Сабақтың
барысы:
Қысқаша
конспект
|
ҚР
ұлттық саясат. Қазақстанда 140 ұлт пен
ұлыс өкілдері өмір сүреді. Сондықтанда
саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлт
саясатына, ұлтаралық қатынастарға
елімізде ерекше мән беріледі. ҚР
Конституциясысында:«Қоғамдық ұйымдардың
мемлекет ісіне араласуына , мемлекетттік
органдардың қызметін қоғамдық
бірлестіктердің билігіне жол беруге
болмайды» делінген. Конституция
бойынша әрбір ұлттың өз тілін, мәдениеті
мен салт-дәстүрін дамытуға жағдай
жасалып отыр.Осындай мақсатпен 40-қа
жуық мәдени орталық жұмыс істейді.
Олар әзірбайжан, белорус, грек, курд,
қарашай, балқар,түрік, корей, қырғыз,
неміс, поляк, түркімен, ұйғыр, шешен-ингуш
т.б. мәдени орталықтары.Бұлардың бәрі
өздері жасаған белгілі жоспармен
жұмыс істейді және де өз ұлтының тілін,
ділін әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалпына
келтіруге, одан әрі дамытуға айтарлықтай
үлес қосып келеді. Сонымен қатар
олардың басым көпшілігі республикада
болып жататын түрлі қоғамдық – саяси
іс-шараларға белсене араласып, елдегі
саяси тұрақтылық пен ұлтаралық
қатынастарлы нығайтуда белсенділік
көрсетіп отыр.
Қазақстан
халқы Ассамблеясы.
Ассамблея
ҚР Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы
Жарлығымен құрылды. Оның дүниеге келуі
бізідің елімізде ұлт мәселесіне,
ұлттардың бейбіт, тәту-тәтті өмір
сүруіне ерекше мән берілуінің айқын
айғағы.Ассамблея- еліміздің Президенті
жанындағы кеңесші орган. Қазір Ассамблея
құрамында 300-ден астам адам бар. Олар-
қазақ халқы мен 33 диаспораның өкілдері.
«Мәңгілік
ел» идеясының тарихи негіздері 2014
жылдың 17 қаңтарында Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа
жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің
2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси
бағдарын жария еттім. Басты мақсат —
Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің
қатарына қосылуы» деп атап көрсетті.
Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,
ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа
дәуірдің кемел келбеті еді.
Мәңгілік
Ел – біз
үшін ортақ тағдыр.
Мәңгілік
Ел –
жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың
ұлттық идеясы.
Мәңгілік
Ел - барша
қазақстандықтарды біріктіретін, ел
болашағының іргетасын қалаған басты
құндылықтар.
«Мәңгілік
Ел»жалпыұлттық идеясының құндылықтары:
ҚазақстанныңТәуелсіздігіжәне
Астана
Қоғамымыздағыұлттықбірлік,
бейбітшілік пен келісім
Зайырлықоғамжәнежоғарыруханият
Индустрияландыру
мен инновацияларғанегізделгенэкономикалықөсу
Жалпығабірдейеңбекқоғамы
Тарихтың,
мәдениет пен тілдіңбіртұтастығы
Ұлттыққауіпсіздікжәнееліміздіңбүкіләлемдік,
өңірлікмәселелердішешугежаһандықтұрғыданқатысуы
|
Сұрақтарға
жауап беріңдер:
|
№ 2
тапсырма
1.«Мәңгілік
Ел»жалпыұлттық идеясының құндылықтары
қандай?
2.Болашақ
ұрпақ «Мәңгілік Ел» идеясының мұраттарын
қалай айқындайды?
3.«Мәңгілік
Ел» ұрпағының бойында болу керек
қасиеттерді атаңыз.
4.«Мәңгілік
Елдің» азаматтарының мақсаттары.
5.«Мәңгілік
Елдің» болашақ ұрпақтары кемел
келешегімізді қалай елестетер еді?
|