400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құмырсқаға көмектесеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Құмырсқаға көмектесеміз-Ашық оқу іс-әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құмырсқаға көмектесеміз».

Мақсаты: Жәндіктер (құмырсқа) туралы түсінік беру, ерекшелігін сипаттау (тіршілігі, немен қоректенуі, сыртқы түрі, қоз-ғалысы, дыбыс-талуы, мекендей-тін ортасы). Күн жылына бастағанда табиғатта өзге-рістер болатыны туралы еске түсіру.

Балалар шеңбер болып тұрып,өлең жолдарын айтады.

Қайырлы тан, алтын күн

Қайырлы тан,көк аспан

Қайырлы тан,достарым,

Сәлематсыздар ма,апайлар.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –Көктем мезгілі.

Көктемде неше ай бар?

Бәріміз бірге айтайықшы.-Наурыз,Сәуір,Мамыр.

Көктемде барлық тіршілік атаулы оянады,солармен бірге жәндіктерде оянаып,тіршіліктерін бастайды.

Жұмбақ.

1.Гүлден-гүлге қонып,бал жинайды...( ара )

2.Ыз-Ыз-ыз Ызыңдайды,

Бізді шағып алады.... (маса )

3.Мөлдір қанаты бар,қыста ұйықтайды,жазда оянады.... (шыбын )

4.Екі басы жұдырықтай,белі қылдырықтай... (құмырсқа )

-Дұрыс айтасыңдар,балалар.

-Ара,маса,шыбын,құмырсқа барлығын қосып не деп атаймыз?-Жәндіктер.

-Балалар,осы жәндіктердің ішінде күштісі не екенін білесіңдер ме?

-Ол құмырсқа екен.

Қане,балалар бейнетаспаға қарайықшы.

-Балалар,құмырсқа өзі кішкентай болса да,өзінен он есе үлкен жүкті көтере алатын жәндік.Құмырсқа күні бойы тыным таппай еңбек ететін мықты,бірігіп еңбек ететін –ұйымшыл,орманды зиянкес жәндіктердер тазалайтын-пайдалы,еңбекқор жәндік.

Құмырсқаның денесі бас,кеудесі және аяқтары,мұрты бар екен,сол мұрты арқылы дәмді,иістерді сезеді екен.Құмырсқаның қорегі өсімдік дәндері.Құмырсқаның үйін илеу деп атайды.Құмырсқаның илеуі бірнеше бөліктерге бөлінген,онда балаларына арналған бөлме және ас қоймасы бар.Бөлмелері жылы,жайлы,құмырсқлһалар бөлмелерін таза ұстайды,олар өз илеулерін өздері жасап алады.Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.Ал зияны олар көп болып кетсе адамды шағып алады,азық-түліктерді бүлдіреді.Сондықтан құмырсқаның илеуінің қасына ойнауға болмайды.

Дидактикалық ойын: «Құмырсқаға көмектесейік».

Шарты: Құмырсқа илеуінен адасып қалыпты,үйіне мына суреттерді тауып ,сурет арқылы илеуін апарамыз.

Ұжымдық жұмыс: Дайын құмырсқаның суретіне,желімнің көмегімен құмнан жасаймыз.



Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Допты алып қолыма,

Қойдым оның жолына.

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады

Тау екен деп ойлады.

Қане балалар келіңдер,құмырсқаның қимылын салайықшы,құмырсқа қандай ?

-еңбекқор,мықты,ұйымшыл

Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызды қортындылайық.

Біз бүгін қандай жәндікпен таныстық? –Құмырсқа.

Құмырсқаның үйін қалай атаймыз? –Илеу.

Жарайсыңдар,балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар.













«Өркен» бөбекжай бақшасы







Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Экология негіздері.

Тақырыбы: «Құмырсқаға көмектесеміз».







Тәрбиеші: Беккулова Б.Е.



2019 жыл.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі