15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Құммен, балшықпен танысамыз". Ашық сабақ.
Ерейментау ауданы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы МКҚК
«Құммен,балшықпен танысамыз»
Сабақ тақырыбы: Құммен, балшықпен танысамыз

Өткізген: Оспанова Ж.А.
Тексерген Ербол А.
Еркіншілік-2017
Сабақ мақсаттары:
Балаларды өлі табиғаттың бөлшіктері – құммен, балшықпен таныстыру.
-
Олардың айырмашылықтары мен ұқсастарына тәжірибелер арқылы көз жеткізу.
-
Күнделікті өмірдегі қалданыстары тұралы айту.
-
Өз беттерімен қорытынды жасауға үйрету.
-
Табиғатты сүйіп, қорғауға шақыру.
Сабақ қуралдары: Тапқышбек, балалардың жасалған заттары, магнитофон, слайд, микроскоп, табақтар, құм, балшық, ыдыстар, шүберектер, бұтақтар, 3 пластикалық бөтелке, поролон, лайлы су, лупалар, құм сағат, халаттар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезені
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Бізге топқа қонақтар келіпті. Ең бірінші не істеуміз керек?
- Тобымызда кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Әдептілік салтпенен,
Біздер сәлем береміз.
-
Сәлеметсіздер ме!
«Шаттық шеңбері»
«Тілек шоғы» (тілектер айтады)
-
Балалар, міне бізде гүл шоғы жиналды. Осы жақсы тілектермен жиналған гүл шоғымен Тапқышбектің сыйлайы зерханасына қонаққа барайық.
Амандасу
Тапқышбек: - Балалар, менің зертханама қош келдіндер!
Тәрбиеші: Тапқышбек, бізде «Айналамен таныстыру сабағы». Біз сіздің зертханаңызды пайдаланып құм мен балшықтың қасиеттерін біліп, танысқымыз келеді.
Тапқышбек: - Балалар , сендер саяхатқа шығып, айналаны бақылап, бәрін білгілерін келетінін білемен. Мен де көп оқып, тәжірибе жасаймын. Бүгін маған қонаққа келгендеріңе өте құаныштымын.
Тәрбиеші: Табиғаттың шешілмеген құпиялары әлі көп. Құм мен балшықты күнде көріп жүрсек те оның қасиеттерін жете біле бермейміз. Солай ма, балалар?
Тапқышбек: Әрине, мен де сендерге көметесемін.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, үстел басына жайғасындар. Енді құм мен балшық туралы не білеміз, балалар, кәне ортаға салайық.
1-ші бала: Құм мен балшық өлі табиғатқа жатады.
2-ші бала: Құммен серуенге шыққанда ойнаймыз.
3-ші бала: Көл жағасында кездестіреміз.
4-ші бала: Құм шөл далаға болады.
5-ші бала: Балшықпен емделуге болады.
6-ші бала: Құмнан әр турлі пішіндер жасап ойнаймыз.
Слайд көру
Тәрбиеші: Ал, шөл дала туралы не білесіндер?
-
Шөл - жер шарының ыстық әрі құрғақшылықты өңірі. Кей уақытты шөлді жерлерде жылдап жаңбыр жаумайды.
-
Балшық жай жерлерде кездесе береді.
-
Балшық жаңбыр жауса сазға айналады.
Тәрбиешінің әңгімесі: Балалар, құмның әр турлі болады, сары құм, қызыл құм. (көрсету) Балшықта әр турлі болады. Құмды жол салғанда және құрылыстарда қолданады, шыны мен ыдыс жасауда пайдаланады. (Ыдыстар, шыныларды көрсету) Қум мен балшықтың емдік пайдасы да бар екен.Балшықтан ванна, бетперде жасап, теріні жақсартуға болады. Жазда күн ыстықта құмда жалаң аяқ журіп, массаж алуға болады.
Енді тәжірибемізді бастайық, ол үшін халатымызды киіп алайық.
№ 1 тәжірибе
Тапқышбек: Балалар, мынаның қайсысы құм, қайсысы балшық?
Балалар көрсетеді.
Тәрбиеші: Енді алдымыздағы құмды табаққа төгіп көрейік. Оңай төгіле ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Құм қандай екен?
Балалар: Құм сусымалы.
Тапқышбек: Енді балшықты төгіп көрейік. Балшықты төгу оңай ма?
Балалар: Жоқ, ол жабысып жатыр, тез төгілмейді.
Тәрбиеші: Сонымен, бірінші тәжірибеге қорытынды жасап көрейік. Құм қандай, балшық қандай? Кім айтады?

Қорытынды:
Құм сусымалы, ал балшық керісінше жабысқақ, оны төгу қиын.
№
2
тәжірибе
-
Балалар, менің үстелімде микроскоп бар, ал сендерде үлкейткіш шыны. Қазір құм сусымалы, ал балшық неге жабысқақ екенің зерттейік.
Үстелге 3-4 баланы шақыртып көрсету.
-
Құм неден тұрады?
-
Құм түйірлері қандай?
-
Олар өте кішкентай, дөнгелек пішінді, жартылай мөлдір, ақ, сары,қоңыр түсті ұсақ тастар сияқты, бір-біріне ұқсамайды.
-
Енді балшықты қарайық. Құмдағы сияқты түйірлер көріне ме?
-
Балшықтың түйіршіктері өте ұсақ, бір біріне жабысап жатыр, құмдыкі сияқты бөлек көрінбейді.
Қорытынды:
Құм түйірлері бөлек-бөлек жатыр, ал балшық түйіршіктері бір-біріне жабысып жатыр.
-
Кәне, енді құм боп, балшық боп ойын ойнап көрейік. Құм түйірлері бөлек-бөлек жатқандықтан жел соққанда оңай ұшады. Шөл далада құмды дауылдар болып тұрады. Ал балшық түйіршіктері жабысқақ болғандықтан олар оңай ұша алмайды.
Қ/о: «Жел соқты»
Тәрбиеші: Енді қорытынды жасайық.
Балалар: Құм түйірлері бөлек-бөлек болғандықтан жел соқса оңай ұшады, ал балшық түйіршіктері бір-біріне жабысып жатқандықтан оңай ұшпайды.
№3 тәжірибе
-
Енді құм мен балшыққа ағаш отырғызып көрейік. Қайсысына оңай отырады?
-
Құмға. Құрғақ балшыққа оңай өтпейді, ол қатты.
Тәрбиеші: Құмға оңай кіретін себебі: оның түйірлері бөлек-бөлек жатады, ал балшық тығыз, құм қопсытылған.

№ 4 тәжірибе
- Енді құм мен балшықа су құяйық. Қайсысына су тез сіңеді?
- Құмға.
- Құм мен балшықты ұстап көрейік. Олар қандай?
- Сулы, дымқыл.
- Енді осы дымқыл балшық пен құмға ағаш отырғызып көрейік. Не байқадындар?
- Сулы балшыққа оңай кіреді.
- Сондықтан ағаш отырғызарда жерді сулап алады.

Қорытынды:
Құм мен балшық құрғақ, дымқыл бола алады, су құмға тез сіңеді, ал балшыққа ақырынырақ сіңеді. Сулы балшыққа ағаш оңай отырғызылады.
№ 5 тәжірибе
Үстелге 3-4 баланы шақырып дымқыл құм мен балшықтан жауын құрттарын және доптар жасап көрейік.
-
Қайсысынан жасалады?
-
Құмнан жауын құртың жасай алмаймыз.
-
Балшықтан жасалған заттар мықты бола түседі.

Тәрбиеші: Сонымен бүгінгі зерттеу сабағымыз аяқталып келеді. Енді қорытынды жасайық. Құм мен балшықтын қандай айырмашылықтары бар?
-
Құм сусымалы, қопсыған, ал балшық қатты, жабысқақ.
-
Құм түйірлері бір-біріне жабыспайды, ал балшық түйршіктері бір-біріне жабысып жатыр.
-
Құм суды тез сіңіреді, өйткені құм түйіршікті болады, ал балшық түйіршіктері жабысып жатқандықтан қиындау сіңіреді.
-
Енді қандай ұқсастары бар?
-
Балшық та құм да өлі табиғатқа жатады.
-
Екеуі де құрғақ, дымқыл бола алады.
-
Екеуі де адамға пайдалы.
Тапқышбек: Балалар, маған қонаққа келіп, көңілімді көтеріп тастадындар. Бүгін көп еңбектеніп білім алдындар. Әрқашан да осындай еңбекқор, білімді болындар. Маған тағы қонаққа келіңдер.
Тәрбиеші: Иә, Тапқышбек, біз бүгін еңбек етіп, құм мен балшықтың көп құпиясын аштық. Біздің балалар еңбек етуді жақсы көреді, сізге бір өлең оқып береді.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең-зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Құрға шықсан өрлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Тапқышбек: Бәрікелді, міне 10-шы топ балалары қандай тамаша балалар! Сендерге сыйлығым бар. (Кітап сыйлайды)
Тәрбиеші: бізді зертханаңызда қарсы алғаныңыз үшін көп рахмет. Балардың сізге және бізді тамашалаған қонақтарға сыйы бар.
(Балшықтан қолмен әзірлеген заттарын тарату.)


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген