Материалдар / «Құмдағы өрнектер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құмдағы өрнектер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дымқыл құмда өрнектер, жолақтар анық көрінеді, оларды жіктеу ойындарында пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қаңтар 2021
572
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құм терапиясын қолданудағы мақсатым:
1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.
2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың ұсақ маторикаларын дамыту.
3. Ауызша және ауызша емес әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым-қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру.
4. Қиялды, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды, көрнекі іс- әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс-әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу.                                                                                                        Міндеттерім:
1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)
2. Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру – ойлай білу, көрнекі- шынайылық, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық, шығармашылық ойлау.
3. Эмоционалдық және коммуникативтік ортаны (қарым-қатынастың табысты ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту.                                                                                                             Құмдағы ойындардың негізгі принциптері:
1. Шығармашылық белсенділік таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезінетін табиғи ынталандыратын орта жасау.
Бұл үшін біз баланың мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін тапсырмаларды таңдаймыз; ертегі түріндегі ойындарға нұсқаулық құрамыз, оның нәтижесін, идеялары мен әрекетін жағымсыз бағалауға жол бермейміз.
2. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау, шынайы «бірге тұру».
Осы принциптің негізінде қиялдағыдан шынайылыққа және керісінше өзара ауысу жүзеге асырылады. Мысалы, Ханшайымның құтқарушысы рөлінде болып, бала жағдайдан шығатын жолды ұсынады, сонымен бірге оны құмда шағын фигуралардың көмегімен шынайы ойнайды. Сонымен, ол өзінің ісі мен таңдаған жолының дұрыстығы не қателігіне көз жеткізеді. Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау ойын процесіне кіреді. Құммен ойын балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.Құмдағы ойындар – баланың табиғи әрекетті формаларының бір түрі. Сондықтан да мен құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолданып отырамын. Құмнан суреттер салып, әр түрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.                                                 Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кең сарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», торттарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын  жоспарлап, оны жүзеге асырады. Балалардың  бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі  туады да, ол тілдік және коммуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді. 1 . «Сәлеметсің бе, құм!»
Мақсаты:  психофизикалық  қауырттықты төмендету.
Жабдық: Құмжәшік

Ойын барысы: Тәрбиеші әр түрлі  «құммен сәлемдесуді» өтінеді, яғни әр түрлі әдістермен құмға қол тигізу. Бала:

  • кезекпен қолының саусақтарымен құмға қол тигізеді, содан соң екінші қолымен, содан барлық саусақтарымен бір мезгілде қол тигізеді;

  • жеңіл/ қауырттылықпен құммен жұдырықтарын қысады, содан соң баяу оны құмжәшікке төгеді;

  • құмға бар алақанымен ішкі, содан соң сыртқы жақтарымен жанасады;

  • құмды саусақтары, алақандары арасымен уқалайды.

Соңғы жағдайда құмға кішкене ойыншықты тығып қоюға болады:

«Сенімен құм тұрғындарының бірі сәлемдескісі келеді – …»

Үлкен балалар  өз сезімдерін салыстырып және сипаттайды: «жылы – суық», «жағымды – жағымсыз», «тікенді – кедірлі» және т.б.

. «Құмдағы өрнектер»

Мақсаты: көз қозғалысын, жіктелу үрдісін, қиялын дамыту

Жабдықтар: Құмжәшік, миниатюрлы қалыптар.

Дымқыл құмда өрнектер, жолақтар  анық көрінеді, оларды жіктеу ойындарында пайдалануға болады. Мысалы, толқынды жол бойымен адамдар жүреді, түзу жолмен машиналар жүреді, ал дуалда құстар отырады — бала қажетті қалыпты немесе суретті таңдап және көрсетілген жолаққа қояды. Соңында «Кім, қайда, не үшін және болды?», сюжетті дамытып және шағын ертегі шығару.                                                                           Дымқыл құмда анық жүздерді салуға болады, балаларды адам сезімін: қуаныш, мұң, ашу, қорқыныш, таңдануды графикалық белгілеуге үйрету.        3. «Құмды құрылысшылар»

Мақсаты: кеңістік ұғымын бекіту, есту және көру жадысын дамыту. Жабдықтар: Құмжәшік, шағын қалыптар. Ойын барысы: Тәрбиеші:  Құм әлемінің тұрғындары сені  оларға үй салуға көмектесуін сұрайды. Бастапқыда құмда  осы немесе басқа үй қайда салынатынын белгілеу қажет.  Мысалы, бауырсақ дөңгелек пішінді үйді, жираф  тік бұрышты, ал бегемот төрт бұрышты үйде  тұрғысы келеді. Құм тұрғындарына көмектес.  Жоғары оң жақ бұрышта бегемотик тұратын болады. Керекті қалыпты таңдап алып және таңба жаса.Осылай ересек адам балаға  құмжәшіктің    барлық тұрғындарын  қоныстандыруға  тапсырма береді.  Тапсырманы көп кейіпкерлер санын енгізу жолымен күрделендіруге болады, ересек адамның салған жоспары бойынша ойыншықтарды қоныстандыру.
Қорытынды. Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау – ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті.Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз  пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

Мусрепова Нургуль Гарифуллаевна
Атырау обласы
«Мерей» бөбекжай балабақшасы МКҚК тәрбиешісі

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!