400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құмдағы құпия. Бекмырза Баймаханов

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 28.02.2018 жыл

Сынып: 3 «В» сынып

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Құмдағы құпия. Бекмырза Баймаханов
Сабақтың мақсаты: мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін ашу арқылы жаңа ақпарат беру, білім беру.
Дамытушылық: Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып, балалардың ой – өрісін, қиялын, шығармашылығын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды қамқорлыққа, мейірімділікке, қоршаған ортасына жылулығын, махаббатын көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Қолданылатын көрнекіліктер: слайд, сөзжұмбақ, оқу құралдары, А-3 форматтағы суреттер т.б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
● Оқушылармен амандасу;

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрбенбінің сәті,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз.

Кілең бестік болсын.

Психологиялық ахуал.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

  • Балалар бүгін өздерің көріп отырғандай, біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Демек, біздің сабағымыз күндегіден ерекше өтпек. Ендеше сабағымызды бастайық. Сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

  • Балалар біз бостан – бос топқа бөлініп отырған жоқпыз. Демек, бүгінгі сабақта топ болып жарысамыз.

  • Топпен жұмыс ережесін айтып өту. Топ басшысын сайлау.

  • Әр бір топтың атына сәйкес эмблемаларың арқылы әр топты және жекелей баланы бағалап отырамын. (сабақтың соңында жинаған ұпайларыңа байланысты әрбір топты номинация бойынша марапаттаймын)

  • Үй тапсырмасына не берілді?
    II. Үй тапсырмасын тексеру . 54 бет. Аюдың әулеті оқу, мазмұндау. 57 беттегі кестені толтыру.

Үй тапсырмасының мазмұнын сұрақтар қою арқылы сұраймын. Ол үшін сендер аюға өзінің қонжықтарына бал жинануға көмектесіндер.

Сұрақтар:

  1. Ақ аю қайда тіршілік етеді? (Солтүстік Мұзды мұхитта)

  2. Сусар қайда тіршілік етеді, оның ұясы қайда болады? (Бұтада, бұтаның үстінде)

  3. Аю мен қоян неге тап болады? (Тоғай ішінде келе жатып, бір шағын өзенге тап болады)

  4. Аю мен қоян қандай құсты көреді? (Суға төніп тұрған ұзын тұмсықты көреді)

  5. Балықшы құстың тұмсығында не болады? (шынашақтай балық)

  6. Түскі асына ақ аю нені алып шығады? (дельфин мен итбалық)

  7. Қоян Сусар тіршілігіне не үшін қызықты? (қауіпсіздігіне)

  8. Қорбаңбай аю Сусардың үйін қалай сипаттады? (өзі тар, ауасы қапырық)

  9. Сусар қандай құстың үйін мекендейді? (тоқылдақ)

  10. Мәтінде қандай абюлар туралы айтылған? (ақ аю, қоныр аю, қара аю, бамбук аю)

  11. Бамбук аюы туралы не білесің? (бамук аюы биік тоғайда тіршілік етеді, жапырақтармен қоректенеді, өзінің тағамы үшін бамбук ағашының бойымен тік өрмелеп, 30 мерт биіктікке дейн көтеріледі)

  12. Мәтіндегі бамбук ағашын сипаттап бер. (биіктігі 30 мерт, діңі шыбын тайып жығылатындай жып – жылтыр)

  13. Мәтін қалай аяқталады? (қоңыр аю аяқ асынан тәтті жидектің жұпар иісін сезіп қалып, жүгіріп кетеді)

- Балалар үй тапсырмасын жақсы меңгеріпсіңдер, аю да сендерге риза болып қалды.

  • Ендеше балалар біз бүгінгі жаңа сабағымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.

III. Жаңа білімді меңгерту.

Құмдағы құпия сөзжұмбақ.

  1. Абай Құнанбаевтың 4 мезгілге арналған өлеңі. (Қыс)

  2. Құстардың үйі. (Ұя)

  3. Наурыз мейрамы қай жыл мезгілінде болады? (Көктем)

  4. Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын (Досың)

  5. Балды жақсы көретін аң? (Аю)

  6. Тоқтар Әубәкіров кім? (Ғарышкер)

  7. Қымыз қай жануардың сусыны? (Жылқы)

  8. Жазатын құрал. (қалам)

  9. Бозторғай деген не? (Құс)

  10. Аюдың үйі?(апан)

  11. Киім тігетін құрал. (ине)

  12. Қорқақ жануарды ата.(қоян)

-Жарайсыңдар балалар!

