Құм
терапиясы.
Тақырыбы: «Саусақтарға пайда,
тапсырмалар қайда?»
Сәлеметсіздер ме
балалар?
Бүгін біздің балабақшамызға
көптеген қонақтар келген екен, қане амандасып алайық. (үш
тілде)
Қазір жылдың қай
мезгілі?
Күзде ауа райы қандай
болады?
Күз туралы кім маған тақпақ
айтады?
Сап – сары
маңай,
Сап – сары
тоғай
Соңғы әнін
айтып,
Құс кетті
қайтып.
Балалар бүгін ауа – райы
қандай?Мен күннің көзін көрмей тұрмын. Күннің көзі бұлттың арасына
тығылып қалған сияқты, кәне мына кедергілерден өту арқылы күнді
іздеп келейік.
Асықтардың үстінен
өту.
Аркадан түстерді атап
өту.
Бұлттың ар жағынан күнді
ашамын.
Орнымызға келіп «Саусақ
жаттығуын жасаймыз» (Күнмен амандасу)
Балалар біз қазір сиқырлы құм
елімен таныстығымызды бастаймыз. Алдарыңда құмсалғышта құм тұр.
Қане құммен амандасып алайық. Екі қолымызды құмның үстіне қойып,
құммен іштей амандасамыз. Енді құм бізбен амандаспақшы. Салем
саусақ, салем саусақ.
Енді балалар екі қолымызды
құмның үстіне қояйық, не сезіп тұрсыңдар. Құм қандай? Салқын ба,
әлде жылы ма?
Ал енді қолдарыңмен ұстап
көріңдерші құм қандай құрғақ па әлде
дымқылма?
Енді қолымызбен сипап көрейік,
құм қандай тегіс пе әлде кеді ме?
Біз енді қазір осы құммен
жұмыс жасаймыз. Ол үшін алдарымызға фартуктарымызды
киеміз.
Ал енді балалар, біз құммен
жұмыстану үшін арнайы киімдерімізді кидік. Енді «Саусақ іздері»
деген ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Саусақ
іздері»
Құмды қолымызбен тегістейміз.
Екі қолымыздың саусақ іздерін бастырамыз.
Ненің ізі түсті
қараңдаршы?
Енді екі саусақпен құмның
үстінен жүргіземіз.
Ненің ізі
түсті.
Тағы да құмның бетін
тегістейміз. Жұдырықтың ізін түсіреміз.
Тағы да бетін тегістейміз.
Қолымызды қырынан құмның бетіне қоямыз. Ненің ізі
түсті?
Жаңа біз құмды жылы дедік
солай ма?Енді жер бетіндегі адамдарға жылулық беріп тұратын не?
(Күн) осы күн жер бетіндегі тіршілік нәріне өз жылулығын төгіп
тұрады екен. Қане біз көзімізді жұмып, күн шуағын шашып тұрғандай
қимыл жасайық. Ал енді көздеріңді ашыңдар не көріп
тұрсыңдар?
Күннің түсі
қандай?
Пішіні
қандай?
Осы күннің жылуын шашып
тұратын нелері бар екен?
Біз бүгін күннің суретін
саусақпен құмның бетіне түсіреміз.
Жоғарыдан жарты шеңбер сызу
арқылы солға қарай дөңгелек саламыз. Енді шуақтарын саламыз. Бетін
тегістейміз. Саусақ ұшымен дөңгелек саламыз. Алақанның көмегімен
шуақтарын саламыз. Саусақпен дөңгелек сызамыз. Тырмауыштың
көмегімен шуағын саламыз. Балалар бүгінгі ұоіә Карл Воскобовичтің
әдістемесін қолданып отырмыз. Құмның ұсақ қол моторикасын дамыту
үшін көмегі зор.
Ал енді балалар сурет салып
шаршаған боларсыздар ортаға сергіту сәтіне
шығайық.
Сергіту сәті. «Қуыр – қуыр
қуырмаш»
Енді сіздерді ортаға ойын
ойнауға шақырамын.
Ойын: «Жануарларға азықтарына
жетуге көмектес»
Боялған құмдармен сурет
саламыз. Алдарыңда дайын суреттер бар. Ең алдымен желімді
қылқаламмен суретке жағамыз. Үстіне боялған құмды себелеп жағамыз.
Ерали сен нені безендірдің?
жарайсыңдар балалар суреттерің
өте әдемі шыққан екен
Ал енді бәріміз ортаға
шығайық. Бүгін біз немен жұмыстандық? Құмның бетіне не
салдық?
Балалар, бүін күн сендерге
риза болып өзнің шуағын шашып жатыр. Қане, бүгінгі ұоіқ өзіміздің
көңіл – күйімізді таңдап алайық.
Мергүл, Ерали, Бекнұр
сендердің бүгінгі ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінен алған көңіл –
күйлерің қандай?
Жарайсыңдар келген қонақтармен
қоштасайық.
№13 «Золотой ключик»
бөбекжайы
Құм
терапиясы
Тақырыбы: «Саусақтарға пайда,
тапсырмалар қайда?»
Өткізген:
А.Қ.Хайруллина