жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»
«Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»
Өтетін күні: 25 мамыр 2017 жыл
Өтетін уақыты: Сағат 900
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі-түсті шарлармен, ортаға шаңырақты орналастырып,
шаңырақты лентамен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін
есікті доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.
Орналасуы: мектеп алаңында сағат 900-ге дейін сол жақ бетінде оқушылар, оң жағында бітіруші түлектер және 1-сынып оқушылары, алаң төрінде(орындықтар шығарылады) мектеп бітіру салтанатына шақырылған қонақтар, алаңның шығыс жағына 11-жылдық иелері орналасады.
Фан-фары ойналады
Жүргізушілер шығады: Қалдыбек Нүрхасен, Әшір Ақерке.
Нұрқасен: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Ақерке: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен
қонақтар!
Нұрқасен:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым
менің,
Асқар тау, арқа тұтар
алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды
ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын,
халқым менің!
Ақерке:11 жыл бойы тәрбие мен білім нірңн бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебінен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі - соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Нұрқасен:
Міне, бүгін қызығы мен
қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің
мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы
демалысқа шығарып, салатын - соңғы қоңырау салтанатыІ
Ақерке:Кеше
ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын
имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя
мектебімен қоштасқалы отыр.Бұл күн - мектеп тарихында, мектеп
бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық. Міне тағы бір оқу жылы
аяқталып, біздің мектебіміздің түлегі бүгінгі салтанатты жиында
бабалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Нұрқасен:
Жас жүректің өмірлік құштары
гүл,
Бағбан ұстаз баулыған
құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн
ұясынан,
Сол құстардың бір тобы
ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге
ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға
шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Ақерке:
Бәрі де баласындай бір
ананың,
Өз елі қазағының ұғады
әнін.
Қызы ибалы, ұлы ер,
шықсын кәне,
Он бірінші «А» сыныбы
Айман апайдың.
Қарсы алыңыздар, бүгінгі
бітіруші түлектердің 11 «а» сынып жетекшісі: Отарина Айман апай
есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға
шақырамыз.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
АӘД пән мұғалімі Айдаров Нұрлан мектеп
директорына баяндау жасайды.
Нұрқасен:
Даламдай кең түсінігі, ұғымы
Қазаққа тән мінезі мен қылығы
Бибайым апайдың сом алтындай ұл - қызы,
Алдарыңызда он бірінші "Ә" сыныбы.
Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «ә» сынып жетекшісі: Қойлыбаева Бибайым апай есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз.
Ақерке:
Тарихы терең қазақ деген көне
елде
Ел белгі де ерлік, өрлік,
өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер
халықта
Кім сенеді ту болмады
дегенге?!
Нұрқасен:
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің
қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР мемлекеттік туын
алып шығу құрметіне мектеп бітіруші түлектер, үлгілі
оқушылар
11 «Ә» сынып
оқушысы Салыбай Байаман. Ассистенттері: 11 «А»
сынып оқушылары Саттыкова Бану, Түзел
Гүлманап.
Ақерке:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер
әнұран
АӘД пән мұғалімі
Айдаров Нұрлан: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік
тұрындар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
енгізілсін!
(ҚР туы енгізіліп,
әнұраны айтылады)
Нұрқасен:
Қазекем қонақ десе
көсіледі,
Мұндайда жай түйіні
шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ
деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Аудандық білім бөлімінің бас маманы
Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрағасы: Султаханов Меделхан ағай
Абай ауылы әкімі апаратының салық инспекторы Дауылов Жақыпбек ағай
Ақерке:
Балдәурен балалық шақпен қоштасып, болашаққа
қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл
ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге
тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл.
Биыл республика көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар
аталып өтілуде. Атап айтар болсақ, Бұл жыл
–
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл
- Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында. Қазақстандық спортшылар 11 алтын
8 күміс 17 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.
Нұрқасен:
2017 жылғы 10
маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз
есігін айқара ашады. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам
халықаралық ұйым қатысады.
ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ
энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын
әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын
білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру,
пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды
барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету
білімін қалыптастыру.
Ендеше бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмтылмас
тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі
сақталмақ.
Ақерке: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың
арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен
күн.
Нұрқасен:
Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің
қимастық кешкен күн.
Ақерке: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем
деген күн.
Нұрқасен:
Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем
деген күн.
Ақерке: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған
күн.
Нұрқасен:
Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған
күн.
Ақерке:Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы
рет топталған күн.
Нұрқасен:
Бүгін - арман қуып алысқа аттанған
күн.
Ақерке: Бұл
күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі
өшпейтін күн.
Нұрқасен:
Ендеше, сәт сапар, жас
түлектер!
Ақерке:
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті
мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас
қырандар
Аттанып барады өмір
көктеміне
Нұрқасен:
Білімді шәкірттерін
аялаған
Жақсылығын ешкімнен
аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас
ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы,
ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс –
балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ.
Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау
мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым,
қала берді апалық қамқорлығым деп түсінген қимас сәтте өздеріңе
арналған алғашқы құттықтау сөзі мектеп
директоры Селтанова Бейбіткүл Алтынбекқызына
беріледі.
(Мектеп директоры сөз
сөйлейді)
Ән «Ассалому алейкум» орындайтын 7ә сынып оқушылары Орынбек Мерей, Әбдізупар Дастан
Ақерке:
Арман ойлар жеткізбеген
аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас
қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын
көргенде
Асыл аға тілегіңді
аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті
қонақтарына сөз береміз:
Сарыағаш ауданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері Алыбаев М.
Абай ауылы әкімі апаратының жер маманы Полатов Серік
Абай ауылы әкімшілігінің инспекторы Қамбаров Қыдырбай
Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрағасы: Султаханов Меделхан ағай
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Нұрқасен:
Күмбірлей күй естілсе
домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған.
Ән "Туған жер" орындайтын 1ә сынып оқушысы Бектөреш Ұлмекен
Ақерке:
Ажырамай мектептен бір елі
сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Құттықтау сөз мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрағасы Бектан Залбек
ағайға беріледі.
Ән: «Бол жанымда» орындайтын 4ә сынып оқушысы Аляухан Саян
Нұрқасен:Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау
мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру салтанатты рәсімін бастауға
рұқсат етіңіздер.
Аманат ту тапсырушы: 11
»Ә» - сынып оқушысы Салыбай Байаман. Ассистенттері: 11 «А» сынып
оқушылары Саттыкова Бану, Түзел Гүлманап.
Ақерке: Аманат ту
қабылдаушы:үлгілі оқушылар 10 «А» - сынып оқушысы Әбдікерімұлы
Асан. Ассистенттері: 10 «А» сынып оқушысы Мырзабекова Сабина, 10
«Ә» сынып оқушысы Аримкулова Әйгерім
(Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 10
сынып оқушыларына тапсыру рәсімін
орындайды.)
Аманат ту тапсырушының
сөзі:
Егеменді еліміздің туын биік көтеріп, әрқашан алдыңғы
қатарда сапалы білім, саналы тәрбие алуларыңа сенім білдіріп туды
сендерге тапсырамын!
Аманат ту қабылдаушының
сөзі: Біз 10 сынып оқушылары:
Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып.
Егеменді еліміздің туын
биік көтеріп, әр қашан алдыңғы қатарда саналы білім, сапалы тәрбие
алуға ант береміз! ( Аманат
туын қабылдаған оқушылар орындарына барып
тұрады)
Нұрқасен:
Еліңді таң қалдыршы ұлы
істермен,
Қатарына қаймықпай
құрышты ерген.
Туды
биік көтеріп қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда
жеңістермен
Ақерке:
Мойытпасын қиындықтар
сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан
белдерді,
Біліміңмен қуантсаңдар
мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар
елді енді.
Нұрқасен:
Абзал жандар биік тұлға
байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне
беріледі.
Ән «Қазағым ау» орындайтын 5а сынып оқушысы Әбдіқайымов Әлихан-
Нұрқасен: Құрметті түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 8,9,10 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз (8,9,10 сынып сөз сөйлейді)
Ақерке:
Әлі есімде әліппені
ашқаным,
Есіміңді мәңгі есте сақтадым.
Жүрегіме нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып
Нұрқасен:
Қоңырау сыңғыры көңілді
тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан
Жүректе ешқашан өшпейді.
Түлектердің алғашқы ұстазы қолға қалам алдырып 42 әріпті
үйретікен Рысай апай
мен Замира апайға сөз кезегін
берелік.
9 «Ә» сынып оқушыларының орындауында би.
Нұрқасен:
Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ
бағаңның,
Айтыңдаршы, таласады оған кім?
Еленуде елге істеген еңбегің,
Айтады алғыс шәкірттерің саған мың.
2015-2016 оқу жылының қортындысы туралы мектеп басшысының
бұйрығымен таныстыру үшін сөз кезегі директордың оқу- тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Абилмажинова Күнсұлу апайға
беріледі.
( Үздіктерді марапаттау-
Бұйрық оқылғанда директор грамоталарды береді, громата алған
оқушылар ол жерге сапқа тұрады.Олар туралы өлең оқылғанда сапты
айналып орындарына барады.)
Ән «Адастырма» орындайтын 7ә сынып оқушылары Рахимова Балнұр, Шымат Айдана, Қалтұрсын Бибінұр, Жүнісбекова Мөлдір.
Ақерке:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз – ғалым, толастамас мәңгі
сын.
Тыншымайтын асыл жандар
аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің
алғысын
Нұрқасен: Ата – ананың өмірінің жалғасы,
Ұстазының енді толған арнасы.
Өмір бақтың пісіп тұрған алмасы,
Түлектерім сөйлейді.
Кең пейіл мен ақ арманнан
нұр алған,
Туған жердің бақытына жаралған.
Орын табар бақыт деген аралдан,
Жүректерің не дейді ?
Түлектерім сөйлейді.
Мектеп түлектеріне сөз кезегін берейік.
Сөз кезегі мектебіміздің 11 а,ә сынып оқушыларына беріледі.
11а,ә сынып оқушылары.
Ақерке:
Тіршілік тілін
білетін,
Баланы шексіз сүйетін.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Тілегін күнде тілейтін.
Әкелер де асқар тау,
Аналар да бір жалғау.
Ешкімге тең келмейтін.
Нұрқасен:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата
алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы
Ақерке:
Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін құрметпен:
-
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
-
–––––––––––––––––––––––––
-
–––––––––––––––––––––––––
Нұрқасен:
Көрмеген артық сөйлеп
артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
«Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді.
11 а сынып вальсі
11 ә сынып вальсі
Ақерке: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар. Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау. Сәт сапар, саған жас түлек!
Нұрқасен:
Гүлдерге толып
омырау
Түлектер тойын
тойлайды.
Қағылмақ соңғы
қоңырау
Қаққызбай өмір
қоймайды
Ақерке:
Бәрі – сын, араласың, өмір
аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда
қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен
күннің,
Дауысын естігенде
қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін
шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы
үнін
Нұрқасен:
Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне мектебіміздің 11ә сынып оқушысы Оңғаров Темірхан мен 1ә сынып оқушысы Абдуллажан Тариғат беріледі.
(Қоңырау соғу
сәті.)
Музыка әуені.
(Көгершіндер ұшырылып, 42 шар көкке
жіберіледі.)
Шар
ұшыру сәті мен ақ көгершін ұшыру сәтін тамашалау. Ұстаздар мен
қонақтарға гүл шоғын ұсыну.
Ақерке:
Бірлік деген даналар мен
кемеңгер
Бір - біріңді әрқашанда
елеңдер
Түрлі асу жолдарында
тағдырдың,
Бір - біріңе сүйеу болып
демеңдер.
Нұрқасен:
Сонда естілер ел жұртыңның нұрлы
үні,
Сонда жеңер мына өмірдің
шындығы.
Әуелетіп аспанға шар
ұшырдық,
Ол бірлігің, мәңгі бірлік
символы!
Ақерке:
Қоштасады ұшқан ұяң –
мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер
көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол
бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға
жеткенін.
АӘД пән мұғалімі Айдаров Нұрлан: Оқушылар, түзеліңдер, тік тұрыңдар! Мектеп Туына теңеліңдер! Мектеп Туы әкетілсін!
Нұрқасен:
Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата -
аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар!
«Сыңғырла, соңғы
қоңырау!» атты салтанатты жиынын
жабық деп жариялаймыз!
Ақерке: Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы
демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен
жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас
түлектер!
Нұрқасен:
Мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге
42 түлек жолдама алды: 42
арман, 42 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған
мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер
қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын,
жас түлектер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген