ЕСЕНОВА ЛЯЗЗАТ САЙКОМОВНА
Ж.досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі педагог – психологы
«ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН» ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
«Біздің ойлап жүргенімізді қолымыздың көмегі арқылы шешуге болады»
Карл Густав Юнг
«Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді.
Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. Жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып , тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін. Ғаламторда құм жайлы көптеген мағлұматтар бар. Соның ішінде менің тапқаным құммен ойын туралы 1929 жылы Англияның педиатры Маргарет Ловенфельд жазған екен. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өзерінің жасағандарын «менің әлемім»деген екен және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған екен.
Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған.
Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген. «Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора Калф.
Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Оған қажетті материалдар мен жабдықтар:
Бала құм терапиясында тек қана қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.
Құм терапиясының маңыздылығы:
-
Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
-
Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің көрсетеді.
Қоғамда балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шындамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеу, байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардық денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен теледидар алмастырады. Мұғалімдерге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тобымызда балалардың сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін - өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамыз. Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады,. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.
Құм терапиясының әдістерінің маңыздылығы:
Құм терапиясында стандартты өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.
«Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады.
Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Калф – «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды» деген негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды, онда бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді көрсетеді.
Құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алғашында құммен сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік, себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге болады. Бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен секілді қалаларында мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға арналған құммен сурет салу өнерін үйрететін студиялар ашылуда. Құммен сурет салу – өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Сурет салудың басқа да түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қиялын, кеңістікті қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамытып, әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді. Құм терапиясы — ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор. Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, тұз сияқты басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Саусақпен өріліп, құмның көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа ие.
Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.
Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері:
-
Әңгімелесу
-
Түрлі – түсті құммен сурет салу
-
Танымдық ойындар
-
Коммуникативтік ойындар
-
Пікірталастар
Құм терапиясы негізгі принциптері:
Шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау.
Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.
Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру.
Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес, ол балаларға өз әлемін ашуға көмектеседі. Құммен сурет салу көркемэстетиканы дамытуға көмектеседі. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы ,координацияны, танымдық процестерді жақсы дамытады.
Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм, жануарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.
Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.
Құммен сурет салу – бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады.
Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері –жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс.
Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі . Құммен сурет салу өте қызық іс болғандықтан, мен өзім бірнеше жұмыстар жасап көрдім. Содан сыныптастарыма айтып бөлістім.
Терапия – емдеу деген ұғымды білдіреді, ал құм терапиясы – бұл құммен емдеу, ол жерде ешқандай дәрі де қажет емес.
Пайдаланылған ресурстар:
-
Http://nsportal.ru/ap/library/drugoe/2014/11/03/kum-terapiya
-
Сакович Н. А. Технология игры в песок. Игры на мосту. — спб.: Речь, 2006.
-
Юнг К. Г. Практика психотерапии. Минск: Харвест, 1998
Сабақтың тақырыбы: «Күн» /Құм
терапиясы/
Мақсаты:
• Қөніл – күйіді
бағалау;
• Жан – жақты психиқалық процестерді дамыту:
қабылдау, есте
сақтау,
көңіл аудару, елестету, кенестік бағдарды
үйрету және қолдың ұсақ моторикасын
дамыту;
Әдісі:
әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу,музыка,арт
терапия.
Құралдар: үстел-ваннасы (бір бөлігінде
құм,бір бөлігінде су болады),қалыптар,(дөңгелек пішінде),қатырма
қағаздан ойылған күн мен
бұлт,айна.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезең
II. «Күнбағыс» қөңіл – күй
диагностикасы.
Сәлеметсіңдер ме
,балалар!
Жұмбақ.
Жұрттың бәрі соңы
сүйеді
Бірақ қарағасы
келмейді.
/Күн/
Қуанатын күн
келді,алақай!
Қуанатын күн
келді!
Күліп шықты күн
бүгін!
- Балалар бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге
жарық,жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ, күніміз қиын бір
жағдайға ұшырап қалған сияқты ғой.Жарық,жылу,беретін күнімізге
көмектесеміз бе? Қанеки,балалар аспанға қарайықшы. Күнді көріп
тұрсыңдар ма? Бұлттар күнді бізге қарап жібермей тұр. Күнді құтқару
үшін барлығымыз бірге сыйқырлы сөздерді
айтайық.
Көк аспанда күн
күлсін,
Бірге күлсін
бүлдіршін
Көк аспанда күн
күлсін,
Жерге ұдайы нұр
құйсын
Балалар, сыйқырлы сөздер арқылы күнді бұлттан
құтқардық.Күнге қарайықшы. Күн сіздерге күлімсіреп тұр. Күн
сіздерден сұрайды:«Менің жарық пен жылу беретін сәулелерім
боласыңдарма?»-деп сұрайды.Сендер келісесіңдер ме?Сендер сәуле
болдыңдар. Сәулелер күнмен бірге тұрып, жер бетіне адамдарға
,өсімдіктерге,жануарларға ,жарық пен жылу бересіздер. Енді ол ролді
ойша сендер
орындайсыңдар.
Ал қане жылу шашып көрелік. Жер беті,адамзат
түгелі құлпырып, жанарланып тұр ол сендердің сәулелеріннің
арқасында.
- Балалар ,сендер нағыз күн сәулесіне
айналғыларыңыз келе ме? Ол үшін мына айнаны түсіру арқылы сыйқырлы
сөздерді айтамын (айнамен балаларға күн сәулесін
түсіреміз)
Күлімде, күн
күлімде!
Күлсін барлық бала
шат.
Берекелі
бүгіндей,
Бейбіт болсын
болашақ!
- Міне сіздер нағыз күн сәулесіне
айналдыңыздар. Енді күн жаттығуын
орындайық.
• «Күн»
жаттығу.
Міне, күн де шықты
/тұрасындар/
Жоғары, жоғары, жоғары /Қолдарын жоғары
көтеіп
созасындар.
Батып барады күн еді (қолдарын төмен
түсіресіндер)
Төмен,төмен, төмен (бір орында тұрып
жүресіндер)
• «Күн мен жаңбыр»
ойыны.
• Ойынның шарты: Музыка ойнайды.Балалар би
қимылдарын салып
билейді.
«Жаңбыр жауды» /дегенде орындарына отырады
әғни үйлеріне
кіреді/.
«Күн шықты» /дегенде үйлерінен билеп
шығады/.
Күн қандай тамаша! /Барлығымыз көнілді
билейік/
Күн жарқырап тұр!/Барлығымыз үйімізге қарай
жүгерейік/.
Күн сәуллелері, сіздер «Құм әлемін» ұмытып
кеткен сияқтысыздар. Енді балалар біз баолығымыз жиналып, «Құм
әлеміне» барып,жарық пен жылу берейік. Ол үшін біз тізбектеліп,
билеп жүреміз.
- Міне, күн сәулелері «Құм әлеміне де келдік.
Осы құмды жылыту үшін мына қалыптар /дөңгелек пішіндер/ арқылы күн
жасайык.
- Жұмысымызды бастамас бұрын, сіздерге «Құм»
тұралы қысқаша мәлімет
беремін.
Құм – нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм –
сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге
болады. Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады. Құм
қосылған саздан кірпіштер және алуан түрлі ыдыстар жасалады. Құм
жол құрылысына жұмсалады, оны цементке қосып, дайындалған лай
ерітіндісін үй салған кезде кірпіштері ұстастырады. Құм маңызды
пайдалы қазба.
- Жұмысымызды бастамас бұрын, алдын ала біз
«Құммен жұмыс кезінде, ережелер тәртібің есіне
алайық.
«Сәлеметсінбе кұм!»
жаттығу.
Ал енді кұммен амандасамыз. Ол үшін
саусактармен, алақанмен сәлеметсінбе кұм деп үстаймыз.осы құмды
жылыту үшін мына қалыптар арқылы күн
жасайық.
Қолымызға дымқыл құмды алып, қалыптарға
(дөңгелек пішінде)салып,сол пішін шығу үшін қалыптарды төңкеріп,осы
қалыптардан шыққан пішіндерден күн жасап
шығарамыз.
Музыка ойналады.Музыка әуенімен күнді қалыпқа
салып
жасаймыз.
Күн сәулелері жарайсыңдар! Енді «Құм
әлемінде» әрқашан күн ашық,жылы
болады.
Менің жарық, жылу беруші күн сәулелерім!
Қазір созып, сәуле шашқандай қимыл жасаңдар. Енді жүректеріңе
қолдарыңды қойып, менімен бірге мына сөздерді айтайық: «Біз
өзімізге бірге барлық үйренген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізде
сақтаймыз»
Сабақты
қортындылау.
Балалар бүгін сендер күні бойы күн сәулелері
болып жүріңдер. Күні бойы сендерден мейірімділік, көтеріңкі
көңіл-күйге толтырып,жылулықтарыңызды шашып,барлық жақсы қасиеттер
ұшқыны шашылып тұрсын. Ол жақсы қасиеттерден ешқашан
айырылмаңдар,олар сендермен үнемі бірге
болсын.
Күлімде
күн,күлімде!
Жер жасарып
көгерсін!
Кешегідей бүгін
де,
Қанат қақсын
көгершін!
Күлімдей
бер,мәңгіге!
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, Қатынас.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, Көркем әдебиет,Айналамен таныстыру..
Тақырыбы:«Құм қаласына саяхат»
Мақсаты: Білімділігі: Өткен сабақтарда өткен математикалық ұғымдарды бекіту, Математикаға деген қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы: Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік : Құм қаласы, ойыншықтар , пирамидалар.
Қос тілдік компонент: Құм – песок,
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері Қол алысып, кәне біз, Достасайық бәріміз Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! |
Балалар бір біріне қолдарын беріп шаттық шеңберді айтады. |
|
Іздену- ұйымдастырушы
|
-Мен сендермен бірге алыс бір сыйқырлы қалаға саяхатқа барғым келеді. Сендер менімен бірге барасындар ма? Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Ол жерге бару үшін мына сөздерді қайталайық, қолдарыңды алдыға созыңдар.
Алақанға қараймыз Жылы сезім табамыз. Ақылды болып өсеміз, Биіктерге жетеміз.
Құмның бетіндегі матаны алады.
Балалар сендермен бірге құм қаласындағы саяхатымызды бастаймыз. Бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды , іздемпаз балалар боласыңдар, бұл қаланың адамдары сендер қандай бала екендеріңді білмей жатыр. Кәне қандай бала болуға болады.
-Ашуланған бала -Жылауық бала -Таңқалған бала - Күлген бала Мінекей қараңдаршы құм баласында да күлген ақылды балаларды жақсы көреді.
Ақылды бала туралы кім маған тақпақ айтып береді.
Ал кір қожалақ кір бала туралы не білесіңдер?
Балалар сендерге бір айта кететін жағдай. Құмды ауызға салуға болмайды Шашуға тағы да болмайды Жеуге болмайды келісеміз бе?
1.Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдар қатты ма жұмсақ па?
Құрғақ құм ба, су құм ба?
2. Балалар құмды да өзіміз сияқты күлдірейікші.
3. Балалар қолдарыңмен құмды алыңдар да ақырындап тырс – тырс жеп жаңбыр жаудырыңдар.
4. Балалар сендер білесіңдер ме осындай жаңбыр қатты жауып ойыншықтардың барлығы құмның астында қалып кеттіпті. Кәне іздеп шығарайық.
-Қандай пішін? -Түсі қандай? -Пирамиданың қайсы үлкен, қайсы қысқа. -Пирамиданың қайсы ұзын, қайсы қысқа? Қандай пішіндерді жинадық?
Балалар мен мына бір хатты тауып алдым. Хатта
ойынды бізге ойнап көрсетіңдерші, құм жаласының балалары депті
«Көңілді адамдар» Мақсаты: Қандай түсті адам болса, сондай түсті пішіндерді жинау.
Балалар қараңдаршы мына кішкентай біздің достарымызда бір жылауық баладан қашып «Құм қаласына» қонаққа барғысы келеді екен. Олардың баруына біз көмектесе алады екенбіз осы достарымыз туралы тақпақ айтсақ оларды кіргізеді екен..
Дұрыс балалар енді апарып құмның ішіне достарымызды жылауық баладан тығып қойалық.
Балалар біз «Құм қаласында» ойнадық, қыдырдық енді бізде өзіміз әкелген сыйымызды тастап кетейік. Топта жасаған гүлдерімізді құм қаласына отырғызайық. |
Балалар келіседі.
Балалар қолдарын созып өлеңді бірге қайталайды.
Балалар таң қалады.
Балалар әр түрлі көңіл күйді көрсетеді.
Мен ақылды баламын Айтқан тілді аламын Анам нанға кеткенде Үйде жалғыз қаламын.
Анау бала Бетін қара, Кір – қожалақ қап- қараша Тырнағы өскен Шашы көптен Алынбаптау масқара!
Балалар келіседі.
Балалардың жауабы.
Балалар сұқ саусақтарымен құмда жыланша ойнайды.
Балалар құмды жаңбыр етіп ойнайды.
Балалар құмның ішінен ойыншық іздейді. Пирамиданың дөңгелектерін табады.
Балалардың жауабы.
Балалар хатты тыңдайды.
Ойын ойнайды.
Аю отыр партада Екі қолы қалтада Апай сабақ сұраса Ұйықтап қапты масқара
Пеш үстінде мысық отыр. Екі көзін қысып отыр Тышқан етін жегісі кеп Оның тісі қышып отыр.
Қояным тұршы, Бетіңді жушы Айнаға қарашы Шашыңды тарашы.
Достарын құмның ортасына тығады.
Гүлдерді қондырады. |
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
Балалар бері келіңдерші кәне алыстан «Құм қаласын» көрдіңдер ме? Ұнады ма? Онда біз не істедік. Олай болса «Құм қаласына » рахмет айтайық
Кәне қолымызды құмға созып екі алақан ортасында доп тұрғандай домалақтайық.
Енді қолымызды жүрегімізге қойып «Рахмет саған құм» деп айтайық. |
Ойнадық, тақпақ айттық, ойыншықтар іздедік. жинадық |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Құмның ерекшелігі туралы түсінікті
Меңгеру керек: Өткен сабақтарда өткен ұғымдарды пайдалануды, пішіндер туралы түсініктер және түстерін.
Істей алу керек: Жұмысын аяқтай білуді..
Картаны толтырған: Кадырова А.О.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту.
Қажетті құралдар: Құм қаласын жасауға арналған қорап, әр түрлі ойыншықтар, түрлі-түсті құмдар, қол сүрткіш, бетті жабуға орамал, қылқалам, ПВА желімі.
Әдістер: Жылулық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау, түрлі-түсті құммен сурет салу.
|
Іс-әрекет кезеңі |
Психологтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғалыс |
Жайлап музыка ойнап тұрады. Балалар топқа кіреді. Артынан сиқыршы кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сиқыршымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сендермен бірге бір алыс сыйқырлы бір қалаға саяхатқа барғым келеді. Бармастан бұрын шеңберге тұрып, бір-бірімізге деген күннің жылы шуағындай жылы лебізімізді білдірейік. Рахмет, сендерге балалар. |
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балалар , сендер менімен бірге сыйқырлы қалаға баратын болдыңдар ма? Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Оған тек ұшып қана бара аламыз. Олай болса кілемшеге отырып, көзімізді сыйқырлы орамалмен жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарамыз. Енді орамалымызды түсіреміз. Міне, бәріміз құм қаласындамыз. Қанеки бәріміз бірге жақындап тұрайық. Балалар сендер құм қаласынан не көріп тұрсыңдар? Бұл жерден құм басқан жалғыз үйді ғана көріп тұрмыз иә? Қазір сендер ең ақылды, ізденімпаз бала боласыңдар. Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: құмды ыдыстан шашуға, адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге болмайды. Құммен ойнап болған соң қолды жақсылып ылғалды қол сүрткішпен сүртіп немесе қолды жуу қажет. Осы ережелерді орындаймыз ба? 1. Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдаршы. Қатты ма? Жұмсақ па? 2. Құрғақ құм ба, сулы құм ба? 3. Балалар қолдарыңмен құмды уыстап алыңдар да, ақырындап тырс-тырс деп жаңбырша жаудырыңдаршы. Балалар сендер білесіңдер ме, бұл қалада құм аспаннан осылай жаңбырша жауып, қала құмның астында қалған. Олай болса балалар құмның астында қалған жолдарды, ағаштарды, аң-құстарды т.б. іздеп тауып, қайтадан «Құм қаласын» жасайық. Жасап болып жатқанда топқа қолында бір табақ құмы бар ата келеді. Ата: Уа балаларым амансыңдар ма? - Сәлеметсіз бе, ата? Ата: Мен алыс жолды шарлап, өздеріңдей ақылды, ізденімпаз балаларды таппай шаршап келемін. - Қанеки ата біздің кілемшемізге отырып дем алыңыз. Балаларымыз да сізбен бірге отырсын. Ата: Балалар мен осы құм қаласының тұрғынымын. Елім мен жерім құмның астында қалғаннан кейін, туған жерімді, үйімді қимай, жерімнің топырағынан өзіме салып алып, өздеріңдей балаларды маған көмектессе екен деп іздеп шығып едім. Рахмет, сендерге балалар! Менің туған жерімді, үйімді қайта жасап қалпына келтіргендеріңе. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер. Менің сендерге беретін сыйлығым жоқ болып тұр. Бар сыйлығым мынау табақтағы құмым ғана. Соны сендерге ұсынайын. Рахмет, ата сізге. Балалар олай болса, атамыздың табақтағы құмын пайдаға асыра отырып, мен сендермен «Құмда не тығылған?» ойынын ойнап жіберейін. Ойынның шарты: Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып, қолын құмға салып, құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сипап қандай дене екенін айтады. Және көзін ашып қандай түс екенін айтады. Балалар сендерге атамыздың сыйлаған құмымен ойын ойнаған сендерге ұнады ма? Дұрыс балалар, енді біз атамызға сыйлық жасап берейік. Мен сендерге боялмаған күннің бейнесін ұсынамын. Соны сары түсті құммен бояймыз. Бұрын бұндай құмды көрдіңдер ме? Қазір осындай түрлі-түсті құмдарды дайындайтын арнайы өндіріс орындары бар екен. Олай болса балалар күнімізді бояуды бастайық. Бояп болдық па? Шаршадыңдар ма? Шаршасаңдар бояуымыз кепкенше, «Психогимнастикалық жаттығу» жасап жіберейік. (Жайлап музыка ойнап тұрады). 1. Бірнеше рет иықтарымызды көтеріп түсіреміз, одан соң қатып қалған иықтарымызды «қысымынан» айырылу үшін оларды айналдыра қозғаймыз. 2. Жоғары қараймыз, «аспанға жеткізердей» қолымызды созамыз – бірінші бір қолымызбен, содан соң екінші қолымызбен, содан соң екі қолымызбен. 3. Аз уақытқа отырамыз, көзімізді жұмып бірнеше рет дем аламыз. 4. Орнымыздан тұрамыз. Басымызды сипалап және саусақтарымыздың басымен оның барлық ұңқыр-шұңқырларын уқалаймыз. 5. Қолымызбен жағымызды қысамыз. Оны саусақтары-мыздың басымен уқалаймыз. Шаршағанымыз басылды ма? Енді сыйлығымызды атамызға сый-лайық. Ата:Рахмет, сендерге балаларым. Мен сендерге ақ батамды берейін. Жаз келіп көңілдерің жай болсын, Көргендерің шаттық той болсын! Абзал достарың көп болсын, Берген батам сол болсын! Әмин. Қанеки, балалар атамызбен қоштасайық. Енді кілемшемізге отырып, сиқырлы орамалымызбен бетімізді жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарып тобымызға қайта оралайық. Бетіміздегі орамалымызды ашайық. Міне балалар тобымызға да келдік. |
Балалар келіседі.
Балалар таң қалады.
Балалардың жауаптары.
Орындаймыз.
Балалардың жауаптары
Балалар құмның астында жатқан жолдарды, ағаштарды, аң-құстарды іздеп тауып «Құм қаласын» жасайды.
Балалар аталарының айтқанын тыңдап отырады.
Балалар ойынның шартын тыңдайды. Кезекпен табақтағы құмға қолын салып, ішіндегі геометриялық денелерді сылап сипап тауып, көзін ашып түсін айтады.
Балалардың жауаптар Балалардың жауаптары Балалар күнді сары түсті құммен бояйды. Балалардың жауаптары Балалар қимылмен психогимнастика жасайды. Балалар қолдарын жайып атасының ақ батасын алады. Балалар қоштасады. Кілемшеге отырып, беттерін орамалдарымен жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарады. |
|
Рефлексифті-түзетушілік |
Қане балалар, шеңберге тұрып, сабағымызды қортындылап жіберейік. Бүгін біз қайда бардық? Онда біз не істедік? Кімді көрдік? Ол сендерге не айтты? Қандай сыйлық берді? Сендер оған қандай сыйлық жасадыңдар? Рахмет, сендерге балалар! Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар! Келесі кездескенше. |
Балалар шеңберге тұрады.
Балалардың жауаптары. |
Күтететін нәтиеже:
Нені біледі: Құм қаласының басқа қаладан ерекше екендігін біледі.
Игереді: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуді. Құмды қолға ұстаған соң қолды ауызға салуға болмайтындығын, жеуге болмайтындығын, шашуға болмайтындығын игереді.
Меңгереді: Құмның да түрлі түсті түрлері бар екендігін және оны суретті бояуға пайдалануға болатындығын меңгереді.
Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.

Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды:
-
Шығармашылық
-
Танымдық
-
Интеллектуалдық
-
қарым –қатынас
Құм терапиясын қолданудың әдіс — тәсілдері:
-
Әңгімелесу
-
Түрлі – түсті құммен сурет салу
-
Танымдық ойындар
-
Коммуникативтік ойындар
-
Пікірталастар
Құм терапиясы негізгі принциптері

Баланың бүкіл өмірі – ойын.
К.Макаренко
«Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді.
Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген.
«Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора Каалфф.
Құмдағы ойындар — баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Оған қажетті материалдар мен жабдықтар:
1.Су өткізбейтін ағаш қорап, түрлі-түсті құм, таза өзен құмы, шағын фигуралар «коллекциясы» (биіктігі 8 см аспайтын «Киндер-сюрприздан»). Ойыншықтар жиынтығы:
-
адам кейіпкерлері;
-
жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т.б.)
-
көліктер
-
өсімдіктер
-
Табиғи заттар
-
ертегі кейіпкерлері
-
лақтырым материалдар
-
пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, әртүрлі геометриялық фигуралар.

сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің көрсетеді. Юнгтің оқушыларымен бірнеше жолдармен тәжірибе жинақталған, нәтижесінде олар қолайлы мінездемелерін барынын қорытындысын келді. Мысалы осыған көгілдір түсті құмзар жатады, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады. Керекті пішіндердің тізімі бар.
Оларға;
-
ағаштар
-
өсімдіктер
-
Табиғи заттар, (тірі және өлі табиғат)
-
лақтырым материалдар
-
пластикалық немесе ағаш қиқымдары мен әртүрлі пішіндер заттар.
Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеу барысында балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шындамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеу, байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардық денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен теледидар алмастырады. Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тобымызда балалардың сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамыз. Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде де біз құммен ойындарымызды тоқтатпаймыз. Мен өзімнің тобымда «шағынқұмзар» жасадық. Ол ағаш қорап ені мен ұзындығы 70 немесе 80 см биіктігі 20 см болу керек. Құмзар топтын арнайы бөлінген орнында орналасқан, тудырылған жағдайға байланысты құмзарды басқа жерге қоюға болады. Біздің шағынқұмзар кең қолданыста. Біз оны оқу әрекеттерінде, балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және шығармашылық жұмыстарда қолданамыз.
Әрекет үстіндегі құмды қолдану.
Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:
1.Әңгімелесу « бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл сабақта мен топттағы не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)
-
Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялары туралы әңгімейлейді.
-
ТРИЗ. Ойын «Құм: жақсы- жаман» балалар құмның пайдалы және пайдасыз қасиеттерін атайды.
-
Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарастыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімейлейді.
Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды қолданамыз:
-
«Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді және санын санайды.
-
«Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады және санын санайды.
Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамыз:
-
«Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.
-
«Суретті құммен саламыз». Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.
-
«Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.
Құм ойындары
Қыстың суық күндерін де сырқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар және ойынсауықтар ұйымдастырылады.
Ойын түрлері:
-
«Ненің ізі».
-
«Келесіге бер»
-
«еркін ойындар»

«Қиялдау- ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады.
Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Калфф – «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды» деген негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды, онда бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді көрсетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құм терапиясы

шағым қалдыра аласыз