400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құндылықтарымызды жоғалтпайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік, адами құндылықтар. Бұлар жан – жағына қарайлап, қамкөңіл жандарға қолұшын созып, сөзімен де ісімен де дем беретін адамға тән табиғи мінез деп айтсақ болады. Адамгершілік дегенде – сыпайы мінез, мейірімді жан, қамқор адам, жан жадырататын жылы сөз еске түседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Құндылықтармызды жоғалтпайық!

Адамгершілік, адами құндылықтар. Бұлар жан – жағына қарайлап, қамкөңіл жандарға қолұшын созып, сөзімен де ісімен де дем беретін адамға тән табиғи мінез деп айтсақ болады. Адамгершілік дегенде – сыпайы мінез, мейірімді жан, қамқор адам, жан жадырататын жылы сөз еске түседі. Бұл істер мен мінездер үлкендерге көмегін, кішілерге қамқорлығын аямайтын адал жандардың қолынан келетіні белгілі. Мейірім мен адамгершілік құндылықтарын жоғалтқан заманада мұндай жандар некен саяқ. Өзіме болсын дейтін өктем мінез бар пендені жаулап алғандай. Осындай жаман мінез – құлықтан арылтып, жақсы көзқарас, жақсы мінез бен ой – пікір қалыптастыруда өзін – өзі тану пәнінің орны ерекше. Кішкентай жас сананың бойына көркем мінез бен жақсы ойлар ойлап, игі істер жасауға тәрбиелейтін пән әрқашанда өз мәртебесін жоғалтқан емес. Оның әрбір тақырыбы мен тарауы тұнған тәрбие мен тәлім. ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.

«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ.

Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты - әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіріп,сол алған білімін өмірде қолдана білуді көздейді.

Адами қасиеттерімізбен құндылықтарымызды жоғалтпай, жақсылыққа ұмтылып барша жанға қамқор болайық.


Жамбыл ЖОББМБ – ның

өзін – өзі тану пәнінің

мұғалімі Жаметов Азамат

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі