400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Құмырсқаның саяхаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды «з», «ж» дыбысын жеке және сөз тіркестерінде дұрыс дыбыстап айтып үйрету; мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Жаңабұлақ ОЖББМ» КММ-сі «Қарлығаш» шағын орталығының тәрбиешісі Тулегенова Табия Амантаевна

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Құмырсқаның саяхаты (тілдің дыбысталу мәдениеті)

Мақсаты: • балаларды «з», «ж» дыбысын жеке және сөз тіркестерінде дұрыс дыбыстап айтып үйрету; мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу;

• қамқорлыққа тәрбиелеу;

• байланыстыра сөйлеуге үйрете отырып, танымдық қабілеттерін дамыту; шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: құмырсқа, ара, қаңқыз, көбелек, маса жапырақтың суреті,субояу, қылқалам. Венн диаграммасы, сызба арқылы өлеңді оқу.

Сөздік жұмысы: құртақандай, еңбекқор, күлтеше.

Билингвалды компанент: құмырсқа – муравей, қанат – крыло, көбелек – бабочка.

Күтілетін нәтиже: жәндіктердің атауын;

«з», «ж» дыбыстарын жеке және сөз ішінде айтуды;

сөздерді анық айта отырып, байланыстыра сөйлеуді.

Мотивациялық-қозғаушылық:

Топқа құмырсқаның суретін алып келеді. Балаларға құмырсқа туралы сұрақтар қойып, оны еркелетуді ұсынады.

-Құртақандайым менің.

-Кішкентайым менің.

-Еңбекқорым менің.

-Жұмыскерім менің.

Ұйымдастыру-іздестіру:

Шығармашылық сәт

-Ол өзінің достарынан адасып қалған ғой. Біз оған жапырақтың суретін бояп берейік. Содан кейін ол жапырақтың үстіне шығып, өзінің достарын іздеп тауып алады.

Тіл ұстарту жаттығуы

Ара әнін бастайды: з-з-з-з-з-з,

Қанқыз оны қостайды: ж-ж-ж-ж-ж-ж,

Көбелек пен құмырсқа,

Үнсіз әнді тыңдайды.

Жұмбақ шешеміз

Гүлдің әсем күлтешесі,

Желмен бірге тербелген.

Жұлғым келіп қол создым,

Ұшып кетті кенеттен.


Балдан белбеу тағады,

Ұстасаң шағып алады.


Сергіту жаттығуы

Көше бойын бойлаймыз,

Қол ұстасып ойнаймыз.

Жаңбыр жауса білеміз

Үйге жылдам кіреміз.


Сөздік жұмысы: «құртақандай, еңбекқор, күлтеше» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.


«Мен айтамын, сен тап» дидактикалық ойыны

Ішіне араның, қоңыздың суреттері салынған, сырты гүлді қорапты көрсетеді:

Әр балаға қораптан бір жәндікті алып, құмырсқаның жанына қоюды ұсынады.


-Жарайсыңдар, балалар. Сендер құмырсқаның достарын тауып бердіңдер.

Рефлексивті-түзетушілік:

Венн диаграммасы арқылы бекіту.

Ара әнін бастайды: з-з-з-з-з-з,

Қаңқыз оны қостайды: ж-ж-ж-ж-ж-ж.

Шеңбердің ішіне орналастыру.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
948
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі