Құндылық бастауы - сапалы білім, саналы тәрбие

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құндылық бастауы - сапалы білім, саналы тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдері арасында өтетін семинар, конференцияларда оқуға арналған баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы,

директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары,

бастауыш сынып мұғалімі

Касенова Гульмира Тынышбековна

Құндылық бастауы – сапалы білім,саналы тәрбие

Ұлттық құндылықтар бастауы – сапалы білім мен саналы тәрбиеде. Қазақ халқы ертеден-ақ оқу - білімнің ең асыл қазынасы, адамды арманы мен алға қойған мақсатына жеткізетін басты құндылық екенін мойындаған.

Жаңа ғасыр асуында Жаңа Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Өз ұлтына құрметпен, ұлттық салт-дәстүрлерімізге асқан сүйіспеншілікпен қарайтын өскелең ұрпақ – кемел келешегіміз. Жастар Қазақ елінің келер күнгі үміті, сенімі. Ал сол Қазақ елін әлемге танытар ақылды, парасатты, мәдениетті жас ұрпақтың тәрбиесі ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады.Осы бағытта «Ата-ана–ұстаз–қоғам» үштағаны бірлікте, үндестікте жұмыс жасауы қажет. Сапалы білім мен саналы тәрбиенің мәселелерін байыпты шешуде тек ұстаздарға ғана иек арту орынсыз. Ұрпақ тәрбиесінде отбасының, ата-аналардың жауапкершілігі өте маңызды болса керек.

«Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» - деп М.Әуезов айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектептің ерекше орын алатыны сөзсіз. Мектеп – өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы дария. Ал, мұғалім сол дариядағы заман талбына сай ағыспен қайық есуші. Оқу- тәрбие үрдісіндегі жаңа,озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы педагогтік келбетін анықтап алса, яғни ескегі мықты болса, қандай болмасын толқындарға қарсы тұрып, жағаға жетеді. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі зор дегенмен, ерекше тұлға ретінде сынып жетекшіні атап көрсетеміз. Өйткені, ол – балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы көпір. Сондай- ақ, баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты,ең негізгі болып табылатын сынып жетекшіге отбасы мен қоғам ең қымбат азаматтарының тағдырын тапсырып отыр, яғни, сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады. Тәрбие дегеніміздің өзі – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Тәрбие жұмысы – педагогтердің шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекет. Мектебімізде бүгінгі жағдайда сынып жетекшінің мақсат, міндеттері жаңаша тұрғыдан қарастырылуда. Әр бір бала - бір тұлға, оны көре білу, бала әлеміне жол табу әр ұстаздың міндеті. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін оның әдістерін тиімді пайдалану қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге, балаларға ортақ пайдалы жұмысты істетуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру, баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтап, оның өмірге деген құлшынысын бірте – бірте қалыптастыру қажет.

Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам айнасы. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Білім – қоғамды әлеуметтік – мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті - функционалды сауатты, өмірге бейім тұлға қалыптастыру.

Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік артылып тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім қажет.

Жаңа ғасырдың жаңа мақсаттарының тағы бірі – қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамды қалыптастыру. Сондықтан білім беру саласында қызмет ететін әр қызметкер, әсіресе, педагогтер шығармашылықпен жұмыс істей білуі шарт. Қазіргі таңда кәсіби білімді мұғалім қоғам талаптарына сай болуы үшін өзінің білімін үнемі шыңдап, жетілдіруі керек. Нәтижесінде аталмыш іс-әрекеттердің жүзеге асырылғанын немесе жүзеге аспағанын өз оқушыларыңның бойынан іздеу қажет. Себебі, мұғалім өзіндегі бар болмысының, іс-әрекетінің жемісі - өзі тәрбиелеген шәкірттері екенін ұмытпаған абзал. Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі. Шығармашылық жұмыспен айналысқан өзіндік тұлғасын қалыптастыра білген шәкіртің білім кеңістігінде биіктен көріне білсе, еңбегіңнің еш кетпегені. Қорытындылай келе, «Ұлт болашағы – білімді шәкірт қолында. Шәкірттің білімді болуы- ұстаз қолында» деген даналық сөзімен ойымды түйіндегім келеді.



Shape2 Shape3

Shape5

Shape6 Shape8 Shape9



Shape10

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2025
210
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі