400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құпия әуен

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:


Сабақтың атауы

Құпия әуен Меңдібай Әбілұлы

Мақсаты




Күтілетін нәтиже

Күй құдіреті туралы әңгімені оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс- салты туралы мағлұмат беру; сыни ойлау арқылы білімдерін тереңдету.

пәндік нәтиже: тақырып мазмұнын меңгерту, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейі артады;

жүйелік–әрекеттік нәтиже: өнерге деген қызығушылығы артып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдері дамиды;

тұлғалық нәтиже: күй өнерін, әдебиетті сүйе біледі;

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп өсейік.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасы


«Аңыз арнасы» аңызы бойынша жұмыс жүргізу.

  • Тақтада гүлдің суреті ілініп тұрады. Әр бала өзіне ұнаған гүлдің күлтесін алады, артына жазылған сан бойынша сұраққа жауап береді.

  • а) Әңгіме қалай басталады?

  • ә) Аққошқар батыр ат басын қайда әкеліп тірейді?

  • б) Домалақ анаға Аққошқар батыр не айтты?

  • в) Батырлар Домалақ анаға неге таң қалды?

  • г) Қуғыншыларға анамыз не айтты?

  • ғ) Домалақ ана «құрайт» салғанда не болды?

  • д) Аққошқар батыр не деп ақырды?

  • е) Домалақ ана қандай адам?

Қызығушылықты ояту

-Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Күйді қандай аспапта ойнайды?

-Күйді кім шығарады?

- Қандай композиторларды,күйшілерді білесіңдер? (музыка сабағына саяхат) (презентация)

-Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

  • Балалар, бүгін сендермен Меңдібай Әбілұлының «Құпия әуен» атты әңгімесімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

-Күй» дегеніміз не?

«Күй – көне музыкалық шығарма»

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды.

«Болжау әдісі» бойынша мәтінді оқу, талдау.

І топ «Жазушылар» - «Менің екі тізем қалтырап бара жатыр,-депті бір жоңғар тізерлей кетіпі» деген жерге дейін оқиды, мазмұнын айтып береді.

  • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)

ІІ топ «Ақындар» - « Мұны естіген қолбасшы» деген жерге дейін оқиды, мазмұндайды.

  • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)

ІІІ топ «Суретшілер» - «Мәтінді соңына дейін оқиды»

  • Балалар, мәнін мазмұны біз ойлағанмен сәйкес келді ме? Өз ойларын айтады.

Сергіту сәті: «Әлқисса» (балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды)

Топпен жұмыс

«Жазушылар»  тобы: Күй тыңдау барысынада көз алдарына елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп, эссе жазу.

«Ақындар» тобы: «Күй» сөзіне «бес жолды өлең» құрастыру.


«Суретшілер»    тобы: «Құпия әуен» естігендегі жоңғарлардың әрекетіне топтастыру жасау.

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Бірін-бірі «Екі жұлдыз , біртілек» әдісімен бағалайды.

Сөздік жұмысы:

Шолғыншы – айналаны бақылаушы, хабар беруші

Жер қайысқан қол – көп әскер

Барлаушы – елші

Жаба тауы – Жетісу (жоңғар)тауы.

Ой толғаныс

Құрманғазының «Адай» күйін көздерін жұмып тыңдау .

Күйді тыңдап , не туралы екенін әңгімелеу

-Біз тыңдаған күймен қандай байланысы бар?

«Күй әсері» сөзіне топтастыру жасау

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндап, күй туралы қосымша деректер жинақтау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 797

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі