400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2. «Құндылыққа негізделген білім беру: өнер мектебінде саналы азамат тәрбиелеу әдістемесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
ТҮСІНІК ХАТ 1. Бағдарламаның өзектілігі Қазіргі жаһандану жағдайында қоғамға тек білімді емес, сонымен қатар саналы, жауапты, адал жəне əлеуметтік белсенді тұлға қажет. Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту – білім беру ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі. "Адал азамат" тұжырымдамасы – ұлттық құндылықтарға негізделген, құқықтық мəдениеті жоғары, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін тұлғаны тəрбиелеуге бағытталған кешенді үдеріс. Сондықтан бұл əдістемелік нұсқаулық мектептерде тəрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыруға арналған өзекті құрал болып табылады. 2. Ғылыми-əдістемелік деңгейі Нұсқаулық төмендегі ғылыми тұжырымдамаларға сүйенеді: • Құндылықтарға негізделген білім беру теориясы; • Тұлғалық-бағдарлы оқыту; • Құзыреттілік тəсіл; • Əлеуметтік-эмоционалдық оқыту (SEL); • Азаматтық жəне құқықтық тəрбие тұжырымдамалары. Бағдарламада заманауи педагогикалық технологиялар: кейс-стади,
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МАХАМБЕТ
АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ З.ЕЩАНОВА АТЫНДАҒЫ
АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КƏСІПОРЫНЫ








ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
«Құндылықтар мен дағдылар арқылы саналы, жауапты “Адал”
азаматты тəрбиелеу»
(Бұл құрал өнер мектебінің педагогтері мен оқушылар жəне ата-аналарға жұмыс
жүргізу үшін)





Мұхамбетқалиева Назымгүл Саясатқызы
директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасыры









2025-2026 жыл


Page 2

ƏОЖ 379
КБЖ 74.262.27
Ж 19

Атырау облысы білім басқармасы Махамбет ауданының білім бөлімінің
З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кəсіпорыны
mukhambetkalieva 69@mail.ru

- Алматы: «Білім əлемі» 2025 ж. 81 бет

Пікір берушілер:
Карсыбаева Раиса Канабековна – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің оқытушысы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.
Текесбаева Анар – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің «Педагогика жəне психология» кафедрасының кандидаты

ISBN 978 - 601 - 341 - 501 – 14

Ұсынылып отырған оқулық қазіргі заман талабына сай білім беру
саласындағы жаңашыл оқытушыға қойылатын талап та жаңашыл
болатыны сөзсіз. Оқытушы алдындағы басты міндет оқытудың əдіс-
тəсілдерін үнемі жетілдіріп жəне жаңа педагогикалық технологияларды
меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті,
бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Жаңа технологияларды меңгеру
мұғалімнің кəсіптік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу
үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық
əдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру,
белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

ƏОЖ 379
КБЖ 74.262.272
Ж 19

ISBN 978 - 601 - 341 - 501 – 14

© Мұхамбетқалиева Назымгүл Саясатқызы
© ИП «Білім əлемі


Page 3


КІРІСПЕ

Өнер мектебі – баланың тек кəсіби қабілетін дамытатын орта ғана емес,
оның тұлғалық болмысын қалыптастыратын ерекше мəдени кеңістік.
Музыка, бейнелеу өнері, хореография, театр немесе қолданбалы өнер
арқылы бала өзін танып, сезімін білдіріп, əлеммен тілдесуді үйренеді.
Сондықтан өнер – тəрбие құралы ғана емес, мінез бен құндылықтарды
қалыптастыратын қуатты механизм.
Қазіргі қоғамға шығармашыл, бірақ сонымен бірге саналы, жауапты, əділ
жəне əлеуметтік белсенді азамат қажет. Талант пен шеберлік адалдықпен,
еңбекқорлықпен, жауапкершілікпен ұштасқанда ғана тұлға толыққанды
қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда, өнер мектебінде «Адал азамат»
идеясын жүйелі түрде жүзеге асыру – уақыт талабы.
Бұл əдістемелік құрал өнер арқылы құндылықтар мен өмірлік дағдыларды
кіріктіріп дамытуға бағытталған. Бағдарлама мазмұны рухани-
адамгершілік тəрбие, академиялық жəне шығармашылық адалдық,
авторлық құқықты құрметтеу, сахналық мəдениет, цифрлық этика,
командалық жұмыс жəне əлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарына
негізделеді.
Өнер саласындағы білім беру үдерісі табиғаты жағынан рефлексияға, өзін-
өзі бағалауға, эстетикалық талғам мен ішкі мəдениетті дамытуға
бағытталған. Осы ерекшелік «Адал азамат» моделін өнер мектебінде
тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Əдістемелік құрал педагогтерге
құндылыққа негізделген сабақ ұйымдастыруға, ата-анамен серіктестік
орнатуға жəне оқушылардың мінез-құлықтық, шығармашылық даму
динамикасын бақылауға нақты құралдар ұсынады.
Құрал өнер мектебінің педагогтеріне, оқушыларына жəне ата-аналарына
арналған. Ол тəрбие жұмысын жүйелеуге, шығармашылық ортада адалдық
мəдениетін орнықтыруға жəне əр баланың ішкі жауапкершілігін оятуға
бағытталған.
«Адал азамат» – бұл сахнадағы мінсіз орындаушы ғана емес, ол – өнерді
құрметтейтін, еңбекті бағалайтын, қоғамға пайдасын тигізуді мақсат ететін
тұлға. Осы əдістемелік құрал сол тұлғаны тəрбиелеудің практикалық
негізін ұсынады.








Page 4

ТҮСІНІК ХАТ
1. Бағдарламаның өзектілігі
Қазіргі жаһандану жағдайында қоғамға тек білімді емес, сонымен қатар
саналы, жауапты, адал жəне əлеуметтік белсенді тұлға қажет. Жастар
арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мəдениетті қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту –
білім беру ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі.
"Адал азамат" тұжырымдамасы – ұлттық құндылықтарға негізделген,
құқықтық мəдениеті жоғары, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін
тұлғаны тəрбиелеуге бағытталған кешенді үдеріс. Сондықтан бұл
əдістемелік нұсқаулық мектептерде тəрбие жұмысын жүйелі
ұйымдастыруға арналған өзекті құрал болып табылады.
2. Ғылыми-əдістемелік деңгейі
Нұсқаулық төмендегі ғылыми тұжырымдамаларға сүйенеді:
• Құндылықтарға негізделген білім беру теориясы;
• Тұлғалық-бағдарлы оқыту;
• Құзыреттілік тəсіл;
• Əлеуметтік-эмоционалдық оқыту (SEL);
• Азаматтық жəне құқықтық тəрбие тұжырымдамалары.
Бағдарламада заманауи педагогикалық технологиялар: кейс-стади,
жобалық оқыту, дебат, рефлексиялық əдістер, коучинг элементтері,
геймификация қолданылған.
3. Жаңашылдығы
• "Адал азамат" моделін құндылықтар + дағдылар интеграциясы
арқылы жүйелеу;
• Академиялық адалдық, цифрлық адалдық ұғымдарын тəрбие
мазмұнына енгізу;
• Құқықтық сауаттылықты өмірлік жағдаяттар арқылы меңгерту;
• Жасанды интеллект құралдарын рефлексия мен өзін-өзі бағалауда
қолдану;
• Оқушының мінез-құлықтық индикаторлары негізінде мониторинг
жүргізу жүйесін енгізу.
4. Педагогикалық орындылығы


Page 5

Бағдарлама мектептің тəрбие жоспарына кіріктіріліп жүзеге асырылады:
• Сынып сағаттары
• Пəндік кіріктіру
• Үйірме жұмыстары
• Қоғамдық жобалар
• Волонтерлік қозғалыс
Жас ерекшелігіне сай мазмұн қарастырылған (бастауыш, негізгі, жоғары
буын).
5. Теориялық маңыздылығы
• "Адал азамат" тұлғасының құрылымдық моделін ұсынады;
• Құндылықтар иерархиясын (рухани -адамгершілік, құқықтық,
азаматтық, еңбек, экологиялық) ғылыми негізде жүйелейді;
• Дағдылардың (сыни ойлау, жауапкершілік, шешім қабылдау,
коммуникация) тəрбиелік мəнін айқындайды.
6. Практикалық маңыздылығы
• Мұғалімдерге дайын əдістемелік құрал;
• Тəрбие жұмысына арналған сценарийлер мен тапсырмалар банкі;
• Мониторинг жəне бағалау құралдары;
• Мектепішілік "Адалдық клубын" ұйымдастыру үлгісі;
• Əлеуметтік жобалар портфолиосы.
7. Мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты (4):
1. Саналы жəне жауапты тұлға қалыптастыру.
2. Адалдық пен əділдік құндылықтарын орнықтыру.
3. Құқықтық мəдениеті жоғары азамат тəрбиелеу.
4. Əлеуметтік белсенділік пен қоғамға қызмет ету дағдысын дамыту.
Міндеттері (8):
1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгерту;
2. Академиялық адалдық қағидаларын түсіндіру;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет қалыптастыру;
4. Сыни ойлау мен шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
5. Қоғамдық жауапкершілікті арттыру;
6. Цифрлық мəдениетті қалыптастыру;


Page 6

7. Волонтерлік қызметке тарту;
8. Өзін-өзі бағалау жəне рефлексия мəдениетін дамыту.
8. Күтілетін нəтижелер жəне тексеру тəсілдері
Күтілетін нəтижелер (4):
1. Оқушы адалдық ұғымын саналы түсінеді жəне тəжірибеде қолданады.
2. Құқықтық нормаларды біледі жəне сақтайды.
3. Əлеуметтік жобаларға белсенді қатысады.
4. Өзіндік жауапкершілік деңгейі жоғарылайды.
Тексеру тəсілдері (5):
1. Сауалнама жəне диагностика;
2. Мінез-құлық мониторингі;
3. Портфолио жинақтау;
4. Жобалық жұмыстарды қорғау;
5. Рефлексиялық эссе жəне бақылау парақтары.
9. Апробациялау
Бағдарлама 1 оқу жылы көлемінде пилоттық режимде 5–11 сыныптарда
апробациядан өткізіледі.
Нəтижелері:
• Əлеуметтік белсенділік индексі
• Құқық бұзушылықтың төмендеуі
• Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейінің өсуі
Апробация қорытындысы бойынша түзетулер енгізіледі.
10. Ақпараттық-əдістемелік бөлім (6 бағыт)
1. Рухани-адамгершілік тəрбие
2. Құқықтық мəдениет
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəрбие
4. Азаматтық-патриоттық бағыт
5. Цифрлық мəдениет жəне медиасауаттылық
6. Əлеуметтік белсенділік жəне волонтерлік
11. Оқытуды ұйымдастыруға əдістемелік нұсқаулар
• Интерактивті əдістерді қолдану (дебат, пікірталас, рөлдік ойын);
• Нақты өмірлік жағдаяттарды талдау;


Page 7

• Рефлексиялық күнделік жүргізу;
• Құндылыққа негізделген бағалау;
• Жобалық жəне командалық жұмыс ұйымдастыру;
• Ата-анамен серіктестік орнату.
12. Нормативтік бөлімі
Бағдарлама төмендегі құжаттарға сүйенеді:
• ҚР Конституциясы
• «Білім туралы» ҚР Заңы
• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы
• ҚР Білім беру тұжырымдамалары
• Тəрбие жұмысының тұжырымдамалық негіздері
• Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты



























Page 8

ТҰРАҚТЫЛАУ БӨЛІМІ

№ Тоқсан Сабақ тақырыбы
Сағат
саны
Формасы мен
əдістері
1 І
«Адал азамат» тұжырымдамасы:
Менің қоғамдағы рөлім.
1 Дөңгелек үстел
2 І
Құндылықтар иерархиясы: Ар-
ұят, намыс жəне жауапкершілік.
1 Тренинг
3 І
Академиялық адалдық: Неліктен
плагиат зиян?
1 Талқылау
4 І
Білім сапасы — ел болашағы. Өз
бетінше оқудың маңызы.
1
Мотивациялық
сағат
5 І
Этикалық дилеммалар: «Адал
болу қиын ба?»
1 Кейс-стади
6 І
Сөзі мен ісінің бірлігі: Уəдеге
беріктік.
1 Рөлдік ойын
7 І
Отбасылық құндылықтар:
Адалдық бастауы — тəрбиеде.
1 Сұхбат
8 І
Абайдың «Толық адам» ілімі
жəне заманауи жастар.
1
Философиялық
рефлексия
9 І
І тоқсан
қорытындысы: «Менің адалдық
декларациям».
1
Шығармашылық
жұмыс
10 ІІ
Құқық жəне міндет: Конституция
— біздің басты заңымыз.
1 Құқықтық лекторий
11 ІІ
Сыбайлас жемқорлық деген не?
Оның зардабы.
1 Бейне-талдау
12 ІІ
Əділдік пен теңдік: Заң алдында
бəрі тең.
1 Пікірталас
13 ІІ
Парасаттылық мектебі:
Мемлекеттік мүлікті сақтау.
1 Акция
14 ІІ
Жемқорлыққа қарсы иммунитет:
«Жоқ» деп айта білу.
1
Психологиялық
жаттығу
15 ІІ
Қоғамдық бақылау: Азаматтық
белсенділік.
1 Жобалық жұмыс
16 ІІ
ІІ тоқсан қорытындысы: «Таза
қолдар» турнирі.
1
Интеллектуалды
ойын


Page 9

№ Тоқсан Сабақ тақырыбы
Сағат
саны
Формасы мен
əдістері
17 ІІІ
Цифрлық адалдық: Интернеттегі
этика.
1 IT-кеңес
18 ІІІ
Медиасауаттылық: Фейк
ақпаратты қалай танимыз?
1
Практикалық
жұмыс
19 ІІІ
Кибербуллинг жəне желідегі
мəдениет.
1 Семинар
20 ІІІ
Жасанды интеллект: Этикалық
қолдану шекарасы.
1 Пікір алмасу
21 ІІІ
Сыни ойлау: Ақпаратты сүзгіден
өткізу.
1 Ой қозғау
22 ІІІ
Шешім қабылдау: Өз əрекетіңнің
салдарын болжау.
1 Коучинг
23 ІІІ
Экологиялық адалдық: Табиғатқа
деген адал ниет.
1 Эко-тренинг
24 ІІІ
Тұтынушылық мəдениет:
Үнемшілдік — адалдық белгісі.
1 Сараптама
25 ІІІ
Еңбекқорлық: Адал еңбек —
табыс кілті.
1 Кездесу сағаты
26 ІІІ
ІІІ тоқсан
қорытындысы: «Smart Citizen»
көрмесі.
1 Жоба қорғау
27 ІV
Волонтерлік қозғалыс: Қоғамға
пайдамды тигізу.
1 Презентация
28 ІV
Қайырымдылық мəдениеті:
Мейірімділік — жан шуағы.
1 Акция
29 ІV
Көшбасшылық жəне команда:
Бірлік түбі — береке.
1 Team-building
30 ІV
Мектепішілік «Адалдық
клубының» жұмысы.
1 Тəжірибелік сағат
31 ІV
Əлеуметтік жобалар: Мəселені
шешу жолдары.
1 Миға шабуыл
32 ІV
«Адал ұрпақ — ел ертеңі»:
Патриотизм мен адалдық.
1 Дөңгелек үстел
33 ІV
Жылдық мониторинг: Өзімді
қалай өзгерттім?
1 Анкеталау


Page 10

№ Тоқсан Сабақ тақырыбы
Сағат
саны
Формасы мен
əдістері
34 ІV
Қорытынды: «Адал азамат»
портфолиосын қорғау.
1 Фестиваль/Форум




































Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
51
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі