жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құндылық
Сабақтың тақырыбы:Бұл әлемге келген соңҚұндылық: АқиқатҚасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық.
Пән мұғалімі:
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты:Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру; Дамытушылық: -өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу; Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап. Тыныштық сәті:Жағымды күйге ену,«Нұрға бөлену».
Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап,
аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды
партаның үстіне қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
2.Үй тапсырмасын тексеру. - Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер? - Сағыныш дегенді қалай түсінесіңдер? - Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар? - Өздерің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсінесіңдер? |
Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ -жауап |
3. Дәйексөз Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп... Абай
|
Дәйексөзді талдап, өз пікірлерін білдіреді. |
4.Әңгімелеу Қайтқанда («Абай жолы» романынан үзінді)
|
Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды. Сұрақ -жауап |
5.Шығармашылық жұмыс 1 - тарсырма:Ұлы ойшыл Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып , адамның өмірдегі орны жайлы пікірімізді ортаға саламыз. Әсемпаз болма әрнеге, Қайрат пен ақыл жол табар Өнерпаз болсаң арқалан. Қашқанға да, қуғанға. Сен де – бір кірпіш дүниеге, Әділет, шақпат кімде бар, Кетігін тап та, бар қалан! Сол жарасар туғанға.
2– тапсырма: Ұлы ойшыл Абайдың Табиғат туралы жазған өлеңін оқып, адам мен табиғаттың үйлесімділігі жайлы айтып бер.
3-тапсырма: Адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынас жайлы эссе жазу. Қорытынды: Адам ө з-өзіне өмірдің мәні туралы сұрақ қоймайды, ол сұрақты өмірдің өзі туғызады. Сондықтан адам өмірдің мәнін түрлі қырынан өз өмірінен танып білуге ұмтылады. Әр адамның өзі де, өмірі де қайталанбайды. Егер де біз өмірдің мәнін ар-ұжданымыз арқылы түсініп, содан таймай әрекет тетін болсақ, онда ұлағатты өмір сүреміз. Егер адам өмірдің мәнін ұзақ және күрделі ізденістен соң тапқан болса, қол жеткізген жетістікпен тоқталып қалмай оны ары қарай біліммен, ғылыммен ұштастырса онда өмірдің жаңа көкжиектері ашыла бастайды. Өм ірдің мәнін тапқан адам тепе-теңдікті сақтап, одан әрі ізденуі қажет. Өмірде кездескен кедергілерге ой-толғау жүргізсе ол айналасына үлгі болады. Егер өмір адамгершілік құндылықтарына негізделсе , онда оның қуанышы мол болады. Бір-біріне деген мейірімділігі, ізгі ниеттері, сыйластығы, жанашырлығы ізгі қарым-қатынас туғызады.
|
|
6. Топпен ән айту Өміріңе немқұрайлы қарамаСөзі: Серік Сейітман . Әні: Сәкен Дәрібаев Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң - дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан кисең де жақұттан, Өміріңе немқұрайлы қарама , Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, ( Қанша азап көрсеңдағы бауырым ) Өміріңе немқұрайлы қарама. 2-рет: Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да. Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың, Өміріңе немқұрайлы қарама. Айдын көлге айналса да көз жасың. |
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: «Өмір – өзен» Ринат Зайытовтың өлеңін жаттап келу |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде, Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде. |
Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген