздің қонағы Шакен Аймановтың қазақ комедиясы ішінен ойып тұрып орын алатын «Тақиялы періште» фильінің бас кейіпкері, актер, ҚР -ның мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Смағұлұлы Райымбеков атамыз. Ата, Апа бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер.
Бұл фильм 1968 жылы таспаланып, 1969 жылы тұсауын кескен екен. Бұл фильмді еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін сүйсіне қайталап көретін туындымызға айналды. Фильмнің сюжеттік желісімен мазмұны бәріне мәлім, мейірімді анамыз баласына келіншек іздеумен өрбейді. Бұл фильм жайлы, кинодағы қиыншылықтар мен қызықты сәттері, отбасы жайлы атамыздың өзінен сұрап білетін боламыз.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ғибрат» шаңырағының ұйымдастырумен, «Мәдени мұра» негізін насихаттау барысында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп гимназия төріне Қ Р мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Смағұлұлы Райымбеков атамыз қонақта. Тағыда Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз деп сөз кегегін өзіңізге береміз.
Бұл фильмің тәрбиелік жағы өте зор.Тана Ана яғни Әмина Өмірзақова ешкімге соқтықпай, өз өзімен жүретін момын ұлының бойдақтық өміріне балта шауып,ауылдан арнайы келіп, Тайлаққа қыз іздеу процесін бастайды. Осы кезден бастап киноның қызығына батамыз. Сыр сұхбат кешіміз болғандықтан өзіңізге қояр оқушылардың сұрақтар бар.
Балалар сұрақтар қояды.
«Тақиялы періштеде» айрықша бір ән бар. «Мама» деп аталады. Кейбір ән жинақтарында «Абзал ана», «Ана туралы ән» деп те аталады. Тайлақты қайтсем де үйлендіремін деп, басын тауға да, тасқа да соғып, табанынан тозып, қалыңдық іздеп жүрген анаға деген махаббат пен перзентінің пәк сезімі жүректің әрбір қылын шертеді. Ақ жаулығы желбіреп, балаларының ортасында марқайып отырса да, кенже ұлының сүрбойдақтығынан көңіліне қаяу түскен анасын құшақтап, осы әнімен жанына жылу сыйлағысы келген қызы – Бибігүл Төлегенованың бейнесі ерекше есте қалады. Сол Бибігүл апамыздай әнші болуды армандайтын қыздарыңыздың орындауында Мама әнін қабыл алыңыздар.
«Ғибрат» шаңырағы өздерінің өнерлерін сіздерге паш етпек. Олай болса баларымыздың өнерін тамагшалайық.
Балаларымыздың өлең жолдарымен, сізге арнап жазған арануларын қабыл алыңыз.
Мұқамет Арыстың
Әлімғазы Райымбеков атамызға арнауы.
Басына киіп алып тақиясын,
Анасына еркелеп отыратын.
Қазақтыңазаматы ,актері
Қызыққа бөлеп жүрдің сахынасын.
Анасы бала десе елжіреген,
Ійел алып берем деп, желбіреген.
Анасының қыз таңдап беруіне,
Тақиялы періште кқнеді әрең.
Жасы үлкен болғанмен жас баладай,
Тақиясы басында тостағанддай.
Анасына еркелеп еңбек етіп,
Өзгелерге жүреді досқа балай.
Ақыры бұйрық болыпқыз ұнады,
Анасы келіналып қызып алды.
Әлімғазы атадай өнер жұлдыз,
Болсам деп бүгінгіұрпақ қызығады.
Өнеріңіз дарасын жас ұрпаққа,
Көтерілген актерлік алтын таққа.
Өзіңіздей ұлтына бәрін берген,
Бас иеміз өнерлі асылжанға.
Әлімғазы атама арнау
Ғалым Асылжан
Аяз ата секілді, аппақ болып сақалы,
Мектебіме келді бүгін, батагой ата, баталы.
Алып тұлға,батырдай,жарасып тұр келбеті,
Ақырын баппен жүрсе де,дірілдейді жер беті.
10 миллинон қазақта, келім мейлі келіспе,
Тайлақ атам,ең алғаш, тақиялы періште.
Бұл атамыз кинода, сұр бойдақты сомдаған.
Көрші Гришка құрдасының, немересі мен болам.
Мақтанышы елімнің, Әлімңазы атамыз,
Қабыл болсын ұрпақтарға,беріп жүрген батаңыз.
Садуақас Әкежан
Арнау
Қажымұқандай күші бар.
Әлімғазы атамыз,
Біз сияқты ұрпаққа,
Тисін сіздің батаңыз.
Тақиялы періште,
Ойнадыңыз оныда.
Сіз сияқты атаға,
Бас иеміз жолына.
Басыңызға бақ берсін,
Астыңызға таұ берсін,
Алла сізге жар болып,
Ұзақ ғұмыр жас берсін.
2.Келесі ән-шашу Базарбекқызы Гаухардың орындауында «Құралай» әні.
4.Япур ай әні хормен орындалады.
Қорытынды
Осымен бүгінгі тағылымы мол кешімізді аяқтай отырып, атамыздан бата сұраймыз.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта
мектеп- гимназиясы
«Сыр- сұхбат» кеші
Әлімғазы Райымбеков
Ғибрат шаңырағы
6 «Б», 2«Б» сынып
Сынып жетекшілер:Наушабаева А. Айтахунова Д.
Балпық би ауылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген