400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құм мінезі О.Бөкей

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне және де іс-тәжірибеден өтушілерге әдебиеттік оқу сабағын өткізуде керек болады. Сабақ жоспары 4 сыныпқа арналып жасалған. Сабақ жоспары кесте бойынша, жаңашыл технологиялармен қамтылған. Балаларға қызықты болу үшін тапсырмалар, ой-толғанысқа арналған тапсырмалар қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Бейсембаева А.Е.

Сынып 4 «А»

Пәні әдебиеттік оқу

Қатысқандар саны:...........

Қатыспағандар саны: ..................

Сабақ тақырыбы:

«Құм мінезі» О. Бөкей

Сабақ мақсаты:

Құндылықтарды дарыту.

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысу. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту.

Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету.

Оқушыларды отансүйгіштікке, кітап пен білімді өзінің алдына мақсат етіп қоятын жан дүниесі сезімтал да адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысады.

Оқушы ойын ашық жеткізе біледі.

Мәтінді талқылайды.

Мәтіннің негізгі идеясын табады.

Әдіс -тәсілдер:

жүйелеу, салыстыру, іздендіру

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, қазақ тілі.

Қажетті құрал- жабдықтар

О. Бөкей портреті, суреттер, сызба.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың жоспар - ланған кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Оқушылармен амандасу

ә) Психологиялық дайындық

Армысыңдар!

Күйлі- қуат бармысыңдар!

Жақсылыққа жармысыңдар!

Ауыл- аймақ аман ба,

Аман ба, ата- аналарың?

Сабаққа дайындалады, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындайды.

Үй тапсырмасы -мен байланыстыру

1. «Мұхаң да футбол ойнаған» мәтінің негізгі идеясы, қысқаша мазмұны

2. Мұхаң өнерін автор қалай суреттеген?

3. Сол замандағы «Жарыс тобының» басты жетістігі неде деп ойлайсың ?

Оқушылар тапсырмалар бойынша жауап береді.

Қызығушылықты ояту

Құм деген не? Олардан не өндіріледі?

Құм – ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді тау жынысы. Құрамында әр түрлі минералдар мен тау жыныстарының түйіршіктері бар.

Пайда болу тегі жағынан құмдар бірнеше топтарға бөлінеді:

Көлдік теңіздік флювиогляциалдық (сулық-мұздық) элювийлік делювийлік

пролювийлік және эолдық (желдік).

Түйір мөлшеріне қарай жіктелуі

Өте ұсақ түйірлі Ұсақ түйірлі Ірі түйірлі

Саз алеврит мөлшерінің молаюына қарай алевритті құм,сазды құм болып ажыратады.

Түстері

Құрамындағы тау жыныстарының, минералдардың және олардың сыртын қаптаған әр түрлі минералдық заттардың түсіне сәйкес құм ақ, сары, қоңыр, қара, қызыл, т.б. түсті болады.

Пайдаланады - автомобиль және темір жол құрылысында, бетон, цемент ерітіндісін даярлауда, силикаттық құрылыс материалдарын өндіруде, құю өндірісінде (формалық құмдар), отқа төзімді материалдар (динас), фарфор - фаянс, әйнек, абразивтік материалдар (қайрақ, егеу) өндіруде.

Осы сұрақ арқылы оқушылар пікірлерін білдіреді, ойларын айтады.

Жаңа сабақ









«Құм мінезі» әңгімесін оқу

Автор туралы мәлімет

Өмір сүрген жылдары: 28. 09 1943ж –

17. 05 1993ж.

Туған жері: Шығыс Қазақстан обл.

Катонқарағай ауд.

Шыңғыстай ауылы

Мансабы: Жазушы-драматург, журналист,

ҚР мемлекеттік сыйлығының

лауреаты

Шығармашылығы: 1970 ж. «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері, 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармасы жарық көрді.

Оралхан Бөкей шығармаларының тақырыбы әр алуан, баяндалатын оқиғалардың ауқымы кең. Бүгінгі сабақта қаламгердің белгілі шығармаларының бірі «Құм мінезі» повесінен үзінді оқып, танысамыз. Мұнда адам өмірі суреттеледі. Ол адамдардың өзара қатынасы, қоғамға, қоршаған айналаға көзқарасы арқылы көрсетіледі. Мәтінде бас кейіпкер рөлінде Бархан суреттеледі.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқу

Мәтінмен жұмыс

І топ: Қойшы Барханның ішкі ойларын тауып оқып, оның көңілін алаң еткен мәселені анықта.

ІІ топ: Мәтіннен қазақ халқының жерге деген сүйіспеншілігін тауып оқы.

ІІІ топ: Құм мен Барханның диалогын тауып оқып, мазмұнына мән бер. Бархан нені түсінгісі келеді? Құмның жауабы арқылы оның сезімдерін аша түс.

Дәптермен жұмыс

Құмдағы өсімдіктер мен жануарлар мәселесін қалай шешуге болар еді?

Автор туралы білетіндерін ортаға салады, білмегенін біледі.

Бір-біріне сұрақтар қояды, талқылайды.


























Оқулықпен жұмыc жасайды.

Мәтінді оқиды; мағынасын ұғады.


Түсініксіз сөздерді айтады.

Мәтінді талдайды.

Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасап, қорғайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Жұпта топта талқылайды. Жоба жазады

Сергіту сәті

«Көңілді күн» би қимылы

Сергіп қалады

Шығармашылық тапсырма

Топпен жұмыс.

І топ: Құмға өз атыңнан хат жаз.

ІІ топ: Барханға өз атыңнан хат жаз.

ІІІ топ: Құмның атынан Барханға хат жаз

Топта жазып, қорғайды.

Бекіту

Қандай мәтінмен таныстық?

Мәтін не туралы?

Жазушы құм табиғатын қазақ халқының тіршілігімен қалай салыстырған?

Қорытынды жасайды және пайда болған мәселелер мен сұрақтарды анықтайды

Бағалау

Оқушы белсенділігіне орай бағалау.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады

Үйге тапсырма

60-62, 63-65 бет түсініп оқу. О. Бөкей туралы мәлімет жинау.

Күнделіктеріне жазады

Кері байланыс

  • - Бәрі де түсінікті. -Мен есте сақтадым -Сұрақтар пайда болды -Түсінбедім

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын стикер арқылы кері байланыс жасайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
875
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі