400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құжатты рәсімдейміз» 3-сынып ашық сабақ хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ хаттамасы 3-сынып цифрлық сауаттылық «Құжатты рәсімдейміз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023-2024 оқу жылының 22-26 қаңтар күндері аралығында «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік!» тақырыбындағы математика, информатика, физика

пән бірлестігінің апталығында өткізілген

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ХАТТАМАСЫ


Күні: 25.01.2024 ж.

Пән: Цифрлық сауаттылық

Тақырып: «Құжатты рәсімдейміз»

Сынып: 3 «А» Оқушы саны: 10

Пән мұғалімі: Өтежан Назерке Мұратқызы

Өтілген орны: №45 информатика кабинеті

Қатысқан мұғалім саны: 7


Күн тәртібінде:

Тыңдалды :

Пән мұғалімі Н.Өтежан сабағының мақсат, міндеттеріне тоқталып, мақсатына жеткенін, оқушылар шрифт пен абзацты пішімдеуді практикада қолдана алатынын айтып өтті.

Сабағының ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгендеп, сәттілік тіледі. Үй тапсырмасын «Таза тақта» әдісімен пазл бөліктерінде жазылған сұрақтар арқылы сұрап, жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Word программасында жұмыс жасау туралы түсініктеме беріп өтті. Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы таратылды.

1-тапсырма. 73 беттегі «Қазақтың бейнелеу өнері» мәтініне талдау жасады. Оқушыларға таратпа парақтар беріліп, кесте толтырды. Мәтінде қолданылған шрифт түрлері, түстері, абзацты талқылады.

дескриптор: Абзацты талдайды (3)

Шрифттың түсін талдайды (3)

Шрифттың жазылуын талдайды (3)

2-тапсырма. Шрифт пен абзац командалары не үшін қолданылатынын талқылады. Дәптерге осы екі команданың айырмашылығын жазды.

Дескриптор: 1-айырмашылықты табады

2-айырмашылықты табады

3-айырмашылықты табады

Практикалық жұмыс. «Киіз үй» өлеңін компьютерге теріп жазу. Мәтінді өңдеді.

Тапсырманы орындауға нұсқау: 1. Тақырып: Шрифт – Times New Roman; өлшемі 16; Ж – жартылай қалың; түсі көк. Абзац – oртаға реттелген. 2. Өлеңнің 1, 2­жолы: Шрифт – Times New Roman; өлшемі 12; К-қиғаш; түсі жасыл; Абзац – сол жаққа реттелген. 3. Өлеңнің 3, 4­жолы: Шрифт – Times New Roman; өлшемі 14; Ч – асты сызылған; түсі қызыл; Абзац – сол жаққа реттелген.

Әр тапсырмаға classroomscreen платформасында таймер қойылып, оқушылар уақытылы тапсырманы орындады.

ЕБҚ және ЕҚҚ оқушыларға тапсырма дайындалған. Тапсырма тексеріліп бағаланды.

Сабақты бекіту кезеңінде Educaplay платформасында тест тапсырмасы орындалды. Оқушылардан «ТТТ» әдісі бойынша кері байланыс алынды. «Жетістік баспалдағы» тақтасында оқушыларды бағалап, қорытынды жасалды.

3 оқушы 10 балл, 2 оқушы 9 балл, 1 оқушы 8 балл, 2 оқушы 7 балл, 2 оқушы 6 балл алды. Үйге тапсырма берді. Қоңырау соғылғанда балалар «Көңілді қоштасу» әдісімен сыныптан шықты. Сабақ уақытылы аяқталды.


Сөйлегендер:

1. Математика пәнінің мұғалімі Нургазина Шынар сабаққа кірудегі мақсатын айтты. Сабаққа мұғалім жан-жақты дайындалғанын, көрнекіліктерді жақсы қолданғанын айтты. Оқушылар компьютерде жұмыс жасауды өте жақсы меңгергенін айтып өтті. Әр тапсырмаға қойылған таймер ерекше ұнағанын айтты. Сабақты «өте жақсы» деп бағалады.

2. 3 «а» сыныбының сынып жетекшісі Бакиева Минаш Абзийевна сабаққа көңілі толғанын, пәнге деген оқушылардың қызығушылығы жоғары екенін айтты. Келесі оқу жылында сыныбы 4-сыныпқа көшетіндіктен практикалық жұмыстарды көбірек ұйымдастырып, ББЖМ кезінде оқушылардың компьютерді меңгеруіне көмек көрсетуін сұрады.

3. Математика пәнінің мұғалімі Сабурова Комила сабақты «өте жақсы» деп бағалап, сабақтың жоғары деңгейде өткенін, платформалар мен әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылғанын айтты.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шавдинова Чолпан сабаққа кірудегі мақсатын платформалар түрлерімен, әдіс-тәсілдермен танысу екендігін атап өтті. Сабақты «өте жақсы» деп бағалап, бағалау әдісінің ұнағандығын айтты.

5. Сабаққа қатысқан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тагашева Жадыра, тарих пәнінің мұғалімі Талғатқызы Айгерім, физика пәнінің мұғалімі Усенова Сахинур, информатика пәнінің мұғалімі Такен Райгуль сабақты «өте жақсы» деп бағалады.



Ұсыныс:

Цифрлық сауаттылық пәнінен 3 «А» сыныбында «Құжатты рәсімдейміз» тақырыбында өтілген ашық сабақ «өте жақсы» деп бағалансын.




Информатика пәнінің мұғалімі: Р.Такен

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі