400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құмнан мүсін жасаймыз»(құм терапиясы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының тәрбиешілеріне таптырмас материалдар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ тақырыбы: «Құмнан мүсін жасаймыз»(құм терапиясы)

Қатысқан балалар:Мамаева А, Сүйеркулова А, Диеева А, Аубакир А.

Өткізген тәрбиеші: Қартабаева И.

Мақсаты: Балалардың көңіл-күй жағдайын бағалауын қалыптастыру; жан-жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, тілдерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Дамытушылығы: Көріп сезу арқылы балалардың сөздік қорын,танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп,ойлау жылдамдығын дамыту.

Көрнекіліктер:шағым құмзар әр балаға, түрлі- түсті құм.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,танымдық ойындар,т үрлі-түсті құммен сурет салу, ертегі элементтері, әуен.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар топқа кіріп, қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүректің жылуын салайық,

Таза ауаны салайық,

Жиналған бар жылуды,

Қонақтарға шашайық!

Балаларды ыңғайлы отырғызу.Қол және саусақтарды уқалау, жаттығулар жасату арқылы балалардың көңіл-күйін көтеру.

Саусақ жаттығуы: «Күн мен гүл»

Көтерілсе күнім,

Ашылады гүлім.

Кешкісін күн батады.

Гүл ұйқыға жатады.

  «Менің көңіл - күйім қандай?» Бала өз көңіл-күйіне сәйкес келетін смайлик суретін тауып (көңілді,көңілсіз,ренжулі) айтады.Сол кездердегі көңіл-күйін баяндайды.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз құм еліне барамыз.

Жұмысымызды бастамас бұрын, балаларға қысқаша мәлімет беру.

Құм -нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады.Адам құрылысқа сазбен біргеқұмды пайдаланады. Құм қосылған саздан кірпіш және алуан түрлі ыдыс жинайды.(балалар шаршаса,бой сергітуін өткізу)

Құм еліне кіру үшін ережесін білу керек:

Құмды шашпау.

Лақтыруға болмайды

Құмды басқа жерге тастауға болмайды.

Ешкімді ренжітпеуге болмайды.

Балалар құмзарға жақындайық, ыңғайлы тұрыңдар.

«Сәлеметсіңбе құм!» жаттығуы. Саусақтармен, алақандармен құмды жайып, іздер салу.(балалар өз құмзарларына барады)

«Түрлі-түсті құммен сурет салу».

Қажетті құралдар:Құрғақ құм,сурет салынған қағаз,желім.

Суреттерді желіммен басып шығып,оған құрғақ құм себеміз .

Қағаздағы құмды сілкіп түсіріп тастап не жасалғаның қараймыз.



Сабақты қорытындылау

-Балалар біз түрлі-түсті құмнан ғажайып гүл салдық.

Тәрбиеші: Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ тәрбиеші:Қартабаева Индира.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі