жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
құлантану "Оқушы дәптері"




![]()
Түйіндеме
Аты-жөні: Абжалова Махаббат Ермекқызы
Туған жылы: 05.06.1981 ж
Ұлты: Қазақ
Білімі : Жоғары
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі:
Оқыған оқу орны: ТарПИ
Бітірген жылы: 2006 жыл
Еңбек өтілі: 10 жыл
Түсінік хат
Қазақстан Респуликасының еліміздегі білім беруді дамытудың жаңарған маңызды мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, жеке тұлғаны қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу үшін жоғары сатыдағы білім мазмұнын қосымша білім берумен толықтыру негізделген. Қосымша білімнің түбегейлі мақсаты- оқушылардың туған жер тарихына , ұлттық мұраларға деген көзқарасын қалыптастыру, ақыл- ойымен ұлттық сана-сезімін дамытып, байытуға ықпал ету, рухани дүниесін кеңейту болып табылады. Бұл мақсатты орындау үшін оқушыларды ұлттық әдеби мұраларымызбен сусындатып, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту, өзіндік ой- пікірін айта білуге үйрету, туған жерін сүюге, оны қорғауға, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу керек.
«Құлантану» тақырыптық оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған. Сабақ тақырыптарының көлемі мен мазмұны оқушыны дамыта оқыту принциптеріне негізделеді. Сондықтан осы курс 4 сынып оқушыларына арналған.
Бұл курста өтілетін материал бастауыш сынып оқушыларының ой- өрісін, тіл байлығын, таным деңгейін арттырумен қатар жеке тұлғаның адамгершілік рухани қасиеттерін дамытуға ықпалын тигізері анық.
Бағдарлама материалдарын оқу барысында оқушылардың берілген тақырып мазмұнын меңгеруін және өзіндік ой- өрісін байқау мақсатында жұмыс дәптерінде тапсырмаларды орындау негізге алынған. Дамыта оқыту , оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау әдістерін тиімді пайдаланып, қанатты сөздерге мән беру, пікір айту, талдау жүргізу, ой толғау немесе эссе жаздыру көзделеді.
Бұл оқу бағдарламасында жеке тұлғаны қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу.
Оқу бағдарламасы негізінен танымдық мақсатты көздегендіктен өтілетін материалдар оқушылардың түсінуіне ыңғайланып алынған. Сондықтан да курс материалдары жазушылардың шығармаларынан, түрлі естеліктерден, баспасөз беттеріндегі мақалалардан, әдеби оқулық беттерінен оқушының игеру мүмкіндіктеріне іріктелініп алынған.
Курсты оқыту әдістері мен формалары әр түрлі әңгімелеу, түсініп оқу барысында баяндау, рольдік оқу дамыта оқу, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау, үзінді және пікір, эссе жазу, бірігіп оқу, топтасу, сәйкестендіру т.б. әдіс тәсілдерді қолдану.
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы
Құлан ауылы Құлан орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Абжалова
Махаббаттың бастауыш сатысы
бойынша дайындаған «Құлантану»
атты авторлық бағдарламасына
Рецензия
Тәуелсіз елімізде оқушыларға бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім- тәрбие , білім беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерделеп, жүйелеп, оқу- тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор.
Маңызды мемлекеттік бағдарламада атап көрсетілгендей , жеке тұлғаны қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу үшін қосымша білім берумен толықтыру қажет.
Осы мақсатта «Құлантану» 4 сыныпқа арналған бағдарламаның негізгі идеялары туған жер тарихын тану, оның мәдени мұраларын, мәңгі өшпес есімдердің ерліктері мен өнегелерін, ұмытылмас жәдігерлерді , Құлан жұлдыздарын насихаттау оқушыны дамыта оқыту принциптеріне негіздейді.
«Құлантану» бағдарламасына байланысты жасаған әдістемелік ұсыныстары, яғни оқулық, жұмыс дәртерлерінде оқушыларды туған жерді сүюге,өз халқының мәдени мұраларымен таныстырып, ұмтылмас жәдігерлерді насихаттап, адамгершілік пен имандылыққа, өзін және отбасын, Отанын сүюге, есімдері мәңгі өшпейтін ата-бабаларымызды құрметтеуге, елінің адал азаматы болуына жетелейтін тәрбиелік мәні зор еңбектер енгізілген.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс істеудің тиімділігі мұғалімнің әр оқушыны бақылауына , қай оқушымен қалай жұмыс істеуге болатындығын зерттеуге, кімнің неге икемі бар екендігін анықтауға бағыт- бағдар береді.
Нәтижесінде оқушы бойында барлық жақсы қасиеттер мен құнылықтар, белсенді де іскер , елін, жерін, Отанын сүйетін париот қалыптасары анық.
Рецензент Құлан орта мектебінің мектеп
директорының ғылыми- әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
Тасқанбаева Гауһартас
Аннотация
Бұл бағдарлама базистік оқу жоспарының оқушы компоненті бөлігінде жүзеге асырылмақ.
Құлан жерінің тарихын зерттеп, ұлттық мәдени мұраларын зерделеп, есімдері мәңгі өшпейтін ата-бабаларымызды құрметтеуге, ұмыталмас жәдігерлерді сақтап ,қорғауға , дүниетанымын тереңдетумен ұштастыра отырып тәрбиелеу мен білім беру принципін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру стратегиялары:
1.Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту.
2.Коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға тәрбиелеу, адамгершіліктің берік негіздерін қалыптастыру.
3.Әрбір оқушының жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы оның дүниетанымын тереңдету, ой- өрісін дамыту.
4.Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру.
Оқу пәнінің мақсаты:
Құлан жерінің тарихын тану, оның мәдени мұраларын, мәңгі өшпес есімдердің ерліктері мен өнегелерін, ұмытылмас жәдігерлерді , Құлан жұлдыздарын оқушыларға насихаттау ,тарихи ескерткіштерді, есімдері мәңгі өшпейтін ата-бабаларымызды зерделеп, таныстыру . Туған жер тарихы мен таныса отырып, туған жерін қорғауға, Отанын сүюге, оны өркендетуге, шығармашылық қабілетін дамыту, патриоттық тәрбие беру.
Пәннің міндеттері:
1.Оқушыларды туған жеріміздің батыр бабаларымен, ақын, жазушыларымен, Құлан жерінен шыққан танымал тұлғалармен таныстыра отырып, ерлік пен өрлікке, әділдік пен адалдыққа, даналыққа, шешендікке баулу;
2.Оқушылар бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпал ету;
3.Өз бетінше қосымша білім алуға , ұлттық құндылықтарын бағалауға , оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
4.Оқушы бойында өз тілін құрметтеу, туған топырағын шексіз сүюге, жарқын болашағына адал қызмет етуге баули отырып тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже:
Білімі терең, дені сау, өзін-өзі тану қабілеті арқылы өмірлік ұстанымы қалыптасқан тұлға қалыптастыру .
«Құлантану» курсының оқу-тақырыптық жоспары
Барлығы: 34 сағат, аптасына -1 сағаттан.4 сынып оқушы компоненті
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
І. «Туған жерім-тарихым» (14 сағат) |
|||
|
1 |
Кіріспе |
1 |
|
|
2 |
VII-VIII ғасырлардағы көне Құлан қаласы |
1 |
|
|
3-4 |
Түркістан-Сібір темір жолы |
2 |
|
|
5 |
Құлан ауылы |
1 |
|
|
6 |
Т.Рысқұлов ауданы |
1 |
|
|
7 |
Құлан жер бедерінің қалыптасуы |
1 |
|
|
8 |
Климаты |
1 |
|
|
9 |
Халқы |
1 |
|
|
10 |
Аудан өмірінің айнасы «Құлан таңы» газеті |
1 |
|
|
11 |
Тұңғыш мектеп |
1 |
|
|
12 |
Бүгінгі аурухана |
1 |
|
|
13 |
Аудандық өлкетану мұражайы |
1 |
|
|
14 |
Аудандық білім бөлімімен танысу |
1 |
|
|
ІІ. «Мәңгі өшпес есімдер» 8 сағат) |
|||
|
1 |
Батыр ата ерліктері |
1 |
|
|
2 |
Ер есімі- ел есінде |
1 |
|
|
3 |
Мәңгі жасар өмір |
1 |
|
|
4 |
Еңбегімен есейген Алмагүл |
1 |
|
|
5 |
Ақ халатты абзал жан |
1 |
|
|
6-7 |
Қаламы жүйрік тілшілер |
2 |
|
|
8 |
«Өткір тілді бір тұлға» |
1 |
|
|
ІІІ. «Ұмытылмас жәдігерлер» (6 сағат) |
|||
|
1 |
Құдайберген Бәйетұлы кім? |
1 |
|
|
2 |
Т.Рысқұлов өмірі туралы |
1 |
|
|
3 |
Абай Құнанбаев ескерткіші туралы |
1 |
|
|
4 |
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш |
1 |
|
|
5 |
Ауған соғысы ардагерлері ескерілуде |
1 |
|
|
6 |
Мэлс Өзбеков өмірбаяны |
1 |
|
|
IV.» Құлан жұлдыздары» (6 сағат) |
|||
|
1 |
Сом жұдырықты жігіт |
1 |
|
|
2 |
Күш атасын танымас |
1 |
|
|
3 |
Гитарашы қыз- Гүлмира |
1 |
|
|
4 |
Ақорданы әнмен тербеген -Досымжан |
1 |
|
|
5 |
Эстрада әншісі- Тахмина |
1 |
|
|
6 |
Кино жұлдыздары |
1 |
|
|
Барлығы |
34 |
|
|
«Құлантануға» арналған тұжырымдық бөлім
«Құлантану» оқу курсы негізгі ІV тұжырымдық бөлімнен тұрады.
І- бөлім . Тақырыбы: «Туған жерім –тарихым» ( 14-сағат)
Кіріспе, « VII-VIII ғасырлардағы көне Құлан қаласы», « Түркістан-Сібір темір жолы», « Құлан ауылы», Т.Рысқұлов ауданы, Құлан жер бедерінің қалыптасуы, климаты, халқы,аудан өмірінің айнасы «Құлан таңы» газеті, тұңғыш мектеп, бүгінгі аурухана,Аудандық өлкетану мұражайы, аудандық білім бөлімімен танысу сияқты тақырыппен берілген мәтіндер.
ІІ- бөлім. «Мәңгі өшпес есімдер» (8- сағат)
«Батыр ата ерліктері» ( Жылқышиев Сейтжаппар, Қаратышқанов Есіркеп), «Ер есімі- ел есінде» (Сәлімбаев Шәуе,Парманов Сәлімбай) «Мәңгі жасар өмір» (Жылқышиев Әбжаппар), «Еңбегімен есейген Алмагүл», «Ақ халатты абзал жан»( Исаев Ақылбек,Мейрам Сүйімбаев), «Қаламы жүйрік тілшілер» (Кәріпжан Нүсіп, Қожеке Сейсенбай),«Өткір тілді бір тұлға»( Шолақ Қуандық) сынды тақырыптармен белгіленген.
ІІІ-бөлім. «Ұмытылмас жәдігерлер» (6- сағат)
Құдайберген Бәйетұлы кім?, Т.Рысқұлов өмірі туралы, Абай Құнанбаев ескерткіші туралы, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш, Ауған соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш, Мэлс Өзбеков өмірбаяны туралы тақырыптар берілген.
ІV- бөлім. «Құлан жұлдыздары» (6- сағат)
«Сом жұдырықты жігіт»( Ермахан Ыбыраймов), «Күш атасын танымас» (Ислам Байрамуков), «Гитарашы қыз- Гүлмира» (Гүлмира Ақүрпекова), «Ақорданы әнмен тербеген –Досымжан» (Досымжан Таңатаров), «Эстрада әншісі- Тахмина» (Тахмина Әшімбекова), кино жұлдыздары (Бақытжан Әлпейісов, Толғанбай Жалғас) тақырыптары қамтылған.
Бағдарламаның ақпараттық- әдістемелік бөлігі
«Құлантану» атты бағдарламасын жүзеге асыру үшін бастауыш сыныптарда негізгі
деп аталатын дүниетану, қазақ тілі пәндері үнемі өзара байланыста болады.
Оқушылардың білімдері мен біліктерін анықтау барысында
-сұрақ-жауап;
-туған жердің тарихы, мәңгі өшпес есімдер, ұмытылмас жәдігерлер, Құлан жұлдыздары туралы эссе, реферат жазу, қорғау, талдау;
-әр тақырып бойынша ой толғау, пікір жазу арқылы курсты меңгеру деңгейі анықталады.
Бағдарламаны жүзеге асыру стратегиялары:
1.Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту.
2.Коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға тәрбиелеу, адамгершіліктің берік негіздерін қалыптастыру.
3.Әрбір оқушының жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы оның дүниетанымын тереңдету, ой- өрісін дамыту.
4.Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру.
Пәнаралық байланыстар:
«Құлантану» бағдарламасының мазмұны басқа пәндердің мынадай материалдарымен байланысады:
Ана тілі: мақал- мәтелдер, қанатты сөздер, аңыз әңгімелер, ұлағатты сөздер, өлең, тақпақтар, Туған жер, Отан , ауыл, майдангерлер, әңгімелер.
Қазақ тілі: кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениеті, сипаттау, талдау, баяндау, монолог, диалог.
Дүниетану: туған жердің жер бедері, климаты, халқы, ата-баба ерліктері, ескерткіштер.
Оқушы білімін бағалау
Егемен еліміздің жүзеге асырылып жатқан ілгерлеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі, мектеп қабырғасынан басталады.
Оқушының білімін бағалау- білім берудің мазмұны мен мақсаттарын өлшейтін өзіндік құрал ретінде қарастырылады. Қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесінде оқушының игерілген білімін, білік дағдыларын тексеру мен бағалаудың бірнеше формалары бар.
Оқытуды бағалау- осы заман оқытуды басқарудың маңызды шараларының бір болумен бірге оқыту қимылын басқарудың маңызды мазмұны болып табылады, әрі ол оқыту формасы мен сапалы оқытуды жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Сондықтан бағалау нысаны мен көрсеткіш жүйесі арқылы , оқытуды басқару бағытын айқын көрсету қажет. Бағалау барысында ақпаратқа назар аудару керек.
Бүгінгі күні әлемдік білім беруде оқушының жан-жақты дамып алға басуын, мұғалімнің кәсіби өрісінің жоғарылауын және оқу материалының үздіксіз даму жағдайын бағалаудың стандартты жүйесін орнатып, жалпылық бағалау негізінде жүйенің алға басуы мен көп жақтан дамудағы жасырын қабілетін ашуға баса назар аудару дәріптеледі.
Сондықтан оқушының жан-жақты дамуына мінездеме беретін көрсеткіш жүйесін құрып беруі қажет.
Аталған курс бойынша бағалау төмендегідей болады:
-оқушының ортаға қойылған мәселелерін, шығармашылық жұмыстарын, жазған рефераттарын обьективті түрде есепке алу;;
-оқу материалдары бойынша іздену жұмыстарын жүргізе білуге тиіс;
-оқушының бақылау қабілетін, ақпарат алу және оны бір жақты ету қабілетін, сондай-ақ пікір алмасу қабілетін бағалау керек;
-оқушының өсуі мен дамуына назар аударылып, есепке алып отыру қажет;
-тіл байлығы мен ой өрісіне назар аудару қажет;
-сауатты сөйлеу, ғылыми тілде ойын жеткізе білу қабілеттерін ескеру қажет.
Пайдаланылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
|
№ |
Әдебиеттер тізімі |
Авторы |
Басылған мерзімі |
|
1. |
Құлан тарихы |
. Сейсен Қожеке |
Алматы 1998
|
|
2. |
. «Құлан- киелі бесік» энциклопедиясы |
|
. «Алуа» ЖШС-нің баспасы . Алматы-2008 |
|
3
|
Тараз. Жамбыл облысы энциоклопедиясы. |
|
Алматы, 2003
|
|
4 |
«Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы |
|
Алматы, 2003
|
|
5 |
Отырар. Энциклопедия. |
|
Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
|
|
6 |
Сырсандық |
Кәріпжан Нүсіп. |
Алматы-2004
|
|
7 |
Балаларға байғазы |
Кәріпжан Нүсіп |
Алматы-2000 |
|
8 |
Абай. Энциклопедия. |
|
Алматы-1998 |
|
9 |
Қазақстан тарихы» » Тұрар Рысқұлов, |
М.Әбілтайұлы |
Алматы-1998 |
|
10 |
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы |
|
Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011
|
|
11 |
Қазақ Энциклопедиясы |
|
VI-том |
|
12 |
Қазақстан тарихы
|
|
Алматв. «Дәуір» баспасы 1994 |
|
13 |
«Боздақтар» |
|
Алматы1997ж |
|
14 |
Еске алу |
|
Алматы2005ж |
|
15 |
«Ардагерлер» |
3-15бет аралығы |
Алматы2005ж |
|
16 |
Кзөқаас |
|
Алматы19984ж |
|
|
«Өркениет пен Горизонт газеті»
|
|
3-15бет аралығы |
|
|
«Қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі» |
Ордалы Қоңыратбаев |
3-15бет аралығы |
|
|
«Егемен Қазақстан газеті» |
|
2008-2011 сандарынан |
|
|
.Бастауыш сыныпта оқыту журналы |
|
|
|
|
.Бастауыш сыныпта оқыту журналы |
|
2011 ж.№4
|
Алғысөз
Бұл бағдарлама , яғни «Құлантану» 4 сыныптарға арналған. Оқушылар
«Құлантану»бағдарламасынан туған жер тарихын , оның мәдени мұраларын ,
мәңгі өшпес ер есімдердің ерліктері мен өнегелерін, құлан жұлдыздарын
танып білетін болады.
Мұғалімдерге ұсынылып отырған «Құлантану» бағдарламасы, оқушыларды
туғанжерін сүюге,оны қорғауға жетелейді.
Осындай мазмұны терең, оқуға жеңіл , тез жатталатын шығармалардан
үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың
сөздік қорын молайтады, оларды жүйелі ойлауға , ойын дұрыс түсіндіре білуге
жаттықтырады.
Педагог осы материалдарды балалардың білім деңгейіне қарай іріктеп алып
пайдалануына болады .




![]()
![]()
1-сабақ
Кіріспе
Биыл сен «Құлантануды» танып білесің. «Құлантану» 4 бөлімнен тұрады. Олар «Туған жерім- тарихым», «Мәңгі өшпес есімдер», «Ұмытылмас жәдігерлер», «Құлан жұлдыздары». «Құлантанудың» бұл үш құрамдас бөліктері бір- бірімен тығыз байланысты. Пәнді жақсы игеру үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орында, айрықша назар аудар, өз бетіңше іздене біл. Ол тақырыптарды өз бетінше оқу арқылы біліміңді кеңейтуге арналған «Құлантану» тараулар мен тақырыптарға бөлінген . Әр тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі. Мәтінді мұқият зер салып тыңдасаң, тапсырмаларды орындау қиынға түспейді. Сұрақтарға да жауап бере аласың. Тапсырмаларды орындауға қиналсаң, мұғалімнен сұра.
«Құлантануды» меңгеру үшін тек тыңдау жеткіліксіз. Оған қоса тақырып бойынша рефераттар жазып, көп ізденуге тура келеді. Олар сенің зерделеу қабілетіңді кеңейтеді.
Сонымен бірге әр тақырып
бойынша оқушы дәптерімен жұмыс жүргізіледі. Ол тақырып
төңірегіндегі қызықты мағлұматтармен таныстырады. Олардың өмірде
өзіңе қажеті де болады.
2 -сабақ
VII-VIII ғасырлардағы көне Құлан қаласы
Қырғыз Алатауының солтүстік баурайында орналасқан қасиетті Құлан жерінің тарихы ерте палеолит дәуірінен басталады. Тау етегінің жұмсақ климаты адамдардың тұрмыс тіршігіне қолайлы болды. Олар тау жыныстарынан өздерінің еңбек құралдарын жасады.
Жазбаша деректерде құлан қаласы ҮІІІ ғ. Бірінші жартысындағы шаһарлар санатына жатады. Қытайлықтар оны Цзюйлань қаласы деп атаған. Жағрафия жиһанкездері Ибн-Хордадбек пен Құдама қаланың Тараздан 14 фарсах жерде орналасқанын айтады. Құдама жиһанкез былай дейді: «...Құм Тараз бен Құлан аралығының солтүстік жағында, ал оның арғы жағында құмды және жұмыр тасты шөл жатыр». Ал, араб географы Максиди : «Құлан- бекітілген қала, онда алқалы мешіт (медине) бар. Ол бос қалған, ол үлкен Тараз жолында» деп жазды.
Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастап Құлан жері Үйсін мемлекетінің қарамағына кірді. Қытай деректерінде ол «Усунь-го», яғни Үйсіндер мемлекеті деп аталынды. Мемлекет Іле алқабында орналасты. Орталығы Чигучен (Қызыл алқап) қаласы Ыстықкөл жағасында орналасты. Қытай деректерінде үйсіндерді көшпелілер деп көрсетеді. Бірақ археологиялық ізденістер барысында олардың арасында отырықшылық та болғандығы дәлелденді. Бұған Құлан қаласының тұрмыс- тіршілігі дәлел болады. Орта ғасырлар кезінде Құлан қаласы біртіндеп үлкейіп, тек жер өңдеудің орталығы ғана емес, қолөнер мен сауда мәдениетінің орталығына айналды. Құлан жерінен табылған тарихи жәдігерлер кешеге дейін Қазақстан тек көшпенділер отаны деп айтылып келген пікірді жоққа шығарып, жеріміздің өзіндік далалық өркениеттің бесігі болғандығы айқындайды. Ол өркениет диқан мен малшы, қала мен дала мәдениеттерін бойына сіңіріп, біріктіре білген. Бұқара халық, қол өнершілер бекіністің сыртындағы төрткүл төңірегінде қоныстанған. Луговой станциясына баратын жол бойындағы ескі кірпіш зауыты тұрған жерден («Құлан қобы» деп те аталады) қазіргі Қарақат ауылына баратын жол қиылысы мен автобус бекеті негізгі қала тұрған жұрт болып саналады.ХІХ ғасырда Ресей империясының Ұлы жүз даласын қол астына қаратқаннан кейін ішкі аймақтағы орыстар мен казактарды құнарлы қазақ жеріне қоныстандыру мәселесін одан әрі жалғастыра бастады. Соның нәтижесінде 1875 жылдары Құлан жеріне көшіп келіп, қоныстана бастады. Жердің көк майса сұлулығына тәнті болған орыс ағайындар: «Ой, какая луга!»-деп таңқалыстарын жасыра алмаған. Содан бұл жер Луговая аталынып кеткен. Қазақстан Республикасы жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен Луговой ауданының әкімшілік орталығы луговой селосы Құлан ауылы болып тарихи атын қайта иеленді.

3 -4 сабақ
Түркістан-Сібір темір жолы
Түрксіб теміржолы – 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстарының бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Станциалық жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібір магистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. Туркістан – Сібір Темір Жолы , Түрксіб – 1927 – 1930 ж. Қазақстанда салынған темір жол торабы. 1926 ж. 26 қарашада БК(б)П ОК осы темір жолын торабын салу жөнінде шешім қабылдады. Ол Орта Азияны, Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып, халық ш-ның дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды. Туркістан – Сібір Темір Жолы торабын Луговая ст. мен Семей қ. Аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан солт-нде (Семей) 1927 ж. көктемде, ал оңт-нде сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді.
Туркістан – Сібір Темір Жолы торабының салынуына
М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Магистраль
өтетін жол бойы 20 ғ-дың бас кезінде де зерттелген еді. 1927
–1928 ж. ол қайтадан зерттелді. Соңғы зерттеу
барысында магистральдың бағыты өзгеріп, рельстік жолды қысқартуға,
соның нәтижесінде бірнеше ондаған миллион сом қаржыны үнемдеуге
мүмкіндік туды. Луговая
– Бішкек – Алматы арқылы
өтетін Қордай бағыты орнына жол Шоқпар
асуы арқылы тартылып, 23 км қысқарды. Солт-те Лепсіге
соқпай, Балқашбағыты қабылданды, бұл жолды
73 км қысқартты. Жол қатынасы халық комиссариаты құрылысқа
инженерлер мен техниктер жіберді, тек 1930 ж. Қазанда өзге
өңірлерден 668 маман \ теміржолшылар (паравоз машинистері, оның
көмекшілері, слесарьлар, т.б.)
келді. Туркістан – Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби
теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Мұнда
құрылысшылардың саны 1928 ж. 21
мыңға, 1929 ж. 40 мыңға, ал 1930 ж. 50 мыңға жетті.
Құрылыста істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды.
Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 ж. өте қызу жүріп, 1930 ж. 28
сәуірде Айнабұлақ ст-нда Оңт. Және Солт. Жақтардың жолы
қосылды. Осы кезеңге дейін Түрксібте 12 млн. м3 жер қазылып, 1644
км негізгі және ст-лық жол
салынды. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал, т.б. өзендер арқылы темір көпірлер
салынды. 1928 ж. Ертістің тар сағасында 11 күн ішінде 300 м-лік
уақытша көпір, кейін 600 м-лік тұрақты көпір салынды. Туркістан –
Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың
ішінде аяқталды да, 1931 ж. 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға
берілді.
1941 жылдың 24 маусымында 18 сағатта ҚЖХК еліміздің, соның ішінде Қазақстанның теміржолдарындағы пойыздар қозғалысын айрықша әскери жұмыс кестесіне ауыстырды. Онда бірінші кезекте әскери эшелондармен, әсіресе, мобилизациялық іс шараларымен байланысты жүктердің өте жылдам қозғалысы қарастырылды. Жолаушы пойыздарының, сол сияқты қорғаныстық мәні жоқ тасымалдардың қозғалысы едәуір қысқарды.
Қозғалысты ұйымдастыруда айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды, шикізат жүктерінің тасымалдары қысқартылды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді тасымалдау артты, қару-жарақтар, рудалық қоспалар, вольфрам, молибден, ауыл шаруашылық машиналарын, газогенераторларды және басқаларды тасымалдау ұлғайды. Соғыстың алғашқы жылдарында Түрксіб арқылы адамдар мен материалдық ресурстарды үсті-үстіне жөнелту, Қазақстанға көшірілген кәсіпорындар мен адамдарды түсіру кезінде қиындықтар болды, тасымалдар мен вагондарға деген сұраныс нормадағыдан үш есе асып түсті. ҚЖХК мен әскери командованиенің қорғаныстық және халық шаруашылық жүктерінің тасымалдары бойынша тапсырмалар бұлжытпай уақытында орындалды. Бұл оңайға түскен жоқ, дегенмен түрксібшілер барлық қиындықтарды жеңудің жолдарын тауып отырды. Қазақстанныңтеміржолшылары орасан зор тасымалдар көлемін орындады. Елімізге бірнеше айлардың ішінде елдің орталығынан 220 өнеркәсіптік кәсіпорындар және 550 мың адам көшірілді. Көмір жөнелту екі есе, қара металдарды жөнелту екі еседен астам, мұнай өнімдері мен рудаларды жөнелту 4 еседен астам өсті. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылып жасалған еді.
Осының бәрінде де Түрксіб пен оның адамдары жетекші рөл атқарды. Мәліметтер бойынша, Ұлы Отан соғысы кезінде 1300 жедел әскери эшелон, жалпы саны 70 мың вагонды қамтыған 1700-ден астам әскери-жабдықтаушы құрам жөнелтілді. Соғыстың басынан бастап, оның соңғы күндеріне дейін магистраль саны күрт қысқарып кеткен бос вагондарға, әсіресе, жабық вагондарға қатысты ерекше ауыр қиындықтарды бастан кешірді. Жабық вагондар жетіспеген кездерде қант платформаларымен, астық жартылай ашық вагондармен үсті брезентпен қымталып жабылып тасылды. Соғыс жылдарында 240 өндірістік нысан тұрғызылып, пайдаланымға енгізілді. ҚЖХК-ның Алматыдағы электротехникалық зауыты іске қосылды, ол шағын теміржол шеберханаларының және Харьков қаласынан көшіріліп әкелінген байланыс зауытының құрал-жабдықтарының негізінде пайда болды.
5- сабақ
Құлан ауылы
Құлан – Жамбыл
облысы,Тұрар Рысқұлов
ауданының орталығы. Облыс орталығы
– Тараз
қаласынан шығысқа қарай 120 км жерде, Қырғыз
Алатаудың бойында орласқан.

Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастап Құлан жері Үйсін мемлекетінің қарамағына кірді. Қытай деректерінде ол «Усунь-го», яғни Үйсіндер мемлекеті деп аталынды. Мемлекет Іле алқабында орналасты. Орталығы Чигучен (Қызыл алқап) қаласы Ыстықкөл жағасында орналасты. Қытай деректерінде үйсіндерді көшпелілер деп көрсетеді. Бірақ археологиялық ізденістер барысында олардың арасында отырықшылық та болғандығы дәлелденді. Бұған Құлан қаласының тұрмыс- тіршілігі дәлел болады. Орта ғасырлар кезінде Құлан қаласы біртіндеп үлкейіп, тек жер өңдеудің орталығы ғана емес, қолөнер мен сауда мәдениетінің орталығына айналды. Құлан жерінен табылған тарихи жәдігерлер кешеге дейін Қазақстан тек көшпенділер отаны деп айтылып келген пікірді жоққа шығарып, жеріміздің өзіндік далалық өркениеттің бесігі болғандығы айқындайды. Ол өркениет диқан мен малшы, қала мен дала мәдениеттерін бойына сіңіріп, біріктіре білген. Бұқара халық, қол өнершілер бекіністің сыртындағы төрткүл төңірегінде қоныстанған. Луговой станциясына баратын жол бойындағы ескі кірпіш зауыты тұрған жерден («Құлан қобы» деп те аталады) қазіргі Қарақат ауылына баратын жол қиылысы мен автобус бекеті негізгі қала тұрған жұрт болып саналады.ХІХ ғасырда Ресей империясының Ұлы жүз даласын қол астына қаратқаннан кейін ішкі аймақтағы орыстар мен казактарды құнарлы қазақ жеріне қоныстандыру мәселесін одан әрі жалғастыра бастады. Соның нәтижесінде 1875 жылдары Құлан жеріне көшіп келіп, қоныстана бастады. Жердің көк майса сұлулығына тәнті болған орыс ағайындар: «Ой, какая луга!»-деп таңқалыстарын жасыра алмаған. Содан бұл жер Луговая аталынып кеткен. Қазақстан Республикасы жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен Луговой ауданының әкімшілік орталығы луговой селосы Құлан ауылы болып тарихи атын қайта иеленді.

6
-сабақ
Т.Рысқұлов ауданы
Тұрар Рысқұлов ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 9,1 мың км². Тұрғыны 63 878 адам (2010). Аудандағы 43 елді мекен 4 ауылдық және 1 кенттік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Құлан ауылы Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа темп-расы –6 – 8ӘC, шілдеде 22 – 26ӘC. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5 км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар. Тау бөктері қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақты (тәлімі жердің 80%-ы осында), орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Аудан ежелгі (1 – 16 ғасырлар) тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Тарихи-археология ескерткіштерге Көкдөнен, Қызылшаруа елді мекендері аумағында орналасқан 1 – 4 ғасырлардың қорғандары, Көгершін және Құлан ауылдарының (Шөңгір шатқалы) тұсында “Қорғандар даласы” деп аталатын үйсіндердің 20-ға жуық ежелгі тұрақты мекендері, Қызылшаруа ауылы маңында сақаласы үйсін дәуірінің қорғандар тобы (12), Қарақат ауылынан 1 км жерде 7 – 9 ғасырлардағы Төрткүл бекінісі, Ақбұлақ шатқалынан (бұрынғы Луговой жылқы зауыты) 400 м жерде петроглифтер, Қаракемер ауылы жанында 7 – 13 ғасырлардағы Байтымбет елді мекенінің орны бар. Ауданның басқа да елді мекендерінде (Абай, Алғабас, Құрамыс, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Каменка, Қарақыстақ шатқалы және Мөңке сайы, т.б.) ежелгі қалалар, қорғандар мен бекіністер жұрттары көптеп кездеседі. Жалпы, Тұрар Рысқұлов ауылында 68 ескерткіш, оның 3 тарихи, 7 монументті-архитектуралық және 54 археологиялық ескерткіштер тіркелген. Аудан жерінен Түрксіб, Луговой – Бішкек темір жолы өтеді. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері (2005) 845,6 мың км², оның ішінде жыртылған жері 148,1 мың га, шабындығы 19,9 мың га, жайылымы 685,7 мың га. Ауданда 1997 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, астық, қант қызылшасы, етті-сүтті мал, жылқы өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 жылқы, 1 асыл тұқымды қой з-ттары болған. Кейіннен олар әр түрлі шаруашылық субъектілерге біріктірілген. 2005 жылы 12 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 2 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес кәсіпорындары тіркелген. Аудан аумағында 100-ден астам шағын кәсіпорын тіркелген, оның жұмыс істейтіні – 88. Жеке кәсіпкерлік саны – 239. Аудандағы барлық жұмысшылардың саны 11,8 мың адам, ал еңбек ресурстарының жалпы саны 31,0 мың адам. Тұрар Рысқұлов ауылында жоғары оқу орнының бөлімшесі, ауылы шаруашылығының колледжі бар. Жалпы білім беретін мектептердің саны (2005) – 44, оның ішінде 1 музыка, 1 спорт мектебі, 2 оқу өндірістік комб. Бар, одан басқа 1 балабақша, мәдениет үйі, 6 клуб, 9 кітапхана, мұражай, аудандық аурухана, емхана, диспансер, 13 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 31 фельдшер-акушерлік пункт тіркелген.
7-сабақ
Құлан жер бедерінің қалыптасуы
Аудан аумағы бүкіл Қазақстан жеріндей ұзақ уақыт бойы жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсерінен қалыптасқан. Аумақты бірнеше мәрте теңіз басып , кейіннен құрлыққа айналып, оданқайта су астында қалып отырған. Жер бетінде таулар пайда болып, кейіннен олар мүжіліп жазық далаларға айналған. Мұндай күрделі процестер ондаған, жүздеген миллион жылдар бойы қайталанып отырған. Соның нәтижесінде аудан аймағының қазіргі жер бедері қалыптасқан. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуын екі кезеңге бөлуге болады. Бұлар-ерте мезозой-палеоген және жаңа неоген-төрттік кезеңдер. Палеозойдағы қарқынды соңғы тектоникалық қозғалыс әсерінен герцин қатпарлану дәуірінде аудан аумағының оңтүстігінде биік таулар пайда болған. Кайнозой эрасының басында олар мүжіліп біржолата құрлыққа айналған. Жердің жаңа тарихының ұзақтығы 55-65 млн. жылға созылған. Аудан аумағының қазіргі жер бедерінің альпілік қозғалысымен тығыз байланысты. Төрттік кезеңде жер бетінің қалыптасуы одан әрі жалғасқан. Палеогон кезінде аудан аумағында тектоникалық қозғалыс өте баяу жүрген. Осы кезеңде ауданның солтүстігіндегі ескі тау жүйелері бұзылып, жазық өңірлерге (Бетпақдала) айналған. Биік таулардың бұзылып ойпаттарға жиналуынан аккумуляттық жазықтар (Шу-Талас өзендері аралығы) пайда болды. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болғанымен, ол аудан аумағына айтарлықтай өзгерістер әкелмеді. Неогеннің екінші бөлігінде (12-15 млн. жыл бұрын) аудан аумағында тау массивтері қарқынды көтеріле бастады. Осы уақыттан бастап жаңа тектоникалық қозғалыс дәуірі жүріп, ірі тау жоталары (Қырғыз алатауы) қалыптасты. Тауаралық аңғарларымен өзен аңғарлары пайда болды. Құм, тақтатасты материалдар тау алды жазығы мен тауаралық ойыстарға ысырылды. Жарылу және тілімдену нәтижесінде Шу өзенінің арналары пайда болды. Аудан аумағында неоген кезеңінің аяғында аридтік климат үстем болды. Сирек орман орнына шөл және қуаң дала қалыптаса бастады. Төрттік кезеңде (1-1,2 млн. жыл бұрын) ауданның оңтүстігінде мезгіл-мезгіл қарқынды көтерулер қайталанған. Бұрынғы түгелімен дерлік жазық аумақтар бірнеше бөліктерге жарыла ажыратылды. Кейбіреулері едәуір биіктерге көтерілді. Кейде неогеннің қызыл түсті саз балшықтары тау бастарында кездеседі. Жоталар биік таулық кейіпке келіп, биіктігі 3-4 мың жеткен. Тауларды төрттік кезеңде екі рет мұздақтар басқан. Алғашқы мұз басудан кейін қарқынды түрде терең шатқалдар жасап, аудан аумағындағы Қорағаты, Меркі, Аспара секілді өзендердің арналары қалыптаса бастаған. Қазіргі кезде неотектоникалық қозғалыс әлі жалғасуда. Қырғыз Алатауының тау түзілім процестері әлі тоқтаған жоқ. Оған 2003 жылдың мамыр айында ауданымызда болған ірі жер сілкінісі дәлел.

8-сабақ
Климаты.
Аудан аумағының климаты Шу-Талас климаттық белдеуіне кіреді. Климаттық аудан оңтүстігінде тау жоталарымен қоршалғанымен солтүстік жағы ашық және жазық дала болғандықтан оның аумағына солтүстіктен келетін суық ауа массасы енуіне қолайлы жағдай туады. Соның нәтижесінде аудан климаты шұғыл континентальды , қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстігі қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы -6-8 0 С, шілдеде 22-260 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300 мм ,таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Қыстың ұзақтығы 97-108 күн. Ауданның оңтүстікте орналасуына байланысты оңтүстік батыстан жиі-жиі тропикалық жылы ауа массасы келіп тұрады. Ауданда қатты жел соғып, қарлы боран болуы сирек. Климаттық ауданда көктем ерте басталады. Наурыз айының өзінде орташа температура мәнді болады. Ауданның тұрақты орташа тәуліктік температурасының 00 С-тан жоғары мәні наурыздың алғашқы онкүндігінде байқалады. Температураның көтерілуіне байланысты циклондық процестер қарқындай түсіп, жауын-шашын ұлғаяды. Үсік наурыздың соңы, сәуірдің бірінші онкүндігінде болады. Соңғы үсік кейде сәуір айының соңы мен мамыр айының басында да жүруі мүмкін. Жылдық аязсыз күндердің орташа мөлшері 130-174 күн. Мамыр айының орта шенінде жаз басталады. Оның ұзақтығы 130-146 күн. Тұрақты ыстық күн маусым айының екінші жартысында басталып, 80 күнге созылады. Күздегі алғашқы үсік қыркүйектің соңы мен қазанның басында болады. Кейбір жылдары үсік қазанның соңы , қарашаның басында да болады. Тамыз айы ең құрғақ ай. Онда жылдың жауын-шашын мөлшерінің 1,8-2,7 пайызы ғана түседі. Ең ылғалды ай сәуірде, жылдық жауын-шашын мөлшерінің 15-17 пайызы түседі. Ауданда қыста жауын-шашын кейде жаңбыр түрінде де түседі. Қар жамылғысы шамамен желтоқсанның 10-20-нан ақпанның 20-25-не дейін жатады.

9- сабақ
Халқы
Аудандағы тұрған халықтың саны 64362 адам. Олардың басым көпшілігі қазақтар (87,6 пайызы), орыстар (7,8), татарлар (1,1 пайызы) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 2 –ге шаққанда 6,8 адамнан келеді. Тұрғын халықтың басым көпшілігі 87-89 пайызы ауданның оңтүстігіне қоныстанған. Мұнда 1 км2-ге 18-22 адамнан келеді. Барлық тұрғындармен салытрығанда қала /кент/ тұрғындары 16,5 пйызды құрайды.
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері 2008 жылғы есеп бойынша 8636473 га, оның ішінде 140277 га егістік, 8327 га шабындық, 469679 га жайылымдық жерлер.
Аудан ауыл шаруашылығы негізінен масақты дәнді дақылдар мен мал шаруашылығына бағытталған. Сондай-ақ жеміс, көкөніс-бақша, қант қызылшасы өсіріледі.
Аудан негізінен 1997 жылға дейін, негізінен биязы жүнді қой, астық, қант қызылшасы, етті-сүтті мал, жылқы өсіруге мамандандырылған 8 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 жылқы, 1 асыл тұқымды қой зауыттары болды. Кейіннен олар әртүрлі шаруашылық субьектілерге біріктірілді. Ауданда 2008 жылы 10 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтары мен 4 элита және жоғары репродукциялы тұқым өсіру шаруашылықтары, ал жалпы 24 ЖШС, 2 ӨҚ, 12 өнеркәсіп АҚ, 1246 ШҚ жұмыс жүргізеді. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 73,99 млн, теңгені құрады. Күрделі құрлысқа 6,2 млн. теңге салынды. 275 м2 тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Көлік саласында тасымалданған жолуашылар саны 474,2 мың болды.
Ауданның шағын және орта бизнестегі субьектілері 2001 жылы 349,7 млн. теңгенің өнімін өндірді. Шағын кәсіпкерлікпен 830 адам айналысады. Аудан аумағында 104 шағын кәсіпорын тіркелген. Жеке кәсіпкерлік саны 239. Аудандағы барлық жұмысшылардың саны 11,8 мың адам, ал еңбек ресурстарының жалпы саны 31 мың адам.
Қазіргі кезде аудан бойынша 54 білім беру мекемелері, атап айтқанда 2 оқу-өндірістік комбинат, 1 аудандық психологиялық- медициналық педагогикалық кеңес беру, 1 саз мектебі, 1 балалар мен жасөспірімдер орталығы, 5 балабақша, 10 бастауыш, 29 орта және 3 негізгі, 9 спорт, 1 кешкі-сырттай оқытатын мектеп, 1 өнер мектебі, 1 жазғы демалыс лагері, 6 мәдениет үйі, 17 клуб, 35 кітапхана, өлке тану мұражайы, аудандық аурухана, емханалар мен 11 отбасылық дәрігерлік- амбулатория жұмыс істейді.

10-сабақ
Аудан –өмірінің айнасы «Құлан таңы» газеті
Бұрынғы Луговой, қазіргі Т.Рысқұлов аудандық газеті 1940 жылдың мамыр айынан бастап шығады. Әр жылдары «Коммунизм туы», «Коммунистік еңбек» деп аталған.
- 16.03.2012 жылы ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 170- бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің редакциясы ЖШС болып қайта құрылды.
-Бір ғана құрылтайшысы аудан әкімдігі.
- таралымы: 4506 дана
- көлемі 1 баспа табақ.
-1974 жылғы баспа станогі жұмыс істеп тұр.
- Елбасы Жолдаулары, тапсырмалары, «Нұр-Отан» нұрлы істердің ұйтқысы, асқақтаған Астана, Ел ертеңі-жастар, Гендерлік саясат, ауыл шаруашылығын, Кәсіпкерлікті дамыту, қылмысқа қарсы күрес, Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ, Поэзия беті, өнер, спорт туралы, «Тіл тағдыры- ел тағдыры» «Ұстаз ұлағаты» «Өнеге», кәсіптік мерекелер, «Әкім бол, халқыңа жақын бол» «Депутат мінбері» жұмыссыздықпен күрес рубрикалары үнемі газет назарында. Газетіміз ауданымыздың тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты жазып келеді.
-Жуырда «Имандылық», «Ақ босаға» «Денсаулық» «Өнер деген өлке бар» айдарларымен жаңа беттер ашылды енді «Спорт деген, бір сиқыр» беті ашылмақшы.
-2003 жылы зілзала кезінде ғимарат жөнделген.
Мемлекеттік тапсырысты орындауға 2012 жылға 17 млн теңге қаржы қарастырылған, 4,5 млн теңге ішкі табыс түсімі жоспарланған.

11- сабақ
Тұңғыш мектеп
Тұңғыш мектептің ірге тасы 1912 жылы қаланып , қазіргі аудандық мәдениет үйінің орнында 3- сыныптық мектеп болып ашылды. Ол Луговойға қоныстануға келген орыс шаруаларының балаларына арналды. Сабақты Волков деген кісі жүргізді. Ол кезде мектепті бітіргендерге куәлік Түркістаннан жіберілетін. 1917-1920 жылдары ел ішіндегі дүрбелеңге, аштыққа байланысты мектеп істеген жоқ. Одан кейінгі жылдары да әр түрлі себептермен мектеп жұмысы жүйелі жүрмеді. Тек 1933 жылы жаңа мектеп үйі салынып, оқушылар екі ауысымда оқи бастады. 1937 жылы алғаш рет 5- сыныпқа оқушылар қабылдап, орта білім беруге көшті.1943 жылы мектептің алғашқы түлектері бітіріп шықты. Міне содан бері мектептен бірнеше мыңдаған оқушы бітіріп , еліміздің түкпір- түкпірінде еңбек етіп жүр.
Лицейдің қазіргі ғимараты 1968 жылы салынды.
2003 жылы зіл-заладан кейін күрделі жөндеуден өтті.
2000 жылы өз статусын өзгертіп Луговой лицейі деп атала бастады.
Білім ордасын осы жылдар аралығында 121 оқушы алтын медальмен бітіріп шықты.
Лицейде әр жылдарда Тен М.В.,Қазбеков, Құнанбаев Қ.Қ.,Мұқатаев Ж.,Әлімходжаев У.А., Мұқанов С, Корт К.Ф.,Ревин А.П., Рахимов С.Р., Орлов А.Н., Вавилина А.А., Журова Н.И., Серікбаева Ж.Т.,Жәкібаев К.Д., Бақыбаева Б.Б., Анциферов В.В., Селиванова В.П. секілді ұстаздар басшылық жасады.
12- сабақ
Бүгінгі аурухана
Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы стационарлық ем көрсету үшін ауруханада 178 төсек, емханада - 10, Луговая емханасында - 5, Қайынды дәрігерлік амбулаториясында -2, Көкдөнен дәрігерлік амбулаториясында -2, Қарақыстақ дәрігерлік амбулаториясында -2, Ақбұлақ дәрігерлік амбулаториясында -2, Жаңатұрмыс дәрігерлік амбулаториясында -2, Көгершін дәрігерлік амбулаториясында -2, Құмарық дәрігерлік амбулаториясында -2 төсек күндізгі емдеу төсектерері бар. Науқастарға терапевт, балалар дәрігері, акушер- гинеколог, хирург, невропатолог, травматолог, рентгенолог, анестезиолог- реаниматолог мамандары емдеу жұмыстарын жүргізеді.
Мақсаты:
- стационарлық көмек көрсету
- жедел- жәрдем көмегін көрсету
- дертті анықтау жұмыстарын жүргізу
- медициналық эксперттік жұмыстарды жүргізу
Сонымен қатар ультрадыбыстық тексеру, рентген, электрокардиограмма , бронхоскопия, ректоромоноскопия, фиброгастроскопия, физиотерапевтік, лабораториялық , серологиялық, биохимиялық , бактериологиялық, жалпыклиникалық тексеру қызметтері көрсетіледі.
Ауруханада 52 дәрігер жұмыс істейді, оның 26-ы дәрежелі дәрігерлер.
Аурухананың медициналық көмектің түрлерін көрсетуге лицензиясы бар және 2010 жылы қазан айында 2 жылға аккредититациядан өткен.

1
3- сабақ
Аудандық өлкетану мұражайы 1983 жылдың ақпан айында қоғамдық негізде құрылды. 1985 жылдан бері аудан бюджеті есебінен қаржыландырылып келеді. Қазір өлкетану мұражайы М.Өзбеков атындағы Мәдениет ұйінің құрылымдық бөлімшесі болып есептелінеді.
Алғашында өлкетану мұражайы аудан орталығындағы «Сұлутөр» кинотеатрының бір бөлмесінде орналасса, 2003 жылғы жер сілкіністен кейін аудандық Мәдениет үйінің ғимаратына көшті. Мұражай 3 бөлімнен- тарихи, этнографиялық және археологиялық залдардан тұрады. Онда 10 мыңнан астам экспонаттар бар. Мұндағы экспонаттар 192,25 шаршы метр аумақты алып жатыр.
Өлкетанудың ірге тасын қалап, оның қалыптасуына ерекше үлесін қосқан Сұлтанбаев Әміре 1991 жылға дейін басқарды. Одан кейінгі жылдары бұл мекемеге Уәзиев Өсер (1991-1997 жж) мен Левицкая Любовь Павловна (1997-2005 жж) басшылық жасады. Қазіргі таңда өлкетану мұражайының директоры болып Секеев Мұқатай Берікұлы істеп келеді.

13.12.17 Құлантану 14- сабақ
Сабақтың тақырыбы:Аудандық білім бөлімімен танысу Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға аудандық білім бөлімі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттірін дамыту.
3. Оқушыларды білімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі:таныстыру,сұрақ-жауап Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Жаңа сабақ: Аудандық білім бөлімі- халық ағарту жүйесіндегі аудандық мекеме. Аудандық білім бөлімі 1945 жылы құрылған. Қазіргі кезде аудан бойынша 54 білім беру мекемелері , атап айтқанда 1 аудандық психологиялық- медициналық педагогикалық кеңес беру, саз мектебі, балалар мен жасөспірімдер орталығы, 5 балабақша, 10 бастауыш, 29 орта және 3 негізгі, кешкі-сырттай оқытатын мектеп, өнер мектебі, жазғы демалыс мектебі жұмыс істейді.
2008-2009 оқу жылында 42 мектепте 12652 оқушыны қамтыған, 793 сынып комплектісі, 1003 баланы қамтитын 62 мектепалды даярлық тобы жұмыс жасауда.
Білім беру ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының аясында аудан мектептерінің барлығы телефон байланысымен қамтылып, 41 интернет жүйесіне қосылған. Аудан мұғалімдері 1147 электронды оқулықпен жұмыс істейді. Мектептерде 695 компьютер бар, немесе 18 оқушыға 1 компьютерден келеді. Сергіту сәті.
Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі – мемлекеттік мекеме. 2006жылдың 3 – ақпанында аудандық білім беру және спорт бөлімінен бөлініп шықты.
Ауданда спортты дамытуда 54 спорт ұжымы, оның ішінде 31 орта мектеп,2 арнайы орта білім беру мекемесі, 3 әскери бөлім 2 спорт мектебі және 16 ауылда спорт бөлімдері жұмыс атқарады
Ауданда спортпен айналысуға 110 спорт алаңдары және 28 спорт залы жұмыс жасаса, Құлан ауылында 3 мың орындық К.Бекбаев атындағы орталық стадион, С.Терсебаев атындағы орталық иппадром, Е.Ыбырайымов пне И.Байрамуков атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. ІІІ.Сабақты қорыту:Оқушылардан сұрақ-жауп алу тақырып бойынша. ІҮ.Оқушыларды мадақтау.
20.12.17 Құлантану 15- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Батыр ата ерліктері Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға Батыр ата ерліктері туралы таныстыру.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттірін дамыту.
3. Оқушыларды батылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі:таныстыру,сұрақ-жауап Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың назарын сабаққа аудар ІІ.Өткен тақырыпты кайталау:-Аудандық білім бөлімі туралы не білеміз? ІІІ.Жаңа сабақ: Батыр ата ерліктері. -1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер еліне опасыздықпен соғыс ашты. Алғашқы күннен ерлер майданға аттанып , олардың тылдағы орындарын қарттар мен әйелдер, буындары бекімеген балалар басты. Жағдай өте ауыр болды. Соған қарамастан майдандағы жауынгерлерге , тылдағы еңбеккерлер де ерең еңбек үлгісін көрсетті. Бір ғана біздің ауданымыздан Ұлы Отан соғысына 3520 ер аттанып, олардың 1738-і туған жерге қайта оралмады. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аталарымыздың ерліктері тоқталатын болсақ: Қаратышқанов Есіркеп- 1924 жылы Қарақат ауылында Луговой районы, Жамбыл облысында дүниеге келген. Он жылдық мектепті бітірген соң, Ұлы Отан соғысына 1942 жылынан бастап қатысқан. Майданда 3-ші Украин фронтында, 4-ші Украин фронтында әскери міндетін атқарды, шайқаста көрсеткен ерлігі үшін бірнеше медалдармен марапатталған. «За боевые заслуги», «За освобождение Белграда» «За взятие Будапешта», «За взятие Вены», «За победу над фашисткой Германии в Великой Отечественной войне», «За взятие Берлина». Майданнан 1947 жылы өз еліне оралған. *Сергіту сәті Еңбек жолдарын Луговой ауылында ішкі істер мекемесі (милицияда) 1947-1950 жылдары паспорт бөлімінің меңгерушісі болды. 1951 –ден 1967 жылдары аудандық Партия комитетінің қызметкері болы, Жаңа- тұрмыс, Қызыл – шаруа, Абай колхоздарының партия ұйымының төрағасы болып жұмыс істеді. 1967-1972 жылдары аудандық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы міндетін атқарған. Қаратышқанов Есіркеп «Үлкен қола» медалімен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Аудандық партия ұйымының «Бюро» пленумдарының мүшесі, Аудандық Кеңеске депутат болған. 1972 жылы 31 қазанда қайтыс болған. ІҮ.Қорыту:- Қаратышқанов Есіркептің Ұлы Отан соғысында халыққа көрсеткен ерліктені бағалап, аудан маслихатының шешімімен Құлан ауылында бір көшеге осы кісінің аты берілген. -Оқушылардан түсінгендерін, сұрау,сурет салғызу Ү.Оқушыларды мадақтау
15- сабақ
Батыр ата ерліктері
Жылқышиев Сейтжаппар
1924 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Сұлутөр (қазіргі Әбжаппар ауылы) ауылында туылған. 1942 жылы Волхов майданындағы ішкі істер Халық комиссариатының ішкі жасақ атқыштар полкіне алынып, 1943 жылы Рига қаласын жаудан азат етуге қатысып, 1948 жылға дейін Прибалткада ұлтшылдармен күреске қатысқан.
-1948 жылы Қазақ әскери –саяси училищесіне түскен.
-1951-1955 жылдары Магадан қаласындағы конвойлық жасақ бөлімі командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
- 1955 жылы капитан дәрежесінде елге оралған.
-1956-1984 жылдары Жамбыл және Шымкент облыстарының бірқатар аудандарында аудандық партия комитеттерінде жауапты қызметте болған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
2001 жылы қайтыс болған.

16- сабақ
«Ер есімі- ел есінде»
Сәлімбаев Шәуе
1915 жылы «Әулие-ата» уезінде дүниеге келген. 7 сыныптық білімі бар.
-1930-1933 жылдары «Талдыөзен» колхозында колхозшы болған.
-1 934-1938 жылдары Луговой МТС да тракторшы,
-1939 жылы «Сазарық» ауылдық Кеңесінде салық агенті болған.
-1942 жылы Меркі аудандық әскери комиссариаттан әскер қатарына шақырылған.
Сталинград шайқасында болған.
-1944 жылы елге оралған.
-1945 жылы «Октябрь-шаруа» колхозында,
-1950-1954 жылдар аралығында «Жаңа тұрмыс» колхозында,
-1964 «Жамбыл» колхозында басқармаларының төрағасы болып істеген.
«Ленин» орденінің иегері. Жеңіс медальдарымен марапатталған.
Бірнеше рет аудандық кеңеске депутат болып сайланған.
1994 жылы қайтыс болған.

16- сабақ
Ер есімі ел есінде
Парманов Сәлімбай
1902 жылы Әулие-Ата уезіндегі 21 ауылда дүниеге келген. (Бірлес ауылы).
-1932 жылдан 1940 жылға дейін бұрынғы «Оңтүстік Қазақстан» облысы, Әулие –ата ауданына қарасты «Бірлес» колхозының төрағасы,
-1940 жылдан Луговой ауданы «Алғабас» колхозын басқарған.
-1942 жылы Меркі аудандық әскери комиссариатынан Ұлы Отан соғысына аттанған. Курск иінінде болып, Тула, Варшава қалаларын азат етуге қатысқан.
-1945 жылы елге оралған.
-1946 жылдан 1959 жылға дейін «Бірлес», «Көкарық», «Алғабас», «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы колхоздарында басқарма төрағасы болып жемісті қызмет атқарған. Жауынгерлік «Қызыл Ту», «Ленин», «Еңбек Қызыл Туы» ордендерімен, Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты, аудандық, облыстық партия комитеттерінің мүшесі болып сайланған. Қазір, өзі туып өскен Бірлес ауылы Сәлімбай ауылы болып аталады.
1992 жылы қайтыс болған.

17- сабақ
«Мәңгі жасар өмір»
Жылқышиев Әбжаппар
1918 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Сұлутөр (қазіргі Әбжаппар ауылы) ауылында туылған. 1937-1942 жылдары аралығында мұғалім болып істеген.
-1942 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылған. Одер өзенінен өту шайқастарына, Берлин қаласын алуға қатысқан. Батальон командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болған.
-1947 жылдан бастап Жамбыл облысының Луговой аудандық және облыстық партия комитеттерінде қызмет істеген.
-1952-1955 жылдары Қазақстан КП Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін, КПСС Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыған.
-1956 жылдан бастап Шымкент облысындағы бірқатар аудан партия комитеттерінің екінші, бірінші хатшысы, аудандық атқару комитеттерінің төрағасы қызметтерін атқарды.
- 1975-1981 жылдары облыстық партия комитеті жанындағы партия комиссиясының төрағасы болған. 1981 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
-1979 жылдан СССР Жазушылар Одағының мүшесі «Айтолқын», «Мешін жылы», «Дауылдан кейінгі жорық», «Замана іздері», «Өмір жыры», «Балжанның тағдыры» атты кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген, «Спроси свою совесть» атты кітаптардың авторы. Екі рет «Отан соғысы», екі рет «Еңбек Қызыл Туы», екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, СССР медальдарымен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ә.Жылқышиевтың аты Шымкент қаласындағы бір көшеге, Алғабас ауданында бір мектеп пен бір көшеге, Луговой ауданында өзі туған ауылына және мектепке берілген.
1995 жылы қайтыс болған.

18 - сабақ
Еңбегімен есейген Алмагүл
Алмагүл Әбдірайымова
1940 жылы 14 қазанда Луговой кентінде туды. Жамбыл зоотех малдәрігерлік техникумын есепші мамандығы бойынша бітірген. Әбдірайымова Алмагүл 1958-1992 жылдары «Восток» ұжымшарында сауыншы , товарлы сүт фермасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
А.Әбдірайымованың көп жылғы еткен еңбегі өз жемісін беріп: «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен марапатталды. Сонымен бірге Қазақстан КП-ның ХІІ-ХІІІ сьездеріне қатысып, Қазақстан КПОК – ның мүшелігіне сайланды .
Х-ХІ шақырылған Қазақ КСР. Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды, бүкілодақтық ХШЖК күміс медалінің иегері.
1978 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматшасы.
1969 жылы Республикалық ұжымшаршылар сьездіне, 1987 жылы Қазақстан әйелдерінің сьездіне және 1981 жылы Мәскеуде 73 мемлекеттің өкілдері қатысқан Достық конференциясына делегат болып сайланды.
1992 жылы Республикалық дәрежедегі дербес зейнеркер. 1992 жылыдан «Ал-Рай» шаруақожалығының төрайымы.
Отбасылы, 3 қызы, 2 ұлы бар, 17 немере, 3 шөберенің әжесі.
19- сабақ
Ақ халатты абзал жандар
Исаев Ақылбек 1965-1980 жылдардығы аудандық аурухананың бас дәрігері.
1932 жылы 8-қазанда Тереңөзек ауылы туды. 1955 жылы Алматы мемлкеттік медициналық институтын бітірді.
-1955 жылы «Қорағаты» астық кеңшарында бас дәрігер,
-1957-1960 жылдары аурухананың бөлім меңгерушісі,
1960-1965 жылдары Луговой кентіндегі темір жол ауруханасының бас дәрігері,
-1965-1980 жылдары аудандық аурухананың бас дәрігері,
- 1980-1990 жылдары Жаңатұрмыс ауылдық ауруханасының бас дәрігері,
-1990-1993 жылдары аудандық аурухананың бас дәрігері қызметінде болды.
1993 жылы зейнеткерлікке шықты.
Исаев А. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері», «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Отабасылы, 2 ұлы, 5 қызы, 9 немере, 1 шөбересі бар.
Исаев Ақылбек 1994 жылы қайтыс болды. Аудан орталығындағы көшелердің бірі Исаев Ақылбектің есімімен аталады.
Сүйімбаев Мейрам Мәндібайұлы 1936 жылы 28 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келді. 1946 жылы Чернышевский мектебіне барып, оны 1959 жылы бітірді.
- 1959 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтына түсіп, оны 1965 жылы үздік бітіріп шығады.
-1965 жылы ауданымыздың ауруханасында дәрігерлік қызмет атқарады.
-1970 жылы аудандық ауруханада меңгеруші болып істеді.
-1984 жылы аудан ауруханасында бас дәрігерлік қызмет атқарады.
-2002 жылы зейнеткерлікке шықты. Отбасылы, 1 ұлы, 3 қызы, 10 немересі бар.
2
0-
сабақ
Қаламы жүйрік тілшілер
Қожеке Сейсенбай Шәмінұлы
1951 жылы 28 желтоқсанда Жаңатұрмыс ауылында туды.
1978 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.1969-1970 жылы
аудандық «Коммунистік еңбек» газетінде корректор,1970-1972 жылы әскер қатарында
азаматтық борышын өтеді.
-1972-1973 жылы «Жаңа тұрмыс» ұжымшарынд бастауыш комсомол ұйымының хатшысы,
1974-1989 жылы аудандық «Коммунистік еңбек» газетінде аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, реактордың орынбасары,
-1989-1991 жылдары аудан әкімдігі жанындағы Тіл жөніндегі комитеттің төрағасы болып істеді.
1991 жылы облыстық «Ақ жол» газетінің Т.Рысқұлов және Меркі ауданы бойынша меншікті тілшісі.
С.Қожеке Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, облыстық мәслизат пен аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Екі тарихи шежіре- «Құлан тарихы», «Қожай-қызыр береке» кітаптарының авторы.
Отбасылы, 3 ұл, 1 қызы бар.

21-сабақ
Қаламы жүйрік тілшілер»
Кәріпжан Нүсіп
1940 жылы 13 наурызда Ленин атындағы қой кеңшарының
училищесін, 1972 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін
Кәріпжан Нүсіп еңбек жолын 1960-1962 жылдары Қорағаты қой кеңшарында механизатор болып бастады. 1964-1966 жылдары осы кеңшарда есепші, Қорағаты мектебінің директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары,
-1966-2003 жылдарда аудандық «Коммунистік еңбек» (қазіргі Құлан таңы) газетінде аудармашы, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.
Кәріпжан Нүсіп Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ауданның құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне-10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Аудандық, облыстық жазба ақындар айтысының бірнеше мәрте жүлдегі. Көптеген сазгерлердің 30-дан астам әндеріне сөз жазған. 2002 жылы «Біз екеуміз» деген өлеңіне жергілікті сазгер Д.Бықыбаев ән жазып, ол Қазақ радиосының «Ән тыңдайық» бағдарламасында айдың ең үздік әні ретінде танылып, арнайы дипломмен марапатталады. Сондай-ақ, «Ара» журналы мен облыстық «Еңбек туы» газетінің жүлдесіне ие болған.
Кәріпжан Нүсіптің «Өмірі еңбектері», және балаларға арналған «Балаларға базарлық», «Сырсандық» жыр жинақтары ,»Өнер деген өлке бар» поэзиялық шығармасы жарық көрді.
Отбасылы, 1 ұлы, 3 қызы, 4 немересі бар.
2
2-сабақ
Өткір тілді бір тұлға
Шолақ Қуандық Абашұлы Т.Рысқұлов ауданында Сазқұдық (қазіргі Жаңатұрмыс) ауылында 20.11.1941 жылы туылған, жазушы. Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматы. Алматы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. Механизатор, клуб меңгерушісі, комсомол ұйымының хатшысы болған. Ұзақ жылдар сауда саласында қызмет атқарған. 1982 ж. «Ата жұрт» атты алғашқы өлеңдер жинағы шыққан. Содан кейін оның «Кешіккен көктем», «Күзгі ырғақтар», «Көксеңгір» және «Менің атам» кітаптары жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Ақпандағы кеш
Шонжардайын шолжиып қона жатқан,
Өктем-өктем сөйлейді далада ақпан.
Айдын жатыр нар қамыс ортасында,
Құрып қойған секілді қара қақпан.
Көкжиекке талаурап құлар шақтың,
Кезі келіп, түнекпен тұр алшақ тым.
Алатаудың асқарын, қызарақтап
Қызыл шеке сүйеді ұялшақ күн.
Дөңайбатын ақпанның тал да ұққандай,
Бүріседі үсікке шалдыққандай.
Қасат қардың беті ылғи қызарыпты,
Ақ матаға жұқалтаң қан жұққандай.
Басқан сынды табанын, сірә, нықтап,
Аппақ тонға оранып тұр алып бақ.
Шұғылаға шағылып, көз ұялтып
Қар жауып тұр ұшқындап, қыламықтап.
Малды ауылда
Талдырмаш жап-жас келін белі сымдай,
Сауымы бітісімен ауырсынбай.
Желіден ағытқанда құлындарды,
Ұшады жел ұшырған қауырсындай.
Жайлаудың хабарлаған
хал-жайынан
Бұлт кетпей Қорымдының маңдайынан,
Үп етсе үркек самал, саумал иісі,
Гүл иісі бұрқырайды өн бойынан.
Төбелер бір-біріне есе бермей,
Таласып, кимелесіп өседі өрлей.
Боз үйлер, дастарханға дара-дара
Ретсіз төңкерілген кеселердей.
23 -сабақ
Құдайберген Бәйетұлы кім?
Құдайберген Бәйетұлы 1820 жылы Құлан ауылында Бәйет бидің отбасында дүниеге келген. Арабша, орысша сауаты бар, көзі ашық, көкірегі ояу, халық қамын жеген азамат болған.
Қоқан хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткен мыңбасы. Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан. 1847 жылы 22 тамызда Ұлы жүз тайпалары Ресейге қосылуға ант бергенде сұлтан, батыр, билермен бірге болды. Кенесары қырғыздарға шабуыл жасағанда Сыпатай жағында болды. Ақмолада батрбасымен бірге Қоқан хандығының езгісіне қарсы күрес ұйымдастырды. 1864 жылы маусымында өз сарбаздарымен Әулиеатада Черняев басқарған орыс әскеріне қосылып, Қоқан хандығының езгісінен Шымкент, Ташкент қалаларын азат етуге қатысты.
1864 жылы 15 қазанда патша жарлығымен майор атағы берілді. 1887 жылы қайтыс болып, сүйегі Құлан ауылындағы қонақ үй түбіндегі зиратқа жерленді.
2008 жылы 30 қазанда Жібек Жолы көшесінің бойында Құлан орта мектебінің жанында ескерткіші салтанатты түрде ашылды.


24- сабақ
Тұрар Рысқұлов өмірі туралы
Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы (қазіргі Алматы облысының шекарасы) Вернен уезінде дүниеге келген. Белгілі партия және мемлекет қызметкері.Тұрардың әкесі Рысқұл патшаның бодандық саясатына қарсы шыққандығы үшін 10 жыл каторгыға айдалды және Сібірге айдауға жіберілді. Тұрар Меркі қаласында туыстарының қолында тұрды, орыс-қазақ мектебінде оқыды. Мектепті тәмамдаған соң ол Бишкек (қазіргі Бишкек қаласы) қаласындағы ауылшаруашылық училищесіне оқуға түсті.Училищені озат аяқтаған соң ол Ташкент мұғалімдер институтына тапсыруға бел байлайды. Ол институтты аяқтай алмайды; оны революциялық қызмет қызықтырады.Февраль төңкерісінен кейін 1917 жылы ол Әулие ата уезінде жастар ұйымын құрады және Әулие ата Кеңесімен тығыз байланыс орнатты. 1917 жылдың қараша айынан 1918 жылдың қарашасына дейін Әулиеата уезінің Кеңестік департаментінің төрағасы болады. 1918 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін – Түркістан АССР ұлттық комиссары. 1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Республикалық Ұлттық Комиссарлар Кеңесі (ҰКК) төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.1921 жылы Т. Рысқұловты ұлттық мәселелер бойынша ұлттық комиссариаттың құзыретті өкілі ретінде Әзербайжанға жібереді.1922 жылы РСФСР ұлттық ісі бойынша ұлттық комитеттің орынбасары болып тағайындалады. 1922 жылдың 6 қыркүйегінен 1924 жылдың қыркүйегіне дейін Түркістан АССР СКО төрағасы болып жұмыс істейді. 1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың маусымына дейін – Коминтерндегі Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1925-1926 жж. – Монғолия Коминтернінің құзыретті өкілі. 1926 жылдың наурыз-маусымында партияның қазақ аймағының баспа бөлімінің басқарады. 1926 жылдың шілдесінен 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФСР ҰКК төрағасының орынбасары.Тұрар Рысқұлов ұлты үшін көп жұмыс атқарды. Оның бастамасымен Қарағанды көмір бассейнінің, Контрат кен орнының құрылысы басталды, балқаш мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Ол Түрксіб құрылысы комиссиясының төрағасы болды.Рысқұлов білім және мәдениеттің дамуына көп көңіл бөлді. Оның бастамасымен Ташкент қаласындағы Орта Азия университеті және С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) құрылды.РСФСР Ұлттық Кеңес Комитеті төрағасының орынбасары жұмысын атқара отырып, ол Мәскеу қаласының қала шаруашылығына жетекшілік етті. Рысқұловтың адалдығы мен бірбеткейлігі көбіне ұнамады... Оның дәлелі – оның қызметтік тізімі. Тұрарды бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстырып отырды. Оны Түркістан СКО төрағасы орнында қалдыруға қорықты, Тұрар ол жерде отырса Түркістан Ресейден алшақтап кетеді деп ойлады. Ресей бұған көндіге алмады: шикізатқа өте бай республикадан айырылуға жол бермеу керек еді.Т. Рысқұлов Тұран тәуелсіздігін қолдады. Оның идеяларын Орталық басшылық қабылдамады. Бірлік пен тәуелсіздікті сақтау Ресейдің большевиктік басшылығының жоспарына кірмеді. Өзінің дәлеледері, адалдығы, бір беткейлігі үшін Рысқұлов халық жауы атанды және атылды.Тұрар Рысқұловтың қаламынан ондаған кітаптар, кітапшалар, жүзден аса мақалалар шыққан. Қазақ халқының осындай керемет ұлының құрметіне Алматы қаласында даңғылға, Қазақ экономикалық университетіне де оның есімі берілген.
2
5- сабақ
Абай Құнанбаев ескерткіші туралы
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
А
бай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен
өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен
жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде
жазылған «Қара
сөздері» - тақырып ауқымдылығымен,
дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен
құнды. Абай бала кезінде ширак, пысық
болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып
алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат,
Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен
болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Абай сегіз жасында
өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы
Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10
жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3
жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская
школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О.
Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым
зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша
кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген
сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды.
Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге
балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан
барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға
жұмсап, көп ізденуге салынады. Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп,
ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың
көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің
әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала
күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына
шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы
ақынның калып-тасу кезеңін
айғақтайды
26- сабақ
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш


1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер еліне опасыздықпен соғыс ашты. Алғашқы күннен ерлер майданға аттанып , олардың тылдағы орындарын қарттар мен әйелдер, буындары бекімеген балалар басты. Жағдай өте ауыр болды. Соған қарамастан майдандағы жауынгерлерге , тылдағы еңбеккерлер де ерең еңбек үлгісін көрсетті. Бір ғана біздің ауданымыздан Ұлы Отан соғысына 3520 ер аттанып, олардың 1738-і туған жерге қайта оралмады.
Осынау сұрапыл соғыс жылдарында отызға тарта елді мекеннен екі мыңнан аса азамат ел қорғауға аттанса, соның 95 туған жерге оралмай , жат жерде жер жастанды. Әскери комиссариаттар Луговой станциясынан батысты көздей әскерге шақырылғандарды майданға жөнелтіп жатты. Әр ауылдан ең аз дегенде 150-200 азамат соғысқа аттанды. Майданға Еңбекші мен Көкарықтан Дәукен Арыстанбеков пен Ережепбай Жетібаев, Төлен Смайлов, Тереңөзектен Әмзе Исаев, Қызыл тудан Елеуқұл Бөлеков, Құланнан А. Н.Легенкий, Қарақаттан Бекбосын Нәметқұлов, Ақыртөбеден Сейталы Ахметов, Қазақ ауылынан Асылхан Әбдіхалықов тағы басқа жүздеген ер-азаматтар алғашқылардың бірі болып аттанды. Сонымен біз Брест қамалында болған Ақыртөбелік Жұмахан Ахметов пен Жанахмет Елубаевты, мақпалдық Райқұл Егембердиевті, жарлысулық Әліқұл Молдабаевты, көкарықтық Алапеш Сағымбековты, жаңатұрмыстық Аманжол Түркменбаевты т.б. көптеген азаматтарлдың есімдерін мақтанышпен айтуға болады. Осынау 1941-1945 сұрапыл жылдары Ұлы Отанды қорғауға аттанған ер-азаматтарымызды құрметтеп, еске алу үшін ауданымыздың орталығын «Ер есімі- ел есінде» атты ескерткіш қойылды.
27- сабақ
Ауған соғысы ардагерлері ескерілуде
Баршамызға белгілі, сонау 70-ші жылдардың аяғында Кеңес Одағының солақай саясатының ықпалымен көп ұлтты Совет әскерлері интернационалдық борышын өтеу деген бұйрықпен Ауған жеріне түсіріліп, жас жігіттер сұрапыл соғысқа кіріп кетті. Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың жас жігіттер қатысты, солардың 761-і ерлікпен қаза тапты. 21-і хабар-ошарсыз кетті. Мыңдаған жас жігіттер мүгедек болып қалды.
Біздің ауданымыздан бұл соғысқа 120 жауынгер қатысты.
«Өлгендерді тірілту ешкімнің де қолынан келмейді, ал оларды мәңгі есте қалдыру біздің қасиетті борышымыз» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тебірене айтқандай, қан майданда шыбын жанын қиған, қыршын кеткен жастардың аруақтарына тағзым ете отырып, ауданымыздың орталығынан. Ауған соғысының жауынгерлеріне арнап ескерткіш орнатты. Ескерткіштің ашылу салтанатына халық көптеп жиналды. Жиынға жиналған жұрт, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Бейсен Әлпейісов ашып, Ауған соғысы ардагерлерінің күніне орай ашылған ескерткішпен құттықтады. Келесі сөз аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ерлік Шәбеев, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Бауыржан Қырғызбаевтар өздерінің жүрек жарды сөздерін жеткізді. Осыдан соң келген қонақтар, ауған соғысының ардагерлері, ескерткіштің жанындағы аллеяға бірнеше шырша ағаштарын отырғызды.

18- сабақ
28- сабақ
Мэлс Өзбеков өмірбаяны
Мэлс Өзбеков 1938 жылы туылған, Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Калинин ауылы). 1962 жылы Г.И. Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінің дирижер бөлімін бітірген. Тұрар Рысқұлов ауданы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, өзінің туған ауылында автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның «Жазылбекшілер маршы», «Ақтамақ қарлығаштар», «Келші айым», «Құланда», «Асыл арманым», «Арман гүлім» әндері халық арасында кең тараған.
Мэлс Өзбеков Қазақстан Компазиторлар Одағының жастар комиссиясының мүшесі бола жүріп, таланттарды тәрбиелеуге зор үлес қосты. Бірнеше оперетта жазды.
Ол 1965 жылдан бастап «Сұлутөр» ән-би ансамбілін ұйымдастыруға белсене қатысты.
Сазгердің бірқатар сазды әндері «Жастық шақ әуендері», «Кел, ән шырқайық», «Ән көңілдің ажары» деп аталатын топтама ән-өлең жинақтарына шықты.
Сондай-ақ , М.өзбеков көп жылдар Меркі, Шу аудандары мен Қызылорда облысындағы Мәдениет үйлерінде қызмет етіп, жаңа ансамбілдер құрды.
Ауданда 2007 жылы тұғыш рет өткізілген сазгердің әндеріне арналған облыстық ән байқауы бүгінгі таңда игі жалғасын тауып келеді. Биылғы байқау Мэлс Өзбековке ескерткіш ашу салтанатымен айшықтала түсіп отыр. 2010 жылы 11 желтоқсанда М.Өзбековке арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

2
9- сабақ
Сом жұдырықты жігіт
Ибраимов Ермахан Сағиұлы1972 жылдың 1-қаңтарында
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында Жақсылық
ауылында дүниеге келген.
Әкесі: Ибраимов Сағи
Анасы: Ибраимова Жәмила
1979 жылы А.С.Макаренко атындағы мектеп-, интернатына барып,
1984 жылы алғаш рет бокс әліппесімен танысады.Алғашқы бапкері: Бахшар Қарсыбаев Жеткен жетістіктері:
-1986 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің чемпионы.
-1987 жылы Алматы қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы арнайы спорт-интернатының түлегі
-1988 жылы Ростов –на –Дону қаласындағы КСРО чемпионатында КСРО чемпионы атанып, КСРО спорт шебері атағын иеленді.
-1990 жылы Иркутск қаласында жастар арасындағы КСРО чемпионатында тағы да КСРО чемпионы атанып, КСРО құрама командасының сапына қабылданады.
-1991 жылы ересектер арасындағы КСРО кубогының қола жүлегері. (Украина, Семфиропаль қаласы)
-1994-2000 жылдар арасында Қазақстанның қатарынан жеті дүркін чемпионы.
-1995 жылы І-Бүкіләлемдік әскери ойындардың чемпионы. (Италия, Рим қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
-1996 жылы Атланта Олимпиадасының қола жүлегері
-1997 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. ( Венгрия, Будапешт қаласы)
-1998 жылы Азия ойындарының чемпионы. (Тайланд, Бангкок қаласы)
-1999 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. (АҚШ, Хьюстон қаласы), Азия чемпионы ( Өзбекстан, Ташкент қаласы)
-1994-2000 жылдар аралығында Өзбекстан, Ресей, Түркия, Тайланд, Германия, Швеция елдерінде өткен көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.2000-2002 жылдары Ақтөбе қаласында бокс мектебін ашып, өзі алғашқы директоры болды. 2002-2004 жылдары бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері.2004-2007 жылдары Қазақстан республикасы бокс федерациясының вице-президенті. 2007 жылдан бастап республикалық бокстан Олимпиадаға даярлау орталығының директоры
2000 жылы І- дәрежелі «Барыс» орденімен, 1996 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Жанұялық жағдайы: Үйленген, 5 ұл, 1 қыздың әкесі

.30- сабақ
Күш атасын танымас
Ислам Байрамуков
Ислам БАЙРАМУКОВ - Қазақстан еркін күрес шебері. 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы Луговой ауданы Каменка ауылында дүниеге келген .
1993 жылы Қазақ мемлекеттік физкультура және спорт институты. 2003 жылы Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ күндізгі бөлімін, 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік- қайырымдылық университетінің сырттай бөліміні бітірді.
1993-2004 жылы Қазақстан Республикасының еркін күрес құрама командасының мүшесі, нұсқаушысы, 2004 жылы жеке кәсіпкер. Еркін күрестен Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген спорт шебері.
-2000 жылғы СиднейОлимпиадасының күміс жүлдегері. Салмақ дәрежесі - 90-96 кг.
-Екі дүркін Азия Кубогының иегері (1994 және 1997 жж.).
-Азия чемпионы (2000 жылб 96 кг).
- Екі мәрте Шығыс Азияойындарының чемпионы (1999 және 2001 жж.).
-Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.
«Парасат» орденімен және «Қазақстан республикасының Конститутциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Т.Рықұлов ауданының құрметті азаматы.
2003 жылы 25 сәуірінен ауданда И.Байрамуков атындағы спорт мектебі жұмыс істеуде.

31- сабақ
Гитарашы қыз
Қазақ сахнасының төрінде алғаш гитарамен танылған әнші, Гүлмира
Ақүрпекова. Өз тыңдармандарының жүрегін баурай білген, өзіне ғанатәннәзік
дауысымен қазақ эстрадасында, өзіндік орны бар әнші.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Алғабас дейтін ауылдың тумасы . Көпбалалы отбасынаншықты, үйде ортаншысы. Әкесі де, анасы да қазір дүниеден озған. Өнер жолын қуған Гүлмира және кенже інісі Кенен. Ол қазір Ақтау қаласындағы Н. Жантөрин атындағы драма театрында еңбек етеді. Гүлмираның отбасында қызы бар, есімі Фариза Фархадқызы. Қазір 9 сыныпта оқиды..
Жалпы мамандығы ұстаз. Орта мектепті бітірген соң, Абай атындағы Қазақ Ұлттық институтының химия-биология факультетіне оқуға тісіп, аталмыш оқу орнының аспирантурасын тәмамдады. Биология пәнінен сабақ берген, қазір шығармашылыққа көңіл бөліп, халық алдына қайта оралды. Жүрегіндегі әнге деген құштарлық қоймады.
-- 2003 жылы Алматы қаласында, 2004 жылы Астанада жеке шығармашылық концертін берді. Жеке концерттік бағдарламамен барлық облыстарды аралады. бірақ Өскемен қаласына келгенім жоқ. Өр Алтайдың жеріне алғаш қадам басып тұрмын ба?- деп, өзімде таңданып жатырмын. Алла қаласа жеке концерт беру болашақта ойда бар, болады деп үміттеніп отырмын. Бәрін уақытында көресіздер, әзірге құпия бола тұрсын.
Басқа елдерді қарап отырсақ, түрлі оқиғалар болып жатыр. Біздің ел ондайдан аман-есен болып, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында, тыныштық пен бейбітшілікте дамып, өркендей берейік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Фото суреттерді жинағанды ұнатады. . Кітап оқығанды жақсы көреді. Әсіресе философиялық, маңызы зор, ой-өрісті кеңейтетін кітаптарды ұнатады.
- Иә, терең мағыналы, айтар ойы философиялық ой қозғайтын, өмірлік мәні бар әндерді орындағанды ұнатамын. Жаным соны қалап тұратын сияқты.
- Барша халқымды биылғы ерекше жылмен құттықтаймын! Әр отбасына береке, ашық аспан, денсаулық тілеймін. Сіздердің газеттеріңізге айтарым, оқырмандарыңыз көп болып, жағымды жаңалықтармен халықты қуанта беріңіздер.

32- сабақ
Елорданы әнмен тербеген- Досымжан»
Досымжан Таңатаров
1975 жылы 6-мамырда Құмарық ауылында туды.1992 жылы орта мектепті бітірген соң Жамбыл технологиялық институтында оқыды. ЖОО бітірген соң технологиялық институтының «Технолог» клубының көркемдік жетекшісі болып еңбек жолын бастады. 2000 жылдан бері Президент оркестірінде жеке орындаушы болып қызмет істеп келеді. 2000-2008 жылдары мемлекеттік салтанатты және Елбасымыз тікелей қатысуымен өткізілген іс- шараларға қатысып келеді.
Досымжан Таңатаров өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, ұлттық мәдениетімізбен өнеріміздің дамуына мол үлес қосып жүрген танымал қайраткер. Ол 1995 жылы республикалық әнші- термешілер конкурсының, 1998 жылы «Студенттер көктемі» фестивальінің, 1999 жылы «Сибирь молодая» халықаралық конкурсының жүлдегері. Сонымен бірге Досымжанның «Құралай «, «Аққуым», «Даланың ару қызы» , «Ауылға арнау», «Сарыарқа» үн таспалары және СД жеке альбомы шықты. 2004 жылы қазақ радиосының ең үздік жыл әні аталды. Ел ордамыз Астана мен Алтамы қаласында және де басқа да облыс орталықтарында жеке концерттері өтті.
Таңатаров Досымжан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері және ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

33- сабақ
Эстрада әншісі- Тахмина
Әшімбаева Тахмина Талғатқызы
1979 жылы Жаңатұрмыс ауылында туды. 2000 жылы Тараз мемлекеттік университетінің музыка факультетін бітірді.
Тахмина үйдегі алты баланың ең кенжесі болды. Ол жастайынан әнге құмар болып өсті. Мектеп қабырғасында жүріп көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болып, аудандық, облыстық байқауларға қатысты.
-1997 жылы Тараз қаласында өткен Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
-1998 жылы Алматыда өткен Республикалық «Жас қанат» байқауында лауреат,
-1999 жылы Ақтау қаласында өткен «Жаһан дала» халықаралық байқауында І жүлделі,
-2001 жылы Италияның Мальта қаласында өткен және
-2001 жылы Литважа өткен халықаралық ән байқауларында Бас жүлделерді,
-2002 жылы өткен «Азия дауысы» халықаралық ән байқауында ІІ-орынды иеленді.
Тахмина 2003 жылдан бері Алматы қаласы «Қазақконцертте» жұмыс істейді.

34- сабақ
Кино жұлдызы
Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы
1970 жылы 23 мамырда Жарлысу ауылында туды. 1985 жылы орталау мектепті бітірген соң Жамбыл қаласындағы мәдени ағарту училищесіне түсті. Еңбек жолын 1990 жылы өзі түлеп ұшқан мектепте ән пәнінің мұғалімі болып бастады. Бұдан кейін ауыл клубының меңгерушісі, «Сұлутөр перзенттері» фольклорлық ансамбілінің әнші, домбырашысы болды. 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақтың мемлекеттік театр және кино актері мамандығын алып шықты. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында актер болып қызмет істеп келеді.
Жалғас театрда істеген аз жылдың ішінде 30-дан астам бейнелерді сахнаға шығарды. Атап айтқанда Ә.Кекіобаевтың «Абылайханында» Шарыш, М.Әуезовтың «Абайында» Көпбай, «Қарагөзінде» Асан, «Айман-Шолапда» Балпық, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Болтыш,И.Сапарбайдың «Абай-Тоғжанында» Абай, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Болтай, т.б. рольдерді ойнап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар Ж.Толғанбай «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары», «Әй, әйелдер-ай, әйелдер», «Сиқырлы әріптер», жаңа жылдық «Таңқалдырған хикая» бағдарламалары мен тағы басқа көптеген видеороликтерден танымал болған актер.
Үйленген, 2 ұл, 1 қызы бар.
3
4- сабақ
Кино жұлдызы
Әлпейісов Бақытжан
1960 жылы 9 наурызда Луговой кентінде туды.
Бақытжан 1976 жылы Алматы темір жол институтына түсіп, 3 курстан кейін 1979 жылы Алматы мемлекеттік Театр және көркемсурет институтында «театр және кино актері» факультетіне оқуға қайта түсті. 1983 жылы Ш.Жандарбекованың курсын аяқтап, Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөпірімдер театрында қызметке тұрды. Мұнда 1993 жылыға дейін жұмыс істеп, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына қызметке ауысты. 1999 жылдан бері Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компониясында қызмет істеп келеді.
Бақытжан өнер саласында жүріп көптеген кейіпкерлердің бейнесін сомдады. Атап айтқанда Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» (Сейіт), М.Әуезовтың «Алуа» (Бейсен), У.Шекспирдің «Жаз айындағы түнгі түс» (Пэк). Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» (Жантық), М.Әуезовтің «Қарагөз» (Сырым), т.б спектакльдерінде ойнап, көрермендердің ілтипатына бөленді.
Бақытжан кино саласында да жемісті еңбек етіп келе жатқан актерлердің бірі. Нақтырақ айтқанда 1987 жылдан бері 20- ға жуық фильмдерге түсті. Оның ішінде көпке танымал «Қиян», «Сұрапыл сұржекей» , «Сергелдең», «Мұстафа Шоқай» және 465 сериялы «Тоғысқан тағдырлар» (Шерхан) , 150 сериялы «Қара шегіртке» (Бек) бар.
Бақытжан-Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Ол әртүрлі фильмдердегі ойнаған рөлдері үшін Киев, Ашғабад, Париж және басқа да халықаралық деңгейде өткен фестивальдердің басты жүлделеріне ие болды. Ол жуырда ғана ел астанасында өткен V халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде режиссер Д.Саламаттың «Әкем екеіміз» фильмінде ойнап, ер адам рөлін ерекше сомдағаны үшін бас бәйгені жеңіп алды.
Бақытжан үйленген. Балалары бар.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген