+7 (771) 234-55-99

Жұмыс күндері: Дс-Жм, 09:00 - 18:00

Басты бет / Материалдар / Мәдениеттану / Ойындар, Сценарийлер / 10 сынып / Құдіретті өнердегі Қожықовтар қолтаңбасы

Құдіретті өнердегі Қожықовтар қолтаңбасы

Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл кездесу кеші "Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бағдарламасы аясында өтті. Сәуле Құлахметқызы Қожықовамен болған кездесу кешінің сценарийі

Махажанова Айгуль Тулеутаевна

18 Қараша 2018

9

0

Материалдың толық нұсқасы

«Құдіретті өнердегі Қожықовтар қолтаңбасы»

атты еске алу кеші

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында


  1. Кештің мақсаты:студенттерге Құлахмет және Сұлтан-Ахмет Қожықовтардың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыра отырып, жас ұрпаққа өткен тарихымызды ұмытпауды, ұлт мүддесін көздеген ерлердің шығармаларын танып-білуді насихаттау. Жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Қожықовтар әулетінің елге сіңірген еңбектері арқылы өз ұлтына деген, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
    Өткізілетін орны: колледж акті залы
    Көрнекілік құралдар: видеобейне, слайдтар, техникалық құрал - жабдықтар, аудио аппаратура.
    Шақырылған қонақтар: Сәуле Құлахметқызы Қожықова, Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесінің қоғамдық төрағасының орынбасары, Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесінің қоғамдық мәдени іс-шаралар бойынша төрайымы - Қаратай Ғайнигүл Серғазықызы, Алмалы ауданынының ардагерлер құрамы, колледж әкімшілігі, оқытушылар, студенттер.


  1. жүргізуші :- Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым!

Добрый день, уважаемые гости!

2- жүргізуші: - Армысыздар, аса қадірменді қонақтар!

- Мы рады приветствовать Вас в этот праздничный день.
1- жүргізуші: -«Ер есімі - ел есінде» демекші, еліміздің сурет және кино әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Қожықовтар әулетіне арналған «Құдіреттегі өнердегі Қожықовтар таңбасы» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на встречу – воспоминание «Құдіреттегі өнердегі Қожықовтар таңбасы».


2 -жүргізуші:

Өмірдің әрбір тетігіне кірпіш болып қаланып, өнер әлемінің биік шыңын бағындырған, сол өнер өлкесінде өзіндік қолтаңбалары қалған Қожықовтар әулеті қазақ тарихында таңбалы орны бар жандар. «Өнер» дейтін киелі де, ғажайып дүниенің тізгінін ұстап, содан қасиетті тұмар таққан Қожықовтардың мәдениет майданындағы іздерінің асыл екенін барлығымыз білеміз. 

1-жүргізуші: Осыған орай ОАТЭК -де арнайы кеш ұйымдастырылып отыр. Бүгін біздің кешімізге арнайы қонақ ретінде шақырылған меймандарымызды таныстырып өтсем. Бүгін бізде қонақта:

  1. Асылдың сынығы, Қожықовтар әулетінің ұрпағы, мәдениеттанушы, импрессарио, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан киномотогрифистер одағының мүшесі, Құлахмет Қожықовтың қызы Сәуле Құлахметқызы Қожықова.

  2. Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары –Ахмедов Серик Шафигуллинович

  3. Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесінің қоғамдық мәдени іс-шаралар бойынша төрайымы, журналист - Қаратай Ғайнигүл Серғазықызы.

  4. Медеу ауданының ардагерлер кеңесінің әдістемелік ұйымдастыру комиссиясының төрайымы – Кунирова Роза Имашевна

  5. Алмалы ауданынының ардагерлер құрамы


1- жүргізуші:
Приветственное слово предоставляется директору Центральноазиатского техника-экономического колледжа Баймухамбетовой Жанар Куандыковне.

2- жүргізуші:
Кешіміздің ашылу салтанатының келесі сөз кезегі Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесінің қоғамдық мәдени іс-шаралар бойынша төрайымы, журналист - Қаратай Ғайнигүл Серғазықызына беріледі.
1- жүргізуші: Сіздердің жылы лебіздеріңізге алғысымызды білдіре отырып, кешімізді одан ары жалғастырамыз.

Енді, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар Құлахмет және Сұлтанахмет Қожықовтардың өмірі мен шығармашылық жолдары туралы РЭС1К тобының студенттері дайындаған презентециялық жұмысқа кезек берсек. Ортаға Құлахмет Қожықовқа арналған "Қазақтың тұңғыш театр суретшісі" атты презентациялық жұмысты таныстыру үшін Қылыш Ақбота мен Ясинов Диасты шақырамыз.

Келесі кезекте, Сұлтан-Ахмет Қожықовқа арналған "Қазақ киносының Құлагері" атауымен дайындалған презентациялық жұмысты көрсетуге рұқсат етіңіздер! Презентацияны таныстыруға Матаева Жанар және Маржикбаев Русланды шақырамыз.


Бүгінгі кездесу кешінде сахна төрінде өзінің естелік әңгімелерімен ортадағы қауыммен, жас ұрпақпен бөлісуге Сәуле Құлахметқызы Қожықованы шақырамын. Сәуле Құлахметқызы, бүгінгі біздің кешімізге тағы да қош келдіңіз деймін. Сөз тізгіні өзіңізде...


Сәуле Құлахаметқызы бізбен бөліскен естеліктеріңізге, жас ұрпақтың

санасын жаңғыртар тағылымы мол әңгімелеріңізге шын көңілден алғысымызды білдіреміз және ары қарай кешімізді жалғастырамыз.


Бүгінгі кеште қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған фильм - "Қыз Жібек" фильміне тоқтамай өту мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан «Қыз Жібек» фильмі туралы дайындалған бейнероликке назар аударсақ.

2- жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызға РЭС1К тобының студенттері дайындаған "Қыз Жібек" жыры бойынша көріністі ұсынамыз.
1- жүргізуші:

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың әйгілі «Қыз Жібек» фильмін дүниеге әкелген көрнекті кинорежиссер, Қазақ КСР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сұлтанахмет Қожықовтың 95 жылдық мерейтойына орай, біздің колледж студенттері Алматы қаласындағы С.Қожықов есімі берілген

39 мамандарылған лицейге барып, шағын видеобейне түсіріп келді. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2- жүргізуші:

Халқының тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырып, өшпес мұра қалдырған бабаларымызға алғысымызды білдіріп, рахметімізді айтқымыз келеді. Ортада РЭС1К тобының студенті Ясинов Диас М.Мақатаев "Бабаларым, рахмет сендерге!" өлеңімен.

1- жүргізуші:

Қазақ халқы "Ән - көңілдің ажары" деген, ендігі кезекте алдарыңызда РЭС1К тобының студенті Жолшы Нұрдәулет "Мен Қазақпын" әнімен. Қабыл алыңыздар!

Кешіміз өз мәресіне жақындап қалды. Бүгінгі келген қонақтарға өз ықыласымызды білдіру үшін ортаға Усембаева Мүслима Қойшыбайқызын шақырамын. (гүл, сыйлық беріледі)

2- жүргізуші:

Барлық келген қонақтарға, көрермен қауымға, студенттерге алғысымызды білдіреміз. Осындай тамаша кеште бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!

Қош-сау болыңыздар!!!






























Форма 12 КП ЦАТЭК 07-2012 Издание 1

Сертификатты жүктеу

Сертификатты “Менің материалдарым” бөлімінде де жүктей аласыз

http://ust.kz/word/qudiretti_onerdegi_qojyqovtar_qoltangbasy-84492.html