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Бекмырза Баймаханов ағамыздың «Құмдағы құпия» әңгімесі. Бекмырза Баймаханов 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазіргі заманның тарихшысы, филология ғылымдарының докторы.
Алдымен әңгімені мен оқып беремін, мұқият тыңдап отырыңдар. Оқушыларға тізбектеп оқыту. Әңгіме Темірдің анасының еңбегі, Темірдің бозторғайға деген қамқорлығы, анасы мен баласының мейірімділігі туралы айтылған.

Мәтін не туралы екенін оқып шығайық. Әр топтан оқушыларға оқытамын. Қалғанымыз мұқият тындап отырайық, себебі мәтін бойынша сұрақтар қойылады.
- Балалар мәтін сендерге түсінікті ма?

Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі күнді, сынып жұмысын, авторы мен тақырыбын жазамыз.
Жиырма сегінші ақпан
Сынып жұмысы
Құмдағы құпия

Бекмырза Баймаханов.
- Әр топтан бір – бірден мәтінге байланысты ауызша мақал – мәтел сұрау.

  1. Жақсыдан үйрен

Жаманнан жирен.
2. Еңбек етсең – ерінбей,

Тояды қарнын тіленбей.

  1. Еңбек түбі – береке.

IV. Сергіту сәті.
Барлығымыз шаршап қалған шығармыз, орнымыздан тұрып, жаттығу жасату болады.

- Балалар барлығымыз мәтінге көңіл аударайықшы.

- Осы мәтінде қандай мамандықтар туралы айтылған?

- Олар кімдер?

Геолог – Жер астындағы кен – байлықты зерттейді. Жердің құрылысын, құрамын, пайда болуын, даму тарихын және оның үсті мен қойнауында өтіп жатқан түрлі құбылыстарды зерттейтін ғылым.

Ботаник – Жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді.

- Біз үнемі дәрігер, жүргізуші, ұстаз туралы мамандықтарды айтамыз. Оларды көреміз, бірақ мәтіндегі айтылған геологтерді, ботаниктер туралы көп біле бермейміз. Мұндайда мамандық иелері бар. Қысқаша мағлұмат беру.

- Енді дәптерлеріңе 2-3 сөйлемнен тұратын өздерін қалайтын мамандық туралы жазыңдар.

Енді балалар біз бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

V. Жаңа білімді бекіту.

- Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Ол не?

- Балалар осы ағашқа не жетіспей тұр?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, ағашқа жапырақтар жетіспейді.

- Біз аюға бал жинауға көмектестік, енді ағашқа жапырақтарды жинап, құлпыртуға көмектесейік.

- Ол үшін мен бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қоямын:

● Табиғатты, жер қойнауын зерттейтін мамандықты ата. (Геолог)
● Темір қандай оқиғаның куәсі болды? (қызық оқиғаның куәсі болды)
● Олардың бозторғайға қамқорлық жасамақ болғаны дұрыс па? (Ия)
● Құс ұясы неден жасалған екен? (Селеудің үлпілдек шашағынан)
● Ботаниктер нені зерттейді? (Жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді.)

● Сәкі денегіміз не? (ағаштан жасалған отырғыш)
●
Бозторғайдың ұясын жылылап қою үшін Темір анасына не деді? (мақта алып келейін деді)
●
Көктем мезгіліндегі ауа – райын қалай сипаттады? (салқын, жаңбырлы)
●
Сәкілерді кімдер жасады? (Геологтер)
●
Құмда таңертең ауа – райы қандай болады? (Күн салқын болады)
VI. Үйге тапсырма
Үйге 57 – 58 беттегі әңгімені оқып, мазмұндау, бозторғайдың тіршілігі туралы жазуға беріледі. Күнделігімізді ашып, жазып аламыз.
VIІ. Бағалау

Әр топтың ұпайларын сабақ, оқушыларды бағалау.



































«№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ









Shape1

Тақырыбы: «Құмдағы құпия» Б. Баймаханов»

Picture 17

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Қазынова Гүлерке Ержанқызы













Семей қ, 2017 – 2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
2722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі