жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚР Әділет органдарының негізгі функциялары мен жүйесі
«Бекітемін»
Оқу бөлімінің әдіскері
________К.К. Казиева
Сабақ жоспары
Пән атауы: Құқық қорғау негіздері.
Сабақтың тақырыбы:ҚР Әділет органдарының негізгі функциялары мен жүйесі.
Педагог:Смайлова Г.Б
Курс: 2.
Топ: 201,202,209.
Сабақтың өткізілетін күні:12.10.2020.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері: Оқушыларға сабақты баяндау арқылы түсіндіру, білім деңгейлерін жетілдіру.
Оқу – әдістемелік құралдар, әдебиеттер: ҚР-ның «Қылмыстық кодексі», «Қылмыстық іс жүргізу кодексі».
Техникалық құралдар, материалдар: электрондық журналдар, электрондық кітапшалар, ноутбук, плакаттар, слайдтар.
Бағалау критерийлері: Күнделікті тақырыптың ашылуы барысында студент тақырыпты толық қамти отырып жан-жақты жауап беруі, белсенділігі, ой ұшқырлығы, сөз мәдениеттілігі.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері:
1. Сәлемдесу, сәлемдесу тізімі, оқушыларды тізім бойынша тексеру.
2. Үй тапсырмасы сұрау өткен тақырып бойынша алқа билердің қатысуымен сот ісін жүргізу. Олардың бірнеше түрін атай отырып,төмендегі кестені толтыр.
3. Жаңа тақырып бойынша ҚР Әділет органдарының негізгі функциялары мен жүйесін ұғыну.
Тақырып:ҚР Әділет органдарының негізгі функциялары мен жүйесі.
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды
5-бап. Әдiлет органдары жүйесi
1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;
аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;
2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.
15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау;
3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттiк және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
5) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзуді қамтамасыз ету;
6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру.
16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;
3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;
4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу;
6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.
17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары
Әділет органдары сот-сараптама қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру;
3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.
18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары мемлекеттiк тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
2) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;
3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) мемлекеттiк органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерiнің тiзбесiн жалпы жұрттың назарына жеткiзу үшiн жариялау;
5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
7) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.
Әдiлет органдарының өзге де функциялары
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек пен заң көмегін көрсету;
7-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9-1) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру;
9-2) заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
9-3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдау және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізуді қамтамасыз ету;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
11. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
12. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Студенттермен сұрақ-жауап алмасу арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау: Сабақ үстіндегі белсенділігі үшін студенттерді бағалау.
Үй тапсырмасы:
1. Тақырыпқа сөзжұмбақ құрастыру.
2.Кесте құрастырып, ішін толтыру.
3.Берілген дәріс бойынша, сұрақ-жауап құрастыру.
Әдіскер: Казиева К.К
Педагог: Смайлова Г.Б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген