ҚҰМ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Білім мен ғылымды
инновациялық-технологиялық бағытты дамыту мақсатымен ХХІ ғасыр
табалдырығын аттауымыз – үлкен үміттің басты нышаны. Егеменді елдің
жас ұрпақтарын жаңа бағытта тәрбиелеу, талапқа сай білім беру -
бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселесі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына арналған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
жолдауында былай деген: «Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға
бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі
мақсаттарының бірі – жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы баланың
бойында шығармашылық ойлау, бастамашылықты дамыта отырып жеке тұлға
тәрбиелеу.
Ой -өрісі жаңашыл,
шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,
жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына инновациялық технологияларды
ендіру секілді білім беру үрдісін жаңарту жұмыстары қолға алынды.
Оқыту жүйесіне инновациялық технологиялар негізінде әзірленген
ақпараттық технологиялар, электронды оқу-әдістемелік кешендері
енгізіліп жатқаны жөнінде баршамыз
хабардармыз.
«Инновация» сөзі жаңашылдық
дегенді білдіреді. Қазіргі заманға сай адамның жаңа қиялы, жаңашыл
идеялары, бастамалары. Жаңашылдық қай сала мамандарына болса да
қажет, сондықтан оған ерекше дайындықты қажет
етеді.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың саусақ бұлшық еті мен тілін дамытудағы педагогикалық
іс-әрекеттегі жаңашыл технология – құм ойындарының маңызы
зор.
Құм терапиясының негізін
қалаған психотерапевт, аналитикалық психотерапияның қалаушысы Карл
Густав Юнг.
«Баланың икемділігі мен
дарынының қайнар көзі – оның саусағының ұшында» -деген
В.А.Сухомлинский.
Саусақ бұлшық еттерінің даму
икемділігінің ерекшелігі – баланың келешек өміріне керекті нақты
қолдың, саусақтың қимыл-қозғалыс икемділігі оның киініп-шешінуіне,
сурет салу және жазуды, сондай-ақ көптеген тұрмыстық іс-әрекеттерді
орындай білуінде. Құммен жұмыс балаларға өте ұнайды. Құмға арналған
әртүрлі пішіндер, құмсалғыштармен тәрбиеші ойынды одан әрі
әрлендіріп, бала қиялын дамытады.
Құммен ойын-сабақтар
өткізгенде төмендегідей негізгі шарттарын есте сақтау
қажет:
-
Баланың ынта-ықыласының болуы,
келісімін алу, олардың құм ойындарына оң көзқарасын
тудыру;
-
Ойын-сабаққа тәрбиешінің
ерекше дайындығының болуы, оның шығармашылықпен
қарауы;
-
Баланың қолында, денесінде
жарақаттың болмауын қадағалау, құмға қатысты ауруларының жоқтығына
көз жеткізуі;
-
Алғашқыда тәрбиеші құммен
жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін өзі көрсетуі қажет, бала қайталаушы
болады;
-
Жұмыс барысында баланың
пікірін, салыстыру қабілетін дамыту, дене арқылы сезіну сәтіндегі
өзгерістерді назардан тыс қалдырмау қажет;
-
Ойын-сабақ соңында дымқыл
құмды кептіру, залалсыздандыру қажет, құрғақ құмды тегістеп,
тазалап, су бүркіп кету қажет;
-
Құмдағы ойын тәртібінің
сақталуын тәрбиеші қадағалауы қажет;
Құм
ойындарының жабдықтарының
жиынтығы (саңылауы бар пластикалық
ыдыста сақталады):
-
Құм салынған ағаш жәшік немесе
пластмасса леген;
-
Күректер, елеуіш, түрлі
шамадағы әр алуан пластикалық кескіндемелер (геометриялық пішіндер,
жануарлар, транспорттарды бейнелейтін);
-
Қалыптар;
-
Әр түрлі адамдарды бейнелейтін
кішкентай резенке қуыршақтар (биіктігі 5-10 см), түрлі жануарлар
мен өсімдіктер, транспорттар;
-
Ойыншық ыдыстар мен кереуеттер
жиынтығы, түрлі ғимараттар;
-
Қол жетімді заттар:тастар,
бұтақшалар, таяқшалар, үлкен түймелер, шырын ішуге арналған іші
қуыс таяқшалар;


Тиімділігі:
-
Педагогикалық тұрғыдан жүйелі
жұмыс ұйымдастырылады;
-
Жеке және ұжыммен жұмыс
жасауға бейімделеді;
-
Саусақ бұлшық етінің
дамуы;
-
Зейіні мен есте сақтау
қабілеті артады;
-
Сөздің қорының дамуы (мысалы:
ыстық-суық, құрғақ-дымқыл, қатты-жұмсақ,
тегіс-бұжыр);
-
Шығармашылық қабілеті өте
жақсы дамиды, дүниетанымы кеңейеді;
-
Жағымды көңіл-күйдің
артуы;
Нәтижесі:
-
Бала оң жетістіктерге қол
жеткізіп, жаңа тәсіл іздейді, ойы өрбейді;
-
Оқиғаның желісін ретімен айта
біледі;
-
Тәжірибесін келешекте
қолданады, өзгемен бөліседі;
-
Қорытынды жасай
біледі;
«Ойында озған, өмірде де
озады» деген аталы сөзге сүйенсек, мектеп жасына дейінгі баланың
бойындағы ойынға деген құлқы есейгенде де көрініс табады, жалғаса
береді. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілін дамытуға,
шығармашылықпен әрекетін байытуға бағыт
алады.