Шеберлік сыныбын өткізуші:
Мұнайлы ауданы «№ 6 жалпы білім беру орта мектебі» ММ-сінің көркем
еңбек пәні мұғалімі Сисенгалиева К.К.
Шеберлік сыныбы
тақырыбы: Шығармашылық туындыларын
жасауда ұлттық және әлемдік мәдениеттің шығармаларын
пайдалану
Шеберлік
сыныбының мақсаты: «Түрлі-түсті құмды дайындау
және сурет салу
әдістерін»
меңгерту.
Шеберлік
сыныбының міндеттері:
1. қатысушыларға түрлі -түсті құм
дайындаудың практикалық -әдістерін үйрету;
2.қатысушыларға түрлі-түсті
құммен сурет салу тәсілдерін ұсыну.
Сәлеметсіздер ме, құрметті
шеберлік сыныбына қатысушылар!
|
Мастер кластың
кезеңдері
|
Ұзақтығы
|
Өткізушілердің
іс-әрекеті
|
Қатысушылардың
іс-әрекеті
|
|
I.
Қызығушылықты ояту
|
5
мин
|
-Қатысушы қонақтардың
қызығушылықтарын ояту мақсатында қатысушылардың
бейнеролик ұсынамыз.
Қосымша 1
|
Бейнеролик тамашалай
отырып,шеберлік сынып тақырыбын ашады.
|
|
Күтілетін
нәтиже: Қатысушылардың ортақ ойлары
таңдалып, шеберлік –сыныбының ««Түрлі-түсті құмды дайындау
және сурет салу әдістер»ін меңгеру екендігі
анықталады.
|
|
II.
Мағынаны ажырату
|
5 мин
|
Түрлі-түсті құммен сурет салудың маңыздылығымен
таныстыру:
-Құммен сурет салу арқылы
баланың саусақтарының ұсақ моторикасы
дамиды;
-Оқушының тиянақты жұмыс жасауға
үйренеді;
-Сурет салу кезінде оқушы
тынышталып демалады.
|
Түрлі-түсті құммен сурет салу
жұмысының оқушы үшін маңызы мен танысады.
|
|
Күтілетін
нәтиже: Құммен сурет салу оқушылардың
шығармашылығын дамытудағы маңыздылығын
ұғынады.
|
|
III. Ой толғаныс
|
20
мин
|
1. Сарамандық жұмысты орындау
арқылы «Түрлі түсті құмды
дайындау»
жолдарын
үйрету.
Қосымша
2
Қатысушылар нұсқаулыққа
сүйеніп түрлі-түсті құмды дайындау жұмыс
орындайды.
Нәтиже:қатысушылардың түрлі-түсті
құмдарды дайындау әдісін меңгереді.
2. Түрлі –түсті құммен сурет
салу қадамдарын жұмыс ретін үйрету.
Нәтиже: Түрлі-түсті құммен сурет
салу жұмысын
меңгереді.
|
1.
Түрлі-түсті құмдарды ас
содасы,гуашь,су көмегінде дайындайды.
2.
Түрлі-түсті құммен сурет салу
жұмысын үйренеді.
|
|
Күтілетін
нәтиже:қатысушылардың «Түрлі-түсті құмды дайындау
және сурет салу әдістер»ін
меңгереді.
|
|
Рефлексия
“Сөйлемді аяқтаңыз”
|
5 мин
|
Әр қатысушы экранда берілген
сөйлемдерді таңдап бүгінгі сабаққа қорытынды жасауды
ұсынады.
|
Экранда көрсетілген сөйлемдерден бірін таңдап
сөйлемді аяқтайды.
|
Сарамандық жұмыстың
тақырыбы: «Түрлі-түсті құмды дайындау
және сурет салу әдістер»
Сарамандық жұмыстың
мақсаты:қатысушылардың «Түрлі-түсті
құмды дайындау және сурет салу әдістер»ін
меңгерту.
Сарамандық жұмыс
барысы:
Қосымша
2.
Түрлі-түсті құмды дайындау және сурет салу
бойынша нұсқаулық.
|
1 қадам
.
Түрлі-түсті құмды дайындауға қажетті
құралдарды дайындап алу
|
1.Ас сода
2.гуашь
3. су
4. ақ
қағаз.
5.
ыдыс
6. қасық
7.Желім ПВА
|
|
2 қадам
.
Түрлі – түсті құм
дайындау.
|
2.1 . Ыдысқа ас содасының 2
қасығын саламыз;
2.2 . Қажетіне қарай гуашьты
қосамыз;
2.3. Үстін жеткілікті мөлшерде
су қосып араластырамыз;
2.4. Дайындаған қоспаны қағаз
бетіне салып кептіреміз.
|
|
3 қадам.
Түрлі-түсті құммен картина
жасау
|
3.1. Жәй қаламның көмегімен
қағаз бетін суретімізді бейнелеп аламыз;
3.2. Салған суретіміздің бөліктерін желіммен
өңдейміз;
3.3. Құмның сәйкес түсін
себеміз.
3.4. Құм осы жабысқақ сурет бөлігене жабысқанда
суретімізді тік ұстап артық құмнан тазалап
аламыз.
3.5. Осы ретпен суретіміздің барлық бөліктерін
бояу арқылы дайын картина аламыз.
|