400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құл –Керім Елемес Жабайы алма

Материал туралы қысқаша түсінік
әр мұғалімге білімдерін толықтыру үшін, жаңа әдіс -тәсілдер алу үшін сабақ жоспары қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.03.2019ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4

Мұғалімі: Бисембиева А.

Сабақтың тақырыбы: Құл –Керім Елемес Жабайы алма 
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Автор туралы мәлімет бере отырып, мәтіннің мағынасын талқылып, алманың қандай қасиеті бар екенін анықтап, білімдерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: барлық оқушылар: жаңа сабақты игереді,жаңа сөздер үйренеді,мәтін мазмұнын түсінеді.
оқушылардың басым көпшілігі: негізгі түйінді ойды анықтай алады, жоспар құрай алады,салыстырады, талдайды.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ

Көрнекіліктері: АКТ-ны қолдану слайд, суреттер,маркер,А3.
Әдіс-тәсілдер: «Альфавит реті» әдісі, «Топтастыру» әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру, кері байланыс

Пән аралық байланыс: Дүниетану,Жаратылыстану, қазақ тілі
Сабақтың басы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен үш тілде амандасу;

Сабаққа дайындықтарын тексеру;

Көңіл –күйлерін білу

Шеңберге тұрып әр оқушы өздерінің есімдеріне сын есім қосып атайды.

Мысалы: Асылай –ақылды.......... Топқа 1,2,3,4 ке саналу арқылы бөліну.

«Альфавит реті» әдісі бойынша өткен сабақтан бір сөз айту.


Топқа бөлу:

1-топ «Қызыл алма» 2-топ «Жасыл алма»

Үй тапсырмасын сұрау және сұрақ-жауап?

1.Баланың бойында жанашырлық қасиет болды ма?
2.тапсырма тапсырмаАдамгершілік қасиетке байланысты мақал – мәтелдерді жинақтан теріп жазу.

3.тапсырма Шағаланы асырамақ болған бала неге оны босатып жіберді?

4.тапсырма. Әңгімеде осының себебін білдіретін сөйлем бар ма?

5.тапсырма. Жазушы баланың шағаланы босатып жіберу арқылы қандай ой айтпақ болды?


Болжау стратегиясы бойынша жаңа тақырыпты ашу.

Жұмбақтар жасырып шешуін табу (алма сөзіне байланысты).

Бұтағында азығы

Ортасында қазығы.(алма)

Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,

Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.

Қойыпты ортасына қазық қағып,

Сүйкімді көреді екен бала - шаға.

(Алма ағашы)Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Бүгінгі тақырыбымыз. Құл Керім Елемес.Жабайы алма.

Үш тілде сөздерді айту: алма-яблоко-apple, бақша- сад- garden, жабайы-дикие-wild, ағаштар-деревья-tress, ата-дедушка-grandfathe, дәмді-вкусный-tasty.

Оқулық пен дәптермен жұмыс (Дәптерге тақырыпты жазады, оқулықтағы мәтінді тізбектей оқиды)

-Мәтінді тізбектей оқу.

-Әр топ мәтінді талқылау

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жабайы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Екпе алма деген не?

Алма туралы қызықты мәліметтер және оның пайдасы

1647 жылы АҚШ-тан экспортталған ең алғашқы алма сұрыпы-Ньютон Пиппиндеп аталды.* Алма өсіруде әлем бойынша алдыңғы қатардағы ел - Қытай, екінші орында - АҚШ.* Түрлі сорттағы алмалардың дәнегінің саны да әртүрлі болып келеді.* Алма салмағының төрттен бірі ауадан құралады. Сондықтан, суға батпайды.* Егер бір ағаштың дәнінен 100 алма ексеңіз, түрліше өсіп шығады 

Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Серігіту сәті
Алма туралы өлең жаттау.

Алма ,алма дейсің,

Алма әкелем жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай деме.


Суретпен жұмыс

Әңгіме: 1-топ -Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

2-топ –Олай айтатындай не көріп тұрсыңдар?

Енді әр топ мәтінді оқып шығады,талдаған бойынша салыстыру

Бекіту:
Топпен жұмыс (постер қорғау)

1-топ Екпе алма мен жабайы алманы салыстыру.(Вен диаграммасы)

2-топ жабайы сөзіне түсіндірме жазу топтастыру.

Кестемен жұмыс.

Алманың қасиетін жаз.

Алманың пайдалы және пайдасыз қасиетін жаз.



Қорытынды: Оқушыларды мадақтау, бағалау
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып мазмұнын әңгімелеу.
Кері байланыс.
Picture 1
Қосымша ақпарат



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі