Материалдар / Құда түсу

Құда түсу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Қызға құда түсіп келу салтынан көрініс.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Құда түсу
Жүргізуші автор: Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі.
Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. (Қазақы үй іші. Үй иесі (газет оқып отырады), бәйбіше (ұршық иіріп отырады), бойжеткен қыз (тоқуыш тоқып отырады)
Даладан ұлы кіреді.

Ұл: Үш - төрт аттылы келеді. Сәнді киінген, бет алыстары біздің үй, шамасы, арнайы қонақ тәрізді. (қыз лып етіп тұрып кетеді)
Әкесі: «Құдайым би қылмасаң да би би түсетін үй қыл» деп тілек тілген халықтың баласымыз. Арнайы қонақ болса, болар. Алдынан шығып, күтіп алалық. (Орнынан тұрып есікке беттей бергенде, қонақтар есендесіп кіріп келеді)
- Ассалаумағалейкум?
- Есенсіздер ме?
- Амансыз ба?
Әкесі: Төрлетіңіздер, Төрлетіңіздер. Жайғасып отырыңыздар. «Қонақпен еріп, құт, ырыс келеді» деген, бәйбіше, қазан көтер, шай қамда.
Қонақтың үлкені: «Қонақ қойдан жуас», отағасы. Біз «арнайы қонақпыз», асығысымыз жоқ.
Үй егесі: Бәрекелді! Бәрекелді! Ұлым, ақ қойды құбылаға қаратып бауыздаңдар да, тездетіп сиырып, қазанға салыңдар. Қасыңа көмекші ал.
Ұл: Жарайды, әке! (ұл шығып кетеді)
Әйелі: Мал сойғалы жатыр. Ағекеме, абысынға, көршілерге де айттыра қояйын. (шығып кетеді)
Қонақ: Ауыл - елдеріңіз аман ғой.
Үй иесі: Аман - аман.
Қонақ: Қалай, биылғы жыл малға қолайлы болып тұр ма?
Үй иесі: Шүкір - шүкір сіздің жақта қалай? Айтпақшы, сіздер қай жақтансыздар, танысып - білісіп отыралық.
(Осы кезде қонақтар келіп, сөз бөлінеді. Барлығы бір - бірімен көрісіп, есендеседі.)
Үй иесі: Уа, бәрекелді, қош келдіңіздер!
Үлкен әже Айым: - Ал, қалған әңгімені шай ішіп отырып жалғастырарсыздар, қолға су құйылсын.
Кішкене бала: Ассалаумағалейкум деп, сәлем бердік.
Жамыраса: Амансың ба, уағалейкумассалам, есенсің бе. (қолға су құйған соң, «өркенің өссін», «таудай бол», «тәңір жарылқасын» т. б)

(дөңгелек үстел, шай ішіледі.)
Үй иесі: Дәмнен алып, шай ішіп отырыңыздар.
Ағасы: Қарап отырғанша, қажап отырайық. Қонақтың қай түріне жатасыңдар.
Көрші жігіт: Иә, иә. Қонақты құдайы қонақ, арнайы қонақ, қыдырма қонақ деп бөлген емес пе? Арнайы қонақ – әдейі келген немесе арнайы шақырылған қонақ. Құдайы қонақ – алыстан келе жатқан танымаса да демалып, ат шалдыруға тоқтаған қонақ. Қыдырма қонақ – сол үйдің семіз соғымын, дәмді тағамын аңдып келген қонақ демей ме?
Ағасы: Дұрыс, дұрыс. Сонымен мына қонақтар қай жақтан? Қандай қонақ? Танысып отыралық та?
Үй иесі: Олай болса, кезекті қонақтарға берейік.
Қонақ: «Сүт сұрай келіп, шелегіңді жасырма» деген біздер «жаушы» боламыз.
Келін: - Не дейді? Аянатым ой түзеп, бойжетіп, қалғаны ма? (сәл үнсіздік)
Ағасы: - Ым - м - м, иә қазақта бар салт. Ұлың ержетіп, қызың бойжеткенде осындай ата дәстүрмен құданы ата - ананың алдына келтіріп, сәні мен салтанатымен ұзатылған болса несі айып? Қайта қуанбайсың ба?
Келін:- Солайы солай ғой, ағеке. Дегенмен ішіңе шоқ түскендей болады екенсің.
Әкесі: - Ау, енді қонақтарға кезек беріңіздер, тыңдайық. Қай жақтан? Өздерін таныстыра отырсын.
Үлкен қонақ: Біз Қызыл қыштақ ауылынан, ботбай боламыз. Мен болашақ бауыздар құдаңыз боламын. Ал мына жігіт күйеу балаларыңыздың нағашы ағасы болады.
Кіші қонақ: - Иә, Алла жазса, сіздердің ықыластарыңызбен болып жатырса ғой бәрі де.
Үй иесі: Кішкене қол - аяғымызды созып, демалып, еркін отырайық
Ұлдың әкесі: -Ал құда - құдағилар сіздерде қыз, бізде ұл дегендей, осы екі жастың арқасында бәріміз танысып білісіп жатырмыз. Қыз деген жат жұрттық, құдеке, қызыңызды жылатпаймыз ешуақытта, өте бақытты болады деп сенемін. Енесі өте жақсы адам, бізде қыз беріп, қыз алысқан адамдармыз. Әр ата - ана ұлын емес, қызын ойлайды екен бірінші кезекте «қызым жақсы жерге барса екен, барған жерінде жыламаса екен» деп. Қапелімде сөйлемей қалауыңызды да түсінемін.
Ағасы: «Төбесіне алтын құйып қойсаң да, қыздың аты қыз ғой шіркін қашанда» деп неге айтты дейсіңдер. Екі баланың келісімімен болып отырған жайт болса, неге келісім бермеске!
Кіші құда: Ой, сау болыңыз! Ал енді ата салтымызбен, өз жөн - жоралғымыз, мынау енді қыздың қалың малы (конверт), қасында бір қап қант бар, арамыз тәтті болсын деп ырымдап әкелдік. Мынау құдағиыңыздың беріп жіберген сәлемдемесі. Разы болыңыздар, құдалығымыз құтты болсын!
Қыздың әкесі: Қазақта сөз бар «дүние адамға бітеді» деп дені сау болса бәрі болады. Орамал тон болмайды, жол болады демекші, бұл енді жолы ғой,
Ағасы, басқалар да: - Дұрыс, дұрыс. Жөн – жөн. (Екі әке төс қағыстырып құда болады. Айналасында отырған жиылған жұрт, «құдалық мың жылдық болсын» деп тілектерін білдіріп жатады.)
Абысын:- Ал оң болсын! Балалардың келісімі, сіздердің келісімдеріңізбен болып жатырған келісім.
Ұлдың әкесі: - Ал құда, құдағилар, құда болуға баталастық екі жақ әбден келістік. Осындай тамаша сәттің айғағы ретінде мен құдама «қарғыбау» ұсынбақпын. (орнынан тұрып, қарғы — жүген, бау — шылбыр ұсынады.)
Қыздың әкесі: Қазақтың салты бойынша «жаушыға» шеге шапан жабады емес пе? Қане, ал ендеше («шеге шапанды» жабады)
Ағасы, Басқалар: - Ай, ата - баба салт - дәстүрі - ай, шіркін! Осыны біреулер білсе, біреулер білмейді.
Құда: - Ал құда айымыз оңынан туып, келген шаруамыз бітті. Құдай қосқан құдалығымыз ақиқат, олай болса, өлі мен тірі адам арасында да адалмыз, жақында өлі

- тірі, яғни кәделі мал - жылқы жіберіледі ауылдарыңызға. Рұқсат болса, жүрелік.


ЖИ арқылы жасау
11 Желтоқсан 2024
220
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі