400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қ.Сатбаев - жан - жақты ғалым

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымың дамытудағы рөлі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақстан тарихы

Бөлім: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім және ғылым

Мектеп: М.Б.Ықсанов атындағы № 36 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ережепова Айнагуль Тулегеновна

Сынып: 9 (8)

Қатысқандарсаны: 24 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

§ 25 Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым,қоғам қайраткері

Зерттеу сұрағы: Қ.И.Сәтбаевтың феномені неде?

Оқу мақсаты Оқушылар білу керек:

        1. - Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Қ.Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесі туралы біледі.

Көптеген оқушылар: Қ.Сәтбаевтың ғылыми мұрасына талдау жасайды.

Кейбір оқушылар: Қ.Сәтбаевтың қазақ кеңес ғылымының негізін салушы ретіндегі қызметіне баға береді.

Бағалау критерийлері

- Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми мұрасын атап көрсетеді;

- Қ.И.Сәтбаевтың ғылымдағы қызметіне талдау жасайды;

- Қ.И.Сәтбаев мұраларының өнеркәсіпті дамытуда қосқан үлесіне баға береді.

Тарихи концепт

Маңызы.Дәлел. Түсіндіру

Құндылықтарды дарыту

Тарихты тұлғалар жасайтынынын балалардың санасына сіңіру

Басқа пәндермен байланысы

География, Дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақта арқылы қорғалым жүргізу.

Алдыңғы білім

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым

Тілдік мақсат

Жаңа сөздер: семинария, конференция

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

1минут







5 минут

















1минут





Сабақтың ортасы

14 минут











3 минут







7 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Досқа тілек» тәсілі (3 минут)

II. «ИӘ - ЖОҚ» (өткен білімді тексеру үшін)

Жеке жұмыс

  1. 1.Сауатсыздықты жоюдың тағы бір мақсаты жергілікті білікті кадрлар дайындау болды (ия)

2.XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы білім жүйесіндегі негізгі компоненттердің бірі халық арасындағы ересек адамдардың сауатсыздығын жою болды (ия)

3.1920-30 жылдары Қазақстанда тек қазақ тілінде оқытылатын мектептеп ашылды (жоқ)

4.1928 жылы бірінші ЖОО ашылды, оған кейінірек С.М. Кировтың есімі берілді (жоқ)

5. Ең бірінші мектептегі алгебра оқулығын қазақ тілінде құрастырған Қ.Сәтпаев болды (ия)

6.Ә. Бөкейханов тарих кітабын құрастырды (жоқ)

7.Халықты кітаптарда араб шрифтымен жазылған көпғасырлық рухани мұрадан айыру үшін қазақ жазуын латыннан кириллицаға көшіру туралы шешім қабылданды. (ия)

Бағалау – «Бас бармақ» Оқушылар бірін бірі тексеру нәтижесінде тапсырма толығымен дұрыс орындалса бас бармағын жоғары көтереді; егер 2 қате болса бас бармақтарын ортаға қаратады; егер 3 қате болса бас бармақтарын төмен қаратады.

III. « Жұбынды тап»

1-топ Өнеркәсіп

2-топ Ғылым

3-топ Тұлғалар

4-топ (Ұрпақтар)

Бастапқы ынталандырушы материал

Алдымен оқушыларға тақтаға Қ.И.Сәтбаевтың суреті қойылып, кім екенін табу ұсынылады.(ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы, әнші –композитор, қазақтан шыққан тұіғыш геолог, жазушы, сарапшы)

Оқушылар тұлғаны тапқан соң мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтар қойылады?

1.ҚанышСәтбаев туралы не білеміз?

2.Бұл тұлға тарихта қандай еңбегімен белгілі?

3.Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті неліктен Қ.Сәтбаев есімімен аталады?

Оқушылар түрткі сұрақтар арқылы тақырыпты өздері анықтайды.

ҚБ «Мұғалім мадақтамасы» /дұрыс жауап берген оқушыларды ынталандыру, қызығушылығын арттыру мақсатында/

2. Тақырыпты айқындау,оқу мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады

Қ.Сәтпаев туралы бейнематериал көрсетіліп, оқушыларға қажетті мәліметтерді жазып алу ұсынылады. Топтарға мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, талдайды, талқылайды. Оқушылар Қ.И.Сәтбаевтың жан-жақты ғалым болғанына талдаулар жасап, дәлелдер келтіруі тиіс:

І – тапсырма Сәтпаевтың ерекшелігі неде, дәлелдеңдер?

Топтық жұмыс

1-топ (Тұлғалар) Қ.Сәтпаевтың тарихи портретін құру.

Дискрипторлар:

- Қ.Сәтпаевтың туған жері мен туған жылы,айы, күнін көрсетеді;

-Қайда және қандай жағдайда өмір сүргенін, тәрбиеленгенін және оқығанын көрсетеді;

-Оның көзқарасы мен сенімі қалай және ненің әсерінен қалыптасқанын көрсетеді;

-Мінез –құлқын сипаттайды;

-Өмір бойғы жұмысын, жетістіктерін және көзқарасын білдіреді.

2-топ (Өнеркәсіп) – «Қазақ жерінің аса көрнекті геологы» мәтінін оқу және қазақ өнеркәсібінің дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне 5 дәлелдеме келтіру;

Дискрипторлар:

-Қазақ өнеркәсібінің дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне бірінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ өнеркәсібінің дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне екінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ өнеркәсібінің дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне үшінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ өнеркәсібінің дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне төртінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ өнеркәсібінің дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне бесінші дәлелдеме келтіреді;

3-топ (Ғылым) – «Қаныш Сәтпаев – қазақ ғылымының ұстазы» мәтінін оқу және қазақ ғылымының дамуына Қаныш Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне 5 дәлелдеме келтіру;

Дискрипторлар:

-Қазақ ғылымының дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне бірінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ ғылымының дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне екінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ ғылымының дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне үшінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ ғылымының дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне төртінші дәлелдеме келтіреді;

-Қазақ ғылымының дамуына Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне бесінші дәлелдеме келтіреді;

4-топ (Ұрпақтар) – «Қаныш Сәтпаев –ұрпақтар жадында » мәтінін оқу және Қаныш Сәтпаевтың баға жетпес құндылықтарына 5 дәлелдеме келтіру;

Дискрипторлар:

- Қ.Сәтпаевтың баға жетпес еңбегіне бірінші дәлелдеме келтіреді;

- Қ.Сәтпаевтың баға жетпес марапаты екінші дәлелдеме келтіреді;

- Қ.Сәтпаевтың баға жетпес лауазымы үшінші дәлелдеме келтіреді;

-Қ.Сәтпаевтың баға жетпес жазушы,сарапшы төртінші дәлелдеме келтіреді;

-Қ.Сәтпаевтың баға жетпес әнші - композитор бесінші дәлелдеме келтіреді;

сәлемдесу, түгендеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;

1-қатардың алдыңғы партасында отырғандар мен 3- қатардың соңғы партасында отырғандар 3-4 ауыз сөзбен сыныпқа тілек білдіреді.




Сұрақтары бар карточкалар ( дұрыс жауабы бар слайд экранға шығады, интерактивті тақтадан)



Бірін бірі тексеру парақшасы


Партада 3 түрлі сурет жатады, суреттің біреуін таңдау арқылы оқушылар сол топқа отырады.


















Қ.И.Сәтбаев

https://www.youtube.com/watch?v=LBjixQVcF6E












Сабақтың соңы

5 минут



3 минут


Зерттеу сұрақтары:

1.Феномен дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

2.Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

Оқушыларға сындарлы кері байланыс беру үшін, мұғалім жетілдіру жұмыстарын жүргізеді.

1.Қорытынды ой тұжырым

Рефлексия. «Бүгінгі сөз»

С

Ә

Т

Б

А

Е

В

Үй тапсырмасы: «Қ.И.Сәтбаев – жан-жақты ғалым» тақырыбында эссе жазып келу

Критерийлері:

  • Кіріспе сөз;

  • Қ. Сәтбаевтың жан-жақты ғалым болғанына кем дегенде үш дәлел мен дейек келтіру.

  • Қорытынды ой;

  • Сөз саны 150-200







Оқушыларға тақтаға бір –бірден шығып, әр сөздің бастапқы әрпінен басталатын, бүгінгі сабақтан есінде қалған сөзді жазады. Мысалы: С- салиқалы, Ә – әмбебап т.б.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі