400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құмның қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы :

Құмның қасиеттері

Мақсаты:

- құмның табиғат пен адам өмірінде алатын орнымен таныстыру

- құм жайлы алған түсініктерін одан әрі байқағыштығын, қызығушылықтарын дамыту.

- танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу

Көрнекілік,көрнекі құрал-жабдықтар:

суреттер, тәжірибеге арналған ыдыстар.

Сөздік жұмысы:

құм,жұмсақ

Билингвалды

компонент:

құм-песок


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-

лық-оятушылық

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті боламыз.

Армысың алтын күн!

Армысың Жер - Ана!


Шеңберде тұрып амандасады

Ұйымдас-

тырушылық ізденушілік

Педагог: - Мен сендермен бірге алыс бір сыйқырлы қалаға саяхатқа барғым келеді. Сендер менімен бірге барасындар ма?

- Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Ол жерге бару үшін мына сөздерді қайталайық, қолдарыңды алдыға созыңдар. Алақанға қараймыз,

Жылы сезім табамыз.

Ақылды болып өсеміз,

Биіктерге жетеміз.

Құмның бетіндегі матаны алады.

Педагог: - Балалар сендермен бірге құм қаласындағы саяхатымызды бастаймыз. Бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды, іздем-паз балалар боласыңдар, бұл қаланың адамдары сендер қандай бала екендеріңді білмей жатыр. Кәне қандай бала болуға болады.

- Ашуланған бала

- Жылауық бала

- Таңқалған бала

- Күлген бала

- Мінекей қараңдаршы, құм да күлген ақылды балаларды жақсы көреді.

- Балалар сендерге бір айта кететін жағдай:

· Құмды ауызға салуға болмайды;

· Шашуға тағы да болмайды.

Тәжірибе.

1.Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдар, қатты ма жұмсақ па? Құрғақ құм ба, су құм ба? Педагогті тыңдайды, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. Педагогтің көмегімен тәжірибелер жасайды.

2. Балалар қолдарыңмен құмды алыңдар да ақырындап тырс – тырс жеп жаңбыр жаудырыңдар

3. Балалар сендер білесіңдер ме осындай жаңбыр қатты жауып ойыншықтардың барлығы құмның астында қалып кеттіпті. Кәне іздеп шығарайық. - Қандай пішін? - Пирамиданың қайсы үлкен, қайсы қысқа. - Пирамиданың қайсы ұзын, қайсы қысқа? - Қандай пішіндерді жинадық?

4. Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау.


Ұсақ бір - біріне жабыспайды.

5. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады.


6. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналды. - Балалар біз «Құм қаласында» ойнадық, қыдырдық енді өзіміздің балабақшаға оралайық.

Педагогті тыңдайды, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.




Педагогтің көмегімен тәжірибелер жасайды.







Рефлексия-

лық -

түзетушілік.


- Балалар бері келіңдерші кәне алыстан «Құм қаласын» көрдіңдер ме?

- Ұнады ма? Онда біз не істедік? - Олай болса « Құм қаласына » рахмет айтайық құмға қолымызды созып екі алақан ортасында доп тұрғандай домалақтайық. Енді қолымызды жүрегімізге қойып «Рахмет, саған құм!» деп айтайық.


- Көрдік

- Ұнады.

-Ойнадық, тақпақ айттық, ойыншықтар іздедік. жинадық

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

құм – өлі табиғат екенін біледі;

Нені білді:

құмның ерекшелігі туралы игереді;

Нені білу қажет:

тәжірибе арқылы құмның қасиетін меңгерді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі