Құндылықтың құндысын, ұға білсін бүлдіршін.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құндылықтың құндысын, ұға білсін бүлдіршін.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін көмек, керегіне пайдалансын деген оймен жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рисунок 15 Құндылықтың құндысын, ұға білсін бүлдіршін.

«Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі.»

Сара Алпысқызы


Сулеева Сауле Зейнуллиновна

Астана қаласы

68 орта мектеп



«Өзін-өзі тану» пәні оқушы бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы

Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл-  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың  қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.

Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты - әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.

Өзін-өзі тану пәніндегі – 5 құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. 

Бастауыш буында сабақ мазмұнынан рухани – адамгершілік тереңдікті ашу мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес келеді. Атап айтқанда, олар:

Ақиқат – шындықты айтуға, тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға, басқалардан жақсылықты іздеуге, қарапайымдылыққа үйрету.

Сүйіспеншілік – бәрін жақсы көруге, отбасындағы сүйіспеншілік, сондай-ақ жан-жануарды жақсы көруге байырмалдыққа баулу.

Дұрыс әрекет – тілалғыш болуға, ата-ананы, ұстазды құрметтеуге, уәдені орындауға тәрбиелеу.

Тыныштық – ой тыныштығында отырып үйренуге, сыпайылылыққа, шыдамдылыққа, назар аударуға үйрету.

Қиянат жасамау – жан-жануарларларға қамқорлық жасауға, әрқашан көмек көрсетуге, бірлікке баулу.

Менің басты мақсатым, осы 5 құндылықты оқушы санасына ерте құйып, ерте ұғындыра білсем. Күнде өтілетін сабақтың тақырыбына сай оқушылар сабақтан қандай құндылық, қандай қасиеттер алатындары туралы өздері анықтап отырады.

Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға, өз елінің патриоты болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Оқушыларыма адамның «көңілдің көзі» болатынында айтып түсіндірудемін. «Көз қандай жақсы, пайдалы мүше болса да, қатты жаңылыстыруы мүмкін.Қаншама адамның мұсылман бола алмауы көзінің кесірінен. Көзіне сенген адам, адамның сырт көрінісіне, кәсібіне қарап жаңылысады.Бастағы көз емес, көңілдегі көзге бағыну керек. Көңіл көзі, дұрыстық пен қателікті ажыратады, кімді жақсы көріп, кімді жақсы көрмеу керектігін біледі. Дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деп біледі.Сондықтан бір-бірімізге де көңілдің көзімен қарап, «дұрыс әрекет» жасап жүрейік- деп те үйретудемін.

Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен, әсіресе ой таза болуымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары,өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанына, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа, жалпы өмірге деген сүйіспеншіліктері артады.

Бұл тұрғыда өзін-өзі тану мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба­лалар психологиясын терең талдай отырып, ұйымдастыра алады.

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу.

Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік, құндылық екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін,ол–ұстаз.

Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, отбасымен дер едім. Сабаққа ата-аналарды жиі қатыстырамын. Бірде тақырыпқа байланысты ата-анадан «Күннен жылу тарайды, анадан мейір тарайды.» деген сөздегі күн мен ана жылуын балаңызға қалай түсіндірер едіңіз?»- деген оймен де бірге бөлістік.

Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан  өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Адам да қиындыққа тап болған кезде ғана ойланады, қиналады. Қиналған кезде оның жаны тазарады.  Адам баласы

ақыл мен жүрек қосылғанда  ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді. Сосын ар-ұжданына сүйеніп, шабытпен, интуиция арқылы ең жоғарғы, рухани деңгейге жете алады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты да осы. Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады.

«Өзін-өзі тану»  бағдарламасының  авторы Сара Алпысқызы Назарбаева:  « Өзін-өзі тану»  пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп атап айтқан болатын. Бұл ой орынды айтылған дер едім. Бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, білім-тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлеміндегі 5 құндылық» әр баланы керемет рухани күш иесі етіп, жүректері нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, қорыта келе, жалпы адамзаттық құндылыққа бай тұлға ететінін білейік.





Оқушылар шығармашылығы

Астана қаласы

68 орта мектеп


Құндылықты жасынан,

Ұға берсін жасұлан...

«Өзін-өзі тану пәні – баланың рухани әлемін ашар жол.»


«Өзін-өзі тану» пәніне деген сүйіспеншілік...



Көп нәрсе сеннен үйрендім,

Жамандықтан жирендім.

5 құндылықты үйреніп,

Азаматтық күйге ендім.

Баян Ерасыл


«Өзін-өзі тану» сабағы,

Маған қатты ұнайды.

Ұға біліп керекті,

Үйрендік , біз, талайды.

Мұхит Мадияр


Жақсы сөздер үйрендім,

Жамандықтан жирендім.

«Өзін-өзі тану» сабағынан,

5 құндылықты меңгердім.

Азербай Амина


« Өзін-өзі тану » сабағы,

Әркімге ой салады.

Ойым таза болған соң,

Көңілім оттай жанады.

Накип Мадина


Дос болуды үйрендік,

Жаман ойдан жирендік..

Ата-ананың қадірін,

Түсінетін күйге ендік.

Қуандық Қаракөз



Құндылықтың құндысын,

Үйренемін жасымнан.

Өмірдегі жолымды,

Нық бастаймын басынан.

Шильдебаева Нұрай



Ақиқат – шындықты айту,

Жақсылыққа тарту...

Шындықты айт- деп анашым,

Күнде ақыл айтады.

Ал, ұстазым сабақта,

Ақиқат қажет- деп жатады.

Турсанов Мадиар


Үлкендерден тек жақсылық іздеймін.

Ата-анама тек жақсылық тілеймін.

Достарыма да осы істі,

Санаңа құйып жүр деймін.

Жанғабылова Камшат


Кішіпейіл болуды,

Мен ұстаздан үйрендім.

Қарапайым болып ұстаздай,

Салмақты бір күйге ендім.

Жолтай Айзере


Шыншыл болып мен ертең,

Елімнің жайын шешемін.

Әрбір істі таза істеп,

Жақсы болып өсемін.

Сәндібекова Нұрбану


Құндылықтар ішінен,

«Ақиқат» маған ұнайды.

Шындықты айтқан бүлдіршін,

Жаман бала болмайды.

Сағымбек Сымбат

Үлкендер де, ағалар,

Тек шындықты жырласын.

Адал болып еліне,

Еңбек етсін, тынбасын.

Ақтан Нұрдәулет


Анаға деген, табиғатқа деген сүйіспеншілік...

Эссе

Аяулы ана

«Өмірде анадан құдіретті асыл жан бар ма?» Өмірде анадан құдіретті адам жоқ. Ана деген сөз үш әріптен тұрса да астарында көп мән-мағына жатыр.

Анасыз адамзат өмірі жоқ деп те ойлаймын. Әр азаматты өмірге әкелетін-ана. Мен анама осы өмірге әкелгеніне, аялап мәпелегеніне шексіз қарызбын.Анамның маған, менің анама деген сүйіспеншілігімді айтып жеткізе алмаймын.

Нұрбану 4в





Анам-өмір нұры.

«Жұмақтың кілті ананың аяғының астында.»


Менің анам мен үшін- өмірдің нұры, көңілімнің гүлі. Мен үшін түн ұйқысын бөліп, қиындықтарға көніп, ащы-тұщыға төзіп, мейірімімен тәрбиелеген анама алғысым шексіз. Мені өзінің қабағымен, тәтті тамағымен өсірді. Әр басқан қадамыма қуана, ұрлана қарап, дұрыс жолға түсірді. Менің анама деген сүйіспеншілігім баға жетпейтін сезім

Аяна 4в


Анам-панам.

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.»


Анам өзім үшін – өмірдегі ең керек адам,панам. Өзі қарапайым, нәзік, сұлу. Сүйем сізді жан анам, сізге жетер бар ма адам-деп жырға қосамын. Әрбір жылы сөзіңді, күлімдеген кезіңді тосамын. Балаларыңыз үшін ыстық-суыққа төзе біліп, жанашырлық көрсетіп жүресіз.

Нұрислам 4в







Табиғат – анамыз.


Табиғат-анамыз.

Біз - оған баламыз.

Көркейсін қаламыз,

Тазарсын ауамыз.

Қарагөз


Табиғат-анамыз.

Құлпырсын даламыз.

Біз оны жайнатып,

Өсіріп, бағамыз.

Қарлығаш 3г.


Табиғат – анамыз.

Ол- біздіңдаламыз.

Аялап бағады,

Бақытты балаңыз.

Құралжан 3г.



Дұрыс әрекет– денсаулық пен тазалық.



Шындықты айтып, уәдені орындаймын.

Қате кетсем оны мен мойындаймын.

Тілалғышпын, ата-анамды сыйлай білем,

Дұрыс әрекет жасаймын, мен, әрдайым.

Нұрсұлу 3ә




Сусыз өмір жоқ

Эссе

Адамдар сусыз өмір сүре алмайды. Су адамға сусын ретінде де, тазалық сақтауға да өте қажет.Су – тіршілік көзі.Су адамдар үшін ғана емес, жалпы табиғат үшін де өте пайдалы. Барлық тірі табиғат, жан-жануарлар да сумен қоректенеді. Судың да сұрауы бар деген. Сондықтан суды үнемдей білуіміз керек.

Ажар 4б


Табиғатты аялайық


Табиғатты аялайық,

Ол да біздің анамыз.

Қамқоршы боп біз де лайық.

Құлпыра берсін даламыз.

Нұрдос 3г


Ата-анамды сыйлаймын,

Айтқандарын тыңдаймын.

Ұстаздарды құрметтеп.

Өлең, жырлыр арнаймын.

Айсәуле


Таза жүрем үнемі,

Тазалықты сақтаймын.

Күнде жуып тісімді,

Тістерімді баптаймын.

Дәурен 3в




Тыныштық– ой тыныштығында отырып үйрену.


Тыныштықты сақтасақ,

Тынығады ойымыз.

Шынығуды сақтасақ,

Өседі тез бойымыз.

Жұлдыз 4б



Шыдамдылықты үйрендім,

Күйгелектіктен жирендім.

Салмақты боп, тәртіпті,

Үлгілі бір күйге ендім.

Дидар 3ә



Әр сөзіне назар сап,

Ұстазымды тыңдаймын.

Достарыма үлгі боп,

Тәртіпсіздік қылмаймын.

Жасмин 3а


Тыныштық бар жерде- тәртіп бар.



Біз үлгілі сыныппыз,

Тыныштықты сақтаймыз.

Жақсы оқып сабақты,

Жаман сөздер айтпаймыз.

Дильназ 4г


Ой тыныштығында отырып,

Түрлі әсерлер аламыз.

Сол әсердің күшімен,

Бір демалып қаламыз.

Айгерім 3д

Шыдамдылық керек қашанда,

Сабырлы болып өсеміз.

Сабыр түбі-сары алтын,

Дейді жиі шешеміз.

Нұрбану




Табиғатты аялайық


Табиғатты аялайық,

Ол да біздің анамыз.

Қамқоршы боп біз де лайық.

Құлпыра берсін даламыз.

Нұрдос 3г


Ата-анамды сыйлаймын,

Айтқандарын тыңдаймын.

Ұстаздарды құрметтеп.

Өлең, жырлыр арнаймын.

Айсәуле


Таза жүрем үнемі,

Тазалықты сақтаймын.

Күнде жуып тісімді,

Тістерімді баптаймын.

Дәурен 3в


Тыныштық– ой тыныштығында отырып үйрену.


Тыныштықты сақтасақ,

Тынығады ойымыз.

Шынығуды сақтасақ,

Өседі тез бойымыз.

Жұлдыз 4б


Шыдамдылықты үйрендім,

Күйгелектіктен жирендім.

Салмақты боп, тәртіпті,

Үлгілі бір күйге ендім.

Дидар 3ә


Әр сөзіне назар сап,

Ұстазымды тыңдаймын.

Достарыма үлгі боп,

Тәртіпсіздік қылмаймын.

Жасмин 3а


Қиянат жасамау - әрқашан көмектесу, қамқорлық жасау.


Жер – біздің анамыз,

Оны түсінген баламыз.

Табиғатты біз қорғап,

Қамқоршы боламыз.

Гүлнұр 4ә


Табиғат – анамыз,

Құлпырып жайнаңыз.

Тазарсын ауамыз,

Баптасын балаңыз.

Жандос 3г

Бұзылмасын ауамыз,

Құлпыра берсін даламыз.

Сол таза ауада,

Біздер дем аламыз.

Юля 3г

Эссе

Табиғат және мен

Табиғатты аялау, қорғау біздің міндетіміз. Біз табиғаттан бәрін аламыз. Таза ауасымен демаламыз. Гүл, шөптерінен дәрі алсақ, ағашынан жеміс-жидек, жерінен қазба,байлық, бәрі-бәрі табиғаттан алынады.

Сондықтан табиғатты аялайық, қамқорымызды аямайық.


Бекболат 3в

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,

Оны айтатын табиғаттың тілі жоқ.

Табиғат - ең керемет дүние. Хош иісі, жердегі көк шөптер мен гүлдер төселіп жатқан кілемдей, аспанда қалықтап ұшқан құстар, гүлден-гүлге қонған көбелектер мені қатты қызықтырады. Мен табиғатқа шыққанды жақсы көремін. Табиғатты сүю керек. Табиғат адамға күш береді. Оны қорғау өз қолыңда.

Ақнұр 3в


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі