жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Құлыншақ" ортаңғы топ Наурыз мерекесі
«Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы
Тақырыбы;

«Құлыншақ» ортаңғы топ

Тәрбиешілер:Тулпаисова Г.Ж
Молдабекова А.Н
Басши ауылы
2016-2017 оқу жылы
« Наурыз келді» ертеңгілігі.
Балалар залға көңілді ән-күймен, кіреді .
Жүргізуші:Құрметті қауым!
Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Күн мен айға әлемнің,
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйсеніп,
Сәлем берем иіліп!
Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды.
Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.
Наурыз – жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні.
Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.
Тойдың көркі ән дейді халқымыз
Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
Ән: «Қош келдін төрлет - Наурызым» орындайтын Аяжан
Тақпақтар:
Наурыз тойы –елдің тойы. Бексұлтан
Көктем тойы –төлдің тойы.
Әжеме еріп наурызда.
Араладым туыстарды да.
Жасасын деп ұлыстың Наурыз! Дамир
Құтты болсын айтты атамыз.
Барлық үйге кіріп шығып,
Барлық үйден дәм татамыз!
Наурыз келді тойға ұласқан! Маруа
Наурыз тойы құтты болсын!
Ырыс тасып берекелі
Өмір сүрсін бақытты елім!
Музыка залға бір бала атқа мініп шауып келген «Сүйінші, сүйінші» Бағдат апамның ауылында той басталды.Келіңіздер! Көрініздер! Қуанышқа ортақ болыңыздар –деп жар салады.
Тәрбиеші:Міне ботам, сүйеншініңді алағой деп оған ырымын беремін.Ал балалар ендеше Бағдат апамның ауылына тойға барайық.
Сара апамның ауылына келдік:
Ақ әже: Сәлеметсіздер ме, ботақандарым! Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Міне наурыз мейраммен менің немерем беске толып отыр, ол енді жігіт болды енді міне «Ашамайға мінгізу» тойда бірге келіп қалды!
Кіріңдер, төрлетіңіздер, жоғары шығындар.
Ашамайға мінгізу
(салт). Баланың сана-сезімін жетілдіру
үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу
болып табылады. Жас бала есі кіріп, 5 жасқа келген соң оған жеке
тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп "сен азамат болдың" деген сенім
ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп,
жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында
мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке
,адамгершілікке, тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдарының
бірі – осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осындай қуанышты
сәтте ақсақалды атасы баласына:Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақжол болсын –
Жүргізуші: Әже, біздің балалар наурыз мейрамына тақпақтар дайындап жаттап келген тойынызға шашу болсын.!
Тақпақтар:
Шаттығымыз-жырымыз. Т. Көркем
Жаңа наурыз-жылымыз
Ақ тілеумен осындай.
Бақ боп үйге кіріңіз.
Арпа, бидай бастаған Аңсар
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден.
Бұл тойдағы бас тағам!
Тәрбиеші; Балалар Наурыз мерекесіне қандай дайындықтарың бар? Бұл тойда қандай тағам даярланады?
Балалар: Наурыз көже
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Наурыз 7 компоненттен тұрады. Оларды атап өтейік.
Балалар: Ет, сүт, айран, құрт, бидай, тұз, су.
Жүргізуші: Дәстүр бойынша Наурыз көжені өзіміз дайындаймыз.
Ойын: «Наурыз көже» ойыны өткізіледі..
Би: «Батырлар биі»
Міне біздің Отанымыз! Әлібек
Отан деген не өзі?
Оның толық түс кейпін,
Апа білгін келе ме?
Ата бабам тойлаған, Інжу
Наурызым армысын.
Қызығына тоймаған,
Дала дархан,қарлы шың.
Отанды жас кәрімізде, Аяжан
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде,
Туып өмір сүреміз
Әке деген әке ғой, Айнұр
Ана деген ана ғой.
Тілегенді орындайтын,
Әке менен ана ғой.
Кім үлкенді сыйласа, Бақтияр
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезде,
Сыйлы болмақ өзіде.
Әже: Дамир немеремнің « ашамайға отырар» алдында балалар қандай тілек айтар екен
Балалар:Бақытты болсын!
Дені сау болсын!Роза Рымбаевадай әнші болсын!
Әже: Рахмет қарлығаштарым!
Әже біздің балалар Дамир немеріңізге арнап ән дайындады.
Ән: «Наурыз »
Әже:Ой құлындарым, ботақандарым қандай жақсы ән айттындар, рахмет сендерге көп жасандар.
Музыка залға Тазша бала келеді.
Сәлематсіздер ме? Мен Тазша баламын осы ауылда той болып жатқан естіп мен де келіп қалдым. Мен өзімен бірге ойындар әкелдім. Қандай наурыз мейрам ойынсыз өтеді.Сондықтанда қазір біз ойын ойнаймыз.
Ойын: «Арқан тарту», «Асық ату ».
Тақпақтар:
Келіңіздер, келіңіздер! Бағашар
Бәйге мен айтыс болады,
Осы мейрамда көрсетіңдер,
Бойдағы бар өнерді.
Баяу самал еседі, Бағжан
Сиқырлы қобыз секілді,
Үлкендер де жастар да ,
Наурызға асығып кетеді.
Сіздерді ерекше бір той күтуде, Б. Коркем
Наурыздық, шұбат, қымыз бар.
Бауырсақпен балдай шайда бар,
Келіңдер бірің қалмаңдар!
Ән: « »
Әже:Батасын береді.
Жүргізуші; Балалар сендер білесіндерме, біздің ата бабаларымыз ежелден мал баққаң , төрт түлік малмен берекелі ел болғаның?
Төрт түлікке қаңдай жануарлар жататының білесіндерме? Сол төрт түлік туралы тақпақтарынды айтындаршы.
- Қошақан-ау, қошақан, Айсұлтан
Неден болдың шошақан?
- Қадалып қап ошаған,
Содан болдым шошақан
Лағым-ау, лағым, Айша
Неден шұнақ құлағың?
-Құлағымды сыладым,
Содан шұнақ құлағым.
- Торпағым-ау, торпағым, Каусәр
Неден болдың қорқағым?
- Қалбаңдаса қалпағың,
Содан қатты қорқамын.
Құлыным-ау, құлыным, Мадина
Неден сұлу тұлымың?
- Сіміріп су тұнығын,
Содан сұлу тұлымым.
- Ботақан-ау, ботақан, Балжан
Неден болдың момақан?
- Мен де өзіңдей балақан,
Момындықты жаратам.
«Қазақ биі» қыздардың орындауында.
Наурыз келсе әр үйге, Ерхан
Қуанады дүйім ел.
Қарияға, сәбиге,
Сыбағасын, сыйын бер.
Шұғылалы нұр көктем, Адина
Осы айменен келгендей.
Ақындарым жыр төккен,
Келешекке сенгендей.
Наурыз айы береке, Мөлдір
Ырыспенен толғандай.
Мерейі мол мереке,
Қолға бақыт қонғандай
Өзбек халқының биін қабыл алыныздар.
«Өзбек биі» «Құлыншақ» тобының қыздары.
Жүргізуші; Мереке кезінде әр үйде дастархан жайылады қонақтар келіп астан дәм татады. «Ас атасы нан» , «Ас бар болса ән де болады» деп айтамыз, біздің балалар ас туралы көп тақпақтар біледі тамашалайық!
Ерте тұрып таңнан, Мерей
Пісірді апам ақ нан.
Кетер емес әлі,
Таңдайымнан дәмі.
Мынау тұрған қай талқан, Мейірлі
Жеңгем түйген май талқан.
Ауызға оны салғандар
, Қақалып тек қалмаңдар.
Көп адамдар білмейді, Н.Мадина
Ішсе шәйін үрлейді.
Ыстық шәйға май қосса,
Бірден ауыз күймейді.
Май алады сүттен, Алішер
Құрт алады сүттен.
Сүт алады молырақ,
Малын баптап күткен.
Қатты құртты жейміз, Әлінұр
«Дәмі қышқыл» дейміз
. Салма артық күшіңді,
Сындырасың тісіңді.
Атамның да тісі жоқ, Мухаббат
Апамның да тісі жоқ.
Тәтті ірімшік жинаймын,
Екеуіне сыйлаймын.
Құрметті ата-аналар, балалар мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Баяу самал еседі,
Сиқырлы қобыз секілді,
Үлкендер де жастар да ,
Наурызға асығып кетеді.
Келіңіздер, келіңіздер!
Бәйге мен айтыс болады,
Осы мейрамда көрсетіңдер,
Бойдағы бар өнерді.
Шаттығымыз-жырымыз.
Жаңа наурыз-жылымыз
Ақ тілеумен осындай.
Бақ боп үйге кіріңіз.
Арпа, бидай бастаған
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден.
Бұл тойдағы бас тағам!
Наурыз тойы –елдің тойы.
Көктем тойы –төлдің тойы.
Әжеме еріп наурызда.
Араладым туыстарды да.
Жасасын деп ұлыстың Наурыз!
Құтты болсын айтты атамыз.
Барлық үйге кіріп шығып,
Барлық үйден дәм татамыз!
Наурыз келді тойға ұласқан!
Наурыз тойы құтты болсын!
Ырыс тасып берекелі
Өмір сүрсін бақытты елім!
Лағым-ау, лағым,
Неден шұнақ құлағың?
-Құлағымды сыладым,
Содан шұнақ құлағым.
- Қошақан-ау, қошақан,
Неден болдың шошақан?
- Қадалып қап ошаған,
Содан болдым шошақан.
- Торпағым-ау, торпағым,
Неден болдың қорқағым?
- Қалбаңдаса қалпағың,
Содан қатты қорқамын.
Құлыным-ау, құлыным,
Неден сұлу тұлымың?
- Сіміріп су тұнығын,
Содан сұлу тұлымым.
- Ботақан-ау, ботақан,
Неден болдың момақан?
- Мен де өзіңдей балақан,
Момындықты жаратам.
Наурыз келсе әр үйге,
Қуанады дүйім ел.
Қарияға, сәбиге,
Сыбағасын, сыйын бер.
Шұғылалы нұр көктем,
Осы айменен келгендей.
Ақындарым жыр төккен,
Келешекке сенгендей.
Наурыз айы береке,
Ырыспенен толғандай.
Мерейі мол мереке,
Қолға бақыт қонғандай.
Нан
Ерте тұрып таңнан,
Пісірді апам ақ нан.
Кетер емес әлі,
Таңдайымнан дәмі.
Талқан
Мынау тұрған қай талқан,
Жеңгем түйген май талқан.
Ауызға оны салғандар
, Қақалып тек қалмаңдар.
Сары май
Көп адамдар білмейді,
Ішсе шәйін үрлейді.
Ыстық шәйға май қосса,
Бірден ауыз күймейді.
Сүт
Май алады сүттен,
Құрт алады сүттен.
Сүт алады молырақ,
Малын баптап күткен.
Құрт
Қатты құртты жейміз,
«Дәмі қышқыл» дейміз
. Салма артық күшіңді,
Сындырасың тісіңді.
Ірімшік
Атамның да тісі жоқ,
Апамның да тісі жоқ.
Тәтті ірімшік жинаймын,
Екеуіне сыйлаймын.


Фотокөрме.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген