жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚР-дағы бала құқықтары
8 «ә» сынып жетекшісі Г.Адырбекованың тәрбие сағатының
қысқа мерзімді жоспары
|
|
Тәрбие сағаты |
|
|
Күні: |
26.10.2018 |
|
|
Сабақ тақырыбы |
«ҚР-дағы бала құқықтары» Заңы |
|
|
Жалпы мақсат |
1.Оқушыларға заң білімі
саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз
беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық
білімдерін толықтыру. |
|
|
Негізгі дереккөздер |
Ғаламтор «Білімділер» |
|
|
Ресурстар |
Стикер, желім, қайшылар, түрлі түсті қағаздар, А3, А4 парақтары, суреттер, бүктеме. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы»конвенциясы, заңдар кітапшалары. |
|
|
Оқыту әдістері |
Джигсо әдісі, кубизм әдісі т.б. |
|
|
Жеті модульдің кіріктірілуі |
1.СТО 2. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. АКТ |
|
|
|
|
Кезеңдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
І. Ұйымдастыру кезеңі 2.Қызығушылықты ояту |
1.Ұйымдастыру. Тренинг 2.Тренинг барысы:.. 3. Топқа бөлу(санау арқылы бөлемін) 1-топ «Егемен» 2-топ «Тәуелсіз» 3-топ «Қазақстан» Оқушылар 3-ке дейін санап, топқа бөлінеді. |
Сәлемдеседі
|
|
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақты меңгерту.
І кезең
ІІ кезең
ІІІ кезең
|
Жоспар:
Мұғалімнің сөзі: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Құрметті оқушылар! Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев - «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. -Балалар, қазір біздер берілген сөздерді дұрыс орнына қойып міндетімізді анықтауымыз керек. Менің міндетім
қоғамдық, сыйлау, бағыну, тәртіп, құқықтарын, рәміздерді, сақтау «Сандар сөйлейді». Магнитті тақтада стикерге жазылған сандардың қандай күн екенін табады. 1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні. 20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні. 10-желтоқсан-Адам құқығы күні. 10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады. 1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті. 20-қараша 1989жылы- БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды. 28-қаңтар 1993жылы- Қазақстанның Конституциясы қабылданды. 8-маусым 1994 жылы -Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті. 30-тамыз 1995 жылы -Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды. Постер қорғау. Әр топқа тақырып беріледі. Топ болып ойланып жауап береді. І топқа:
Баланың
құқықтары ІІІ
топқа: ҚР-ның
Рәміздері. Сергіту сәті (Мақал- мәтелдер) Халық мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға»тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан.Ендеше келесі кезекте «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың жалғасын табу керек. (мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру) 1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің) 2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 3. Ұрлық түбі ... (қорлық) 4. Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам) 5. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер) 6. Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
7.
Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді) |
Мәтіндерді оқиды, талдайды
Заң туралы ойларын айтады
Заң туралы ойларын айтады
Кластер, Т кестесі, фишбоун, күн сәулесі әдістерін қолданады.
Слайдтан көрсетіледі.
|
|
ІІІ. Ой толғау
ІҮ кезең |
Ой толғау. «Таза тақта» ойыны. Тақтада жазылып ілінген сұрақтарды алып жауап беріп, тақтаны тазарту керек. 1. Мемлекет билігінің қайнар
көзі (Халық) 9. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойған соң) 10. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша бөлімнен тұрады? (5 бөлім) 11. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан) 12. ҚР «Бала құқытары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз) 13. ҚР валютасы қашан қолданысқа енді. (1993 жыл 15 қараша) 14. ҚР «Баланың құқығы туралы » заң қанша баптан , қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап) 15. «Жеті жарғы» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке жан) 16. Балалар құқықтарының конвекциясы қашан қабылданды? (1998 жыл) 17.Неше жасқа толмаған адам бала болып есептелінеді? (18) 18. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап) 19. Әр адамның жеке басының куәләндыратын құжат қандай (төлқұжат) 20. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (бала туылған кезінен басталады) Балалар біздің бүгінгі сабағымызға мектебіміздің инспекторы Ғани мырза қонаққа келіп отыр, сөз кезегін Ғани мырзаға берейік. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Біз тәуелсіз, егеменді елміз.
Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі
– 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясы қабылданған.
Үндеу |
Балалар берілген сұрақтарға ойланып жауап береді |
|
Рефлексия (2мин ) |
- Өзіңе пайдалы
мәлімет ала алдың ба? |
Кері байланыс береді |
|
3.Үй тапсырма сын беру (1 мин) |
«Бала құқықтары» туралы заңды толығымен жаттап келу. |
Үй тапсырмасын белгілеп алады |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген